Мектеп заң мен басқару өнерін бір-бірінен ажыратып қарастырады. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы «халық жалақыны, пайда көзін тапқанды жақсы көреді, жазаға ұшырауды ұнатпайды, жақсы көрмейді» дейді. Қоғамда жазаның көп, құрметтеудің аз болғаны абзал. «Бірақ кімнің заңды орындамай, бұзғанын қалай білуге болады?» деген сұраққа адамдар өзара бір-бірін бақылап жүруі керек деген жауап беріледі. Ол қалай жүзеге асады? Адам жүрегіне қорқыныш сезімін ұялату, заң бұзған адамды көпшіліктің, халық алдында жазалау ұсынылады.
«Фа-цзя» мектебінің талаптары үкіметтің саяси идеологиясына айналып, Қытай елінде аса қатыгез басқару жүйесі орнайды. Моральдық тәрбиені, қоғамдық қатынастарды заң жолымен ретке келтіруді ұстанады.
Ежелгі Қытай философиясының ерекше ағымы – ол ФА-ЦЗЯ мектебі (фа – заң).
Мектеп ұстанымы конфуцийлік адам, мораль мәселелеріне қарсы бағытталған.
Заңдар мектебінің негізін қалаушы Хань-Фэй-Цзы (б.з.д. 280-233 жж.) болмыс
ілімінде Даоға дүниедегі барлық нәрсенің табиғи заңы ретінде қараған:
«Әрбір зат пен істің заңдары болады. Аспанның өз заңдылығы, адамдардың да
орнатқан өзіндік заңдары бар».
Достарыңызбен бөлісу: |