Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі


құқыққа қарсы әрекеттердің іздерін табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
құқыққа қарсы әрекеттердің іздерін табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды 
алдын ала зерттеу
– қылмыс іздері сақталған немесе қылмыс жасау құралы не қыл-
мыстық əрекеттің нəтижесі болып табылған материалдық объектілерді анықтау жəне 
айналымнан немесе нақты адамның иелігінен алып қою жəне олардың өздеріне тəн 
белгілері мен ерекшеліктерін заңда белгіленген нысандарда анықтау; 
құпия көмекшілер
– жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органмен құпия негізде 
(оның ішінде келісім-шарт бойынша) қызмет істеуге келісімін берген, сол сияқты осы ор-
ганмен бұрын өзінің келісімі бойынша ынтымақтастықта болған, он сегіз жасқа толған, іс-
əрекетке қабілетті жеке тұлғалар; 
почта-телеграф жөнелтілімдерін бақылау
– іс үшін маңызы бар мəліметтерді хаттарды, 
жеделхаттарды, радиограммаларды, бандерольдерді, посылкаларды жəне басқа да почта-
телеграф жөнелтілімдерін қарау жəне олардың мазмұнымен танысу жолымен алу; 
сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу – бейне
-, аудиотехниканы немесе өзге де 
арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерілетін адамның, күдіктінің, 
айыпталушының сөздік ақпаратын жасырын бақылау жəне оның мазмұнын материалдық 
жеткізгіште анықтау; 
телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу 
– телефон байланысы 
абонентінің кіріс жəне шығыс қоңыраулары туралы ақпаратты жасырын алып қою; 
телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді 
тыңдау және жазып алу
– егер тексерілетін адам, күдікті, айыпталушы үшінші бір 
адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мəліметтер 
болса немесе егер үшінші бір адам телефонды жəне басқа да сөйлесу құрылғысын пайда-
ланып, тексерілетін адамға, күдіктіге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру 
үшін тексерілетін адамнан, күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мəліметтер 
болса, тексерілетін адамның, күдіктінің, айыпталушының не үшінші бір адамның сөздік 
ақпаратын жасырын бақылау жəне оның мазмұнын материалдық жеткізгіште анықтау; 
үлгілерді алу
– тірі адамның, мəйіттің, жануардың, заттың, нəрсенің ерекшеліктерін 
бейнелейтін, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар материалдық 
ақпарат жеткізгіштерді алып қою жəне анықтау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет