Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет114/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №39 
Тақырып: Геоморфологиялық ландшафтардың басты тҥрлері. 
Жоспар 
1. Геоморфологиялық ланшафт типтері. 
2. Таулы ӛңірлер геоморфологиясы. 
3. Таулы ӛңірлер бедерінің ерекшіліктері. 
4. Таулардың генетикалық жіктемесі. 
5. Таулы ланшафтардың қалыпатсуы мен эволюциясы. 
6. Жазық ӛңірлер геоморфологиясы. 
7. Жазықтардың генетикалық жіктемесі. 
1. Геоморфологиялық ланшафт типтері 
Бедер генетикалық типтері мен пішіндері кҥрделі ассоциацияларға топтастырылады. Оар бір жағынан 
қҧрылысымен және планетаның ірі эндогендік бейтегістіктер дамуымен, ал екінші жағын – жаңа және қазіргі 
заман морфоклимат белдемділігіне бағыныштылығымен анықталады. Бедер пішіндерінің осы текті оптамалары 
жер бетінде геоморфологиялық ланшафт типтерін жасайды. Олар ӛзара тарихи және парагентикалық
байланыстағы бедер пішіндерінің жиынтығы болып табылады. 


162 
Геоморфологиялық ланшафт туралы тҥсінік пайдалы қазбаларды іздеу әдістемесіне маңызды рӛл атқаратын 
табиғи-ланшафт белдемдерін белдеуге мәні зор. Бедер – оған географиялық ортаның басқа қҧрам бӛліктерін 
орналастыруға қажет негіз. 
Континеттердегі ең басты геоморфологиялық ланшафт типтері – таулы және жазық ӛңірлер. Теңіз бен мҧхит 
кеңістіктері ҥшін осындай текті геоморфологиялық бірліктері суасты тау жҥйелері мен жазықтықтар болып 
есептеледі. Олар табиғи жағынан әртҥрлі және ӛз кезіндегі бірнеше геоморфологиялық провинцияларға 
бӛлшектенеді. 
Сондықтан тау және жазық ланшафт типтері әртҥрлігімен ерекшеленеді. Оларды ҧсақ бӛлімдемелеуге бӛлуге, 
яғни геоморфологиялық аудандарға мҥмкіндік береді. Оның негізіе комплексті принцип: бедер геологиялық 
қҧрылымының морфологиясын, генезисін даму тарихының ерекшіліктері жатады. Екі аудандау ерекшілігін: 
типологиялық және аймақтық принциптерге негізделген аудандауды ажырата білу қажет. 
Типологиялық аудандау ӛзара сыртқы белгілері, генезисі, ҧқсас бедер пішіндерінің аумақтары немесе жеке 
бедер пішіндері бойынша бӛлінеді. Бедер пішіндері типтерінің топтары, типтері мен типшелері бойынша да 
бӛлінеді. Бҧл бӛліну ҧқсас жағдайлар мен бедер тҥзуші процесстер нәтижесінде пайда болған бедер 
пішіндерінің ҧқсастығы мен бір типтілігін кӛрсетеді. 
Аймақтық ауданда нақты тарихи жағдайда пайда болған, ӛзіндік қайталанбас келбеті бар, геологиялық 
қҧрылымы, процессі мен даму тарихы бар ерекшіліктер бірлігімен сипатталған бедер пішіндеріне бӛлінеді. 
Бедер тҥзуші процесстердің масштабы мен әртҥрлігі бойынша сан-қилы геоморфологиялық ӛңірлер, 
провинциялар, алқаптар, аудандар мен бӛлшектер бӛлінеді. 
2. Таулы ӛңірлер геоморфологиясы 
Материктер ауқымындағы таулар бедер қозғалымы белдеулерде және платформларда жекелеген тектоникалық 
белсенділіенген аудандарда орналасқан. 
Таулы ӛңірлер деп – биіктігі теңіз деңгейінен 500 м жоғары орналасқан, бедері кӛп тілімделген, биіктігі 
аңғарлардан 200-500 м жоғары жатқан қыраттарды айтады. Абсолют биіктігі бойынша аласа, орта және биік 
таулар болып бӛлінеді. 
Геоморфологияда тау деген терминмен жазықтықтардан 200 м биікке ерекшелене кӛтеріліп тҧрған пішіндерді 
айтады. Әртбір тауды қҧрайтын әлементтер: ҧшы (тӛбесі), беткейлері және табаны. Таулар – таулы ӛңірдегі тау 
биіктері мен тау жоталары бірлестігі. 
Таулы ӛңірлер бедерінің оң пішіндері арасында ең кӛп тарағаны тау жоталары мен тау тізбектері. Олар планда 
ҧзынынан созылған қия беткейлі қыраттар, ҧсақтау қыраттармен – тау шыңдарымен кҥрделенеді. Бірнеше 
жоталар біріккен жерлерде тау массивтері немесе тау тҥйіндері пайда болады. Мҧндай жерлерде ең ьиік 
шыңдар тҥзіледі. 
Ҧзындығына қарай реттілігі әртҥрлі жоталар болады: тау тӛбелер (планда изометриялы), жазық тауар (ҥсті 
жазық болады), ҥстірт таулар (беті тегіс немесе шамалы еңіс және қҧрылымдық ҥстірт – куэсталар. Таулы 
ӛңірлердің ең ірі теріс пішіндері тау аралық ойпаттар (Зайса, Іле, Ыстықкӛл), олардан кейінгілері – тау аралық 
аңғарлар мен тау аңғарлары. Тауларда кеңінен таралған ҧсқатау бедер пішіндері – шоқылар, қырқалар, адырлар 
мен сайлар. Қҧрылымдық пішіндер – моноклин қырқалар, куэсталар, қиялар мен жарылым маңындағы аңғарлар 
(шатқалдар) мен сайлар жиі кездеседі. 
Морфологиясы бойынша кҥмбез тәрізді, шошақ, конус тәрізді, пирамидалық және тегіс (ҥстірт тәрізді) тау 
шыңына бӛлінеді. 
Таулы ӛңір бедерін талдағанда жота жҥйесінің орналасуы, яғни жер бетінің тілімдену типтерін анықтау да ӛте 
маңызды. Таулардың параллель, жақпылданған, тарамдалған, радиал, қаурсынданған, торланған және кҥрделі 
тілімделген тҥрлері болады. Бҧл пішіндер тектоникалық қҧрылымдармен (жырылымдар мен қатпарлар) және 
эрозиялық процесстермен байланысты. Сонымен қатар, таулардың кҥрделі-қҧжбан айырылымды тектоникасы 
да айтарлықтай ықпал етеді. 
3. Таулы ӛңірлер бедерінің ерекшіліктері 
Таулы ӛңірлер – белсенді эндоегндік бедер тҥзілу аясында дамитын денудациялық процесстер басым 
алқаптар. Сондықтан, бедер тҥзілу процесстері, бедер морфологиясы және тҥзілімдер генетикалық типтері 
таулы ӛңірлердегі таулар биіктігі дәрежелерімен сипатталады. 
Биік таулар абсолют биіктіктері жоғары, кӛлбеу және тік бағыттарда қарқынды тілімденген бедер типтерінен 
тҧрады. Бҧл ӛңірде тік қия беткейлі, ҥшкір тӛбелі таулар тізбегі мен қҧзарт шыңдар басым болады. Ерекше 
контрасты пішіндер мҧздықтық процесстермен, физикалық ҥгілумен, биік тауларда жақсы дамыған қҧламалар, 
кӛшкіндер, сусымалар және сырғымалармен байланысты. Осындай биік таулар кейпін анықтайтын ӛзіндік 
геоморфологиялық кешен альпілік бедер деп аталады. Бҧл типте бедер тҥзуші рӛлді міндетті тҥрде мҧздықтар 
атқарады. Биік таулардың морфологиялық сипаты – карлингтер (цирктер арасындағы ҥшкір қырқалар), ӛткір 
жоталы қырқалар, трогаңғарлары, аспал аңғарлар, әртҥрлі мҧздықтар. Бҧларға кеңінен таралған гравитациялық 
жарылымдар қосылады, олардың арасында сейсмогендік жарылымдар да болады. Кейбір жағдайда аталған биік 
таулық бедер пішіндері 5000 м-ден жоғары орналасқан жазық тӛбелі және жайпақ су айрық бӛліктермен бірігіп 
кетеді (Памир, Тибет). 


163 
Орта таулар абсолют биіктігі шектелуі, тік және кӛлбеу бағыттардағы тілімднуі орташа таулы бедер типтерінен 
тҧралы. Су айрық контурлары жатық созылып, кҥмбез тәрізді биіктіктері жайпақ беткейлі ойыстармен бӛлінеді. 
кейде осындай бедер аясында берік қабаттардан тҧратын қырлыр мен жартасты қырқалар кейпінде интрузиялар 
биіктеп кӛрініс береді. Бедерде жалпы қҧрылымдық пішіндердің мәні артады. Экзогендік бедер дамуына басты 
рӛлді эрозиялық процесс атқарады. Ӛзен аңғарлары кеңиді, беткейлердің жоғарғы жағы біршама жатық, ал 
беткейлер тӛмен қарай біршама қҧлдилап барып, етегіне жеткенде делювийлік және гравитациялық 
жаралымдардың кеңінен дамуына байланысты қайта жазалады. Беткейлерге дӛңес-ойыс кескін және 
террасалану тән. Әдетте орта биіктікті тауларда, олардың қар сызығынан тӛмен орналасуына байланысты, 
гляциялық пішіндер кездеспейді. Балғанда да, бҧрынғы замандардағы мҧздықтардан қалған жҧрнақ тҥрінде 
кездеседі. 
Негізінен орта таулы бедер таулы бедер кең таралған. Оған смыал, орогендік белдемдерде орналасқан Алатау, 
Алтай, Теміршелер Алатауы). 
Аласа таулар биіктігі 1000 м-ден асатын тау қҧрылымдарын кӛмкереді немесе ӛз бетінше орта жазықтардағы 
биіктіктерді 500 м-ден аспайды. Қҧрылымдық бедер мен бедердегі геологиялық эрозиялық процесстер шешуші 
мәнге ие болады, олар дамуына делювийлік және солифлюкциялық процесстер рӛлі атқарады. Аласа таулар 
біртіндеп немесе сатыланып барып жазық бедерге айналады. 
Таулы және жазық бедерлер арасында ӛтпелі санаттағы бірқатар аудандарда ҧсақ шоқылы бедер орналасады 
(мысалы, Орталық Қазақстан). 
Орта және аласа таулардың морфологиялық кеіпі кӛп жағдайда климат ерекшіліктерімен анықталады. Гумидтік 
климатта эрозиялық және беткейлік-су процесстері басым болады, тегістелген су айрықтары мен кҥмбез кейіпті 
тӛбелер тҥзіледі. Аридтік және жартылай аридтік климатта таулы бедер пішіндері айқын кӛрініс береді. 
Таулық бедер пішіндерінің жаралуына жаңа және қазіргі замаңғы тектоникалық қозғалыстар кӛп әсер етеді. 
Олар блоктық тектоникалық тҥрінде кең кӛрініс береді. Оған грабендердегі ӛзен аңғарлары, лықсыма қабақтар, 
ӛзендердің иірленуі жатады. Горст пен кӛтеріле ӛскен антиклин қҧрылымдарда антецеденттік аңғарлар дамып, 
ӛзендердің эрозиялық эрекеттілігі жанданады. 
4. Таулардың генетикалық жіктемесі 
Таулы ӛңірлер ӛздерінің жаратылысы бойынша әртекті тектоникалық кӛтерілімдер болып келеді. Кей 
жерлерде таулар вулкандық процесстер нәтижесінде пайда болады. Тектоникалық қозғалыстар мен вулканизм 
нәтижесінде пайда болған қҧрлық бетіндегі ірі бедерлерде эрозиялық тілімденуден кейін таулы бедер 
қалыптасады. Осыған байланысты таулар тектоникалық, вулкандық, эрозиялық тҥрлерге бӛлінеді. 
Тектоникалық таулар – қозғалмалы белдеулердегі орогнедік қозғалыстар нәтижесінде немесе платформалардың 
белсендік жағдайындағы жекелеген бӛліктерінде тҥзіледі. Әрине, бҧл таулар ӛздері пайда бола бастаған кезде-
ақ кҥші денудациялық қирауларға, оның ішінде су ағындарының эрозиясына ҧшырайды. Сондықтан, барлыӛқ 
ектоникалық тауларды эрозиялық-тектоникалық, ал дәлірек айтсақ, денудациялық-тектоникалық деп 
қарастыруға болады. 
Кӛтерілімдердің эрозиялық тілімдену дәрежесі олардың белгілі бір даму кезеңдерінде артып кететіні соншалық, 
кейде осындай эрозиялық процесстерді ерекше ірі және ҧзынынан созылған жаталар пайда болады. Эрозиялық 
таулар осылай пайда болып, олар аласа және орта таулар, кейде биік таулар ретінде де тҥзіледі. Эрозиялық 
таулар қабаттары кӛлбеу жатқан платформалық кӛтерілімдерде де пайда болады. (АҚШ-тағы Колорадо ӛзені 
каньоны). 
Вулкандық таулар ла кӛп аудандарда жеке санатқа бӛлініп, таулы бедер пішіндерін қҧрайды. Жанартау 
атқылаулары нәтижесінде лава мен кҥл материал ҥйінділері орографиялық пішіндер жасайды (оқшау немесе 
біріккен вулкан конустраы, қалқан вулкандар, вулкандық ҥстірт, экструзиялық кҥмбездер мен инелер, 
калдералар, маарлар). 
Таулардың генетикалық типтері ішіндегі ең бастысы – тектоникалық таулар. Таулы ӛңірлер тау тҥзуші 
тектоникалық қозғалыстардың басты типтеріне қарай қатпарлы, жамылғы, дӛңес-қҧжбан және қҧжбан 
таутҥрлеріне бӛлінеді. 
Қатпарлы таулар – ірі қатпарлы кӛтерілімдердің тҥзу нәтижесінде пайда болады, горст-антиклинорийлер және 
грабен-синклинориәлер немесе ҥлкен горст-антиклиндерден тҧрады. Жекеленген ірі қатпарлар кейде бір 
жағынан жарылымдармен кҥрделеніп, моноантиклин таулар бедерін жасайды (Қаратау жоталары, маңғыстау 
таулары). 
Жамылғы таулар – ҥсті кристаллданған берік таудыныстарымен жабылған кҥрделі қатпарлардан тҧрады (Альпі, 
Қарпат, Балкандағы Дианр таулары). 
Қатпарлы және жамылғы тауар эпиплатформалық орогендік белдеулерде орналасқан жас таулардың негізгі 
массасын қҧрайды. 
Дӛңес-қҧжбан (қатпарлы-қҧжбан) таулар – қатпарлы таужыныстар субстратында пайда болады (Тянь-Шань 
таулары мен жоталары). 
Қҧжбан таулар – жарылымдар бойымен кӛтерілген блоктардан қалыптасады. Олардың ішкі қҧрылысы шамалы 
деформацияланады. Нәтижесінде грабендермен бӛлінген сатылай горст жҥйелері пайда болады. 
Дӛңес-қҧжбан және қҧжбан таулар эпиплатформалық орогендік белдеулер қҧрылымында басым.


164 
Геосинклиндік шеткі-материктік белдеулердегі таулар қатпарлы және жарылымды-қатпарлы қҧрылымды 
болады, бірақ олардың басты ерекшілігі – вулкандық бедермен байланыстылығында (камчатка, Курил 
аралдары). 
5. Таулы ланшафтардың қалыпатсуы мен эволюциясы 
Таулы ланшафт – жер қыртысының дааму заңдылықтарындағы белгілі бір кезең нәтижесінде болып 
табылады. Тектоникалық таулар дамуындағы негізгі ҥш кезең: тікелей тектоникалық бедер, денудациялық 
таулар кезеңдеру. 
Бірінші – тікелей тектоникалық бедер кезеңдері, тау жоталарының антиклин немесе горст кӛтерілімдеріне 
толық сәйкес келеді. Айтылып кеткендей, тектоникалық таулар ӛзінің денудациялық сфераға шыққан кезінен 
бастап, сыртқы процесстердің қарқындылықты дейінгі тарихы мен тектоникалық режиміне қарай, бедердегі 
басым тектоникалық кӛтерілімдер сан қилы морфологяилық келбетке келеді. Эпиплатформалық белдеулердегі 
жылдам және кҥрделі тектоникалық кӛтерілімдер сан қилы морфологиялық келбетке келеді. Эпиплатформалық 
белдеулердегі жылдам және кҥрделі тектоникалық кӛтермелер қҧрлық бетіне әртҥрлі дислокацияланған және 
денудацияға тӛзімділігі әртҥрлі таужыныстар қатқабаттарын шығарады. Нәтижесінде ӛте контрастты бедер 
пішіндері жасалып, денудациялық және эрозиялық процесстер дамиды.
Кӛтерілімдердің баяулауы мен олар қамтыған белдемдердің кеңеюі барысында елеулі рӛлді 
қҧрылымсыздандыру бедер пішіндеірі атқарады. Таулы бедер эволюциясы екінші кезең – денудациялық-
тектоникалық бедерге ӛтеді. Бҧл кезеңнің ерекше сипаты – кері бедер қалыптосу, яғни антикиндерде 
депрессиялар, ал синклиндерде жоталар пайда болады. Кері бедер антиклин ядроларындағы болбырлау 
таужыныстар, ал синклин қанаттарын қҧрайтын берік таужыныс қатқабаттары ӛзендер тереңдеуі нәтижесінде 
ашылымдануынан пайда болады.
Ҥшінші кезең – жҧрнақ денудациялық таулар қалыптасуы жер қыртысы тҧрақтанып, кӛтерілімдер тоқтағаннан 
кейін басталады. Тау аңғарлары кеңейеді, болбырлау таужыныстардан тҧратын жоталар мен тӛбелер 
денудацияның тӛмедетуінен шоқылы бедерге ауысады. Тек ӛте берік таужыныстардан (кварцит, гранит, 
кремнийленген ізбестас) тҧратын таулар ғана біртіндеп ҧсақ шоқыға ӛтіп барып, одан кейін денудациялық 
жазықтарға – пенеплендерге ауысады. 
Таулардың жалпы даму сҧлбасы осындай. Шындығында бҧл процесс әркелкі даму заңына бағынып, әлдеқайда 
кҥрделі жҥреді. Тау жаралау замандардың ҧзықтығы ондаған миллион жылды қамтиды. 
6. Жазық ӛңірлер геоморфологиясы 
Жазық деп – жатаған тегіс, биіктігі шамалы ӛзгеретін (50-200 м аралығында) және еңістігі мейлінше аз 
байтақ кеңістіктерді айтады. Жазықтық эпиплатформалық тектоникалық белсенділікке тҥспеген платформалық 
аймақтарда, шеткі және тау аралық ойыстарға сәйкес келеді. Жазық беткейлерінің еңістігі мардымсыз 
болғандықтан, таулармен салыстырғанда, сыртқы процесстер энергиясының шамалылығымен сипатталады. Бҧл 
алқаптарда аккумуляция және аккумуляциялық бедер пішіндері кеңінен дамиды. 
Жазықтық ойпат (биіктігі 200 метрге дейін) және қырат (200-500 м) тҥрлерге бӛлінеді. Ең биік орналасқан 
жазықтық ҥстірт деп аталады. Жоғары кӛтерілген тау ҥсті және тау аралық жазықтар таулы ӛңірлер қҧрамына 
кіреді. Теңіз деңгейінен тӛмен орналасқан жазықтар абразиялық саты арқылы қайраңға жалғасады. Жазықтар 
бетінің жалпы жағдайына қарай олар кӛлбеу, дӛңес және жазық болып бӛлінеді. кӛлбеу жазыққа Батыс Сібір 
ойпаты жатады. Жӛңістеу (еңістігі 1:100-ге дейін) таулы ӛңірлердің шеткейлеріне орналасады. Ойыс жазықтар 
шетінен ортасына қарай еңіс болады (мысалы, Балқаш маңы жазығы, Тҧран ойпаты ).
Бетінің морфологиялық сипаты бойынша жазықтар арасында тегіс, текшеленген, толқынды, жоталы және 
шоқылы тҥрлерге бӛлінеді. Жоталар (белдер)- ҧзынынан созылған жайпақ қыраттар, олар мезобедерге жатады. 
Шоқылар –биіктігі 100-200 метрдей изметриялы ҧсақ қырат биіктер. Ӛте созылынқы шоқылар жалдар немесе 
қырқалар деп аталады. Шоқылар морфологиясы әртҥрлі болады. Жазықтар бетінің қҧрылысы әртҥрлі теріс 
бедер пішіндерімен – ӛзен аңғарлары, сайлар және әртҥрлі ойыстармен кҥрделенеді. Жазық шӛлдерде 
жекелеген магистраль аңғарлар орналасады (Әмудария, сырдария, Іле, Нил аңғарлары). 
7. Жазықтардың генетикалық жіктемесі 
Денудациялық және аккумуляциялық процесстердің бедер қалыптасудағы рӛліне қарай жазықтар шартты 
тҥрде денудациялық және аккумуляциялық болып бӛлімденеді. Бҧл бӛлімдеме негізінен тектоникалық 
факторды байқатады. Денудациялық жазықтар жер қыртысының баяу кӛтерілу кезінде қалыптасса, 
аккумуляциялық жазықтар негізінен тӛмендеген алқаптарға сәйкес келеді. Олардың ары қарай жіктелуі жетекші 
бедер тҥзуші экзогендік процесстер сипатымен анықталады. 
Денудациялық жазықтар шыңдығында әрдайым аккумуляциялық-денудациялық бедер, бҧл жазықтар жаралуда 
денудацияның рӛлі басым. Олардың арасында әртҥрлі генезисті пенеплендер мен педиплендер бар, соынмен 
қатар ол абразиялық жазықтарға бӛлінеді.
Пенеплендер тектоникалық қыраттардың ҧзақ (ондаған миллион жыл) комплексіт денудациялану нәтижесінде 
пайда болады. Олардың бірқатар жекеленген флювийлік (мысалы, Орталық Қазақстан жазықтығы), мҧздық 
және карст генетикалық типтерге бӛлінеді. 


165 
Педиплендер – шамалы еңістелу, сатыланған жазықтық. Олар таулы қыраттар мен кемелер етегінде 
беткейлердің жайпандалмй шегіну нәтижесінде жаралады. Бҧл процесс қатты нӛсерлі семиаридтік климат 
жағдайында беткейлік ағындар ықпалынан, тоң басу жағдайында, сынықты материалды нивация-
солюфликациялық ысырылып шығару нйтижесінде және шӛлдер жағдайында ӛте ьелсенді дамиды. 
Абразиялық жазықтар беті қҧрлықтын едәуір кеңістігін абразияының жонуы нәтижесінде қалыптасуы және 
тегіс болуымен сипатталады. Бҧл жазықтар алғашқы кезде жағлаулық тҥзілімдермен жабылып жатады, тек 
кейінгі кездегі денудация нәтижесінде ған жер бетіне шығады, қайта туындайды немесе «қазып алынады». 
Иҧндай жазықтар – соңғы бор-палеоген кезінде пайда болған жазықтар.
Геологиялық қҧрылсы бойынша тҧғырлық – жер бетіне қатпарлы қҧрылымдар шығатын және қабаттық – 
жайпақ жатқан қабаттардан тҧратын жазықтарға бӛлінеді. 
Аккумулятивтік жазықтар – денудациялық жазықтарға қарағанда әлдеқайда кең таралған. Олардың арасында 
бір-бірінен ӛзіндік морфологиялық ерекшілігі бойынша ажыратылатын кӛптеген генетикалық типтерге, яғни 
аллювийлік, пролювийлік, мореналық, мореналық, флювий-гляциялық, кӛлдік, эолдық және теңіздік 
жазықтарға бӛлінеді. 
Вулкандық жазықтар жер бетіне жарықтар боймен базальт лавасы тӛгілуінен және жанартау атқылағанда 
шашылған кҥл массасы жер бетінің кедір-бҧдырларын тегістей толтыруынан тҥзіледі. Қазіргі кезде вулкандық 
жазықтардың кӛп бӛлігі жоғары кӛтерілген, шатқалдармен тілімделген ҥстірт бедері тҥрінде кездеседі (мысалы, 
Колумбия, Патагония, Исландия базальтты сҥтірттері). 
Жазықтардың аталған генетикалық типтерімен қатар аралас негензисті полигенетикалық жазықтар кеңінен 
таралған. Батыс Сібір ойпатының солтҥстік бӛлігінде кӛлдік-аллювийлік-флювий-гляциялық жазығы оған 
мысал бола алады. 
Жызық бедері қалыптасуында экзодинамиканың басымдығы геоморфологиялық келшбеттің климаттық 
жағдайлармен тығыз байланысын кӛрсетеді. Жазықтық генетикалық типтерінің таралуы негізінен қазіргі және 
жақында ӛткен климат белдемділігін білдіреді. Дегенімен жазықтар бетінің қҧрылысында неотектоникалық 
және қҧрылымдық факторлар да айтарлықтай мәнге ие. 
Геоморфологяилық ланшафтарды зерттеген кезде кең кӛлемді мәселелерді қамтитын комплексті әдістемені 
қолдану керек. Морфологиялық, геологиялық және геофизикалық әдістермен қатар, аэрофото және ғарыштық 
тҥсірімдерді қолдану тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет