Аспан мен рухтартуралы сұрақты қарастырғанда, Конфуций ілімі қалыптасқан дәстүрді ұстанды. Аспан – жердегі әділеттілікті қадағайлайтын ең жоғарғы күш. Конфуций ілімі бойынша, тағдыр аспан еркіне кіріптар. Конфуций аспаны – тағдыр, жазмыш, дао (жол).
Конфуцийліктер – қоғамтанушылар. Назар аударған негізгі мәселесі – тәрбие, адамдар арасындағы қарым-қатынас. Мысалы, оқушысының «Бір сөйлеммен моральдық іліміңізді жеткізе аласыз ба?» деген сұрағына ол «Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама», – деп жауап береді. Бұл қағида адамдардың қоғамдағы іс-әрекетінің «АЛТЫН ЕРЕЖЕСІ” деп аталады.