Бекіту кезеңі «Кім жылдам?» ойыны Оқушы барлық көбейту кестесін меңгеріп алған соң оны бекіту қажет. Ендеше бұл ойын таптырмас әрі оңай тәсіл. Оқушыға таңғы ас алдында, жарнама кезінде, кешкі жуынарда, кез –келген бос уақытта көбейту кестесін сұрай беріңіз. Оған жағымды сөздер айтуға ұмытпаңыз. Ол да сізді сұрауы мүмкін. Ендеше өзіңіз де дайын болыңыз.
«Картофиксики» Алдымен қарапайым карталар коллодасының суретті карталарын жетпейтін сандармен белгілеп аламыз. Мысалы: тұз – 5, король – 4, дама – 3, валет – 2. 1-ге көбейтуді ауызша қайталауға болады. Егер белгілеуде шатассаңыз өз қолыңызбен карта жасап алған қызықтырақ болады. Енді ойнаймыз! Карталарды тең бөліп алып кезекпен бір –бірімізге карта ұсынамыз, егер дұрыс жауап берсе екі картаны да алады. Қателессе карталар сізде қалады. Осылайша карталар біткен кезде оларды санаймыз. Ойын мақсаты: барлық карталарды жинау. Ең бастысы бала ойын арқылы көбейту кестесін бекітеді.
«Тауып көр» ойыны Көбейту кестесінің кез-келген жауабын айтыңыз. Оқушы осы жауап шығатындай барлық мүмкін жағдайларды тауып айту керек. Мысалы: 30? 5х6-ым? 3х10-ым=?
«Бинго» ойыны Сіздің балаңыз немесе оқушыңыз 6 да 6 шаршы кестені қалауынша кез-келген бір, екі таңбалы сандармен толтырады. Сіз мысал келтіресіз: 5х4-ім? егер оның шаршысында 20 саны бар болса оны сызып алады. Осылайша өз шаршысының барлық сандарын сызып алғанша көбейту кестесінің комбинацияларын атап шығасыз. Осы ойынды отбасымен ойнаған жақсы. Бингоны бірінші кім ұтып алады екен? Қандай сыйлық алар екен?
«On -line» үрдісі Онлайн материалдарын қолданыңыз. Интернет желісінен түрлі викториналар мен көбейту кестесіне арналған ойындарды, тестілерді орнатып алыңыз. Оларды қолдан да жасауға болады, бірақ балаға (оқушыға) компьютермен жаттап үйрену қызықтырақ болады, әрі ақпараттық технологиямен жұмысын жетілдіреді.
Кеңестер:
Бірінші сыныпта, не одан да ерте кезден баланы 2-ден, 3-тен санап үйрету. Мысалы: 2-4-6-8-10 немесе 3-6-9-12 тсс
Бұл дағдыны автоматикаға дейін жеткізу керек, сонда көбейту кестесін де оңай жаттап үйренеді.
Топпен жаттап үйренген қызықты.
Әрдайым күлімдеңіз! Жылы шырай баланы, оқушыны өзіңізге сенім білдіруге тартады.
Үзіліс жасаңыз. Ешбір бала, оқушы көбейту кестесін бірнеше сағат қатарынан жаттап үйрене алмайды. Оған демалып отыру керек. Сізге де демалыс қажет.
Асықпаңыз! Баланы, оқушыны да асықтырмаңыз. Көлемді ақпарат ұғынықсыз болып, жаттап үйренуден көңілі қалып қызығушылығы кетеді. Мейірімді әрі шыдамды болыңыз.
Мотивация - ұлы күш. Яғни, балаға көбейтудің практикалық жолын үйретсе, жұмыс тезірек іске асады. Мысалы: ұлдарға: 5 автомобильге қанша дөңгелек қажет? (5х4=20), ал қыздарға: 3 қуыршаққа екі бұрымнан өру үшін қанша резеңке керек? (2х3=6) деп сұраңыз.
Ескерту:
Балаға, оқушыға жаман сөздер айтпаңыз, лақап аттар қоймаңыз. Сен «мисыз», «сүйкімсіз», «үйреткенді түсінбейтін» деген сөздерді айтпаңыз!
Бала, оқушы санау машинасы емес! Тез жауап беру есте сақтау қабілетіне байланысты.