Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


І. Көбейту кестесін жаттаудағы қиындықтар



бет2/6
Дата15.12.2023
өлшемі447,16 Kb.
#138539
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларына көбейту кестесін үйрету (2 сынып)

І. Көбейту кестесін жаттаудағы қиындықтар
Өмірде кез-келген адам, сол кездегі оқушы математика пәнінің айнымас, білуге міндетті бөлімі көбейту кестесін үйрену үдерісін басынан кешеді. Әрқайсысы оны әр түрлі тәсілдермен жаттап үйренді.
Жаттау, есте сақтау, жаттығу және көптеген басқа тәсілдер түрлі нәтиже береді. Бұлардан да басқа көптеген тәсілдерді қолдануға болады. Бірақ, әр оқушы - жеке тұлға. Ендеше табиғи қабілетіне сәйкес қабылдауы да түрлі болады.
Қазіргі оқушының көбейту кестесін жаттаудағы қандай қиындықтары бар? Неге қиналады? Нені түсінбейді? Қалай жаттау керек? Неге жаттау, неге жай есте сақтауға болмасқа? Осы мәселелерді қарастырайық.
Біріншіден, оқушылардың өмірдегі күнделікті есте сақтау қабілеті әр түрлі. Бала зейіні белгілі бір бағытқа тұрақтану үшін сол бағытта көп жұмыс істеу керек. Күн тәртібі, заман талабы, отбасындағы жағдайлар баланы қаншалықты қызықтырсаң да жаттауға, үйренуге тарта алмас.
Екіншіден, жаттау немесе үйрену керек, міндетті деген сөздер балаға кері эмоция тудырады. Мотивация жойылады.
Үшіншіден, жаттауға, үйренуге міндетті нәрсенің көлемі, оның көптігі, есте сақтауға қиындығы, оларды ретімен шатастырмай айту, қалай айту, дұрыс жауабын айту, түп нұсқасына қарамай айту, жаттағанын есіне түсіру, кез-келген сұраққа жауап табу, уақыт тапшылығы немесе ұзақтығы, жалғыз жаттау, жалығу қиындығы.

Төртіншіден, жаттау, үйрену тәсілдерінің қызықсыздығы. Басқа бағыттардың тапшылығы.


Бесіншіден, баланы міндеттеу, өз еркімен көбейту кестесіне талпынысы, қызығушылығының болмауы немесе аз болуы. Мотивацияның аздығы, әлсіздігі.
Ендеше аталған қиындықтарды жеңу үшін түрлі жаттау, қайталауға қосымша басқа тәсілдерді табуымыз керек. Оларды келесі бөлімде қарастырамыз.
ІІ. Көбейту кестесін үйрену әдіс-тәсілдері
Ең алдымен көбейту кестесін қалай айту керектігіне тоқталайық.
Өткен заманның оқушылары «1 жерде 1=1,1 жерде 2= 2» деп «жерде» деген сөзді қолданып жаттаса, қазіргі жаттаудың және айтудың ең дұрыс және түсінікті жолы мынадай:
1х1-ім=1, 1х2-ім =2, 9х3-ім=21 тсс. Осындағы «-ім» қосымшасы жаттауды, айтуды оңайлатады, тездетеді және түсінікті. Мысалы: 9х3-ім=21, яғни 3 саны 9 реттен өз-өзіне қосылған, 3+3+3+3+3+3+3+3+3=21, мұндағы «-ім» қосымшасы 3 санының неше есе қолданылуы керектігін нақтылайды.
Екі жағдайда да «х» - көбейту таңбасы мен «=» тең болады таңбалары тек жазылады, оқылып айтылмайды. Мысалы: 1 көбейту 1 тең болады 1, тсс. Бұлай да жаттауға болады, бірақ бұл тәсіл тым ұзақ, баланы шаршатып, жалықтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде көп қолданылмайды. Таңдау өзіңізде.

1-ші күн «Қиын емес, оңай...» әдісі


Бүгін балаға көбейту кестесінде «керемет қиын ештеңе жоқ» деп түсіндіреміз. Осыған дәлел ретінде жұмысты санды 1-ге көбейтуден бастаймыз. Балаларға миллионды бірге көбейткенде, миллион шығатынына керемет қуанады, себебі оңай. Осыдан математикалық ереже шығады: санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
Сол күні санды 10-ға көбейтуге көшеміз: 1-ге көбейтуге ұқсас, тек нәтижесінде кез –келген санға 0-ді қосып отырамыз. Мысалы: 1х10-ым=10, 2х10-ым=20 тсс.
Дәл сол күні 2-ге көбейтуге үйренеміз. Егер бала сабақта қосу амалын жақсы меңгерген болса, онда ол еш қиналмайды, өйткені кез-келген санға дәл сондай санды қосу керек. Мысалы: 2х2-ім=2+2=4, 2х3-ім=3+3=6 тсс
Егер бала шаршамаса санды 4-ке көбейтуді үйретеміз. Ол да қиын емес. Санды 2-ге көбейтіп, нәтижесіне дәл соны қосу керек. Мысалы: 5х4-ім=5х2-ім+5х2-ім, яғни 10+10=20. Қалай үйренсе де жауаптары қайталанып отырады. Осы орайда тағы ереже: көбейткіштердің орны ауысқанымен, көбейтінді мәні өзгермейді. Мысалы: 5х2-ім=2х5-ім немесе 4х5-ім=5х4-ім тсс
Байқасаңыз, бірінші күні тек жұп сандарды үйренеміз: 2,4,10-ға көбейту, тек 1-ге көбейту өзгеше, ол тек кіріспесі ретінде қажет.
2- ші күн «Мотивация» әдісі
Алдымен кешегі өткенді қайталап алайық. Бірдеңе ұмытылды ма? Ештеңе емес. Негізінде нәтижеге қол жеткіземіз десеңіз, балаға ұрыспаңыз, қыспаққа алмаңыз, керісінше шаршамастан оның нәтижелерімен таңданыңыз. Мысалы:

Жарайсың! Сен бірталайын есіңе сақтап алыпсың! Жылы сөз – балаға күш беріп, анасын, ұстазын тағы да таң қалдыруға құлшыныс тудырады.


Бұл күні мақсатымыз: санды 5-ке көбейту. Балаға 5-тің кестесін көрсетіңіз, ол бәрін бірден түсініп алады. Тақ санды 5-ке көбейту нәтижесі 5-пен аяқталады, ал жұп сандарды 5-ке көбейту нәтижесі - 0-мен аяқталады.
Мысалы: 5х3-ім=5х2-ім+5=10+5=15, 5х4-ім=5х3-ім+5=15+5=20. Осындай міне заңдылық!
Енді санды 3-ке көбейту де солай оңай: 2-ге көбейтуді білеміз, енді оған керек санды қосу ғана қалды.
Мысалы: 4х3-ім=4х2-ім +4 яғни 8+4=12
Байқасаңыз бұл күні біз тақ сандар – 3-ке,5-ке көбейтуді үйрендік.
3-4-ші күндер «Бөліп жіктеу» тәсілі
Бұл күндер сәл қиынырақ. Мақсатымыз – санды 6,7,8-ге көбейтуді үйрету. Қайталап айтамын- жаттамау, тек үйрету. Оларды оңай меңгеріп аламыз. Егер сандарды бөліп жіктеу тәсілін қолданса және алдыңғы күндері үйренгенін еске түсірсе болғаны: 7х3-ім=3х7-ім=7х2-ім(2х7-ім)+7 немесе 14+7=21 яғни 7х3-ім=21, 8х8-ім=8х5-ім+8х3-ім=40+16=64
Осы тәсілді алдымен жазбаша, кейін ауызша талдап, асықпай, сосын тездетіп үйренуге болады. Сол арқылы көбейту кестесіндегі ең қиын деген бөлігін үйреніп аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет