Үнді еліндегі философиялық материалистік жүйе. Олардың айтуынша, бүкіл ғалам, табиғат табиғи жолмен - дүниенің төрт негізгі элементтерінен: жер, су, от, ауадан жаралған. Бұл элементтер белсенді және әрекетшіл. Бір күйден екінші күйге ауысып отырады. Олардың өзара әрекетінен адам, сана пайда болады, ал дене өлгенде қайтадан сол элементтерге айналады.
Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытай философиясы әлеуметтік, этикалық және саяси бағыттылықта дамыды. Ежелгі «И-цзинь» түпнұсқасында дүние бес элементтен: жер, су, от, ағаш, металлдан