Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
Бос қиялға салынбау.
«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.
Қасарыстық көрсетпеу
Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.
Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы: әділеттік табиғатты сүю әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау