Жинақтау- бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас объектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас затгар мен құбылыстарға қатынасы анықталады.
Мәселен, машинаның әрбір бөліктерін құрастырып, тұтас машина жасап шығару ойша жинақтау тәсілі арқылы іске асады. Сол сияқты сағат шебері бұзылған сағатты бөлшектерге ойша бөліп, оңдап болғаннан кейін біртұтас сағатқа біріктіруі ой қызметінің тікелей қатысымен талдау арқылы іске асады. Барлық осы сияқты жағдайлар талдау іс-әрекетте байқалатын ойлау үрдістері арқылы орындалады.
Жинақтау, талдау сияқты, жеке элементтердің тек қана біртұтас ойша бірігуі түрінде іске асуы мүмкін. Мысалы, бізге белгілі шет тілінің сөздерінен мағыналы сөйлем құрастырғаңда немесе белгілі сөздерден тұратын даяр сөйлемді оқығанда жинақтау үрдісі жүзеге асады.
Жинақтау таддау сияқты оқу жұмысының үрдісінде ерекше орын алады. Мысалы, оқуға үйретуде әріптерден буындар, буындардан - сөз, сөздерден - сөйлемдер құрастырылады. Бұл — талдау. Жекелеген әдеби шығармалардың қаһармандарының немесе тарихи қайраткерлердің іс-әрекеттерін, ойларын, сезімдерін, бейнесін суреттеу және талдау жолымен бұл қайраткерлер мен қаһармандарға мінездеме беруге болады.
Талдау және жинақтау арқылы әрбір бөлім тұтас заттың элементінің рөлі мен маңызын, бұл бөлімдер мен элементтердің өзара байланысын ашып, заттың негізгі (монді) және қосымша белгілерін ерекше бөліп көрсетеді.
Талдау мен жинақтау әруақытта да бірлікте іске асады. Біртұтас заттар мен құбылыстар талданылады. Ал жинақтауда талдаудың элементтері қатыстырылады. Талдау мен жинақтаудың байланысы ми бірлігі туралы И.П. Павловтың бас ми қырытысының анализаторлық — синтетикалъгқ қызметі туралы ілімінде жан-жақты қарастырылған.
"Ойлау, - деп жазды И.П. Павлов, — ассоциациядан, жинақтаудан басталады, содан кейін талдау мен жинақтаудың жұмысын біріктіру іске асады".
Адамның бас ми жартышарларының қыртысында іске асатын талдау мен жинақтау өзінің әрекетімен бірінші және екінші сигнал жүйелерін қамтиды.
Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов мидың үлкен жартыларының қызметі талдау және жинақтау үрдістерінен, көптеген тітіркендіргіштерден тұратындығын, олар жүйке жүйесіне сыртқы ортадан, сонымен қатар организмнің өз ішкі бөліктерінен әсер ететіндігін айтқан.
Абстракция— бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция — ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субъект зерттелу үстіндегі объектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады.
Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой өнімі (түсінік, үлгі, теория, жіктелімдер жөне т.б.) пайда болады. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік - бейне қасиеттері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар түту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.
Таным үрдісінде қажеттілік пайда болады: тек қана затты немесе құбылысты талдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар одан да терең зерттеу үшін бір белгіні, бір қасиетті, бір бөлімді басқаларынан уақытша дерексіздендіре отырып, оны көңілге алмай ерекше бөліп көрсету.
Бөліп көрсеткенде, жай ғана белгілері мен қасиеттері емес, негізгі, маңызды белгілері назарға алынады.
Абстракциялау үрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мәселен, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі — анықтықтыалып, жалпы сол туралы ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |