«Дао заттарды тудырады, Дэ оларды асырайды, өсіреді, тәрбиелейді, жетілдіреді, кемел қылады, күтеді, болысады. Заттар нұсқаланады, нұсқалар тәмамдалады. Сондықтан Даоны дәріптемейтін және Дэні қадірлемейтін зат жоқ. Дао дәріптеулі, Дэ қадірлі, себебі олар бұйрық бермейді, керісінше, табиғилықты ұстанады. Жарату және иемденбеу, жасап шығару және мақтанбау, үлкен бола тұрып, билік жасамау, міне, тұңғиық Дао деген – осы». Дао дербес субстанция немесе мән бола алмайды. Оның бастауы жоқ, өзінің қуаттық қызметінсіз-ақ ол бәріне негіз болады, «Дао – барлық заттың анасы».