Шығыс философиясы



бет9/25
Дата31.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#23669
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
шығыс философиясы Жексенбі ММ

Әлеуметтік орта кемшіліктеріне қанағаттанбаған Кун Фу-цзы өткенді дәріптеді. «Адамгершілігі жоқ адам қауіп-қатерлерге ұзақ төзе алмайды, сонымен қатар, дәулетіне де ұзақ рахаттана алмайды. Адамилық адамгершілікте», – деді.


Ежелгі Қытайда этикалық-саяси Конфуций мектебінің негізін Кун Фу-цзы

(б.з.д. 551-479 жж.) қалады. Конфуцийлік б.з.д. 2-ғғ. бастап, 1911-13 ж.-ғы

Синьхай революциясына дейін Қытайдың ресми идеологиясы болып саналды.

3. КОНФУЦИЙЛІК


Конфуций құлықтылық өсиетін толық орындап жүретін дамыған адам бейнесін

береді. Ол – «ЦЗЮНЬ-ЦЗЫ» адамгершілігі мол қайраткерді «арам ниетті»



“СЯО-ЖЭНЬ” адамдарға қарсы қояды «ЦЗЮНЬ-ЦЗЫ» -дың басты қасиеттеріне:

«ЖЭНЬ» - адамгершілік, «И» - әділдік, «ЧЖИ» - білімділік, «ЛИ» - ритуал,

СЯО – үлкендерді сыйлау жатады.

Ол адамдарды «мейірімділерге» және «нашарларға» бөледі. «Мейірімділерді» желге, «нашарларды» шөпке теңейді. Жел қайда ессе шөп сол жерге қалай бұрылады. Әлеуметтік теңсіздік құдайдың құдіретімен байланысты, сондықтан жасы кіші үлкенге (сяо), қызметі төмен адам жоғары қызметтегі адамға бағынуы тиіс (ли).

«Адамгершілігі мол қайраткер үш нәрседен: аспан жарлығынан, ұлы адамдардан және данышпандардың сөзінен қорқады»

Конфуцийдің этикалық ілімі «дұрыс жолды» (дао) құрастыратын «өзаралық», «алтын орта», «адамды сүю» ұғымдарына сүйенеді.

Алтын орта» (яжун-юн) – адам мінез-құлқындағы ұстамсыздық пен сақтықтың ортасы. Бұл ортаны табу оңай емес, адамдардың басым бөлігі өте ұстамсыз немесе өте сақ. Адамсүйгіштіктің негізі «жэнь» – ата-ананы қадірлеп, қошеметтеу, жасы үлкен ағаларды сыйлау. Жалпы, адамсүйгіштікадамды сүю дегенді білдіреді, өйткені кімде-кімшын көңілімен адамсүйгіштікке ұмтылса, қастандық, зұлымдық жасамайды. «Өзаралық» (компромисс) немесе «адамды қамқорлыққа алу»(шу) ілімнің мәні «өзіңе нені тілемесең, оны өзгеге де істеме» дегенге саяды, сонда мемлекетте де, отбасында да ешкім саған жаулықпен қарамайды. Конфуций мемлекетті басқаруда «алтын орта жолы» идеясын, яғни саяси ымыраға - компромиске келу өнерін уағыздады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет