Шымкент «Сенім ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу»


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет6/7
Дата23.01.2023
өлшемі43,85 Kb.
#62443
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
баяндама

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Болашақ» колледжі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Кітап-досым, ақылшым»


Топ тәлімгері: Темірбаева М.М.




Шымкент
Кітап – менің ақылшы досым. Кітап – әрі, бар білім-ғылымның қайнар көзі. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың алатын орны мен үшін өзгермейді. Ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренесің.
«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған шығар. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Өмірге келген жас бала, негізінен тәрбиені үш ортадан көріп, біліп алады. Ол – отбасы, жүрген ортасы және білімі. Мен өзім осы үш ортадан тәлім алып, ақыл түйемін. Егер бала үнемі кітап оқыса ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғады, неден үйреніп, неден жирену қажеттігін түсінеді деп ойлаймын.
Халқымызда «Кітап – рухани азық», - деген сөз бар. Кітап біздің балаң санамызға зор білім құя отырып, біздің ақыл-ойымызды тәрбиелейді. Мен үшін, кітап - адамгершіліктің қайнар көзі. Себебі, жақсы-жаман, ақ-қара, қуаныш-мұң деген дүниелерді терең сезіне отырып, кітаптағы кейіпкерлерден көп нәрсе үйренемін. Олармен бірге қуанамын, жылаймын, олардың жақсы іс-әрекетіне сүйсініп отырамын.
Анам да үнемі маған «Кітап – сенің досың, өмірлік үлкен тәрбиешің, үйретуші ұстазың» деп айтып отырады. Сондықтан біздің кітаптан үйренеріміз өте көп, кітапты оқу арқылы әлемнің әр түкпіріне саяхат жасап, өмірді танып, қаншама кейіпкерлер арқылы адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата аласың.
Біздің үйімізде үлкен кітапхана бар. Онда қасиетті «Құран» кітабынан бастап, қазақтың бас ақыны Абайдың кітабы, қарасөздері бар. Одан бөлек өзім туған мекен туралы «Жетісу», «Жерұйық мекен – Жетісу» энциклопедиясы, тарихи «Көшпенділер» трилогиясы, балаларға арналған түрлі әртегілер, танымдық энциклопедиялар, ұлы ақындар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаевтардың поэзиялық шығармалары бар. Мен былтыр жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері мен Мұқағалидің өлеңдерін оқып шықтым. Көп нәрсені ойыма түйдім. «Жетім ботадағы» ботаға жүрегім ауырды.
Кітап – менің алтын қазынам. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді. Сондықтан кітапты қастерлеу керек деп білемін. 
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған, тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше, кітап- біздің рухани байлығымыз.
Кітап сөзін естігенде ойымызға не келеді? Соны ортаға салайық.
( оқу, білім, адал дос, кеңесші, ақылшы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет