Шілде айының 18 күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата09.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#8620
  1   2   3   4   5   6   7

Шілде  айының  18  күні  Батыс 

Қазақстан облыстық тілдерді дамы-

ту басқармасының Қазақстан Респу-

бликасы халықтарының тілдері күніне 

арналған  облыстық  тіл  айлығы  ая-

сында  ұйымдастырылған  «Үздік 

қалалық  балабақша»  байқауына 

орай қаламыздағы №34 «Балбұлақ»  

бөбекжайында бала тәрбиесіне байла-

нысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрін  

дәріптейтін іс -шара өткізілді.

Келген қонақтар қазақ ауылындағы 

Болат атай мен Әйгерім әжейдің Ерсұлтан 

атты немерелерінің дүние есігін ашуына 

куә болды. Ауыл үлкендері Ерсұлтанға ат 

қойып, шілдехана тойын жасады. Жастар 

жиналып күй тартып, ән салып, би биледі. 

Балалар асық ойнап, алтыбақан теуіп, той 

көркін келтірді.  

Ерсұлтанның тәй-тәй басқанын көріп 

қуанған ата-анасы  тұсау кесу тойын 

өткізіп, аталары бата беріп, үлкен әпкелері 

биден шашу шашты.

Ерсұлтан өсіп, мектеп табалдырығынан 

аттап, тілашар тойын тойлады. Ол өз 

құрдастарымен қазақтың ұлттық ойын-

дары арқан тартыс, қыз қуу ойындарын  

ойнап, достарының айтыстарын тамаша-

лады.

 Арада күндер, айлар, жылдар өтіп, 



Ерсұлтан үлкендердің батасын алып, 

Отан алдындағы борышын  өтеуге әскерге 

кетті. Ата-анасының үмітін ақтап, бір жыл-

дан соң үлкен сағынышпен ауылға ора-

лып, ауыл халқын қуанышқа бөледі. Бо-

лат атай немересінің әскерден аман-есен 

оралғанына қуанып, қой сойып үлкен 

той жасап, барлық ауыл халқын алты 

қанат киіз үйге қонақ болуға шақырды.

Той соңында бөбекжай қызметкерлері 

«Қаражорға» биін биледі. 

Байқаудың шарты бойынша «Ертегілер 

елінде» атты драмалық көрініс ұйымдастыру 

бөлімінде бөбекжай бүлдіршіндері «Қаңбақ  

шал» қазақ халық ертегісін сахналады.

Қорыта  келгенде,  ұлттық  салт-

дәстүрді құрметтейтін, бойында ұлттық, 

отаншылдық рухы мықты жас ұрпақты 

тәрбиелеуде осындай іс-шаралардың мек-

теп жасына дейінгі сәбилер тәрбиелейтін 

балабақшаларда өткізілуінің маңызы зор 

деп  санаймын.



Айдана САҒИДУЛЛИНА,

№34 «Балбұлақ» бөбекжайының 

инноватор әдіскері 

ұ   с   т   а   з   ы

А қ п а р а т т ы қ ,   т а н ы м д ы қ   ж ә н е   ә д і с т ем ел і к   б а с ы л ы м

Ж А Й Ы Қ

«Балбұлақта» 

өткен той

Мүшәйраның мақсаты: 

ҚР  Жазушылар  Одағының 

мүшесі, 

Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  қайраткері, 

Халықаралық «Алаш» әдеби 

сыйлығының және «Құрмет 

белгісі» орденінің иегері, ақын 

Ақұштап Бақтыгерееваның 

70  жылдығына  арналған 

мүшәйраға қатысушы қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 

мұғалімдерінің шығармашылық 

еңбектерін бағалау, олардың 

ақын шығармаларын терең зер-

делеп, танып-білуін, ақындық 

қарым-қабілетін, өлеңдерінің 

поэтикалық қуатын, шеберлігін 

насихаттау және мәртебесін 

көтеру. 

«Ақ шағала ақын, Ақжайық 

жырлар  иесі»  атанған, 

қайраткер  ақын  Ақұштап 

Бақтыгерееваға арналған жыр 

сайысына тек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 

ғана қатысады, қатысушылар жасына шек қойылмайды, 

әр қатысушы Ақұштап ақынға арналған бір өлең, еркін 

тақырыпқа бір өлең ұсынады. 

«Жыр-айдындағы ақ желкен» жыр мүшәйрасы Батыс 

Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институтының баста-

масымен 2014 жылғы 16 қазан күні өткізіледі. 

Мүшәйраға әр аудандық білім бөлімі ең үздік деген 1 

мұғалімін қатыстыра алады. Қалалық білім бөлімі 

және облыстық дәрежедегі мектеп ұжымдарынан 

да 1 талапкерден артық болмауы керек. Бұл ту-

ралы өтініш білім ұжымдары басшысының қолы 

қойылып, мөрі соғылып, институт директоры аты-

на жіберілуі керек.

Мүшәйраға қатысушылар өз өлеңдерін 10 

қазаннан қалдырмай, институттағы мүшәйраны 

ұйымдастыру комитетіне өздерінің өмірдерегі 

және түрлі-түсті фотосуреттерімен қоса тапсы-

руы тиіс.

Мұғалім-ақындардың өлеңдерін өңірімізге таны-

мал қаламгерлерден құрылған әділқазылар алқасы 

сараптап қарап, бағалайды. Барлық қатысушылар 

өз туындыларын сахнада оқып сайысқа түседі. 

Бұл ретте әр қатысушының сахналық әдебі, дау-

ыс мәнері, әртістік қабілеті өлеңнің формасы мен 

мазмұны, өлеңнің поэтикалық күші, техникасы, 

көркемдігі, т.б. шеберлігі есепке алынады. 

Мүшәйраға  қатысты  сұрақтар  болса, 

87112237527 және 87112241370 телефондарына хабарласуға 

болады.

«Жыр-айдындағы ақ желкен» жыр мүшәйрасына 

қатысуға асығайық, құрметті әріптестер!

Ұйымдастыру комитеті

Студенттер қатысқан жыр байқауы

№16 (297)

24 қыркүйек,

 2014 жыл

 

Қазақ тілі

Өткенге келмейді жүгінгім.

Мұңына малынған бүгін мың,

Тарыдай талқандап тастаған

Тілімнің.

Бұрында болмаған күнім күн.

Түндігі түріліп түнімнің,

Сұңқылы сыбырлай естілді

Тірі үннің.

Арымнан алыстап азап кіл,

Сіңіріп нұрды қыз, ғажапты ұл.

...Аңқыған ананың сүтінен

Қазақ тіл.

Дыбысы 

– 

Құдірет. Өрі 



 кең,

Босаған...Орын ап төрінен,

Тірідей көмгенде, өзі аршып

Көрінен...

Андыздап тұрғанда далада үн,

Сүрткен- ді...сапырып бар әлін,

Дымқылдау топырақ қымтаған

Жанарын.

Кеңдікте тұншығып көрмеп ем...

...Мәңгілік жасайды жер де дөң,

Сұрланып сұм ажал келгенде

Өлмеген!

                                                          

Мәрлен ҒИЛЫМХАНОВ,

Жаңақала ЖББОМ,

11-сынып оқушысы,

Жаңақала ауданы

Қалалық  кітапханалар  жүйесіне 

қарасты  №12  кітапханада  Орал  

ақпараттық  технологиялар  колледжімен 

бірлескен «Ақжайықтың  ақ   шағаласы» 

жыр  байқауы  өткізілді.  Шара  ақын 

Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа то-

луына орай ақын шығармаларына ар-

налды. «Оралдың ерке самалы» әнімен 

ашылған  жыр-кешінде,  жырсүйер 

оқырман ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең 

ақын  шығармашылығынан  берілген 

өлеңдердің  ішінен  біреуін  жере-

бе бойынша жатқа айту. 2-кезең ақын 

шығармашылығына қатысты сұрақ-

тапсырмаларды  орындау. Студенттер  

екі  кезеңге де белсене  қатысты. 

Кітапханаға келген оқырманға  ақын  

өмірі мен шығармаларына арналған 

слайдтар көрсетілді. Аманбаев Нұрлыбек 

және Ихсангалиев   Жандарбек ақынға 

арнаған өлеңдерін оқыды.  «Ақжайықтың 

ақ шағаласы» атты кітап көрмесіне 

библиографиялық шолуды  кітапханашы  

Б.Абишева жасады. 

Байқаудың тартымды өтуіне қазақ 

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 

Аймангүл Мырзағалиева, Нұрберген 

Бексалиев белсене араласып, шараға  

үлкен  көмегі болды.

Студенттердің  ақын  өлеңдеріне, 

жалпы  қазақ  поэзиясына  деген 

қызығушылықтарын көріп, қуандық.

Үміткерлерді бағалайтын әділқазылар 

құрамына №12 қалалық  кітапхананың 

меңгерушісі Гүлбағым Айдынқызы 

басшылық етті.

Шара соңында әділ қазыларға сөз 

кезегін беріп, жеңімпаздар анықталып, 

марапатталды. 

Ботагөз АБИШЕВА,

Орал қаласы

«Жыр-айдындағы ақ желкен» атты мүшәйраның шарттары

* *   М ү ш ә й р а ғ а   ш а қ ы р а м ы з !   * *


 

2

Жайық ұстазы

24 қыркүйек, 2014 ж.

«Мен нені білсем – сізді 

соған үйретем» деген ұранмен 

білімділік шеберлік-класын 

өз ісінің шебері, арнайы ма-

мандар және өз әдістемесінің 

нәтижесін шығармашылық 

жолмен  тыңдаушыларына 

бөлісері  бар  тұлғалар 

ғана жүзеге асырады. Шын 

мағынасында 

шеберлік-

сыныбы  нақты іс-әрекеттегі 

әдіс-тәсілдермен бөлісу. Бұл 

қарым-қатынас беделді ше-

бер мен оқушысы арасындағы  

тәжірибесімен, шеберлігімен, 

өнерімен бөлісудің тікелей 

және жұмысты көрсете оты-

рып түсіндірме беру арқылы 

жүзеге асады.

Мұғалімге үздіксіз ізденіс-

пен оқу қажет. Оқу бір-бірін 

оқыту мен үйрету арқылы 

жүреді. Өзара кәсіби тәжірибе 

алмасу, оқытушылық және 

тәрбиелік 

қызметтерде 

өзара өсу, даму бағытында 

бүгінгі  күні  тиімді  үдеріс 

бұл  –  шеберлік-сыныбы. 

Бұл  жерде  «өзара»  деген 

ұғым аса маңызды. Бүгінде 

кәсіби жетістіктерді ауызша айту мен механикалық 

түрде қайталаудың тәжірибеде қажетті тиімділікті 

бермейтіндігін, болашағы жоқтығын айтуға бола-

ды.

Шеберлік-сыныбы  –  оқу  сабағының 

маңызды түрі, «тәжірибедегі» нақты әрекетті 

көрсетуге негізделген, анықталған танымдық және 

педагогикалық проблемалық тапсырмалардың 

шығармашылық 

шешімінің  көрсетілімі. 



Шеберлік-сыныбы – бірнеше мінездемелер 

басшылыққа алынған  сабақтың түрі: жаңаша ой-

лайтын мұғалім тұлғасы мен білімді хабарлау 

емес, өзгелердің ойымен санаса отырып, барлығы 

бірлесе білім алудың негізінде өз бетімен білім 

алудың құрылымынан тұрады. 



Шеберлік-сыныбы  технологиясының 

алгоритмі:

• технологияның негізгі идеясына шағын 

мінездеме;

• жұмыстағы жетістіктер айтылады;

• технологияның тиімділігін куәландыратын, 

оқушылардың  жұмыстарының  нәтижелері 

дәлелденеді.

• шебер-мұғалімнің жұмысының келешегі мен 

қиындықтары анықталады.

Оқу сабақтарының жүйесі:

•  оқу  сабағының  жүйесі  таныстырылған 

технологияның түрінде беріледі;

•  шебердің  тыңдаушыларға  көрсететін 

жұмысының негізгілері анықталады;

• имитациялық  ойын түрінде де жүргізіледі;

• оқушылармен ұйымдастырылған тиімді 

жұмысты көрсете отырып, тыңдаушыларға шебер-

мұғалім сабақ жүргізеді;

• тыңдаушылар бір уақытта екі рөлде болады: 

ашық сабаққа қатысу барысындағы тәжірибеден 

өтетін сыныптың оқушылары және эксперттер.



Жобалау:

• шебер-мұғалім технологиясы түрінде оқу 

сабағының жобалары;

• негізгі шебер консультанттың рөлінде 

болып тыңдаушылармен өз бетімен жұмысты 

ұйымдастырады және басқарады, мұғалімдер-

оқушылар өз бетімен құрылымдау бойынша  жұмыс 

орындайды;

• шебер тыңдаушылармен авторлық оқу сабағы 

жобасы туралы әнгіме жүргізеді.



Рефлексия: шебер мен тыңдаушылар бірлескен 

қызметтің нәтижесі туралы  талқылау жүргізеді.



Әлемнің  әр  түрлі  тілінде  шеберлік- 

сыныбының аталуы:

Әр тілде бұл сөз тіркесінің  маңыздылығын са-

лыстыру қызықты

• ағылшынша: masterclass;

• немісше: Meister, Werkmeister, Kenner;

• французша: contremaître, maître;

• итальянша artigiano, maestro, artista;

• испанша: contramaestre, maestro;

• орысша: мастер-класс, авторская мастерская.

Яғни, француз және испан тілдерінде шеберлік-

сыныбы «шебермен бетпе-бет», «шебермен қарама-

қарсы» деген мағынамен байланыстырылады. Со-

нымен қатар, шеберлік-сыныбын «шеберлік сабақ», 

«шебер сабағы» деп те аударады.



Білім беру жүйесінде

Шеберлік-сыныбы білім беру үдерісінде оқыту 

әдісінің түпнұсқасы тұрғысынан  қарастырылады. 

Білім  беруде  шеберлік-сыныбының  міндеті: 

таңдалынған мамандыққа кәсіби қарым-қатынас 

негізін үйрету; қандай ғылым түрі болса да кәсіби 

тілде үйрету (мысалы: театр, кино, өнер және т.б.).

Шеберлік-сыныбын  өткізудің  әдістемесі 

мұғалімнің педагогикалық интуициясына және 

оқушының қабылдауына негізделеді. Шеберлік-

сыныбы екі жақты үдеріс және «мұғалім-оқушы» 

арасындағы  қарым-қатынас  бұның  дәлелі. 

Сондықтан өнер мен әдебиеттегі анықталған 

бағыттардың белгілері мен қолдануларын шеберлік-

сыныбын түсіндіру мәнісінің мектебі деп бекер-

ге айтпаған. Бірақ тәжірибеде жиі қолданылуынан  

да басқа, шеберлік-сыныбы тағы бір маңызды 

мақсатқа – оқушыны көркемдік пен зияткерлікке 

тәрбиелейді. Бұл ұғымға бәрінен де шеберлік сы-

ныбы барысында оқушының өз бетімен және стан-

дарттан тыс ойлауы сияды.

«Ойлаудың қарапайым, дамуға негізсіз жолы» 

– шеберлік-сыныбының барлық педагогикалық 

жүйесін негіздейтін, құндылықты нақтылау 

жүйесіндегі басты кедергі.

Педагогикалық  әдебиеттерде  шеберлік 

сыныбының бірнеше ондаған анықтамалық 

түсіндірмелері  бар,  бұл  ұсынбада  біз 

шеберлік-сыныбын 

педагогикалық 

жүйедегі жаңалық деп, сындарлылық пен 

еркіндікті және педагогикалық дамудың жаңа 

мүмкіндіктерін көрсететіндігін білеміз. 

Шеберлік-сыныбы  –  түпнұсқалық 

әдістеменің негізін қалаушы немесе авторлық 

әдістемеге өзіндік принцптері мен анықталған 

құрылымдарына  сүйеніп    жүргізетін 

педагогикалық тәжірибені тарату мен на-

сихаттауда негізгі жанр. Қатысушылар мен 

шебердің педагогикалық проблемалардың 

шығармашылық  шешімдерін  іздестіруі 

және ұсынылған әдістемелік өнімді бірлесе 

талдауы жағынан басқа тәжірибені тарату 

түрлеріне қарағанда ерекшеленеді. Шеберлік-

сыныбы – авторлық педагогикалық жүйедегі 

концептуальдық идеяны жеткізудің тиімді 

құралының бірі. Мұғалім кәсіби маман 

ретінде бірнеше жылдық тәжірибесін та-

ратуда жеке «ноу-хауы», тәрбиелік іс-

шаралардың, сабақтар мен жобалардың жо-

спарлары мен қолданылған материалдары, 

дидактикалық әдістемелері арқылы тәжірибе 

бөліседі. 

Сонымен, жоғарыда аталғандарды басшылыққа 

ала отырып, шеберлік-сыныбының маңызды 

ерекшеліктерін анықтайтын болсақ:

1. Ескірген бағытты өзгертетін, оқытудың жаңа 

философиялық тәсілі;

2. Пікір алмасуға мүмкіндік беретін, шағын 

топтардағы өз бетімен жұмыстың әдістері

3. Барлық белсенді әрекеттерге жағдай жасау;

4. Проблемалық тапсырмалардың қойылымы 

және әр түрлі жағдаяттар арқылы шешу жолдары;

5. Шеберлік-сыныбына қатысушылар мен 

шебердің шығармашылдық әлеуетін арттыратын 

тәсілдер;

6. Ұйымдастырылатын жұмыстың түрлері 

мен әдістері қатысушылардың орындауына 

міндеттелмейді, ұсынылады.

7. Ұсынылатын әдістемелік материалды әр 

қатысушының қабылдауына жағдай жасау;

8. Білімге қарағанда, түсіну үдерісі маңызды, 

бағалы;

9. Бірлескен әрекеттің түрі – ынтымақтастық, 



шығармашылық, ісденіс.

Шеберлік-сыныбына дайындалу барысын-

да шеберлік-сыныбы технологиясында басты-

сы ақпаратты айту мен түсіндіру емес, әдістеме 

немесе технология, не әдіс болсын, қызметтің 

түрлерін көрсету, жеткізе білу. Шебердің ең 

маңызды міндеттерінің бірі- жұмыстың өнімді 

түрлерін жеткізу. Шеберлік-сыныбының жағымды 

нәтижесі - өзіндік даму, өзіндік өсу, өзіндік 

оқуға деген ынтаның артуы, қатысушылардың 

жаңаша шығармашылықпен педагогикалық про-

блемаларды шешуінен көрінеді. Бұл жеткілікті 

технологиялық қиын үдеріс, сондықтан, оның 

ұйымдастырылуы мен өткізілуінің  талаптарына 

тоқталайық.

Шеберлік-сыныбын ұйымдастыру және 

өткізудің  талаптары

Шеберлік-сыныбы белгілі бір әдістемелік 

тәсіл, сабақ  әдістемесі,  оқыту  мен  тәрбие  

берудің  технологиясын  көрсететін  локалды 

технологиялық көрсетілім. Шеберлік-сыныбында  

оқушыларға арналған тапсырмалар қойылған 

педагогикалық  мәселенің  шешімін  іштей табуға 

бағытталып, оқушылардың  зерттеу, мақсатқа  жету  

жолдарын таңдауына, сол сияқты жұмыс  қарқынын 

анықтауға  мүмкіндік  туғызуды  қажет  етеді.

Шеберлік-сыныбы әрбір оқушының аталған 

мәселеге  байланысты  білімін  сәйкестендіруден  

басталады, ал ол өз  кезегінде оқушының түсінігін 

басқалардың білімімен толықтыруына мүмкіндік  

береді.

Алгоритм  –  бұл  бірнеше  қадам,  қызмет  



бөліктерінен  тұратын  және осы кезеңдерді жалпы 

педагогикалық мазмұнмен тығыз  байланыстыра-

тын  технологиялық  процестің  реттілігі.

Шеберлік-сыныбын 

ұйымдастырудың 

алгоритмі төмендегідей  болуы қажет: мәселені 

анықтау, ортаға салу, мәселені  шешу  үшін  топта-

су, материалмен жұмыс, жұмыс қорытындысымен 

таныстыру, жұмыс  нәтижесін  талқылау және  

түзету.


Панель – аталған мәселе бойынша білімдерді 

өзектендіру кезеңі. Бұл кезеңде қатысушылар 

мәселеге байланысты өз пікірлерін айта  алады. 

Пікіралмасулар барысында шеберлік-сыныбына  

қатысушылар пікірі бір-бірімен сәйкес келуі 

мүмкін, сондай-ақ бір-біріне қарама-қайшы да бо-

луы ықтимал. Мұның өзі шеберлік-сыныбының  

мәселесін  нақтылауға немесе түзетуге мүмкіндік  

береді. Шешімге келудің  жолдары – бұл ұсынылған  

материалдармен жұмыстану болып табылады: 

мәтін, әдебиет, бояу, дыбыс, табиғи материал, мо-

делдер, сызбалармен, т.б  жұмыс. Бұл кезеңді 

«деконструкция» деп атауға болады, себебі онда 

әртүрлі ақпараттар, құбылыстар мен сөздердің бір-

бірімен «сапырылысы» жүріп жатады. Одан кейін 

«реконструкция», яғни өз мәтінін, суретін, моделін,  

сызбасын, заңы немесе әлемін, қалыптастыру 

жүреді.


Сонымен, панель – бұл жұмыс нәтижесін 

көруге бағытталатын педагогикалық мәселені ше-

шу үшін олардың қызметінің өзектілігін артты-

ратын шебердің әрекеті. Кейінгі қадам талқылау, 

басқалардың пікірлерінен қорытынды шығара от-

ырып, өз шешіміне түзету енгізу болады.

Шеберлік-сыныбы – шебердің қатысуымен   

және шағын топтан (7-15 қатысушы) тұратын пе-

дагог қызметін ұйымдастырудың бірегей түрі. 

Оның негізгі элементтері – индукция, өзін қайта 

құру, әлеуметтендіру, жарнамалау, білімін қайта 

қарау, рефлексия.

Индукция. Шеберлік-cыныбының басталуы,  

проблемалық жағдаяттың қалыптасуы, бұл белгілі 

бір сөз, зат, сурет, естелік төңірегіндегі тапсыр-

ма болуы мүмкін, ал бұл жағдай қатысушыларға 

құпия немесе күтпеген тосын жағдайда болуы 

ықтимал.


Проблемалық жағдаят қатысушының тап-

сырманы орындау барысында білімін толықтыру 

немесе жаңалықтарды білу сияқты психикалық 

жағдайымен  сипатталады.  Мәселе  неме-

се  толғандыратын сұрақ, онымен жұмыстану 

қажеттілігін айқындайтын, оны шешу жолдарын 

анықтап, өз білімін жаңа білімдермен толықтырып, 

зерттеуге арналған жаңа мәселелерді туындатады.

Мәселені қозғағанда, ол әрбір қатысушының 

эмоциясы, сезімі, ойымен сәйкес болуы қажеттілігі 

ескерілуі қажет.

  Қойылған мәселе қатысушының өзін-өзі да-

мытуына бағытталғаны жөн. Егер педагогтің да-

уына қажеттілік жоқ  болса, онда бірнеше түрткі 

боларлықтай әдістер қолданған дұрыс. Бұдан басқа 

да өзін көрсету, басқалармен қарым-қатынаста 

өзін қалыптастыру, еркіндік секілді қажеттіліктер 

туындаған жағдайда Шебер осы қажеттіліктерді 

ескеруі қажет, бірақ ол қатысушылардың өз-

өзін дамытуына басты көңіл бөлуі қажет. Егер 

ешқандай қызығушылық байқалмаса, шебер 

мақсат анықтау үшін түрткі болатын қызметтер 

арқылы бағыттауы қажет болады.

Өзін-өзі қайта құру – бұл өзіндік гипотеза, 

шешім, мәтін, сурет, жоба құру.

Әлеуметтік  қайта  құру    дегеніміз  –  бұл 

шеберлік-  сыныбының  басты  элементі  бо-

лып  табылатын  топтық  жұмыс.  Шебер 

қатысушылардың әдістемелік шеберліктерін, 

сондай-ақ  психологиялық  ерекшеліктеріне орай 

топ құрамын өзгертуіне болады. Шебер тапсыр-

маларды бірнеше бөліктерге бөліп, топтар олар-

ды шешу жолдарын ойластырады. Бұл жағдайда 

оларға әдісті, жұмыс қарқынын, шешу жолдарын 

таңдауларына мүмкіндік беріледі, сондай-ақ әрбір 

қатысушы тәуелсіз болады. Нәтижені ойластыру, 

құру әлеуметтік қайта құру болып табылады.

Топ тапсырманы орындау жөнінде есеп 

бергенде әрбір қатысушының  қамтылуы тиіс, 

өйткені  онда әрбірінің қабілеттері ашылып қана 

қоймайды, сол сияқты олардың  өзіндік сенімін 

қалыптастырып, әрбір педагогтің қабілеттерін 

жұмыс барысына енгізуге мүмкіндік  береді.

Жарнамалау  –  бұл  Шебердің  жұмыстар 

нәтижесімен таныстыруы.

Қақ жарылу (разрыв)  «инсайт», «түсінік» де-

ген мағынаны білдіреді. Түсінік ол әртүрлі бо-

луы мүмкін, мәселен, өзін-өзі түсінуі, басқаларды 

түсіну, әдісті, тәсілді, технологияны түсіну. 

Қақ жарылу немесе айыру – бұл қатысушының 

өз пікіріндегі қарама-қайшылықты анықтауы, 

түсініспеушілігі, ескі білімнің жаңамен сәйкес 

болмауын анықтауы немесе жаңа ақпаратпен 

салыстыруда  жаңа  мәселелер  туындататын 

ішкі эмоционалдық  текетірестік. Бұл дегеніміз 

–басқа педагогикалық тәжірибемен таныса оты-

рып, айырмашылықты  өзінің,  кейде Шебердің 

көмегімен анықтауы. Бұл үдеріс ғалымдардың 

лабораториясында жиі кездесіп отырады, себебі 

көп уақыттағы ізденіс аталған мәселе бойынша 

ақпараттардың жиналып қана қоймай, ескіріп, 

жаңасының пайда болуына әкеледі.

Рефлексия – шеберлік-сыныбы барысындағы 

қатысушылардың сезімі, көңіл-күйін білдіретін 

соңғы кезең. Сондай-ақ бұл кезең Шебердің 

өзін-өзі жетілдіріп, шеберлік-сыныбын сынып-

ты өткізудегі тәжірибесін молайтуға мүмкіндік 

беретін мол материал.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет