Шымкент 28-29 апреля 2015г. 2 Kaztea 2015



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата22.02.2017
өлшемі4,54 Mb.
#4698
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
165 
KazTEA 
2015 
appropriate vocabulary, organises classroom activities, directs, monitors and corrects 
if necessary. If students get satisfaction from their work and are proud of it and look 
forward to more and more tasks (Theory Y), teachers will most likely opt for a more 
involving  –  learner-centred  approach  that  allows  them  to  respect  learner´s 
individuality. Here, the focus of activity is shifted from the teacher to his/her learners. 
Learning  is  performed  through  students´  activity  (learning  by  doing),  problem 
solving,  formulating  questions  and  searching  for  answers;  social  skills  such  as  the 
ability  to  communicate,  give  arguments  and  admit  one´s  mistake  are  developed. 
Teachers in such classes usually introduce several strategies how to learn, understand 
and  remember  and  create  a  friendly  environment  in  which  everyone  feels 
comfortable.  
Ways of motivating, objectives setting and rewarding also differ within the two 
theories. As Pokrivčáková (2012) mentions, motivation depends on learner´s personal 
goals and expectations. Whereas X-type learners – who are assumed not have many 
“serious”  goals  -  are  often  asked  to  complete  monotonous,  repetitive  tasks  and 
mechanical exercises; Y-type learners - whose needs are believed to correspond with 
the  curriculum  -  are  encouraged  to  make  their  own  suggestion  and  to  take 
responsibility for their decisions. Marks, points, pluses or minuses, tests, homework, 
rating, assessment, ... these all are mechanisms of control and rewarding of Theory X 
students.  On  the  other  hand,  promotion,  praise  and  recognition,  evaluation, 
commenting  on  good  and  bad,  comparing  and  analysing  strengths  and  weaknesses 
and many more – could be taken as source of appraisal of Theory Y learners. 
 However,  as  D.  McGregor  notices,  there  are  not  many  X-type  workers  and 
therefore  we  (teachers)  may  believe  that  neither  many  learners  who  would  behave 
like  them.  A  positive  aspect  then  is  that  Theory  Y  approach  –  i.e.  learner-centred 
approach is to be implemented and used in the teaching-learning process in most of 
schools  and  educational  institutions  and  organisations.  Let  us  trust  that  our  learners 
do not need (much) direction – but show them we are there for them if they do. Let 
their  creativity  work  and  help  them  overcome  problems  and  find  solutions.  Let  us 
point out that learning is natural part of our lives, a life-long process which does not 
start  and  end  in  the  classroom.  Let  our  students  themselves  check  if  they  have 
fulfilled  the  goals  that  have  been  set.  And  finally,  let  us  be  the  best  models  and 
examples for our learners. Let us enjoy teaching, be proud of it and feel satisfaction – 
simply said: let us be more Theory Y teachers.  
 
References: 
1
 
McGREGOR, D. 2006: The Human Side of Enterprise, Annotated Edition. McGraw-Hill, 2006, 
256 pages, ISBN 978-0-07-178487-0 
2.
 
POKRIVČÁKOVÁ, S. 2012: Modern Teacher of English. Nitra : ASPA, 2012. 156 pages, 
ISBN 978-80-89477-08-1 
3.
 
RIES, L. – KOLLÁROVÁ, E. 2004: Svet cudzích jazykov dnes. Bratislava: Didaktis, 2004, 188 
pages, ISBN
 
8089160115 
 
 

 
 
166 
KazTEA 
2015 
UDC 372.881.111.1 
 
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ 
ТАНЫМЫН АРТТЫРУ 
 
Ж.А.Тұрғанбаева  
№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Қызылорда, Қазақстан 
 
Резюме  
В статье обоснована актуальность развития критического мышления в средней школе 
и  показаны  причины  затруднений  внедрения  технологии  в  массовую  практику.  Основная 
цель  статьи  в  том,  чтобы  показать  возможность  использования  простейших  стратегий 
критического  мышления  как  основы  развития  критического  мышления,  позволяющей 
устранить существующие затруднения.  
 
Abstract 
The  article  proves  the  importance  of  developing  critical  thinking  in  high  school  and  the 
causes of the difficulties of introducing the technology in  mass practice.  The main purpose of the 
article  is  to  show  the  use  of  the  simplest  strategies  of  critical  thinking  as  the  basis  for  the 
development of critical thinking, allowing you to resolve the existing difficulties. 
 
Күнтізбелік  жоспар  бойынша  сабағымды  8  «Ә»  сыныбымен  өттім. 
Сабақтың тақырыбы: «Жастар және музыканың түрлері», сабақта қолданылған 
әдіс-тәсілдер: болжау, ой қозғау, жұптасып ойлану, өзара пікір алмасу, жетекші 
сұрақтар,  алмасу,  сұрақ  және  қайта  сұрау,  ББҮ,  кластер,  Венн  диаграммасы, 
идеяны  суреттеу  болды.  Сабақ  жоспарының  құрылымы  4  кезеңнен  тұрды: 
кіріспе,  тұсаукесер,  негізгі  бөлім  және  қорытынды.  Сабақтың  мақсаты  «Блум 
таксономиясының» бастапқы 3 сатысы бойынша қойылды, яғни оқушылардың 
барлығы музыканың түрлері жайлы жалпы мәліметті білу керек, оқушылардың 
барлығы  музыка  түрлерінің  болу  себебін,  оған  әсер  етуші  ішкі  және  сыртқы 
факторларды  түсіну  керек,  оқушылардың  көпшілігі  жаңа  сөздерді  және 
мәліметтерді  өз  тәжірибесінде  нақты  дәлелдемелерге  сүйену  арқылы  біреуге 
кеңес,  мәлімет  бере  алу  керек  деген  мақсат  қойдым.  Әрі  қарай  сабақтың 
тақырыбын  ашу  үшін  мен  оқушылардың  назарын  интерактивті  тақтаға 
аудартып,  жаңа  сөздерді  презентация  арқылы  сабаққа  енгіздім.  Оқушылар 
алдымен  жеке  жұмыс  жасады,  яғни  жаңа  сөздердің  мағынасын  және 
аудармасын  дәптерлеріне  жазды.  Арықарай  оқушылар  өздеріне  жұп  таңдады, 
мен  музыка  түрлері  жайлы  бейнематериал  көрсететіндігімді  ескерттім,  бірақ 
оны көрмес бұрын оқушылар музыка түрлері жайлы не білетіндерін немесе не 
білгісі келетіндіктері туралы тізім жасады, барлық жұптар өздерінің тізімдерін 
жасап болған соң оны ББҮ әдісінің 1-інші бағанына толтырды, кейін оны топта 
талқылады, топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған сұрақтарды арықарай 
ББҮ-нің 2-інші бағанына түсірді. Оқушылар біртіндеп жұмысқа кірісе бастады. 
Осы жерде ББҮ әдісінің толтыртқызу барысында өзімнің аздап қателік жіберіп 
оқушылардың  жұмысын  қиындатып  жібергенімді  ұқтым,  ББҮ-нің  1-інші 
бағанын  мен  әрбір  оқушыға  жеке  сосын  барып  жұппен  талқылап  2-інші 
бағанды  толтыр  дегенім  дұрыс  болар  еді  деген  ойға  келдім,  себебі  жұмыс 

 
 
167 
KazTEA 
2015 
барысын  толық  түсінбеген  оқушының  сұрағына  қайта  жауап  беремін  деп 
жүргенімде  мен  10  минутымды  жоғалттым.  Өзіме  іштей  келесі  жолы  мұны 
ескерермін деп тұрдым. Оқушылар тапсырылған жұмысты орындап болғаннан 
кейін ой қозғау үшін оқушыларға музыка түрлері жайлы видеоролик көрсетілді
бейнетаспаны көріп болғанан кейін оқушыларға мен «Музыка түрлерінің шығу 
себептері не?» деген сұрақты қойдым, бірақ бұған ешкім жауап бермеді. Содан 
бұлардың  әлі  ойлануы  керек  деген  мақсатпен  Инсерт  кестесінің  мағынасын 
түсіндіріп, оны толтыруын сұрадым. Сол кезде барып бірнеше оқушы, инсертті 
толтырып  болған  соң,  пайда  болған  сұрақтар  мен  өздерінің  жаңа  ғана  естіген 
мәліметтерін  топтық  талқыға  салды  және  оны  Венн  диаграммасына  сызу 
арқылы  баяндамашылар  тақтаға  шығып  түсіндірді  Жалпы  алғанда  топтық 
жұмыс  онша  көрінбеді.  Сыныпта  17  оқушы  бар,  осы  алғашқы  сабағымда  мен 
оларды ішінара 3 топқа бөлгенмін және де келесі жолы 4 топқа бөлгенім дұрыс 
деп шештім. Себебі, таймер болған оқушы еш жұмысқа араласпай тек уақытқа 
қараумен отырды. Топ атынан баяндамашылыққа  бір-бірін  әбден  қинап  мінезі 
жұмсақтау  деген  оқушыларды  итергендей  болып  шығарды.  Топтар  бір-бірінің 
жұмысын  «Екі  жетістік,  бір  ұсыныс»  арқылы  бағалау  керек  дегеніммен 
жетістіктен гөрі бір-бірінің кемшілігін көбірек көрді Ал мен тіпті өзім де «Екі 
жетістік, бір ұсыныс» айтуым керек екенін мүлдем есімнен шығарып алыппын. 
Үй  жұмысына  «музыка  түрлері  мен  оның  жастарға  әсері»  тақырыбына  жаңа 
сөздерді  кірістіре  отырып  эссе  жазуды  бердім.  Бұл  сабақты  өту  барысында 
менің  бұл  тараудағы  алғашқы  сабағым  болғандықтан  кемшіліктер  өте  көп 
болды.  Топтық  жұмыс  онша  көрінбеді.  Топ  ішіндегі  талқылаулар  бұл 
тақырыпқа  байланысьты  сөздік  қорды  аз  білгендіктен  көбіне  қазақ  тілінде 
жүрді.  Жалпы  сабақта  жіберген  ең  үлкен  қателігім  -  сабақта  диалогты  мен 
ұйымдастыра  алмағам,  ашық  сұрақ  қойғам  бірақ  оған  оқушылар  жауап 
бермеген соң мен сұрақ коюды әріқарай жалғастырмағам, осының нәтижесінде 
сабақта  диалог  өз  дәрежесінде  көрініс  таба  қойған  жоқ.  Менің  қойған 
сұрағымды оқушылар түсінбеуі де мүмкін еді, мен сұрақ мазмұнын сақтап бірақ 
сөздерін ауыстырып жеңілдетіп қайта қойғаным дұрыс еді.  
8  «Ә»  сыныбына  өткен  келесі  сабағым  алдыңғы  сабақта  өтілген 
тақырыбының  жалғасы,  бірақ  бұл  сабаққа  мен  оқушының  ұсынысы  бойынша 
аздап  өзгешелік  енгіздім.  Бірінші  сабағымның  соңында  Бұхарбай  Нұрғаным 
есімді оқушы қыз өтіліп жатырған тақырыптың қызықсыз екенін және қосымша 
ретінде  өмірде  арнайы  музыка  мамандығы  болмаса  да,  қолынан  келетін  ісін 
жасаумен-ақ  өмірде  өз  орнын  таба  білген  Майкл  Джексонның  өмірі  мен 
шығармашылығы  жайында  өткенімізді  қалаған.  Сонымен  екінші  сабағымның 
мақсатын  оқушының  барлығы  патсипл  және  инфинитив  дегеннін  не  екенін 
білу,  әншіліктің  де  мамандық  екенін  білу  керек  деген,  оқушының  барлығы 
Майкл  Джексонның  жетістікке  жетер  жолдағы  көрген  қиыншылықтарын 
түсіну,  грамматикалық  құрылымның  не  үшін  керектігін  түсіну  керек  деген, 
оқушының көпшілігі әрбір грамматикалық құрылымды тәжірибеде қолдана алу, 
тақырып  бойынша  жаңа  сөздерді  қолдана  алу  керек  деген,  оқушының 
кейбіреулері  өтілген  әрбір  грамматикалық  құрылымды  жасалу  формасына 

 
 
168 
KazTEA 
2015 
қарай бөле алу, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талдай алу керек деген, 
оқушының  көпшілігі  өтілген  грамматикалық  құрылымдар  мен  жаңа  сөздерді 
қолдана  отырып  Майкл  Джексон  туралы  диалог  немесе  шағын  топик  жазу 
керек  деген  мақсаттарды  қойдым.  Сыныпқа  кіргенімде  оқушылар  алдыңғы 
сабақ  бойынша  бөлініп  отыр  екен,  олардың  қолдарына  фигураларды  таратып 
беру арқылы 4 топқа бөлінуін сұрадым және топтық жұмыстағы оқушылардың 
рөлі  топ  жетекшісі,  баяндамашы,  ішкі  бақылаушы  және  сыртқы  бақылаушы 
болып  бөлінетіндігін  айттым.  Ал  таймердің  рөлін  мен  өзім  АКТ  арқылы 
орындайтын  болдым.  Әрі  қарай  сабақты  СТО  қызығушылықты  оятумен 
бастадым.  Бүгінгі  сабақтың  тақырыбын  ашу  үшін  мен  оқушылардың  назарын 
интерактивті тақтаға аудартып, бейнетаспаны көрсетіп ашық сұрақтар қойдым. 
Осы  жерде  жауап  беруге  тырысып  жатқан  оқушының  барлығы  да  өз 
жауаптарының  дұрыс  екенін  дәлелдеу  үшін  бір  негіздемеге  сүйене  отыра  өз 
пікірлерін  білдіріп  жатты.  Оқушыларды  диалогке  тартуға  мұғалімнің  және 
түрткі болушы сұрақтың маңызды рөл ойнайтындығы анық көрініп тұрды. Әрі 
қарай  оның  өмірі  мен  шығармашылығы  жайында  сұрақ  қойып  едім  ешкім 
жауап  бере  алмады.  Осы  уақытта  мен  әншінің  шығармашылығы  мен  өмірі 
бейнеленген  бейнетаспаны  көрсеттім.  Бейнетаспаны  көріп  болғаннан  кейін 
«Майкл  Джексон  қандай  әнші?»  деген  сұрақты  қойдым.  Оқушылардың  көбісі 
«ол атақты әнші» деген жауаппен ғана шектелді, оларды сынамалау үшін мен 
«Ол  неге  атақты?»  деген  сұрақты  қойдым.  Оқушылар  ойланып  қалды,  cонда 
жалпы сыныптың ол туралы не білетінін анықтау үшін жұп болып «3 қадамды 
сұхбат»  стратегиясын  жүзеге  асырайық  дедім.  Үздік  оқушылар  өздеріне  жұп 
таңдаған  кезде  тобындағы  келесі  бір  үздікті  немесе  білімі  орташа  деген 
оқушыларды  таңдағысы  келді,  бірақ  мен  оған  жол  бермедім.  Оқушыларды 
барынша  «мықты»  және  «орташа»  деп  жұптастыруға  тырыстым,  бірақ  бұл 
менің біршама уақытымды алды. Әрі қарай әр топ Майкл Джексонды сипаттау 
үшін  плакатқа  сурет  салды,  соңында  баяндамашы  сурет  мағынасын  жаңа 
сөздерді  қолданып  түсіндірді.  Түсіндіру  барысында  еш  сыни  ойлау 
көрінетіндей  жауап  болмады.  Содан  оқушыларға  «Неге  Майкл  Джексонның 
осы күнге дейін аты өлмей келеді?» деп сұрақты қайта қойдым, ұтымды жауап 
болмаған  осы  сұрақты  қамти  отыра  үй  жұмысына  Майкл  Джексон  туралы 
«Әнші  болуда  музыка  түрінің  әсері»  атты  эссе  не  диалог  жазуды  бердім. 
Осыдан кейін әр топтың ішкі бақылаушысы тобында орындалған жұмысқа есеп 
берді,  олардан  кейін  сөз  сыртқы  бақылаушыларға  берілді,  олар  өз  бағаларын 
қойды.  Топтар  бір-бірінің  жұмысын  екі  жетістік,  бір  ұсыныс  айту  арқылы 
бағалады.  Ең  соңында  мен  екі  жетістік,  бір  ұсыныс  айттым.  Топтық  жұмыс 
аяқталғаннан  кейін  «Топта  өзін-өзі  талдау»  кестесін  толтыруға  бердім.  Бұл 
кесте  өздерінің  топтық  жұмысқа  қалай  араласқандары  жайлы  ойлануларына 
түрткі болып өздеріне есеп пен баға берулеріне тиімді.  
Топтық  жұмыс  болып  жатырған  кезде  Нұрғаным  мен  Нұрай,  Айнұр, 
Сәкенге «Неге Майкл Джексон әндерін бүкіл әлем халқы тындайды және оның 
талантын  мойындайды?»,  «Майкл  Джексонды  қандай  адам  деп  ойлайсыз?» 
деген  сұрақтарды  қойдым,  оқушылардың  жауаптары  біршама  жақсы  болды. 

 
 
169 
KazTEA 
2015 
Сабақ 
соңында 
өтілген 
грамматикалық 
құрылымдарға 
байланысты 
«Семантикалық  карта»  және  «Бағытталған  оқуды  және  ойлануды  пайдалануға 
арналған  өзін-өзі  бағалау»  кестесін  толтыруға  бердім.  Жалпы  бұл  сабақта 
байқағаным,  алдыңғы  сабаққа  қарағанда  оқушылар  бұл  тақырыпқа 
қызығушылық таныта бастағаны. Алғашқы сабағымда болған қателіктерді мен 
де жөндеуге тырыстым. Мысалы, сабақта диалог орнату үшін ашық сұрақтарды 
көбірек  койдым,  сұраққа  жауап  болмаса  сол  сұрақтың  мағынасын  сақтап 
сөздерін  өзгертіп  қайта  қойдым.  Маңызды  деген  жерлеріне  арнайы  акцент 
қойып  қайта  қайталап  отырдым.  Бұл  сабағымда  диалог  алдыңғы  сабаққа 
қарағанда  біршама  ашылды  және  де  диалогтың  ашылуы  тікелей  маған  және 
сұрақтардың ашық жабығына байланысты екенін түсіндім. Жабық сұрақтарды 
кіріспе  мен  қорытынды  бөлімдерінде,  ал  ашық  сұрақтарды  тұсаукесер  мен 
негізгі бөлімдерде қойғандығым дұрыс екендігін түсіндім.  
8  «Ә»  сыныбында  өтілген  келесі  сабағымның  тақырыбы  «Step  nine  My 
plans  for  future».  Сабақтың  мақсаты  әдеттегідей  Блум  таксономиясы  арқылы 
құрылды,  яғни  оқушылардың  барлығы  «Болашаққа  жоспарым»  тақырыбы  не 
жөнінде  екенін  білу  керек,  оқушылардың  барлығы  «Болашаққа  жоспарым» 
тақырыбында  өздерінің  болашақ  мамандықтарының  қиыншылықтары  мен 
артықшылықтарын  түсіну  керек,  оқушылардың  көпшілігі  «Болашаққа 
жоспарым»  тақырыбында  еркін  сөйлей  алу,  тақырып  бойынша  жаңа  сөздерді 
қолдана  алу  керек,  оқушылардың  кейбіреулері  жұмыстарды  физикалық  еңбек 
және  ақыл-ой  еңбегі  деп  екі  топқа  бөле  алу,  оларға  талдау  жасай  алу  керек, 
оқушылардың  барлығы  «Болашаққа  жоспарым»  тақырыбына  эссе  жазу  керек, 
оқушылардың  кейбіреуі  өзі  таңдаған  мамандығының  қоғамға  тигізер  әсерін 
бағалай  алу  керек  деп  сабақ  мақсатын  қойдым.  Негізі  бұл  сабақта  мен  осы 
уақытқа  дейін  дұрыс  қамтылмай  келе  жатырған  Көшбасшылық,  Жас 
ерекшеліктері,  Дарынды  баламен  жұмыс  сында  модульдерді  қамтығым  келді. 
Осы  мақсатта  сабақты  сыныбымның  үздік  оқушысы,  болашақта  журналист 
мамандығын таңдап отырған оқушы Жалғас Сәкенге 1-інші тапсырма бойынша 
сабақты  жүргізуді  тапсырдым.  Сабағымды үй  жұмысын  тексеруден  бастадым. 
Осы  сабағымның  басында  мен  оқушыларымның  сыни  ойлай  алатындығын 
байқадым,  себебі  үйге  берілген  сұрақтардың  жауабы  әралуан  еді.  Мысалы, 
Айжан  есімді  оқушы  қыз  Майкл  Джексонның  бүкіл  әлемге  танымал  болуы 
оның  адами  қарапайымдылығына  байланысты  деді,  менің  сынамалау  үшін 
«Қалайша  сонда?»  деген  сұрағыма  Айжан:  «ол  атақтымын  деп  көкірексінбей 
қарапайым  адаммен  тең  дәрежеде  қарым-қатынас  жасады,  тірі  кезінде  оның 
артынан  қаншама  жаман  сөздер  айтылды,  бірақ  шындығында  жаман  сөз  көп 
жағдайда тек жақсы адамның артынан ереді» деген жауабынан Айжанның сыни 
ойлағанын  түсіндім.  Одан  кейін  бүгінгі  сабаққа  кірісіп  кеттік,  оқушылар  екі 
топқа  бөлініп  жұмыс  жасады.  Сабақ  барысында  ұсынылған  тапсырмалардың 
көпшілігі оқушылардың болашақ мамандығына және деңгейлеріне сай алынды. 
1  тапсырма,  тақтадан  көрсетілген  суреттерді  әр  топ  ішінен  бір-бір  оқушы 
сипаттады,  бұл  жердегі  негізгі  койылған  критерий  көрсетілген  әрбір  суретті 
әртүрлі  оқушылар  сипаттау  керек  болатын.  Суретті  сипаттау  барысында 

 
 
170 
KazTEA 
2015 
белгіленген критерийге сәйкес оқушылар тарау бойынша өтілген жаңа сөздерді 
барынша  қолдануға  тырысты.  Суретті  сипаттаған  оқушылар  бағасын 
белгіленген  өлшемге  сәйкес  Сәкен  берді.  Әріқарай  мен  Сәкеннен  «бір  сәтке 
болса  да  өзін  журналист  және  мұғалім  ретінде  сезіну  қалай  екен?»  деген 
сұрақты  қойдым.  Сәкен  «тамаша»  деп  жауап  берді.  2  тапсырма,  әр  топқа 
құрамындағы  оқушылардың  денгейіне  және  мамандығына  сай  тапсырмалар 
таратылды,  арнайы  уақыт  бөлінді.  Оқушылар  15  минут  жеке  тапсырмаларды 
орындады,  тапсырмаларды  орындап  болған  соң  қолдарына  тапсырмалардың 
дұрыс  жауаптарын  тараттым  да  дәптерлерін  жұптарымен  ауыстыруларын 
сұрадым.  Оқушылар  бір-бірінің  жұмыстарын  тексеріп  бағаларын  қойды.  3 
тапсырма,  менің  тарапымнан  қойылған  сұрақтарға  оқушылар  жауап  берді. 
Сұрақтардың барлығы ашық сұрақтар етіп алдым оқушылардың сыни ойлауын 
дамыту үшін. Одан кейін оқушылар бір-біріне «Блум гүлі» стратегиясы арқылы 
сұрақ  қойып  жауап  берді,  тез  жұмыс  істейтіндер  үшін:  Мағжанға,  Дарынға 
қосымша  карточкалар  бердім  және  де  Айнұрға  тақырыпқа  сай  өз  жұмысын 
дайындап шығуды тапсырдым. Ол өз мамандығы жайлы біршама мәлімет берді. 
Сыныптағы өз жұмысы жайлы ойланып өз ісіне есеп беру үшін «Топта өзін-өзі 
талдау»  кестесін  толтыруға  бердім.  Сабақтың  соңғы  тапсырмасы  «ыстық 
орындық» болды, ерікті оқушылар ыстық орындыққа келіп отырды, оқушылар 
оған мамандығына қатысты сұрақтар қойды.  
Осы үшінші сабағымды қорыта  келгенде сабақтар топтамасы ішінде бұл 
сабақ жаман шықпаған сияқты , алайда кем-кетік жерлері әлі де баршылық. Бұл 
сабағымда мен 7 модульдің барлығын да қамтып шықтым.  
8  «Ә»  сыныбында  өткізілген  төртінші  сабағымның  тақырыбы  «Young 
people’s pastimes and hobbies». Жоспар бойынша өтетін бұл менің соңғы зерттеу 
сабағым. Бұл сабақты жоспарлағанда және іске асыру барысында осы уақытқа 
дейін жіберген қателіктерімнің барлығын жөндеп не үйренгендігімді көрсеткім 
келді.  Сабақта  қолданылған  әдіс-тәсілдер:  болжау,  ой  қозау,  миға  шабуыл, 
жұптасып  ойлану,  өзара  пікір  алмасу,  жетекші  сұрақтар,  алмасу,  сұрақ  және 
қайта сұрау, кластер, ББҮ, идеяны суреттеу, суммативті бағалау болды. Сабақ 
жоспарының  құрылымы  4  кезеңнен  тұрды:  кіріспе,  тұсаукесер,  негізгі  бөлім 
және  қорытынды.  Сабақтың  мақсаты  «Блум  таксономиясының»  бастапқы  4 
сатысы  бойынша  қойылды.  Сыныптың  түгелдігін  тексеріп  болғаннан  кейін, 
оқушыларға  сабақтың  тақырыбын  және  сабақ  мақсатын  жазғыздым.  Сабақ 
мақсатын  жазғызудағы  себебім,  сабақ  мақсаты  тақтада  көрініп  тұрса  оқушы 
соған  қарай  бейімделіп  жұмыс  атқарады.  Осы  жұмыстарды  жасау  кезінде 
өзімнің  жоспарлағаным  бойынша  5  минут  уақытым  кетті.  Бүгінгі  сабақтың 
тақырыбын  ашу  үшін  мен  оқушылардың  назарын  интерактивті  тақтаға 
аудартып,  «хобби»,  «бос  уақыт»,  «жұмыс  түрлері»  сынды  жаңа  сөздерді 
презентация арқылы сабаққа енгіздім. Оқушылар алдымен жеке жұмыс жасады, 
яғни  жаңа  сөздердің  мағынасын  және  аудармасын  дәптерлеріне  жазды.  Одан 
кейін  олар жалпы  «хобби» дегеннің не  екенін  көрсету  үшін  «ББҮ»  әдісінің  1-
інші бағанын толтырып шықты, одан кейін мен оқушылардан «Хоббилерің бар 
ма?»  деген  сұрақты  қойдым.  Сұрақтарымды  әрі  қарай  адамның  өмір  сүру 

 
 
171 
KazTEA 
2015 
жасына хоббидің әсер етуін дәлелдеу арқылы жүргізгім келді, сондықтан менің 
тарапымнан қойылған келесі сұрақ «Салыстырмалы түрде халқы ұзағырақ өмір 
сүретін елдерді білемісіңдер?» болды. Оқушылар біртіндеп сыни ойлана жауап 
бере  бастады.  Жұмысымды  ары  қарай  оқушыларға  ББҮ  тәсілінің  ІІ  бағанын 
толтыртқызу  арқылы  жалғастырдым.  Одан  кейін  мен  оқушылардың 
қызығушылығын тудыру үшін статистика бойынша халқы ұзақ өмір сүретін 10 
елдің тізімін камтитын бейнетаспаны көрсеттім. Бейнетаспаны көріп болғанан 
кейін оқушылардың ойын қозғау үшін «Неге бұл елдердің халқы ұзағырақ өмір 
сүреді?»  деген  сұрақты  қойдым.  Ойларын  жинақтап  алу  үшін  1  минут  уақыт 
берілді.  Уақыты  болғанда  оқушылар  біртіндеп  сұрақтарыма  жауап  бере 
бастады.  Ары  қарай  мен  оқушыларға  «Адам  баласының  ұзақ  өмір  сүруіне 
қандай  факторлар  әсер  етеді?»  деген  сұрақты  қойдым  және  жауаптарын 
«Кластерге»  топтастыру  арқылы  түсіндірулерін  сұрадым.  Оқушылар  алдымен 
жұптасып  жұмыс  жасап  жатты,  одан  кейін  жұптасып  жазған  жауаптарын 
топтық  талқыға  салып  жатты.  Осы  аралықта  мен  екі  оқушымның  Айжан  мен 
Ұлбосынның  сабаққа  онша  қатыспай  отырғанын  байқадым,  екеуін  сабаққа 
тарту  үшін  жандарына  барып  «Бейнетаспадан  көрсетілген  бейнематериал 
түсінікті  болды  ма?»,  «Life  expectancy  дегеніміз  не?»  дегендей  бірнеше  жұқа 
сұрақтар  қойдым,  берген  жауаптарына  қанағаттана  қоймағансоң  екеуіне  де 
карточка бердім.  
Бұл  кезде  топтың  басқа  мүшелері  жазбаларды  пайдаланып,  ұсынылған 
жауаптарды  мақұлдап,  келіспей,  толықтырып,  идеяларымен,  пікірлерімен 
алмасып  жатты.  Берілген  уақытта  топтың  үшеуі  де  топтың  идеясын 
«Кластерге»  топтастырып  үлгерді.  Топ  атынан  кластерді  баяндамашылар 
тақтаға  шығып  түсіндірді.  Осы  жерде  де  топ  жетекшісінің  көшбасшылықты 
дұрыс жүргізіп отырғаны байқалды, себебі төрт топтан шыққан баяндамашылар 
топтарындағы ағылшын тіліне қабілетті сөйлеуден еш қиналмайды деген үздік 
оқушылар.  Баяндамашылар  жұмыстарын  қорғап  болғаннан  кейін  сөз  Ішкі 
бақылаушыларға  берілді,  олар  өздерінің  топтық  жұмыстарын  орындау 
барысында кімнің қандай үлес қосқанын айтты және өзге топтарға топ атынан 
«Екі  жетістік,  бір  ұсыныс»  айту  арқылы  бағалады.  Осыдан  кейін  сыныптағы 
барлық  оқушылар  тақтада  беріліп  тұрған  деңгейлік  тапсырмадан  өздеріне 
ұнаған  тапсырмасын  алып  кетті.  17  оқушының  7-еуі  1-інші  деңгейлік 
тапсырманы,  ал  10-еуі  2-інші  деңгейді  алды.  Оқушылар  бір-бірінен  қалмау 
үшін  3  деңгейді  таңдамады  деген  ойға  тоқталдым.  Тапсырмада  берілген 
сөздермен  сөйлем  құрау,  оларды  болымсыз,  сұраулы  формасына  айналдыру, 
сөйлемдерді  аудару  болатын.  Жұмысты  орындауға  5  минут  уақыт  бердім. 
Берілген  уақыт  аяқталғаннан  кейін  оқушыларға  тапсырмалардың  дұрыс 
жауаптарын  тараттым,  олар  өз  жұмыстарын  тексеріп  шығып  өздері-өздерін 
бағалады.  Оқушылардың  жалпы  нені  білгенін,  нені  үйренгенін  анықтау  үшін 
сабақтың соңына тәмәм ББҮ әдісінің ІІІ бағаны толтырылды. Осыған қосымша 
тақырыпқа  қатысты  семантикалық  карта  толтыртқызғым  келген,  бірақ  оған 
уақытым  жетпеді.  Сөйтіп  сабақты  қорытындылау  үшін  «Сонымен  Life 
expectancy дегеніміз не екен?» және «Халқы ұзақ өмір сүретін 10 елді кім атап 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет