Шымкент «Сенім ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу»


Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба



бет4/7
Дата23.01.2023
өлшемі43,85 Kb.
#62443
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
баяндама

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба
Жолымен алдық деп ойлаймын.
Н.Ә. Назарбаев
1991 жылы — еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезі болды. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай абройға қол жеткізді.Жас мемлекетіміз аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда жас мемлекет Қазақстан бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес,бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің барасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы – ерекше тарихи жетістік.. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі көп. Дегенмен,бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Мен тәуелсіздіктен кейін дүниеге келсем де,Егемендіктің қаншама қиындықпен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті.Ата-бабаларымыздың аңсаған арманына біздер, яғни бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы,ендеше біз де келешек ұрпаққа дәл солай жеткізейік.. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Оның ішіндегі қазақтың қос жұлдызын айпай кетпеуге болмас .Елі үшін, жері үшін Мәншүк пен Әлия тәрізді қазақ қыздарын айтсақ болады.Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.Міне, осыдан – ақ қазақ жастарының қандай екенін байқауға болады.Жерін қорғауға барлығы бірдей атсалысты.Бұл олардың отанын сүйетінін, ауызбіршілігіміз жарасқан ел екеніміздің айқын көрінісі деп білемін. «Ерлік — ұрпаққа ұран, елге – мұра »деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде, Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы – осының айқын дәлелі емес пе? Біз,жастар, «Бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып»,бір қозғалысқа бірігіп,биік асуларды бағындыруымыз қажет. «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын.Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Нұрсұлтан атамызбен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай.Себебі құрамына оқу үлгерімімен, үлгілі тәртібімен көзге түскен үздік оқушыларды қабылдайтын ұйымның мақсаты- елім деп еміренген, батыр да дана, ақылды да айбарлы, сәулелі де сезімді, ұшқыр да озық ойлы, саналы да үмітті ұрпақ тәрбиелеу болып отыр.Бүгінгі кезде рухани дүниесі кең,ұлтын сүйетін,білімге деген құштарлығы мол,дәстүрімізді,ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас азамат қалыптастыруда, ұйымның атқарар жұмыстары көп екендігіне сенімім мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет