50
алады. Басты жыныс қҧрастырушы минералдар:кварцтық, дала шпаты, слюда, пироксен, және амфибол.
Олармен қатар типті метаморфты минералдарға :гранаттар, андалузит, дистен, силлиманит, кордиерит,
скаполит және кейбір минералдар.Нашар метаморфталған жыныстар ҥшін әсіресе тальк, хлориттер, актинолит,
эпидот, цоизит, карбонаттар тән. Метаморфиялық жыныстар геобаротермаметрдің белгілі физико-химиялық
әдістерімен әбден биік. Олар 100°С-300°С- тан 1000-1500°С-қа дейін теңселеді және он шақтылардың
біріншілерінен бар 20-30-ға дейін.
3. Метаморфты жыныстардың қҧрылымы мен тҥзілімі.
Метаморты жыныстардың қҧрылымы қатты кҥйде қайта кристаллданудың нәтижесінде немесе
кристаллобластез арқылы пайда болады.
Осындай құрылымдардың түрлері келесі:
А) Кристаллобластты, олардың ішінде минералды тҥйіршіктердің мӛлшері және олардың орналасуы бойынша
келесі тҥрлерді ажыратады:
1. Гранобластты – жыныстың тҥйіршіктері мӛлшерлері бойынша салыстырмалы жақын және шамамен
дӛңгелек контурлаға ие болады.
2. Мҥйіздікті (роговикті) – кетікті шеттерімен ҧсақ минералдардың тҥйіршіктерінен тҧрады.
3. Лепидобластты – немесе қабыршақты, ол қабыршақты минералдардың болуымен сипатталады (слюдалар,
хлориттер, тальк).
4. Фибробластты – немесе талшықты (немесе баутәрізді), қҧрамында міндетті тҥрде ине тәрізді немесе
талшықты пішінді минералдар болады (силлиманиттер, амфиболдар).
5. Нематобластты – бақаналы, призмалық, сабақты минералдарынан қҧралған, кӛбінесе амфиболдар тобынан.
6. Келифитті (немесе друзитті) – бір минералдар басқа минералдарға жиек тҥрінде ӛсуі қарастырылады,
мысалы, амфиболдың оливинге және пироксен негізгі жыныстарға ӛсуі.
7. Пойкилобластты – минералдардың ірі тҥйіршіктерінде ҧсақ кірікпелер болады.
8. Порфиробластты – ірі тҥйіршіктер – порфиробласттар негізгі жіңішке тҥйіршікті массалардың арасында
орналасады.
Б) Катакластикалық – дислокациялық метаморфизмнің жыныстарына сипатты; нәзік минералды тҥйіршіктер
мен ҧсақтаған жыныстарымен сипатталады, майысқыш минералдардың иілуімен (хлориттер, тальктер) және
механикалық деформациялардың болуымен сипатталады.
В) Милонитті – жыныстардың минералды тҥйіршіктерінің белсенді ысқылау мен ҥгілудің нәтижесінде пайда
болады жәнне осының нәтижесінде жіңішке шаң пайда болады. Осы шаң жіңішке жолақтарға ие, осының
ҥстерінде жаңа минералдар пайда болуы мҥмкін, олар сипатты порфиробласттар тҥрінде кездеседі– овоидтар.
Г) Реликтті (немесе қалдықты) – метаморфизмге ҧшыраған алғашқы жыныстардың болуын кӛрсетеді.
Тҥзілімдер:
1. Жіктасты – жыныстар жіңішке плиткалар мен пластиналрға бӛлінуімен сипатталады.
2. Жолақты – қҧрамы бойынша әртҥрлі жолақтардың алмасу кезінде пайда болады, олар шӛгінді жыныстардың
тҥзілімдерін қалдырған кезде пайда болады.
3. Дақты – жыныстарда тҥсі, қҧрамы бойынша ажыратылатын участкелердің (дақтардың) болуы.
4. Массивті – жынысқҧраушы минералдардың бағдарлануы болмаған кезінде пайда болады.
5. Бҧйраланған тәрізді (плойчатая) – стресс арқылы жыныстар ҧсақ қабаттарға жиналған болады.
6. Дӛңгелекті (очковая) – жыныстардың жіктасты массаның арасында дӛнгелекті агрегаттардың болуымен
сипатталады.
7. Катакластикалық – минералдардың ҧсақталуымен және деформациясымен ерекшеленеді.
4. Метаморфизмнің тҥрлері.
Табиғатта негізгі екі ҥлкен метаморфизмнің тҥрлері қарастырылады: жергілікті және аумақты.
Жергілікті метаморфизм шектелген аудандарда ӛтеді және контактілі, дислокациялық пен соққылы тҥрлерге
бӛлінеді.
Контактілі метаморфизм жер қыртыстың суық жоғарғы бӛлігіне, кӛбінесе шӛгінді қабатына, ыстық магма
енгізілген кезінде және интрузивті массивтер – плутондар тҥрінде қатуы кезінде пайда болады. Осындай
плутондардың айналасында контактілі-ӛзгерген жыныстардың ореолдары пайда болады.
Дислокациялық метаморфизм немесе динамометаморфизм кезінде тектоникалық бҧзылымдар зоналарында
қысымның жергілікті кӛтерілуі басты рӛлді атқарады. Осылай оны бҧзылым жанындағы метаморфизм деп
айтуға болады.
Соққылы метаморфизм шектелген таралуға ие және жер беткейіндегі тау жыныстар мен жер қыртысына
соққылы қысым толқынның әсер етуімен шақырылады, осындай қысымның тҥрі Жерге ірі метеориттер қҧлау
нәтижесінде пайда болады.
Ең маңызды метаморфизмнің тҥрі аумақтық метаморфизм саналады, ол ҥлкен аудандарды қамтиды – ондық,
жҥздік, мыңдық шаршы километрдер.
Достарыңызбен бөлісу: