Текті адамдар – заңдар мен адамгершілік қағидалармен өмір сүреді
Төменгі адамдар – тек өз басының қамын ойлайды.
Даоизм мектебі
Қытай фиялософиясы Дао деген ұғымды түсіндіруден басталады. Дао барлық заттың түп негізі және бірлігі, барлық заттар мен құбылыстар өсіп, дамып, жетіліп, қайтадан Даоға айналады. Дао ілімінің негізін салған Лао-Цзы б.э.д. VІ ғ. Лао-Цзы өзінің Дао және Дэ деген кітабында дүниенің пайда болуын адам айтуы бойынша дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар тіршілік иелері, өздерінің табиғи жолымен өмір сүреді. Оларды Дао басқарады. Дао субстанция ретінде көзге көрінбейді. Дао дүниенің пайда болуын былай түсіндіреді. Ол Ин – оң және Янь – теріс бөлшек. Олардан Аспан мен Жер пайда болады. Аспан және Жер өз кезегінде Ци деген бөлшек шығарады. Даоизм қарама-қарсы құбылыстардың бір-бірімен қатар бірлікте өмір сүруін үйлесімдік (гармония) деп қарастырады.