Шыѓыс ќазаќстан облысыныњ білім басќармасы



бет22/59
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19796
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
Психология

    Бұл бет үшін навигация:
  • "пcюхе
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдықкәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы цубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес. Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "-жан, психика және "логос"-ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Психиканың өмір сүруі органикалық өмірдің жоғарғы түрлерімен байланысты, психиканың пайда болуы тек ғана жануарлар мен адамдарға тән. Бір ерекше айта кету керек, бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам психикасына қарағанда жануарлар психикасы ерекше қарапайым келеді.

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі -барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет