Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата23.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4716
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қалаларымыз  бен  астанамыздың  жарқын  болашағы  туралы
ойларымыз  да  осылай  шығып  жатады.  Біз  өзіміздің  сəулетшілік
армандарымыздың  өмірде  іске  асуы  жолында  барлық  жағдайларды
жасауға  ұмтылып  қана  қоймай,  оған  қоса  ой-ниетпен  шығармашылық
ізденістеріміздің  жемісін  де  тезірек  көру  үшін  болашақты  осы  шаққа
неғұрлым жақындата түсуге тырысамыз.
Əзірге  нəзік  күйдегі  сəулетшілік  идеяларымыздың,  қала  салу
жоспарларымыз
бен
экономикалық
ойларымыздың
өзінше
бір
оранжереялары - Еркін Экономикалық Аймақтар (ЕЭА) осылай туады.
2001  жылғы  29  маусымда  мен  «Астана  -  жаңа  қала»  еркін
экономикалық  аймағын  құру  туралы  Жарлыққа  қол  қойдым.  Астана
шежіресіндегі  жаңа  кезең  –  Сол  жағалауды  игеру  жəне  қаланың  «нөлден
бастап» деп аталатын мүлде жаңа бөлігін құру кезеңі басталды. Сөйтіп бұл
Жарлық  Астананы  жəне  оның  Есіл  өзенінің  сол  жағалауындағы  басты
əкімшілік бөлігін дамытуымыздың ұзақ мерзімді жоспарларының қисынды
жалғасы болды.
Жалпы  сəулетшілік  жоспарларымыздың  іске  асуы  үшін  инвестиция
тасқынын  ынталандыра  отырып,  Астананы  дамытудың  бас  жоспарына
салынған идеологиялық іргетас астына біз еркін экономикалық аймақ құру
арқылы экономикалық жəне қаржы базасын қаладық.
«Астана - жаңа қала» арнаулы экономикалық аймағы 2002 жылғы 1
қаңтардан  жұмыс  істей  бастады.  Бұл  арнаулы  аймақ  Қазақстанның  жаңа
астанасын  əлеуметтік-экономикалық  дамытудың  ең  пəрменді  моделіне
147

айналды,  мұнда  инвесторлардың  нарықтық  мүдделері  мен  ел  Үкіметінің
мемлекеттік басымдықтары оңтайлы түрде ұштасты.
«Астана  -  жаңа  қала»  арнаулы  экономикалық  аймағы  Бас
дирекциясының  бірінші  директоры  –  тəжірибелі  басқарушы  жəне  кəсіби
құрылысшы  Николай  Петрович  Тихонюк  болды.  Осы  жергілікті
экономикалық  кеңістікте  тиімді  құрылыс  салу  жəне  инвестицияларды
ынталандыру  үшін  жеті  жылдық  кезеңге  арналған  еркін  экономикалық
аймақтың  бүкіл  əлеуетті  артықшылықтарын  іске  асыру  міндеті  тікелей
соған жүктелді. Менің пікірімше, оның басқарушылық тəжірибесі, жоғары
кəсіби  шеберлігі  жəне  туғаннан  бастап  (Н.Тихонюк  –  қаланың
тұрғылықты  тұрғыны)  Астананы  жақсы  білетіндігі  еркін  экономикалық
аймақты  басқару  жөніндегі  ұйымдастырушылық  қабілетін  көрсетуге
мүмкіндік беруге тиіс.
Николай  Петровичтің  сіңірген  еңбегін  мойындау  керек,  басынан
бастап  ЕЭА  шеңберінде  өте  көп,  ауқымды  жұмыстар  орындалды,  бұл
осындай  аймақ  құру  жөніндегі  бастамамыз  текке  кеткен  жоқ  деп  айтуға
мүмкіндік  береді.  Еркін  экономикалық  аймаққа  инвестициялар  қаржы-
қаражаттары  түрінде  де,  құрылыс  технологиялары  түрінде  де  судай
ағылды. Бұған бірінші кезекте еркін экономикалық аймаққа беріп отырған
преференциялар мен жеңілдікті салық салу режимі кең жол ашты. Ал олар
тіпті де аз емес!
Əлеуетті  инвесторға  ЕЭА  не  беретінін  қарап  көрейік:  біріншіден,
тауарларды
(жұмыстарды,
қызметтер
көрсетуді)
өткізу
жөніндегі
айналымды  қосымша  құн  салығынан  (ҚҚС)  босату;  екіншіден,  тауарлар
мен  жабдықтарды  өткізу  кезінде  қосылған  құн  салығының  нөлдік
ставкасын  қолдану;  үшіншіден,  жер  учаскелері  бойынша  жер  салығынан
босату; жəне төртіншіден, заңды жəне жеке тұлғалардың ғимараттары мен
құрылыстарының  қалдық  сомасы  мүлік  салығын  салу  объектісі  болып
табылмайды.
Арнаулы аймақ аумағында бүгінде 358 құрылыс-монтаж мердігерлік
ұйымдары  жұмыс  істейді,  олардың  12-сі  шетелдікі,  қалғандары  –
қазақстандықтар.  Ал  қосымша  құн  салығынан  босатылған  айналым  47
миллиард 901 миллион теңгеге жуық.
ЕЭА  жанында  дербес  салық  жəне  кеден  комитеттері  құрылған.
Алты  учаскеге  бөлінген  еркін  экономикалық  аймақ  аумағының  жалпы
көлемі  -  1052,6  га.  «Астана  –  жаңа  қала»  ЕЭА  ені  –  1500  метр  жəне
ұзындығы  –  2500  метр  болатын  бүкіл  периметрі  бойынша  қоршалған,  ал
барлық кіру нүктелеріне кеден қызметінің сегіз бақылау-рұқсатнама пункті
148

орнатылған.  Аймақ  аумағында  құрылыс  материалдарын  уақытша
сақтайтын арнаулы алаңдар жабдықталған.
Егер  біз  бұрын  жаңа  астананың  ең  алғашқы  объектілерін  салу
кезінде  шетелдік  компаниялардың  тəжірибесі  мен  білімін  пайдалануға
еліктеген  болсақ,  осы  тəжірибені  қазақстандықтардың  игеру  дəрежесіне
қарай,  кейіннен  құрылыс  нарығы  отандық  құрылыс  материалдарымен
табиғи түрде толықтырыла бастағанын атап өткен жөн.
Қазақстандық
компаниялардың
Астана
құрылысын
жүргізу
құқығына  қол  жеткізуі  олардың  батыстық  стандарттарға  айтарлықтай
жақындағаны,  сондай-ақ  құрылысты  енді  шетелдік  мамандардан  кем
салмайды деген сөз.
Осыған  орай,  алғаш  құрылыс  салына  бастаған  жылдары  Астана
құрылысын отандық компаниялар емес, шетелдік компаниялар неге салады
деген  сын-ескертпелер  айтылып  жүрді.  Мұның  технологияларды  игеру
маңыздылығын  түсінбеуден  жəне  əлемдік  стандарттарға  сай  келмеуден
туғанын мойындауға тиіспіз.
Сын-ескертпе  айтушылардың  қарапайым  нəрсені  –  əдеттегі
«хрущевкалар»  салудың  жөні  бір  басқа  (шүкір,  бұл  жағынан  тəжірибеміз
жетіп  жатыр),  əлемдік  аса  жаңа  технологиялар  бойынша  биік  əрі  көп
пəтерлі ғимараттар салудың жөні мүлде басқа екендігін түсінгісі келмейтіні
таңғалдырады.
Осының бəрін құрылыс салу процесінде үйреніп жүре аласың ба...
Сосын  есі  дұрыс  адам  үйренуші  шəкірттер  салған  «тəжірибелік-
өнеркəсіптік»  үйде  тура  қояр  ма  еді?  Тегінде  бір  нəрсені  біреуден  артық
жасағың  келсе,  алдымен  соларша  істеп  үйрен,  болмағанда  солардың
білетін дүниесін біліп ал.
Қазір  жағдай  өзгерді  –  біздің  мамандарымыз  сəулет  пен  сұңғыла
сəулетшіліктің  əлемдік  стандарттарының  ең  талғампаз  талаптары  мен
шарттары
бойынша
құрылыс
салуды
үйренді.
Оның
үстіне
қазақстандықтарды  ұзақ  оқытуға  тура  келген  жоқ,  барлық  шетелдік
технологияларды шын мəнінде қағып алды...
Біздің  құрылыс  компанияларымыз  тақымды  қыса  түсті!  Бірде
Республика  даңғылымен  өтіп  бара  жатып  «Империал»  ойын-сауық
кешенінің  қарсы  алдында  тұрған  тамаша  тұрғын  үй  кешенін  көрдім.
Шетелдіктердің  салғаны  бірден  белгілі  ғой  деп  ойладым.  Олай  емес  екен.
Осы  бір  ғажап  үйді  құрамында  бірде  бір  шетелдік  маман  жоқ  өзіміздің
қазақстандық  фирмамыз  тұрғызыпты.  Ниет  болса,  шіркін,  қолдан
келмейтін не бар!
149

Еркін  экономикалық  аймақтағы  жұмыс  көлемі  күн  сайын  арта
түсуде.  Мұны  көзбен  көріп,  күнделікті  байқап  отырмыз.  Əлі  де  ондаған
объектілер  салынуға  тиіс.  Маған  белгілі  болып  отырғанындай,  бүгінде  21
құрылыс  учаскесінен  тұратын  ЕЭА  аумағында  бір  мезгілде  82  объект  бой
көтеріп келеді, бұған Қазақстан Президентінің Резиденциясын, Мəжіліс пен
Сенаттың ғимараттарын қоса алғанда, 16 əкімшілік ғимараттары да кіреді.
Бұдан  басқа  17  тұрғын  үй  кешені  мен  əлеуметтік  маңызы  бар  18
объекті салынуда.
Əрине,  жолдар  мен  инженерлік  инфрақұрылым  объектілері  жəне
бар. Бұлардың жалпы саны - 31.
150

Құрылыспен  айналысатын  инженер-техник  қызметкерлер  мен
жұмысшылар  саны  20  000-ға  жуықтайды.  Құрылыс  қарқыны  бір  минут  та
толастамайды,  өйткені  құрылыс  ұйымдары  алдында  2007  жылға  дейін
«Астана  -  жаңа  қала»  еркін  экономикалық  аймағын  дамытуға  салынған
238,6 миллиард теңге инвестицияны игеру міндеті тұр.
Есілдің  сол  жағалауындағы  құрылыс  объектілері  бойынша  2004
жылы ғана мен 230-ға тарта тапсырмалар берген екенмін.
Осы  тапсырмалардың  ішінен  салынып  біткен  мешітті,  «Отырар»,
«Алматы»  тұрғын  үй  кешендерін  қоса,  басқа  да  тұрғын  үйлер  кешенін,
дипломатиялық  қалашықты,  цирк  ғимаратын,  мемлекеттік  органдарға
арналған  серверлік  орталықтың  ғимаратын,  Қазақстан  Парламенті
Палаталарының  бірлескен  отырыс  залын,  Бас  жəне  Дөңгелек  алаңдарды,
инженерлік желілер мен коммуникацияларды бөліп көрсетуге болады. Жəне
«Сол  жағалаудың  орталығы  –  Абылай  хан  даңғылы»  магистралды
автожолы бар.
2004  жылы  Астананың  мынадай  əкімшілік  объектілері  тапсырылды
жəне  тапсырылады  деп  жоспарланған:  Резиденция,  Мəжіліс  ғимараты,
Үкімет  үйі,  Жоғарғы  Сот,  Сыртқы  істер  министрлігі,  мешіт,  Ұлттық
академиялық  кітапхана,  Басты  жəне  Дөңгелек  алаңдар  мен  жаңа  əкімшілік
орталықты Абылай хан даңғылымен жалғастыратын магистралды автожол.
Алтын күмбезді жаңа «Нұр-Астана» мешіті астананың, соның ішінде
Сол жағалаудың сəулеттік жетістігі болатындығына күмəн жоқ.
Мешіттің  ақшаңқан  мұнаралары.жарқыраған  күмбездері  кереметтей
əсерлі  көрінеді.  Бүкіл  алып  кешен  əрқайсысының  ұзындығы  63  метр
болатын  төрт  мұнарадан  жəне  тиісті  инфрақұрылымдары  бар  бас
ғимараттан  тұрады,  бұған  имамның  үйі,  «тəрбие»  корпусы  мен  тұтастай
бақ-парк  кіреді.  Бұл  «Нұр-Астана»  мешіті  –  Катар  əмірінің  Астанаға
сыйлығы  болды,  ол  аталған  құрылысқа  арнап  6  миллион  840  мың  АҚШ
долларын бөлді.
Қалған объектілер биыл аяқталатын болады. Қазір салынып жатқан
объектілерге инженерлік-техникалық коммуникациялар тартылуда.
Қазірге  дейін  180  километрден  астам  электр  желілері,  62  километр
су құбыры мен кəріз құбырлары, 50 километр телефон сымдары тартылды.
Мен айтып өткендей, көптеген объектілер Астананы дамытудың Бас
жоспарына  сəйкес  іске  қосылып  та  үлгерді.  Мысал  үшін  «Думан»  мəдени
ойын-сауық  орталығын,  «Астана-Бəйтерек»  монументін,  1200  оқушыға
арналған  мектепті,  Қорғаныс  министрлігінің  ғимаратын,  «Транспорт-Т
ауэр»  ғимаратын,  «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  компаниясының  ғимаратын,
151

Ұлттық академиялық кітапхананы жəне кейбір басқа да объектілерді атауға
болады.
Ал салына бастаған кезден-ақ кешендік бейнесі Қазақстанның жаңа
астанасына  жарқырай  енген,  ел-жұртты  елең  еткізген  құбылыс  болған,
жаңа  астананың  символына  айналған  «Астана-Бəйтерек»  туралы  сөз
басқа...
МƏУЕЛІ БƏЙТЕРЕК...
Қазақ ертегілерінің ішінде жұрттың бəріне таныс ең сүйікті кейіпкер
Ер  Төстік  шығар.  Ер  Төстіктің  айшылық  алыс  жолдардан,  асу-асу
белдерден  өтіп,  жерасты  патшалығына  тап  болатыны  бар  емес  пе  еді?
Сонда ол өмірдің бастауын бейнелейтін алып ағашты көретін еді ғой?
Түркі  халықтарының  аңызы  бойынша,  осы  алып  ағаштың  ұшар  басына
аңыздағы  Самұрық  құс  жыл  сайын  жалғыз  ғана  алтын  жұмыртқа  салады
екен,  сол  жұмыртқа  өмірдің  символындай  бүкіл  тіршілікке  жан  беріп
тұрады екен. Бірақ жылдың белгілі бір мезгілінде осынау Ұлы құстың жыл
сайынғы жалғыз балапаны өліп қала береді. Жұмыртқадан балапан жарып
шыққан  бойда  бір  айдаһар-жылан  алып  ағаштың  діңімен  жоғары  өрмелеп
барып  қорғансыз,  күнəсіз  балапанды  жұтып  қояды  екен.  Жерасты
патшалығына  түскен  Ер  Төстік  балапанға  ұмтылған  айдаһарды  садақпен
атып  өлтіреді.  Бұған  риза  болған  Самұрық  балапанын  ажалдан  алып
қалғаны үшін Ер Төстікті жер астынан жер үстіне алып шығады...
Əдетте ертегіде мұндай алып ағаштың нақты мөлшері көрсетілмейді.
Ертегі  арқылы  қиялдағы  нысандар  мен  заттардың  пішін-тұлғасын  да
айқындау  мүмкін  емес.  Бірақ  өмірде  қиялдың  шындыққа  айналуы  бола
береді,  мұндай  шындық  өз  мөлшері  мен  нысанының  абсолютті  дəлдігін
талап етеді.
Жаңа  астананы  басқа  астаналардан  айшықтап,  өзгешелеп  тұратын
қандай да бір атаулы символдың қажеттігі туралы ой астананың əкімшілік
орталығын  сол  жағалауға  көшіру  жөніндегі  шешіммен  бір  мезгілде  туып
еді.
Бір кездері бұл туралы сан алуан ұсыныстар болды. Зураб Церетели
қызық  жоба  ұсынды.  Оның  ойынша,  Астананың  символы  биіктігі  200
метрлік  алып  арка  болуға  тиіс,  оның  ең  ұшар  басына  алтын  киімді
жауынгердің бейнесі орнатылады.
Ұсыныс,  əрине,  елең  еткізерлік.  Бірақ  осыған  ұқсас  ескерткіш
Алматыда
Республика
алаңында
орнатылғанын
ескергендіктен,
символдарды қайталап, қосарлауды өз басым онша қалаған жоқпын.
152

Араб  мамандары  биіктігі  200  метрлік  шошақ  төбе  тұрғызуды
ұсынды, оның етегінде киіз үй түріндегі алып құрылыс орналастырылады.
Астаналық  символымызға  байланысты  жаңа  эскиздерді  қараған  сайын,
əрқайсысының іс жүзінде қалай болып шығатынын ойша елестете отырып,
бəріне де көңілім көншімейтін.
Сондайда  бұл  символымыз  өзіндік  ерекше,  мағынасы  да  барынша
түсінікті болса шіркін дейтінмін. Жаңа астананың символы нақты не болуға
тиіс?  Қандай  дүние  біздің  ұлттық  тыныс-тіршілігімізді,  бет-бейнемізді  дəл
бейнелей алады əрі бір көргеннен бəріне түсінікті бола кетеді? Мен өзімнің
жеке  тəжірибем  мен  Ұлы  Даланың  мəдениеті,  тарихы,  мифологиясы
туралы  оқығандарыма  сүйеніп,  ойша  көп  образдарды  сомдап  шықтым.
Ойым  онға,  санам  санға  бөліне  келе,  ақыр  аяғында  Бəйтерек  символына
тоқтадым.  Бала  кезде  оқыған  Ер  Төстік  ертегісінің  əсері  ақыры  өз  дегенін
істеді. Мен ойымдағы Бəйтеректің долбар-пішіндерін қағазға түсірдім. Осы
ойымды  біршама  жеткізе  алдым-ау  деген  сызбаларымды  Сəулетшілер
одағының қатаң қазылығына ұсындым.
Сəулетшілерге  бұл  идея  қатты  ұнады,  олар  жұмысқа  қызу  кірісті.
Ақырында  кəсіби  іскерлер  Бəйтеректің  нақты  пішінін  жасап  шықты.  Бұл
эскиздің шеберлікпен жасалғаны соншалық, бір қарағанда салынып біткен
объектінің фотосуреті сияқты болып көрінді.
Əрине,  кез  келген  сəулеттік  конструкцияны  таңдау  негізінде
экономикалық  себептер  жататынын  айтуымыз  керек.  Іс  жүзінде  шетелдік
жобалардың  бəрі  дерлік  бірнеше  ондаған  миллион  доллар  тұрды.
Церетелидің  жобасының  өзі  60  миллион  долларға  бағаланды.  Ал  өз
жобамыз  –  «Бəйтерек»  бізге  бар  болғаны  бес  миллион  долларға  түсті.  Бұл
ақша «ССС» инвестициялық компаниясының сыйлығы болатын.
Сондықтан  ол  рухы  жағынан  да,  мағынасы  жағынан  да  бізге
барынша жақын.
Сонымен жаңа астананың символы қандай болатыны белгілі болды.
Осы болашақ символ жұрттың бəрінің көңілінен шықты. Өйткені Бəйтерек
Даланың  көркем  дəстүрлерін,  байырғы  Қазақстан  мəдениетін  жəне  ағаш
жемісі  өмірдің  өзі  болып  табылатын  идеяны  мегзейтін  еді.  Енді  «Астана-
Бəйтерек»  деген  жұмыс  атауын  алған  бүкіл  кешеннің  жобасын  əзірлейтін
мезгіл туды.
Астананың  сол  жағалаудағы  болашақ  əкімшілік  орталығының  қақ
төрінен бір кезде қиялда жүрген, ал енді шындыққа айналған нағыз зəулім
«Бəйтерек»  бой  көтерді.  Бір  айта  кететін  жайт  -  бұл  объектінің  силуэтінен
бастап геометриялық өлшемдеріне дейін бəрінің символдық мəні бар.
153

Бəйтеректің  биіктігі  тура  97  метр  екендігінен  бастайық.  Бұл  елдің
ордасы  Алматыдан  Астанаға  көшіп  келген  жылдың  соңғы  екі  цифрына,
1997  жылға  сəйкес  келеді.  Біздің  «Бəйтерегіміздің»  аса  бірегей  болып
табылатынын  жəне  əлемде  бұған  ұқсас  объекті  жоқ  екендігін  атап
көрсетуге тиіспін. Мысалы, осындай шарды биіктікке орнатудың сəулеттік
тəжірибесі  кездесетін  кейбір  қалалар  бар.  Мəселен,  Эмираттарда  осындай
шар 56 метр биіктікке көтеріліп қойылған, Италияда 20 метр биіктікте тұр.
Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бəйтерегімізбен» салыстырып көріңіз...
Бəйтеректің  ашылуына  арналған  тұсаукесерде  Бəйтеректің  сұлулық
пен  биіктікке  деген  мəңгілік  ұмтылысын  бейнелеген  түрлі  түсті  мыңдаған
шарлардың аспан төсінде қалықтағаны есімде.
Жалпы  Бəйтерек  ашылған  күн  жаңа  астанадағы  тың  объектілерді
іске қосумен байланысты есте қалатын күндердің бірі болды. Сол кезде-ақ
басында алтын шар ілініп тұрған биік ағаш түрінде пайда болған жаңа алып
құрылыстың əдеттен тыс əрі үйреншікті емес сипаты Бəйтеректің қаланың
ажарына  айналумен  бірге,  енді  оның  символы,  тіпті  тұмары  сияқты
болатындығы туралы ойлар да келіп еді...
Шын мəнінде Бəйтерек «жапырақ жайып» үлгерем дегенше-ақ жаңа
астананың  символына  айналып  жүре  берді.  Теледидар  экрандары  мен
газет-журнал  беттерінде,  плакаттар  мен  билбордтарда  Бəйтеректің  көз
үйреніп  қалған  силуэтін  көре  бастадық.  Астананың  символына  айналған
Бəйтерек  енді  елордамыздың  халық  ең  көп  баратын  жеріне  айналды.
Бəйтерекке байланысты сұхбатымның бірінде: «Бұл жаңа астананың, біздің
бақытты  болашағымыздың  символы,  Бəйтеректің»  қала  тұрғындарының
сүйікті  демалыс  орнына,  жаңа  астананың  беташар  карточкасына
айналатындығына сенемін...» дегенім есімде.
Осылай  болатынына  ешбір  күмəнім  жоқ.  Бəйтерек  өзінің  сыпайы
сұлулығымен, сəулеттік сымбатымен адамды тарта түседі. Бес жүзге жуық
реңкке  бөлейтін  тұғырлардан  төгілген  сан  алуан  сəулелермен  түрлі-түрлі
құбылған  жүз  метрге  таяу  селдір  үрліктер.  Əсіресе,  бəйтеректің  ұшар
басына  орналасқан,  үш  қатпарлы  тіліктен  жасалған  алтын  шар  əсіресе  көз
арбағандай.  Оның  əйнекпен  əдіптелген  алаңының  өзі  1,5  мың  шаршы
метрге  жуықтайды.  Бəйтерек  монументі  ашылатын  қарсаңда  жерден
соншалықты  биік  тұрған  алтын  шарды  бірнеше  альпинист  көз
шағылысатындай етіп жалтыратып, мұқият тазалап шықты.
Сөйтіп,  металдан,  əйнектен  жəне  темірбетоннан  жымдаса  өрілген
Бəйтерек бой көтеріп, Астананың барлық тұрғындарының көз қуанышына
айналды, өзінің жарқыраған сəулесімен елорда үстіне нұрын төгіп тұр.
154

Мен  айтып  өткендей,  осынау  таңғажайып  алып  құрылыстың  биіктігі  тура
97 метр. Негізгі есікке бастайтын əшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8
метр жоғары орналасқан.
Салмағы  85  тонна  жапқы  материал  Бəйтеректің  «оқпанын»
ылғалдан  қорғайды.  Мұнараның  табанының  ішінде  кең  холл  бар,  онда  екі
жүрдек лифт жəне инженерлік үй-жайлар
- трансформаторлық шағын станция, желдету камерасы, электр қалқаны,
насос  станциясы  жəне  басқа  техникалық  объектілер  жайғастырылған.
Бұлар  бүкіл  «Астана-Бəйтерек»  алып  кешенінің  үздіксіз  жұмыс  істеп
тұруын қамтамасыз етеді.
Алтын  шардың  өзі  76,9  метр  биіктікте  орналасқан.  Сəулеттік
жағынан қарағанда, алтын шар Фуллердің геодезиялық күмбезіне ұқсайтын
өзекті қабық сияқты. Бір қызығы
- жақында  ғана  атомдары  дəл  осылайша  орналасқан  заттың  жаңа  күйі
ашылды.  Осы  жаңалығы  үшін  Нобель  сыйлығын  алған  ғалымдар  бұл
атомаралық кешендерді атақты сəулетші Фуллердің құрметіне фуллерендер
деп атапты.
Арнайы  шыны  пакеттермен  əйнектелген  күмбездің  салмағы  70
тонна тартады, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1 553 шаршы метр. Осынау
ғаламат шардың ішінде панорамалық зал бар, одан жаңа астананың ертегіге
айналған  «ескі»  жəне  «жаңа»  пейзажы  кең  ашылады.  Алтын  шар  мен
ғимараттың  негізгі  кіре  берісі  бір-бірімен  «оқпан»  деп  аталатын  салмағы
695 тонна металл конструкциямен жалғастырылған.
Осылардың  бəрін  айтпағанда,  «Астана-Бəйтерек»  кешенінде
келушілердің  келісті  демалып,  асықпай  отырып  төңірегін  тамашалауға
мүмкіндік беретін кафе мен буфет те бар.
Орайы  келген  мүмкіндікті  пайдалана  отырып,  осынау  жаңа
астананың жарқын символына айналған жасанды кереметті өмірге əкелген
адамдарға шынайы, кіршіксіз алғысымды жеткізгім келеді.
Бұл,  ең  алдымен,  «Астана-Бəйтерек»  кешенін  жобалаған  топтың
жетекшісі  -  Қазақстан  Сəулетшілер  одағының  президенті,  талантты
сəулетші Ақмырза Рүстембековке тікелей қатысты.
Астананың  символын  жасаған  бұл  топқа  сəулетшілер  С.  Базарбаев
пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструктор М.Вайнштейн, интерьер дизайнері
А.Оспанов сияқты тамаша мамандар кірді.
Жарты жыл ішінде салынып біткен Бəйтерек құрылысын тəжірибелі
əрі  майталман  құрылысшы  В.Т.  Кананыхин  бас  директор  болып  істейтін
«Имсталькон»  ААҚ  құрылыс  компаниясы  салды.  «Астана-Бəйтерек»
155

жобасын  жасауға  «Аэропроект»  ААҚ,  «ЭМК»  ЖШС,  «Арх-фонд»  ЖАҚ,
Сəулетшілер  одағы  жəне  «Алуа»  ЖШС  секілді  қазақстандық  жетекші
фирмалардың мамандары қатысты.
Ішкі  интерьерлеріне,  олардың  көркемдік  сипаты  мен  стильдік
дəлдігіне  келер  болсақ,  бұл  орайда  астаналық  «Астана-Жарнама»
фирмасының  дизайнер-мамандары  мен  сəулетшілеріне  алғыс  айтқанымыз
орынды.
Бір  ғана  нəрсені  айтып  өтейін:  бұл  адамдар  болмаса,  нақтырақ
айтқанда,  мұндай  адамдар  болмаса,  Астана  құрылысы  кең  құлаш  жая
алмаған болар еді, нəтижелер осыншалық əсерлі болмас еді.
Осы  жобаға  қатысқан  барлық  адамдар  үшін  мақтаныш  туғызатын
мына  бір  фактіні  айналып  өту  қиын:  Астанада  Сəулетшілер  одағының
Халықаралық  қауымдастығы  өткізген  X  конкурста  беделді  халықаралық
жюри Достастық елдері арасындағы 2002 жылғы ең таңдаулы жоба жəне ең
таңдаулы құрылыс ретінде «Астана-Бəйтерек» монументіне Гран-при үздік
айырым белгісін табыстады.
ЕСІЛДІҢ СОЛ ЖАҒАСЫ, ОҢ ЖАҒАСЫ...
Сонымен Астана өсіп барады. Бір кездегі жалғыз ғана даңғылы бар
қаладан  қазір  ол  көлемді,  көп  қырлы  мегаполиске  біртіндеп  айналып
келеді;  елорданың  жаңа  астаналық  келбеті  бұрынғы  целиноградтық  сəнін
əлдеқашан көмкеріп əкетті. Қазірдің өзінде Астананың өсе беретіні, шексіз
дами түсетіні айдай ақиқат болып отыр. Оның аумағы да, халқының саны
да  өсетін  болады.  Əрине,  болашақта  жаңа  астана  халқының  санын
шектеудің  белгілі  бір  жоспарлары  жасалады.  Мəселен,  Астана  халқының
2030  жылға  қарай  жоспарланып  отырған  850  000  адам  болатын  мөлшері.
Алайда  өмір  шындығы  өз  дегенін  істейді.  Елестетіп  көріңіз,  Астанада
халық  саны  2020  жылға  қарай  500  000  адам  болады  деп  жобалаған  едік,
бүгіннің өзінде яғни, одан 15 жыл ертерек жарты миллионнан асып кетті!
Сол  себепті  жоспар-жоспарымен,  800  000  деген  санға  да  біз
əлдеқайда  ертерек  жетеріміз  даусыз.  Осы  орайда  қалалардың  шексіз  өсу
тақырыбына  тоқталып  өткен  біршама  пайдалы  болар  деп  ойлаймын.
Урбанизация  мен  адам  қоғамдастығының  əлеуметтік  құрылымының
болашақ тағдыры қалай болатынын айта алмаймын, мұны тек жобалай ғана
аламын.  Қала  құрылысының  əлемдік  тəжірибесі  мен  қалалар  теориясынан
халық тығыз орналасқан немесе өмір деңгейі жоғары елдердегі қалалардың
өсуі  мен  мегаполистердің  жəне  суперагломерациялардың  құрылуының  іс
жүзінде басым үрдісін көре алдым.
Əлбетте біз өткенге жүгінеміз де бүгінгі шаққа қайта ораламыз.
156

Тарихи хроникаға сəйкес адамзат тарихының алғашқы қалалары Азияның
үш ауданында пайда болған, бұл жерлерде алғашқы ірі өркениеттің ошағы
дамыған. Менің білуімше, жер бетінде қазіргі өмір сүріп тұрған қалалардың
ішіндегі ең ежелгісі Иерихон.
Оның  жасы  10  мың  жыл  шамасында.  Көптеген  қалалардың  пайда
болу  кезеңі  біздің  эрамызға  дейінгі  3-4-мыңжылдықтарға  сəйкес  келеді.
Бұлардың бəрі бір мезгілде: Солтүстік Қытайда - Хуанхэ өзенінің бойында,
Батыс  Үндістанда  -  Инд  алабында,  ежелгі  Мысырда  -  Ніл  алқабында,  ал
Месопотамияда  қос  өзен  Тигр  мен  Евфраттың  бойында  пайда  бола
бастады.
Мұндай  қалалардағы  тұрғындар  саны  бүкіл  мемлекеттің  халқының
санына  сəйкес  өсіп  отырды.  Біртіндеп  қалалардың  көлемі  де,  сол  сияқты
саны да өсе берді. Орта ғасырларда халқының саны жағынан планетадағы
ең  үлкен  қала  қытайдың  Нанкин  қаласы  саналды.  Нанкиннің  сол  кездің
өзінде  адам  таңғалғандай  көп  халқы  -  470  мың  тұрғыны  болды.  Бұдан
кейінгі орындарды халқының саны 450 мың адам болған мысырдың Каир
қаласы,  350  мың  тұрғыны  бар  үндінің  Виджаванагар  қаласы  иеленді.  Ал
орта  ғасырлардағы  Еуропадағы  ең  ірі  қала  Париж  болатын.  Мұнда  275
мыңға жуық адам тұрыпты.
Халқының  саны  жағынан  Еуропа  əлемнің  басқа  өңірлерінен
айтарлықтай  кейін  қалса  да,  менің  байқағанымдай,  нақ  осы  Еуропада
қалалық  инфрақұрылымды  үдемелі  дамыту  процесі,  қала  тұрғындары  мен
қалалардың  саны  сияқты  урбанизация  құбылысы  пайда  болды  немесе
таныла бастады.
Аумақтық  құрылым  ретінде  қарасақ,  қала  урбанизация  процесінің,
тек  соның  ғана  жемісі  болып  табылады.  Сонымен  бірге,  менің  білуімше,
осы  уақытқа  дейін  «қала»  деген  ұғымның  өзінің  дəл  де  анық  өлшемдері
жоқ
екендігін
айту
қажет.
Нақтырақ
айтқанда,
«қала»
деген
терминологияға  қатысты  осы  күнге  дейін  «қала  дегеніміз  не?»  дейтін
сұраққа  тиянақты  жауап  бере  алатын  əлемдік  стандарттар  болмай  отыр.
Айталық,  аудан  орталығы  Қаскелең  қала  болып  табыла  ма,  əлде  қала
үлгісіндегі  кент  пе?  Егер  халықтың  абсолютті  санын  алатын  болсақ,
Қаскелең басқа шағын қалалардан ешбір кем түспейді.
Мəселен,  салқын  Исландияда  халқының  саны  не  бары  200  адам
болатын  елді  мекендер  қала  деп  есептеле  береді.  Құрама  Штаттарда
халқының саны 2,5 мың адамнан кем елді мекендер қалаға жатпайды.
Демек  бүгінгі  күні  қала  деген  ұғымның  халықтың  саны  қаншаға
жеткенде  басталып,  қаншаға  кемігенде  аяқталатынын  кесіп  айту  қиын.
157

Қалалық  инфрақұрылымның  қазіргі  заманғы  даму  үрдісі  қалалар  алып
жатқан  аумақ  пен  онда  тұратын  тұрғындар  санының  шексіз  артуын
айғақтайды.  Бұл  орайда  жоғарыда  сөз  еткен  Қаскелеңді  қалаға  жатқызу
біршама  қиын,  өйткені  онда  біз  қалалық  инфрақұрылым  деп  атайтын
нəрселер
жеткілікті
дами
қоймаған.
Тегінде
нақ
осы
қалалық
инфрақұрылымның  барлығы  жəне  оның  даму  дəрежесі  үлкен  деревняны
шағын қаладан айырып тұрады.
Кейде қалалардың өсіп кететіні соншалық, таяу жатқан қалалардың
өзара шекаралары жойылып, іс жүзінде біртұтас қалалық кеңістік құрылады
да, мегаполис немесе мегалополис деген атауға ие болады. Біздің эрамызға
дейінгі  370  жылы  гректердің  35  мекен-тұрағынан  «түзілген»  қала  тура
осылай  Мегалополис  деп  аталған.  Қалалардың  бір-біріне  кірігіп,  сіңісу
құбылысы əсіресе халық өте тығыз қоныстанған елдерге тəн. Мұның нақты
мысалын 100 миллионнан астам тұрғыны бар, аралда орналасқан Жапония
мемлекетінен көреміз.
Адам
сенгісіз
қысқа
уақыт
ішінде
феодалдық
қоғамнан
постиндустриалды  қоғамға  қарай  жол  ашқан  Жапония  экономикасының
20-ғасырдағы  күрт  қаулап  өсуі  нəтижесінде  өзара  таяу  орналасқан  Токио,
Нагоя,  Осака,  Кобе  жəне  Киото  сияқты  бірнеше  қалалардың  шекарасы  іс
жүзінде  араласып  кетті,  сөйтіп  қалалық  алып  бір  ландшафт  құрылды.
Халқының  саны  бірнеше  ондаған  миллион  адамға  жеткен  Токайдо  деп
аталатын мегалополис пайда болды.
Мегаполистер  мен  мегалополистердің  бұлайша  құрылу  құбылысы
əлемдік  қоғамдастықтың  көптеген  елдеріне  (АҚШ,  ГФР,  Ұлыбритания,
Мексика, Қытай, Үндістан, т.б.) тəн.
Кім  біледі,  күндердің  күнінде  Сарыарқа  төсінде  де,  айталық,  Астананың,
Көкшетаудың,  Қарағандының  бірі-бірімен  қосылуы  есебінен  əлдебір
мегалополис құрылуы мүмкін-ау.
Бүкіл əлемде жаңа қалалардың пайда болуы, ескілерінің кеңеюі жəне
жаңа  қалалық  жүйелер  –  агломерациялардың,  мегаполистер  мен
мегалополистердің  дүниеге  келуі  есебінен  қала  халқы  санының  шексіз
өсуінің  айқын  білінетін  үрдісі  аңғарылады.  Планета  қалаларында  тұратын
халықтың  саны  бүгінде  екі  миллиард  адамға  жетіп  қалды.  Яғни  бұл  Жер
шарындағы  халықтың  үштен  бірі  қалаларда  тұрады  деген  сөз.  Əлемнің
көптеген  елдерінде  қала  тұрғындарының  саны  ауыл  тұрғындарының
санынан  əлдеқашан  асып  түсті.  Бұл  əсіресе  технологиялық  жағынан
дамыған  елдерге  немесе  қарқынды  экономикалық  прогресс  сатысындағы
елдерге қатысты.
158

Əрине  астаналардың  саны  қалалардың  санынан  əлдеқайда  аз.  Бірақ
сонымен  бірге  дəл  осы  астаналарда  қалалардың  сан  қырлы  проблемалары
өткір  əрі  тайға  таңба  басқандай  айқын  көрінетінін  байқамауға  болмайды.
Мұның себебі, бірінші кезекте, осындай астаналарда қалалық процестердің
катализдік  реакциядағы  сияқты  тез  де  қызу  өтетіндігінде,  соның
салдарынан проблемалар өткір əрі жанға бататындай сипат алады.
Мегаполистер  осылай  пайда  болған,  осылай  пайда  бола  береді  де.
Əлемнің қазіргі заманғы ірі қалаларының өсуге бейімделген шексіз үрдісі –
бүгінде қала құрылысының ең тəзік əрі өзекті тақырыбы болып отыр. Осы
ретте гректің қала құрылысшысы К. Доксиадистің «қала-динаполис», яғни
қаланың  қатаң  шектеулі  бағытпен  –  коммуникациялар  сызығы  бойымен
өсуіне қатысты тұжырымдаманың əділеттілігін жанын сала дəлелдеген осы
мəселедегі өзгеше көзқарасын ғана атап өтуге болады.
Бірақ
əрине,
біздің
қазақстандық
жағдайымызда
мұндай
динаполистер құру туралы сөз əзірге таза болжамдық қарастырудың арқауы
болып табылады.
Соған қарамастан, халық саны əлі аз Астананың қарқынды өсіп бара
жатқан  жергілікті  жағдайының  өзінде  де  қалалардың  құрылымдалуы  мен
өсуінің  əлемдік  үрдістерін  əрқашан  ескеру  қажет.  Оның  үстіне  астананың
микроқұрылымы  əрқашан  бүкіл  республиканың  кеңістікті  құрылымының
одан  əрі  дамуының  айқындаушы  немесе  директивалық  факторы  болып
табылатындығын да ескеріп отырған жөн.
Сондықтан  Қазақстанның  кеңістікті  құрылымының  орталық  жəне
солтүстік  аудандарын  қоса  қамтитын  солтүстік  белдеудегі  халықтың
қоныстануының  қалыптасу  сипаты  астананың  келешек  келбетінің  қалай
орнығатындығына
байланысты
болатындығына
мен
ешбір
шүбə
келтірмеймін.
Осыған  орай  біз  Астананы  дамытудың  жоспарлы  сипаттан  гөрі,
стихиялық  сипат  алып  кететін  кейбір  ықтимал  нұсқаларына  да  қол
сілтемегеніміз  жөн.  Егер  Астананың  жаңа  əкімшілік  орталығы  қалай
дамитынын  жеткілікті  дəрежедегі  дəлдікпен  болжап  біле  алсақ,  онда  одан
көп  төмен  дəлдікпен,  бірақ  жеткілікті  түрдегі  ықтималдықпен  қаланың
қалған бөлігінің алдағы өсуі қалай болатынын да болжай аламыз. Бұл ретте
жаңа  астананың  немесе  нақтылап  айтсақ,  оның  шет  жақтарының
стихиялық  түрде  өсу  факторы  əлемдік  үрдістердің  жазылып  қойылған
схемаларына  сыйысатыны  анық  көрінеді.  Астананың  дəл  осы  орталықтан
шалғай  жəне  шет  жақтағы  аудандары  транспорттық  коммуникациялар
сызығын бойлай өсуді бастан кешіретін болады.
159

Жеке  өз  басым  астананың  стихиялық  өсуінің  белгілі  бір  үрдісі  екі
коммуникациялық  бағыт  бойынша  байқалатынын  аңғардым.  Бірінші
коммуникациялық бағыт - Астана - Қарағанды, екіншісі Астана - Көкшетау
тасжолдарын бойлай созылған.
Бүгіннің  өзінде  Астананың  кеңістік-аумақтық  ұлғаюының  нақты
схемасы өзіндік үшбұрыш түрінде қалыптасатындығын жеткілікті болжауға
болады.
Бірінші  бұрыш  -  Астананың  əкімшілік  орталығы  дамуының
астаналық  əуежай  бағытындағы  «батыстық»  векторы.  Екінші  бұрыш  -
Астана-Қарағанды  қатынас  өзегі  бойымен  дамитын  қала  қоныстары  мен
орамдарының  «оңтүстік»  векторы.  Үшінші  бұрыш  -  дала  орамдарының
Астана-Бурабай қатынас өзегі бойымен дамитын «солтүстік» векторы.
Қаланың  өсу  үрдісін  бөліп  көрсете  отырып,  оның  объективті  сипатымен
толық келісе отырып, бізге қаланың өсу бағытын ғана емес, сонымен бірге
өсу  қарқынын  да  ескере  білу  қажет.  Көп  жағдайда  біз  астаналық
инфрақұрылымды  қалай  дамытсақ,  республиканың  басқа  өңірлерінің  өсу
қарқыны да бұған сондай дəрежеде байланысты болады.
Соған орай мен астана құрылысын кең құлашпен өрістету керек деп
ұдайы  атап  көрсетіп  келемін.  Астананың  барынша  қарқынды  өсуіне
үрейлене  қараудың  немесе  алаңдаудың  ешбір  керегі  жоқ.  Бұл  бірінші
кезекте  елдің  стратегиялық  мүдделеріне  жауап  беріп  отыр.  Жəне  бұлайша
дамыту үшін бізде қажетті ресурстардың бəрі де бар.
Біріншіден,  Қазақстан  экономикасы  экономикалық  өсу  жолына
түсті,  сөйтіп  кең  өрісті  қаржылық  жəне  материалдық  мүмкіндіктер
тудырып,  отандық  тауар  өндірушілердің  дербес  материалдары  мен
шикізаттарын  кеңінен  қолдануы  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасап  отыр.
Бүгіннің  өзінде  Қазақстанның  инвестициялық  рейтингі  ТМД  елдері
арасында  ең  жоғары  болып  табылады,  ал  экономикалық  дамудың  деңгейі
мен  қарқыны  бойынша  біздің  еліміздің  ТМД-дағы  реформалардың  көш
басында  келе  жатқаны  –  көзіміз  көріп  отырған  жəне  жалпы  жұрт  таныған
факт.
Екіншіден,  бізде  əлемнің  əр  түрлі  елдеріндегі  алдыңғы  қатарлы  оқу
орындарында  білім  алған  жоғары  білімді  жəне  кəсіби  шыңдалған  жас
кадрлар  бар.  Кадрлардың  қалыптасуына  білім  берудің  Лиссабондық
жүйесінің рухына сай келетін əлемдік стандарттар негізіндегі қазақстандық
білім беру реформасы да елеулі ықпал етеді.
Бұдан
басқа,
қазірдің
өзінде
əлемнің
алдыңғы
қатарлы
университеттерінің  үлгісі  бойынша  дербес  оқу  орындарын  алдымен
160

Астанада ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалып отыр.
Үшіншіден,  астаналық  қала  мəртебесі  жəне  оның  дамытылуы  үшін
мемлекет  жасап  отырған  қолдампаздық  Астанаға  білімді,  асқан  кəсіби,
айқын мақсатты жастарды үсті-үстіне тарта түседі.
Осы жағдай бізден республикада ТМД-ның барлық елдерінің еңбек
ресурстары  үшін  неғұрлым  қолайлы  бола  алатын  еңбек  нарығы  климатын
құру жоспарын жасауды талап етеді.
Төртіншіден,  жаңа  компьютерлік  техникаға,  технологиялар  мен
бағдарламалық  құралдарға  негізделген  жаһандық  ақпараттық  желі  жаңа
астананың  дамуы  үшін  кез  келген  идеялар  мен  ғылыми  жетістіктердің,
инновациялық  жобалар  мен  өнімдердің  қол  жеткізерліктей  болуына  кең
өріс ашады.
Бұл  ретте  Астананы  əлемнің  дамыған  астаналары  қатарына  оның
экономикасын  дамытудың  қуып  жету  моделі  емес,  шабуылдаушы  моделі
ғана  шығара  алатындығына  толық  көзім  жетеді.  Сондықтан  астаналық
инфрақұрылымды  дамыту  бүгінде  алға  шығып,  басып  озу  қарқынымен
жүргізілуге  тиіс.  Біз  Астананың  өлшемдерін  қазіргі  күннің  барынша
тездетіліп, қатаңдана түскен талаптарына «лайықтауымыз» керек. Тəуелсіз,
егемен  Қазақстанның  əлемдік  жəне  өңірлік  шаруашылыққа  əлемдік
қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі ретінде кіретін күні де алыс қалған
жоқ. Біз Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мүшесі болуға ұмтылып отырмыз.
Осынау  қуатты  геосаяси  жəне  геоэкономикалық  жақындасуға  Астана
мемлекеттің  нағыз  астанасы  ретінде  əзір  болуға,  ең  бастысы,  уақытында
əзір тұруға тиіс.
Біз  Еуразиядан  есетін  барлық  самал  желге  ашық  болуға  тиіспіз.  Біздің
алдымыздағы
жалғыз
жол

жаһанданудың
өскелең
қарқыны
жағдайындағы барынша ашық экономика мен оңтайлы басқару жолы.
Қазақстанның  жаңа  еуразиялық  бас  қаласының  қалыпты  жұмыс  істеп
тұрған  астаналық  инфрақұрылымын  құрудың  барынша  жедел  қарқынын
ұдайы талап етіп келе жатқаным, міне, осы мақсаттарға байланысты.
Еркін  экономикалық  аймақтың  ойдағыдай  жұмыс  істеуі,  астаналық
инфрақұрылымды  дамытудың  басқа  да  жоспарларын  іске  асыру  жəне
Астананы  дамытудың  Бас  жоспарын  мүлтіксіз  сақтау  –  гүлденген
Астананың  əлемдік  қоғамдастықтың  өкілдерімен  тең  тұрғыда  сөйлесуінің
ең маңызды, ең қажетті шарттары.
Қазақстанның  басты  геосаяси  орталығының  пішіні  бүгіннің  өзінде
айқын көріне бастады. Енді біраз уақыттан соң, Астана сəулет пен сұңғыла
сəулетшіліктің, ұлттық нақыш пен өзіндік ерекшеліктің, еуразиялық діл мен
161

мəдениеттің жаңа үрдістерін өзіне үйлесімді сіңірген нағыз қазіргі заманғы
ірі қала ретінде айбындана түсетін болады.
Бұл  Есілдің  екі  жағасын  бойлай  орналасқан  көрікті  əрі  жинақы
кіндік қала болады. Əсіресе жаңа əкімшілік-іскерлік орталықтың сымбатты
да  əсерлі  келбеті,  сөз  жоқ,  қазіргі  сəулет  өнерінің  зор  жетістігі,  біздің
сəулетшілеріміздің шежіреге айналар шеберлігінің жарқын куəсі.
Астана  халқының  болашақ  саны  жөніндегі  мəселеге  орай  белгілі
сəулетші,  «Астана-  генплан»  жетекшісі  Байыр  Досмағамбетовтің  ой-
пікірлері қызықты көрінеді.
Ол былай дейді: «...Біздің қазақстандық мамандар 2030 жылға қарай
Астанада  1,5  миллион  адам  тұратын  болады  деп  1996  жылдың  өзінде-ақ
есептеп  шығарып  еді.  Бірақ  бас  жоспармен  жұмыс  аяқталған  жоқ-ты.
Сосын  арабтар  келіп,  бас  жоспармен  жұмыс  жасауға  еуропалық
мамандарды  тартты.  Еуропадан  келген  мамандар  2030жылға  қарай  халық
саны ең көп дегенде 650 мыңға ғана жететінін есептеп шығарды.
Бұдан  кейінірек  келген  жапондар,  қаланың  адам  сенбес  қарқынмен
дамып  жатқанын  көріп,  2030  жылға  қарай  астанада  800  мың  адам  тұрады
деген  қорытындыға  келді.  Қолданыстағы  бас  жоспар  да  осы  цифрға
негізделіп отыр».
Əрине,  Солтүстік  астанадағы  халық  санының  артуы  тұрғын  үй
алаңдарының  артуымен  бірдей  жүруге  тиіс.  Қала  басшылары  бұл  ретте
барынша  іскерлікпен,  кең  өрісті  жұмыстар  жүргізуде.  Мысалы,  2005-2007
жылдарға
арналған
тұрғын
үй
құрылысын
дамытудың
Өңірлік
бағдарламасына сəйкес, Астанада 1 миллион 750 мың шаршы метрге жуық
тұрғын үйді іске қосу белгіленген. Бұл үшін үш жыл ішінде 21,4 миллиард
теңгеге  жуық  бюджеттік  қаражатты  игеру  көзделген.  Мамандардың
есептеулері  бойынша,  тұрғын  үй  құрылысы  бағдарламасын  іске  асыру
астаналық  26  мыңнан  астам  отбасын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуге
мүмкіндік  береді.  Ал  жаңа  тұрғын  үйлердің  құрылысы  халыққа  сервистік
қызмет  көрсетудің  қазіргі  заманғы  қалалық  инфрақұрылымын  жасаумен
қатар жүргізілетініне күмəн жоқ.
Астананың  қазіргі  жəне  болашақ  барлық  тұрғындарын  əлеуметтік-
тұрмыстық  сала  қызметімен  толық  мəнінде  қамтамасыз  ету  үшін  жаңа
астананың  əкімдігі  Астананың  бұрын  қабылданған  2003-2005  жылдарға
арналған  əлеуметтік-экономикалық  дамуының  индикативтік  жоспарының
директиваларын орындауда.
Бұл  құжат  Астананың  экономикалық  секторларының  бағдарлары
мен  даму  қарқынын,  муниципалды  биліктің  елордада  барынша  қолайлы
162

іскерлік климатын жасау жөніндегі саясатының сипаты мен ерекшеліктерін
жəне қала тұрғындарының əл-ауқатын арттыру үшін қажетті жағдайларды
айқындайды.
Бүгінгі  таңда  Астананың  экономикалық  дамуының  өзіндік
ерекшеліктері,  бəрінен  бұрын,  индустрияның  көптеген  салаларында
импортты  алмастыратын  жəне  экспортқа  икемделген  өнімдер  түрін
өндіруді дамытуға бағытталған.
Бұл  бағытта  айрықша  жəне  басымдылық  тұрғыдағы  бос  қуысты
инновациялық  сипаттағы  ғылымды  көп  қажет  ететін  жəне  жоғары
технологиялы өнімдер толтыруға тиіс. Мұның қала экономикасының көлік
пен  байланыс,  инженерлік-техникалық  коммуникациялар  мен  құрылыс,
сервис  жəне  қызметтер  көрсету  сияқты  маңызды  секторларына  тікелей
қатысы бар.
Индикативтік  даму  жоспарында  əлеуметтік  салаға  айрықша  мəн
берілген.  Кəсіпкерлік  пен  бизнестің  өсуі  астана  бюджетінің  кіріс  бөлігінің
артуына  ықпал  етпей  қоймайды,  сөйтіп  қала  өмірінің  осынау  маңызды
саласына айрықша назар аударуға мүмкіндік береді.
Қала тұрғындарының барлық топтарын қамтитын денсаулық сақтау
саласы  түбегейлі  қайта  құрылып,  барынша  кеңейтілетін  болады.  Қала
тұрғындарының  ең  төменгі  жалақысын,  ең  төменгі  жəрдемақылары  мен
зейнетақыларының  мөлшерін  арттыру  жоспарлануда.  Əлеуметтік  іс-
шаралардың  жалпы  кешені  2005  жылдың  соңына  қарай  кедейшілік
деңгейін  жаңа  астана  халқының  абсолютті  санының  2  пайызына  дейін
төмендетуге мүмкіндік береді.
Таяудағы  жылдары  мəдени,  спорттық-сауықтыру,  əлеуметтік  жəне
медициналық мекемелер мен ұйымдар желісін дамыту көзделген.
2005 жылдың соңына қарай сол жағалауда жəне мөлтек аудандарда
балабақшалар, кəсіптік мектептер мен колледждер салу жоспарланып отыр.
Астананың  мəдени  секторының  дамуы  да  назардан  тыс  қалмайды.
2002  жылы  қабылданған  «Астана  бағдарламасының  өзінде-ақ  жаңа
астананың мəдени құрылысының стратегиясы айқындалған болатын.
700  орындық  орталық  залы  бар  Мемлекеттік  филармонияның,  қазіргі
заманғы манежы бар мемлекеттік цирктің, хайуанаттар бағының, Есіл өзені
жағасындағы  аквапарктің,  көрме  орталығының  құрылысы  басталды.
Бүгіннің өзінде мəдени сала Астана болашағында - көзге көрінерлік пішінге
ие болып отыр.
Бұл  күндері  Астанада  Ұлттық  опера  жəне  балет  театрының  балет
труппасы, «Астана» эстрада-симфониялық оркестрі, симфониялық оркестр
163

мен  хор,  драма  театрлары  жəне  Президенттің  мəдениет  орталығында,
«Жастар» сарайында, Конгресс-холлда мұражайлар жұмыс істеуде.
Ботаникалық бақ пен дендрарийдің негізін қалау, этно-мемориалдық
паркті  одан  əрі  дамыту,  жаңа  «Жерұйық»  паркін  салу,  «Жастар»  сарайын,
орталық мəдениет жəне демалыс паркін қайта жаңғырту көзделіп отыр.
Салауатты  жəне  белсенді  өмір  салтын  қалыптастыру  мақсатында
қалалық  паркте  футбол  алаңы,  ипподром,  велосипедтік  трек,  ат  спорты
кешені,  теннис  корттары,  жаттығу  залдары,  есу  каналы,  шаңғы  базасы
салынатын болады.
Есіл  өзені  қаланың  құрылымы  мен  архитектуралық  бейнесін
қалыптастыруда  аса  маңызды  элемент  болып  табылады.  Өзеннің  қала
шекарасындағы жағалауына құрылыс салу жəне оны көркейтуді жоспарлау
жобалары осы жағдайды ескере отырып жасалды.
Жобада өзеннің қос ернеуін бойлай созылған бүкіл жағалық белдеу
жағажай, бау, спорт, сауда, демалыс жəне ойын-сауық объектілерімен бірге
үзыннан созылған жағалаулық парк ретінде қарастырылады.
Өзен  аймағында  абаттандырылған  көгалды  кеңістіктер  құру
экологияны, жапсарлас аумақтардың микроклиматын жақсартуға жəне кең
көлемді демалыс аймағын құруға мүмкіндік береді.
«Астананың  гүлденуі  -  Қазақстанның  гүлденуі»  Мемлекеттік
бағдарламасын  орындау  нəтижесінде  тəуелсіз  Қазақстан  астанасының
əлеуметтік-экономикалық  жағынан  жедел  дамуының  негізі  қаланатын
болады.
Қазірдің  өзінде  қалада  үйлесімді  дамыған  орта  қалыптасты.  Бұл
астананың  əкімшілік  жəне  іскерлік  функцияларын  жүзеге  асыруына  ғана
емес,  сонымен  бірге  халықтың  өмірі  мен  əл-ауқатының  сапалық  биік
деңгейге  жетуіне  де  мүмкіндік  береді,  əрі  елдің  барлық  өңірлерінің  дамуы
мен  гүлденуіне  ықпал  ететін  болады.  Сол  жағалауда  Астананың  жаңа
орталығы іске қосылуымен сандық жəне сапалық жағынан бұл орта бұдан
да биік деңгейге көтерілмек.
Астана  қаласының  үшінші  мыңжылдықтардың  табалдырығында
дүниеге  келген  тəуелсіз  жəне  егемен  Қазақстанның  бас  қаласы  ретінде
пайда  болуы  ешқандай  жайбарақаттықтың  нысанасы  бола  алмайды.  Бұл  -
астананы, оның инфрақұрылымы мен геосаяси мəртебесін одан əрі дамыта
түсу үшін қажетті негіз бен тұғырнама ғана.
Астананың  толық  мағынасында  астана  ретіндегі  мəртебесін  алуы
үшін,  бірінші  кезекте  оның  астаналық  инфрақұрылымын  қалыптастыруды
аяқтау  қажет.  Бұл  орайда  мен  соншалықты  бір  кедергілер  мен
164

проблемаларды  көріп  тұрғаным  жоқ.  Құрылыстың  бас  жоспары
айқындалған,  құрылыс  салудың  ауқымы  мен  қарқыны  барынша  жоғары,
қалалық  инфрақұрылымды  дамытудың  жеделдігі  де  ойдағыдай  жоғары
дəрежеде.
Дамудың  таза  перспективалық  жоспарына  орай  жаңа  астананың
болашақ  инфрақұрылымы  неге  қатысты  немесе,  дəлірек  айтқанда,  ненің
төңірегінде  тізіледі  деген  бағдарды  бүтіндей  бөліп  көрсету  қажет.
Астананың мүмкіндігінше көп функциялы болуға тиіс жəне солай болатын
əкімшілік орталығының болашағын біз қалай көріп отырмыз деген сұраққа
бұл нақты жауап бола алады.
Осы  ретте  біз  болашақ  пішінін  қазірдің  өзінде  көріп  отырған  бұл
əкімшілік  орталық  сəулет,  инфрақұрылым,  эстетикалық  құндылық,
қоғамдық  жəне  əлеуметтік  мақсатқа  сəйкестік  бағытындағы  жəне
экономикалық
топ-менеджмент
пен
басшылықтың
саяси
стилі
саласындағы  қазіргі  заманғы  ең  үздік  жетістіктерді  өз  бойында  үйлесімді
ұштастыруға тиіс.
Сонымен,  Астананың  Есіл  өзенінің  сол  жағалауында  орналасқан
жаңа əкімшілік орталығы дегеніміз не?
Құрылымдық  тұрғыдан,  бұл  Орталық  бірінші  кезекте  67  гектарға
жуық  жерге  орналасқан.  Ол  аумақтық  жағынан  ғана  емес,  сонымен  бірге
функционалдық жағынан да бөлінген үш алаңды қамтиды.
Бұл  алаңдар  міндетінің  аясына  мемлекеттік  əкімшілік  жүргізу,
кəсіпкерлік  пен  сауда,  əлеуметтік  жəне  тұрмыстық  құрылыс,  астана
тұрғындары мен қонақтарының мəдени демалысы кіреді.
Əкімшілік  жəне  қоғамдық  ғимараттардан  басқа,  осы  Орталықта
компаниялардың,  қаржы  институттарының  офистері,  сауда  орталықтары,
қонақ  үйлер,  отельдер,  көрмелік,  жарнамалық  залдар  жəне  елдің  бас
қаласының  өзге  де  объектілері  орналасады.  Əлеуметтік-  мəдени  орталық
театрлар,  мүражайлар,  демалыс  аймақтары,  спорттық  жəне  ойын-сауық
көрсететін  орындар  жүйесін  қамтитын  болады.  Ғылым-білім  беру
орталығын  университеттер,  институттар,  колледждер,  мамандандырылған
лицейлер мен кəсіптік мектептер құрайды.
Бизнес-орталықта  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік  субъектілерінің
сауда,  қызмет  көрсету  объектілері,  көрмелік,  жарнамалық  жəне  өзге  де
залдар болады.
Өнеркəсіптік  белдеу  қаланың  шет  жағына,  көбіне  қала  маңына
орналастырылады.
Азық-түлік  белдеуі  қала  маңындағы  ауыл  шаруашылық  аудандары
165

мен қала шегінде орналасқан тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарын қамтиды.
Өнеркəсіп  негізінен  шағын  жəне  орта  кəсіпорындардан,  соның
ішінде  ғылымды  көп  қажет  ететін  салалар  мен  жоғары  технологиялы
салалардан тұратын болады.
Өнеркəсіптің  дамуының  мұндай  стратегиясы  астананың  əкімшілік-
іскерлік функциясын көлеңкеде қалдырмайды.
Əкімшілік  орталықтың  басты  алаңы  Қазақстан  Президентінің
резиденциясына  барынша  таяу,  Есіл  өзенінің  жағасына  өте  жақын
орналасатын  болады.  Болашақ  алаңның  ауданы,  менің  ойымша,
резиденцияның  көлемімен  жəне  силуэтімен  оңтайлы  үндесуі  шарт.  Ал
оның ұзындығы - 600, ені 120 метр.
Алаңның  табанына  қалыңдығы  10  сантиметрлік  гранит  плиталар
төселеді.  Бұл  ауыр  техниканы  пайдалана  отырып  əскери  парад  өткізуге
мүмкіндік береді.
Əлбетте,  сол  жағалаудың  басты  алаңын  көмкеріп  жатқан  жалғыз
ғимарат резиденция ғана емес. Республиканың ресми орталығы ретінде бұл
басты  алаң  орталық  биліктің  де  шоғырланған  жері,  соған  сəйкес  ол
атқарушы,  өкілді  жəне  сот  билігі  органдары  –  Үкімет,  Сенат  пен  Мəжіліс,
Жоғарғы Сот орналасатын ғимараттар кешенін де қамтиды.
Билік  органдарының  бұл  аумақтық  шоғырлануын  «ыдырату»  үшін
құрылыстың  бас  жоспары  шеңберінде  осы  орталық  алаңға  Ұлттық  опера
жəне  балет  театрын  орналастыру  көзделген.  Сөйтіп  басты  алаң
республиканың  ресми  орталығы  болуымен  бірге,  Қазақстанның  көпұлтты
мəдениетінің де ордасына айналады.
Орталық  алаңмен  іргелес  жатқан  тағы  бір  алаң  бар,  бұл  жоспар
бойынша,  Қазақстанның  жəне  Астананың  жеке  өзінің  символдарының
алаңы  болуға  тиіс.  Əрине  орталық  символ  қашанда  жұрт  əбден  таныған
«Астана-Бəйтерек» монументі болып қала беретініне күмəн жоқ.
Өзінің  символдық  мақсатына  сай,  осынау  ұшар  басы  заңғар  биікке
ұмтылған өмір ағашы салынып болған немесе салынып жатқан, сондай-ақ
жобалау  сатысындағы  көптеген  əкімшілік,  мəдени  жəне  тұрғын  үй-
тұрмыстық  кешендерінің  тартылыс  күшінің  орталығына  айналатын
болады.
Мəселен,  Бəйтерекпен  қатар  тұрған  Қорғаныс  министрлігінің
ғимараты  пайдалануға  берілді,  ал  қарама-қарсы  бетінде,  өмір  ағашының
солтүстік жағынан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты бой көтерді.
Қазіргі заманғы ғимараттар ансамблін «Астана-Бəйтерек» кешенінен Көлік
жəне  коммуникациялар  министрлігіне  дейін  созылатын  екі  сатылы  жабық
166

бульвар тұйықтайтын болады.
Бульвардың  жабық  болуға  тиіс  екендігі  жөніндегі  идея  амалсыз
жасауға  тура  келген  шара  ретінде  пайда  болды.  Өйткені  біз  Орталық
Қазақстанның
құбылмалы
континентальді
климатымен
санасуға
мəжбүрміз.  Астанада  жазда  қатты  ыстық  болып  кететіні,  ал  қыста  қақаған
суық  түсе  қалатыны  ешкімге  тосын  емес.  Ауа  температурасының  күрт
өзгеріп  отыратыны  жаңа  астананың  əкімшілік  орталығын  аралап  көргісі
келетін астана тұрғындары мен қонақтары үшін соншалықты қолайлы бола
қояды деп ойламаймын.
Бұл  бəрі  емес.  Сəулетшілер  мен  дизайнерлердің  бастапқы  ойы
бойынша,  бульварлық  кешеннің  жоғарғы  жабық  бөлігі  жарқыраған,  түрлі
түсті  гүлдермен  безендірілмек.  Ондай  жағдайда  бульвар  іші  былайғы  гүл
шөптермен қосылып жайнап, жанданып кетері сөзсіз.
Маңызы  жағынан  емес,  саны  жағынан  үшінші  болып  есептелетін
тағы  бір  дөңгелек  алаң  пайда  болады.  Оның  периметрі  бойынша
Астанадағы нағыз қазіргі заманға сай, (əрине, бүгінгі күнге дейінгі) көркем
əрі  зəулім  ғимараттар  тізбегі  тізілетін  болады.  Дөңгелек  алаңды  бір
жағынан
Энергетика
министрлігі
мен
“ҚазМұнайГаз”
Ұлттық
компаниясының іргелі де келісті ғимараты көмкеріп тұрады.
Алаңның  периметрінің  қарама-қарсы  жағын  біздің  елдегі  аспанмен
таласқан тұңғыш зəулім үй - Көлік жəне коммуникациялар министрлігінің
асқақ ғимараты тұйықтайды. Оның бір қалыпты пішіні осындай биіктіктегі
инедей  ұшты  төбесімен  жалғасып,  бейне  бір  аспаннан  төнген  бұлттарды
шаншып алатындай əсерге бөлеп тұр. Бұл – Қазақстандағы ең биік ғимарат,
оның  36  қабатында  Қазақстан  Үкіметінің  көптеген  министрліктері  мен
ведомстволары:  Көлік  жəне  коммуникациялар  министрлігі,  Мəдениет,
ақпарат жəне спорт министрлігі, Ақпараттандыру жəне байланыс агенттігі
орналасқан.  Сондай-ақ  жаңа  астананың  негізгі  алаңдарының  бірінің
дөңгеленген  ансамблін  осы  алаңға  жанастыра  салынған  əкімшілік-тұрғын
үй кешені аяқтап тұр.
Дегенмен  бұл  дөңгелек  алаңның  негізгі  ерекшелігі,  тіпті
артықшылық сипаты - алаң үстінен заулап өтетін, əуежайдан қалаға қарай
тартылған автомагистраль эстакадасы.
Бастапқыда  менің  идеям  -  алаң  астымен  өтетін  жерасты  туннелін
салу  еді.  Бірақ  сəулетшілер  одан  гөрі  нақ  осы  эстакада  дұрыс  болады  деп
иландырды.  Көпір  үстінен  жүріп  бара  жатқан  адамдар  Бəйтерекке  дейінгі,
одан  арғы  да  үш  километрлік  жап-жасыл,  фонтандары  шапшыған
бульвардың  бар  əсемдігін  көретін  болады.  Мен  бұған  келістім.  Нəтижесі
167

жаман бола қойған жоқ...
Алаңның  өзі  ғимараттардан  тысқары.  Ол  сан  алуан  фонтандардың,
шағын
сəулеттік
нысандардың,
анфиладалардың,
мүсіндік
композициялардың  жəне  астана  тұрғындары  мен  қонақтары  демалатын
беседкалар  мен  орындықтардың  үйлесімімен  құралған.  Ең  бастысы,  бұл
алаң түрлі түсті гүлдер мен жасыл желекке көміліп тұруға тиіс.
Эстетикалық  жəне  практикалық  жағынан  қарағанда,  бұл  алаң
Астананың  сол  жағалауындағы  ең  əдемі  əрі  неғұрлым  халық  көп  келетін
алаң болады. Алаңның дөңгелеген келбеті, периметрін қоршай орналасқан
зəулім  үйлер,  көздің  жауын  алатын  жасыл  желек  пен  сан  алуан  гүлдер,
фонтандар  мен  мүсіндер  бұл  жерге  өзгеше  бір  тұйық  микроклимат
орнатып, жайлы ахуал орнықтырып, қолайлылық əкеледі.
Басты үш алаң – орталық алаң, «Бəйтерек» алаңы жəне дөңгелек алаң ортақ
бір  ансамбльге  бірігіп,  ұзындығы  үш  километрге  жуық  жабық  бульвар
арқылы байланысып тұратын болады.
Бульвардың  екі  жағынан  сан  алуан  офистік  жəне  тұрғын  үй-қонақ
үй  кешендері,  көп  қабатты  гараждар,  мəдени  ойын-сауық  ғимараттары,
тұрмыстық  жəне  сервистік  қызмет  көрсететін  объектілердің  тұтас  бір
ансамблі орналасады.
Сол жағалаудағы жаңа əкімшілік кешендерінен оң жағалаудың тым
оқшауланып  қалмауы  үшін  болашақта  Есіл  өзені  арқылы,  аз  болсын,  көп
болсын, 22 көпір салуды жобалап отырмыз.
Осыншама көпір Есілдің сол жағалауы мен оң жағалауы арасындағы
ықтимал қарым- қатынас тапшылығын толық өтеуге тиіс деп ойлаймын...
Қазірдің  өзінде  соңғы  жылдары  салынған  «Сарыарқа»  көпірі
орталық  көшелерге  түсетін  салмақты  айтарлықтай  азайтып,  қаладағы
автомобиль қозғалысы тасқынын ұтымды жүйелеуге жеткізіп отыр.
Өзен жағасына орналасқан əрбір астана сияқты, Астана да су көлігін
айналып  өте  алмайды.  Бұл  орайдағы  сөз  жүк  тасымалы  туралы  болып
отырмағаны, Есілдің Еділ өзені емес екендігі белгілі, əрине.
Соған  қарамастан  Есіл  үстімен,  Астананың  шекарасын  бойлай
жүйелі  туристік  рейстерді  ұйымдастыруға,  мəселен,  су  көлігін  пайдалана
отырып,  басқа  да  мəдени-көпшілік  шараларды  ұйымдастыруға  болар  еді.
Бұлай етсек, Астананың тұрғындары мен қонақтары үшін Есіл айдынында
жүзіп серуен құру кең өріс алатындығына, мұның жұртты біршама рақатқа
бөлейтініне  толық  сенімдімін.  Айтпақшы,  Резиденцияға  таяу  жерден,
Есілдің  жағасынан  жасалады  деп  жоспарланып  отырған  Президенттік
парктің  өзен  вокзалы  болады,  бұған  демалып  жүрген  жолаушыларды
168

қыдыртатын катерлер, ұсақ жайпақ табан кемелер аялдап тұрады.
Жалпы  парк  аймақтары  мен  жасанды  ормандар  жаңа  астананың  ең
басты ерекшеліктерінің бірі болуға тиіс.
Біз  ол  үшін,  Бурабаймен  бірге  Астананың  аумағы  да  Орталық
Қазақстанның  кең  даласындағы  тағы  бір  жасыл  оазиске  айналуы  үшін,
барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.
Мұның  қаланың  ішіндегі,  сондай-ақ  оның  шекарасынан  тысқары
жерлердегі  барлық  жасыл  екпелерге  қатысы  бар.  Осы  орайда  қаланы
қоршай  жасыл  қорғаныш  белдеуін  құруға  зор  мəн  берілетін  болады,  бұл
ісіміз  арқылы  қыстың  қатал  үскірігі  мен  жаздың  шаңды  бораны  сияқты
қолайсыз табиғи факторларды біршама жұмсартуға мүмкіндік аламыз...
АСТАНАНЫҢ БАС ҚАЛҚАНЫ...
Жанды  да,  жансыз  да  бақтар  бар.  Өсімдік  бақтары  жəне  жай
тастардан  жасалған  бақтар.  Адам  жанына  қайсысы  жақын?  Əрине,  табиғи
жаратылыс  пен  қолдан  жасалған  жасанды  желектің  əдемі  жарасымы.
Өмірге  парасат  пайымымен  қарайтын  жапондардың  тылсым  тас  бақтарын
тамсана қызықтаймыз, ол тас бақтар шешек атқан сакураға, жазғы гүлдерге
толы  жапон  бақтары  мен  бауларының  бір  пұшпағы  ғана  екенін  аңдай
қоймаймыз.  Қалалардың  қолымызбен  жасап,  гүлдендіріп  жатқан  жасанды
желегі  қала  тұрғындарына  жайлы  да  жайдары  өмір  сүруге  мүмкіндік
беретін  қалалық  инфрақұрылымды  түзеді.  Бірақ  тегінде,  тас  меңіреуде
құстардың  құйқылжыған  үні  өшіп,  қаулаған  өсімдіктер  ажарынан
айырылып, семіп қалатыны сияқты, табиғатпен үндестігін жоғалтқан қала
тұрғындарының  да  жан-сезімі  мұқала  береді.  Қолдан  жасалған  жан-жақты
қолайлылыққа  əбден  бой  үйретіп  алған  адам  біртіндеп  өмірді  сезінуден,
табиғатпен  тілдесуден  қалады.  Бұл  адамның  рухани  ғана  емес,  физикалық
жағынан да азуына əкелері ақиқат.
Адам  қиялының  шексіздігі  мен  ой  ұшқырлығын  бейнелейтін
қаланың сəулетіне, əдемі де сан алуан мақсаттағы ғимараттар мен кешендер
салып, соған назарды көбірек аударуға да болады.
Қаланың жаяу жолдары мен көше қиылыстарына таяу тұстар қанық
бояуымен, реңк молдығымен көз қуантуға тиіс.
Металл  мен  айнадан  соғылған  қабырғалар  келешекке  қол  созып,
сəулет пен қала құрылысы саласында өркениеттің ең соңғы жетістіктеріне
жанасқандай сезімге бөлейді. Түрлі түсті неоншам маңдайшалар мен алуан
түске  боянған  құбылмалы  жарнамалар  астананың  айрықша  райын
айғақтайды.  Ал  өткен  кезеңдер  мен  дəуірлердің  жəдігері  ортақол,
169

сүреңсіздеу  ғимараттар  күнделікті  қарбаласта  аптықпай  бір  сəт  бөгеліп,
уақыт  байланысы  туралы  ойға  шақырады,  ұрпақтар  мен  дəстүр
сабақтастығы  жайында  ойлануға  мəжбүр  етеді.  Қала  көшелері  мен
бауларында  орнын  тауып  орнатылған  сан  түрлі  ескерткіштер  мен  сəулет
нысандары бізді қала көркін жақсартып, оған қайталанбас əр  беруге, жаңа
ізденістерге  шақырып,  шабытымызға  шабыт  қосады,  ой-мақсатымызды
ізгілікке бөлейді.
Егер биіктен ой жүгіртіп қарағанда қала қаулаған жасыл желегімен
көз  қуантпай  тұрса,  онда  қаланың  немесе  астананың  осы  айшықты
бояулары бəрібір жансыз, жалынсыз көрінетіндігімен келіспеске амал жоқ.
Гүлдері  мен  гүлзарлары,  көк  шөптері  мен  ағаштары  жоқ  қалада  ықылас-
ниет  те,  əр  тұрғынға  соншалықты  қажет  табиғатпен  астасу  сезімі  де
болмайды. Жаппай қалалану мен тас қамалды қурайттан қашып құтылудың
қиындығы  жайында  қаншама  пікір  сайыстырсақ  та,  өсімдіктер  дүниесі
қалыптаспаған  қаланың,  қалай  айтқанмен,  шөл  даладан  түк  те  айырмасы
жоқ.
Бүгінде  тым  қалаланып  кеткен  шаһарлар  мен  сол  шаһарлардағы
көңіл  күйді  «жаңа  қалалардың  мұңы»  деп  дəл  де  нақты  аталып  жүрген
құбылыс билеп алды.
Байырғы  абзал  Англияда  сол  кездің  өзінде  қолайлы,  жанға  жайлы
қала  үйлеріне  қоныс  аударған  адамдардың  жиі-жиі  ауырып  қала  беретіні,
өздерін  мазасыз  сезінетіндері  байқалған.  Əркім  де  аңғаратын  шығар,
қаладағы  адамдардың  көпшілігі  халықтың  тығыз  қоныстанғанына  жəне
көрші-қолаңның  көптігіне  қарамастан,  өздерін  топ  ішіндегі  жалғыздай
сезінеді.
Ал  Астана  жөнінде  əңгіме  басқа.  Даланың  самал  желіне  кеудесін
айқара  ашқан  қала  ауасы  таза  байтақ  сақараның  өмір  шырынынан  нəр
алған  тіршілік  қызықтарына  толы.  Талай  адам  əлемнің  біраз  астанасының
ауасынан  Астана  ауасының  ғажайып  өзгешелігі  осы  тазалығы  мен
тұнықтығында деп, бұл жағдайға бірден назар аударады.
Қалаланудың  өскелең  қарқыны  жаңа  астанада  да  білініп  отыр.
Астана  –  қалада  пайда  бола  бастаған  экологиялық  проблемалар
қолданылып жүрген жабдықтардың ескіргеніне жəне олардың экологиялық
нормаларға сəйкес келмейтіндігіне көбірек байланысты.
Астана  өнеркəсіптік  секторының  дамытылуы,  əрине  игілікті  шаруа.
Бірақ ерте ме, кеш пе индустриалдық əлеуеттің тұрғын үйлермен көршілес
орналасуы  қала  экологиясына  əсер  етпей  қоймайды.  Оның  үстіне  қала
ішіндегі орташа температураның қала төңірегіндегі орташа температурадан
170

əрқашан  біршама  жоғары  болатыны  белгілі.  Өнеркəсіптік  əлеует  астана
маңайына шоғырланған жəне шоғырланатын болады.
Нəтижесінде  температураның  көтерілуіне  орай  қаланың  ауасы  да
көтеріледі, оның орнына қала маңындағы өнеркəсіп қалдықтарын сіңірген
ауа  ағыны  қалаға  беттейді.  Астананы  «жаңа  қалалардың  мұңы»  жаулап
алды  деп  ойламаймын,  бірақ  мұның  алдын  алу  шараларын  қазірдің  өзінде
ойластыруымыз  қажет  немесе  астананың  тұрғын  үй  жəне  əкімшілік
орамдарын жоспарлау мен салу процесінде жүзеге асыруға тиіспіз.
Бұның  амалы  оп-оңай.  Қала  мұңын  жасыл  желек  пен  бетонның
оңтайлы  ұштасуы  ғана  сейілте  алады.  Оның  үстіне  қалалық  орамдардың
жасыл жамылғысы оттегі генераторының міндетін ғана атқармай, сонымен
бірге  қаланың  əуе  кеңістігі  мен  астана  төңірегінің  ауа  жамылғысы
арасындағы  температураның  үйлесімін  тең  ұстап  тұруға  да  қызмет  етуге
тиіс. Нақ осы жасанды қолайлылық пен табиғи өміршеңдіктің арасындағы
өзара  оңтайлы  ұштасу  Астананы  нағыз  мемлекеттің  астанасына  һəм
Еуразияның лайықты қаласына айналдыра алады.
XIX  ғасырдың  аяғында-ақ  жəне  XX  ғасырдың  отызыншы
жылдарының  өзінде  Э.Гоуард  пен  Ле  Корбюзье  жай  қала  емес,  қала-бақ
салуды  ұсынған,  олардың  ойынша  мұндай  қалалардағы  тұрғын  үй
ғимараттары жасыл желек теңізіне шомылған шағын аралдар сияқты болуы
тиіс.
Астананы  салудың  Кисе  Курокава  ұсынған  бас  жоспары  көп
жағдайда  қала  үшін  сөзсіз  өмірлік  маңызы  бар  Гоуард  пен  Корбюзьенің
осынау ойын ескеретіні қуантады.
«Жаңа қалалардың мұңына» астананың бой ұруын болдырмас үшін
кемелденген  астаналық  инфрақұрылымды  қалыптастыру  жөніндегі  ең
басты міндеттің бірі – Астананы жасыл желекті қалаға айналдыру, табиғат
апаттарынан  жасыл  қалқанмен  қорғап,  пайдалы  да  жан  сергітер  таза
ауаның тығыз қабаттарымен бүркеу...
Алматының күн сайын жан тыныштығын сыйлап, жайдары сезімге
бөлейтін  мол  жасыл  желегінен  кейін,  жаңа  астанадағы  жасыл  екпелердің
тым аздығы біршама жайсыздық туғызды жəне туғызып та отыр.
Қазақстанның  жаңа  астанасын  көгалдандыру  туралы  мəселені  тым  тез
болмаса да, жүйелі түрде нақты проблеманы алға қоя отырып шешу қажет
еді.
Астананы  көгалдандыру  жөніндегі  мəселені  шешу  алғаш  алға
қойылған  кездің  өзінде,  біз  қолда  бар  ресурстарға  сүйене  отырып,  таяу
болашақта  Қазақстанның  жаңа  астанасын  ғана  емес,  Сарыарқа  төсінде
171

пайда  болған  жаңа  қала-бақтың  гүлденуі  үшін  қолдан  келгеннің  бəрін
жасауға тырыстық.
Астананың  көптеген  жаңа  объектілері  бойынша  қала  басшылары
мен  құрылысшылар  есеп  берген  бірқатар  кеңес  өткізуіме  тура  келді.
Осындай
кеңестерде
бəрінен
бұрын
қала
мен
оның
төңірегін
көгалдандыруға  айрықша  назар  аударып  отырдық.  Ғалымдардың,
жергілікті  көгалдандырушылардың  баяндамаларын  тыңдадық,  шетелдік
мамандардың ақыл-кеңестерін есепке алдық.
Алайда  алдымен  қаладағы  барлық  ашық  жерге  көгал  шөптерін  егіп
шығу  қажет  болды.  Ескі  Ақмоланың  қою  шаңы  жаңа  астананың  келбетін
келістірмей тұрды. Бірнеше қайтара жүргізілген ғылыми тəжірибеден кейін,
біздің  жер  жағдайымызға  біршама  жақсы  үйлесетін  канадалық  шөптердің
сортына тоқтадық.
Менің  тапсыруым  бойынша,  Табиғи  ресурстар  жəне  қоршаған
ортаны
қорғау
министрлігі
астананы
көгалдандырудың
кешенді
бағдарламасын  əзірлей  бастады.  Осы  бағдарлама  негізінде  бірінші  кезекте
Астананың  айналасында  орман  екпелерінің  тұтас  кешенін  жасау
ойластырылды.  Астананың  бұл  жасыл  белдеуі  көгалы  аз  қаланың  осы
олқылығының  орнын  толтырумен  бірге,  жаңа  астана  тұрғындарының
тұрмыс-тіршілігі үшін қолайлылықты айтарлықтай арттыруға тиіс бірқатар
міндетті  шешуге  септігін  тигізуі  керек  болатын.  Мұндай  жасыл  белдеу,  ең
алдымен,  астаналықтар  үшін  қолайсыз  климаттық  ахуал  туғызып  отырған
ызғарлы  суық  жел  мен  бораннан  қорғайтын  қалқан  бола  алады.  Қуатты
жасыл  қалқан  жолын  бөгеген  соң,  жаздағы  шаңды  бұрқасын  мен  қыстағы
қарлы боранның Астананы айналып өтуіне тура келеді.
Күнделікті  тіршіліктің  қарбаласынан  соң,  астананың  тұрғындары
қала  сыртындағы  саялы  тоғайлар  мен  орман  алаңқайларында  қыдырып,
демалу  мүмкіндігіне  ие  болуы  шарт.  Бұл  астаналықтардың  шаһардың
сыртқы  түріне  ғана  емес,  елорданың  əрбір  тұрғынының  ішкі  сезімінің
жарасымды  жетілуіне  қамқорлық  жасайтын  бас  қалада  тұратындықтарын
сезіне түсуіне жол ашады.
Астананың  айналасындағы  жасанды  орман  алқаптары  осындай
міндетті орындауға тиіс.
2002 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Үкіметі Астананы көгалдандыру
бағдарламасын бекітті, ол «Республика астанасы Астана қаласының жасыл
аймағын  құру  жөніндегі  2002-2010  жылдарға  арналған  салалық
бағдарлама» деп қысқа да нұсқа аталды.
Кез  келген  бағдарлама,  əсіресе  осындай  ауқымды  бағдарлама  көп
172

ресурсты,  ең  бастысы  көп  уақытты  талап  етеді.  Соған  орай  бұл
бағдарламаның  негізіне  нақты  мерзімдер  қойылған:  2005  жылға  дейін  25
мың гектарға жуық алқапта орман отырғызу жұмыстарын жүргізу, ал 2010
жылға  қарай  Қазақстан  елордасы  -  Астана  қаласының  қалқаны  жасыл
аймақты жасауды толық аяқтап шығу.
Орман  екпелері  ғалымдардың  ұдайы  бақылап,  тікелей  қатысуымен
жүргізілді.  Ағаштар  мен  бұта-шілік  сорттарының  жерсінуін  солар  зерттеді.
Арнаулы тəлімбақтар құрылып, ағаштар мен гүлзарлық шөптердің əр түрлі
сорттары сынақтан өткізілді.
Бүгінде  Астана  төңірегінде,  20  мың  гектардан  астам  алқапта,  əзірге
биіктігі  7-8  метрдей  болатын  жасанды  орман  өсіп  тұр.  Орманды  алқап
көлемін  50  мың  гектарға  дейін  жеткізу  міндеті  қойылды.  Көкшетау
ормандарын  Астанаға  қарай  жақындата  түсіп,  темір  жол  мен  автомобиль
жолдарын жағалата ағаш отырғызылатын болады.
Əр  жыл  сайын  жазда  мен  осы  ормандарды  аралап  шығамын.  1997-
1998  жылдары  алғаш  отырғызылған  көшеттердің  қазір  кейбір  жерлерде  10
метрге  дейін  биіктеп  өскенін  көргенде,  əрине  жүректі  қуаныш  кернейді.
Жаңа  орман  алқаптарының  ауқымын  байқау  үшін  тікұшақпен  де  ұшып,
үстінен  қараймын.  Астананың  айналасында  қалың  ну  орман  болатынына
кəміл  сенімдімін.  Қазақстанда  ешқашан  осынша  қысқа  мерзім  ішінде
осынша алқапқа орман отырғызылған емес.
Біздің  бұл  уақытымыз  бен  ісіміздің  тегеуріні,  бəлкім,  күндердің
күнінде  осынау  толғанысты  онжылдықта  өмірге  келген  мынау  жайқалған
шыршалардың жел ойнаған ұшар басының сыбдырымен де еске түсер...
Қаланың  өзін  көгалдандыру  -  оның  болашақ  экологиялық
салауаттылығының маңызды буыны. Бүгінде Астанада шамамен 1 миллион
200 шаршы метр көгал алаңдар бар. Олардың 500 мыңы қаланың орталық
бөлігінде  орналасқан.  Бұл  көгал  алаңдардың  бəрі  бірдей  толық  бабына
келтірілген  деуге  болмайды.  Дегенмен,  оларды  біртіндеп  көркейту:  жаңа
технологияларды  тарта  отырып  баптау,  тұрақты  суару  жүйесімен
жабдықтауды қалалық өкімет күнделікті қарауында ұстауы тиіс. Сонда ғана
көгал  алаңдар  қаланың  жəне  Қазақстан  жаңа  астанасының  нағыз  жасыл
əшекейіне айналады.
Əрине,  қала  шегіндегі  жасыл  екпелердің  жоспарланғаны  жақсы,
сонымен бірге олар эстетикалық жағынан да ғажайып көркем болуға тиіс.
Дəл  осы  əдемі  безендірілген  жасыл  баулар  мен  саябақ  аймақтары  қалалар
мен  астаналарға  барынша,  жетілген  түр  беріп  тұрады.  Біз  мұны
ұмытқанымыз  жоқ,  əрине.  Сол  себепті  қаланың  тура  ортасынан,
173

«Самал»,  «Жастар»  тұрғын  үй  алаптарына  таяу  жерден  «Жыл
мезгілдері» деп аталатын тамаша жасыл бау өсіп шықты.
Мұнда
алма
ағашының,
шыршаның,
қайыңның,
теректің,
шегіршіннің, сары үйеңкі мен пальманың сирек кездесетін сорттарының бір
жарым мыңнан астам жасыл екпесі мұқият топтастырылған. Жəне жылдың
кез  келген  мезгілінде  осынау  6,5  гектарды  алып  жатқан  бау  үнемі  жап-
жасыл  болып  тұратындай  етіп  жоспарланған.  «Жыл  мезгілдері»  деген
атауына сайма-сай!
Нақ  осы  бауда  мен  авангардтық  сəулет  пен  қаланы  көгалдандыру
тұжырымдамасының  өте  қызық  ұштасуын  көрдім.  Баудың  қақ  ортасында
Мебиустің  шексіз  қосарланған  таспасы  кейпінде  мүсін  орналасқан.  Бейне
бір  өмір  деген  шексіз  құштарлық,  біздің  өміріміз  қас  қағым  сəттерден
тұратын өмірдің шексіз тізбектері екендігін сездіріп тұрғандай.
Енді  біршама  уақыт  өткеннен  кейін  Астанаға  қай  тұсынан  кірсеңіз
де,  жаңа  астананың  көкке  қол  созған  сəулетті  күмбездері  мен  көк  тіреген
үйлерінің  күнге  шағылысқан  жарқылын  көру  үшін  қатар  тізілген  жасыл
екпелер мен жасанды ну орманның ішінен өтуіңізге тура келетін шығар.
Біздің  бас  қаламызда  көкке  өрлеген  «Бəйтеректің»  ұшар  басынан
бастап  өскелең  Астананың  –  Қазақстан  Республикасы  деп  мақтанышпен
айтатын өркендеген мемлекет елордасының саябақ аймақтарын көмкерген
кішкентай гүлдеріне дейін өмірдің құндылығын ойға салып тұруы тиіс...
Барша  жасыл  желекті  қар  бүркеп  тастайтын  қыс  күндерінде  де
қаланың көз тартарлықтай болуына назар аударып келеміз.
Бұл  қыстың  аппақ  ажарын  жасыл  дақтарымен  оймыштаған  мəңгі
жасыл  қылқан  жапырақты  шоқ-шоқ  ағаштар  ғана  емес.  Астана
ғимараттарының  айшықты  бояуының  өзі  қырағы  көзге  көп  нəрсені
аңғартады.  Астана  ғимараттары  жарық,  ашық  əрі  тартымды  жылы
түстермен  боялған.  Осы  жылы  түстегі  бояулардың  астаса  құбылуы  қыста
қала кеңістігіне барынша жан бере түседі.
Ерке  Есіл  жағасында  бой  көтерген,  ерекше  сəулеттік  ландшафты
бар,  бірегей  мүсіндік  нышандары  сап  түзеген,  жоғары  технологиялы
болашаққа  қол  созған,  өзгені  сыйлап,  өзінің  жаңа  астанасы  мен  өз  елін
шексіз  мақтаныш  тұтатын  көп  ұлтты  жəне  көпдінді  халқы  бар  əсем  де
мейірлі астанамыз, міне осындай қала...
Бұл  Қазақстанның  жаңа  астанасы  эстетикасының  табиғаты  мен
ерекшеліктері жөніндегі сұраққа сай лайықты жауап та болады...
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІ СЕЗІНУ...
174

Əдетте  іске  асырылу  сатысында  тұрған  көптеген  мəселелерді
түсінбеу  –  негізсіз  үрей  туғызатыны  табиғи  нəрсе.  Ол  сезім,  нəтижелерге
қол жеткізген кезде өзінен-өзі тарқайды.
Мен  сəуегей  емеспін,  астананы  ауыстыруға  ниет  еткенде,  оның
нəтижесі  қандай  болып  шығатынына  алдын  ала  кепілдік  бере  алмағаным
рас. Ал бүгін астананы ауыстырдық деп батыл айта аламын. Ауыстырғанда
да ойдағыдай етіп ауыстырдық. Астана нағыз астаналық полистің шынайы
пішініне кірді.
Өткен
жылдардың
шиеленісі
біртіндеп
бəсеңсіп
келеді,
Қазақстанның  көптеген  азаматы  өзі  үшін  де,  тұтастай  Қазақстан  үшін  де
астананы  ауыстырудың  шүбəсіз  пайдалы  болғанын  жақсы  ұғынып,  жаңа
астананы ежелгідей қабылдайтынын сезіп те жүрмін.
Əрине Астананы дамытудың проблемалары əлі де аз емес екендігін
жоққа шығаруға болмайды.
Кеңестік уақыттағы Целиноградтың жүйесіздеу салынған құрылысы
аясында  Астананы  дамытудың  Бас  жоспарындағы  сəулеттік  жобалауға
қарағанда,  бас  қаланың  пішіні  əлі  де  қыстырма  эпизод  сияқты  көрінеді.
Астананың  орталық  көшелері  мен  алаңдары  жаңа  еуразиялық  астананың
тыныс-тіршілігін  көрсетіп  тұрса  да,  орталық  көшеден  оңға  не  солға
бұрылып,  əлдебір  аулаға  кіріп  кетсеңіз,  қарсы  алдыңыздан  ескі
Целиноградтың  «қотыр  үйлі,  қисық  жолды»  хрущевтік  бейнесі  ашылып
салады. Бұл жағдай əзірге өзекті де зəру мəселе ретінде қалып отыр.
Осыған  орай  мыңдаған  метр  ескі,  тозған  тұрғын  үйлер  бұзылып,  олардың
орнына  мұнтаздай  жайлы  үйлер  салынды.  Мыңдаған  астаналық  отбасы
бұдан  бірнеше  жыл  бұрын  қиялына  да  кірмеген  қазіргі  заманның  барлық
стандарттарына жауап беретін жаңа тұрғын үйлерге көшті.
Еске  сала  кетейін:  1997-2004  жылдары  Астанада  бір  миллион  алты
жүз мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
2005  жылы  тағы  да  400  мың  шаршы  метр  тұрғын  үйлер  салынуға
тиіс.  Астанада  құрылыс  дүбірі  толассыз  жалғасып  жатыр.  2005-2007
жылдар  ішінде  астанада  бұған  қосымша  бір  миллион  бес  жүз  тоқсан  мың
шаршы  метр  тұрғын  үйлер  салынатын  болады.  Іс  жүзінде  10  жыл  ішінде
жарты  миллион  халыққа  арнап  үш  миллион  шаршы  метрден  астам  мұнша
жаңа тұрғын үй салу - бұрындары ешқашан болмаған қарқын.
Сол жағалаудың ел аз қоныстанған жазық та «шексіз» кеңістігі мен
Оң жағалаудағы тығыз орналасқан ескі де жаңа үйлердің, машина мен адам
тасқынының  нөпірі  арасындағы  айырмашылық  əзірге  бірден  көзге  түседі.
Бірақ  Сол  жағалаудың  жаңа  пішіні  бүкіл  қалаға  өң  беріп,  оң  жағалаудағы
175

құрылыстарды  етек-жеңдерін  жиюға,  жапондық  жəне  қазақстандық
сəулетшілердің  сəулеткерлік  шеберлігі  туындатқан  жаңа  стандарттарға
қарай ұмтылуға мəжбүр етіп отыр.
Есіл  өзені  тура  мағынасында  шекара  сияқты,  астананың  сəулеттік
келбетінде  қалыптасқан  қос  суретті  –  Оң  жағалаудағы  хрущевтік  ескі
үйлердің  бей-берекет  шоғыры  мен  кейбір  жаңа  құрылыстарды  жəне  Сол
жағалаудың зəулім-нышандық мəредегі тұтастығын қақ бөліп тұр.
Біздің  жаңа  астанамыз  бір  миллион  тұрғыны  бар  қала  мəртебесінің
жартысына  енді  ғана  жетті,  бірақ  қазірдің  өзінде  Астана  болашақ
мегаполистің белгілерін бойына жинақтауда.
Астаналық  объектілер  тезірек  қаулап  өссе  екен  деп  армандаумен,
жыл мезгілдері түгіл, тəуліктің сағаттарын да жиі ұмытып кететін кездерді
бастан кешірдім. Жаңа астана құрылысының алғашқы күндері мен алғашқы
айларында  уақытпен  санаспай,  түні  бойы  өзім  де  ұйықтамай,  біраз
азаматтардың да ұйқысын бөліп, көп əуреге салғаным есімде.
Қазір де кейде түн ортасы ауғанша Астана келбетіне қатысты кейбір
сəулет
туындыларын
немесе
қала
құрылысының
жаңа
бір
тұжырымдамасын
талдап
қарап
отыруыма
тура
келеді.
Менің
жиырмасыншы  ғасырдың  жетпісінші  жылдары  Қарағанды  металлургия
комбинаты  мен  жас  Теміртау  қаласын  салуға  қатысқан  тəжірибем  бар-ды.
Бұл  құрылыстар  бұрынғы  КСРО-ның  түкпір-түкпірінен  келген  көптеген
адамдар  атсалысқан  аса  ауқымды  еңбек  алаңы  болғаны  белгілі.  Менің
алғашқы  құрылысшылық  мамандықтарымның  бірі  –  бетоншы  кəсібі
болатын.
Сол  кезде  салынып  жатқан  өнеркəсіптік  қаланың  басшысы  бола  жүріп,
құрылыс  ісінің  кейбір  иірімдерін  жан-жақты  игеруге  тура  келді.  Астана
құрылысын  салу  кезінде  осы  құрылысшылық  мамандықтарым  кəдеге
жарады,  əрине.  Бірақ  ол  басқа  тарих,  басқа  уақыт,  басқа  ауқымдағы  істер
болатын.
Мен  кəсіби  сəулетші  емеспін,  оның  үстіне  кəнігі  қала  салушы  да
бола  қойған  жоқпын.  Алайда  көптеген  ірі  қала  салушылардың  да  кəсіптік
білім алмағандығы көңілге сабыр шақырғандай болатын. Екінші жағынан,
кəсіби
сəулетшілермен
қарым-қатынас
жасау
тəжірибесі
қала
құрылысының  көптеген  ұсақ-түйегі  əрі  жақын,  əрі  түсінікті  болуына
жеткізді.
Тегінде қазіргі заманғы қала құрылысы жалғыз сəулеттен тұрмайды,
сонымен  бірге  бұл  əрі  экономика,  əрі  экология,  қала  берді  нағыз  саясат.
Соған орай менің саяси қайраткер ретіндегі тəжірибем де сəулетшілер мен
176

қала құрылысшыларының кəсіби ортасында өгейсіген жоқ.
Өйткені  біздің  жоспарлап,  жобалап  салғанымыз  жай  қала  емес  қой.
Біз  мемлекеттің  астанасын  тұрғыздық  жəне  Қазақстанның  жаңа  геосаяси
ландшафтын  жасадық.  Ал  астана  дегеніңіз  елдің  нағыз  ілгері  басқан,  озық
қаласы  ғана  емес,  сонымен  бірге  тұтастай  мемлекеттің  түпкі  ойының,
ұмтылыстарының жəне... проблемаларының түйіскен ортасы.
Астана  -  елдің  барлық  өңіріне  өң  беретін  жəне  мемлекет  жүрегінің  жұмыс
қабілетіне  жаңғырық  болып  жететін  барша  қоғамдық  қатынастың
жиынтығы.  Өңірлерде  шыр  айналып  өршіген  қоғамдық  проблемалар  ерте
ме, кеш пе бəрібір бір арнаға - мемлекет астана- сына келіп тоғысады.
Сонымен  бірге  бүкіл  ел  үшін,  бүкіл  республика  үшін,  бүкіл
Қазақстан үшін Астана технологиялық прогрестің орталығы əрі Қазақстан
қоғамы  өркениетінің  асқар  шыңы  болуға  тиіс.  Бұл  елдің  саяси
ресурстарының  ғана  емес,  сонымен  бірге  мəдени  жəне  технологиялық
құндылықтарының  да  түйінді  тоғысатын  тұсы.  Астана  мемлекеттің
осындай өркениеттік орталығы деп тұжырымдау əзірге қиындау.
Техникалық  жағынан  алғанда,  бұл  бағытта  əсіресе  іске  асырылып
жатқан  мемлекет  дамуының  индустриалдық-инновациялық  стратегиясы
шеңберінде  көптеген  жұмыс  істелуде.  Ғылыми  мекемелер  желісі
кеңейтілуде,  жоғары  технологиялы  құрылымдар  қалыптастырылуда.
Мұның мысалы ретінде Еуразия Ұлттық университеті жанынан құрылатын
Ядролық  физика  жəне  ғарыштық  мониторинг  орталығын,  Астанаға  таяу
жерден  құру  жоспарланып  отырған  Биотехнологиялық  орталықты  айтуға
болады. Аталған бағытта əлі де талай жұмыс күтіп тұр.
Астананың  ақпараттық  қоғамның  астанасы  болатынына  да  күмəн
жоқ.
Бəрінен  бұрын  мен  Астананы  аты  шулы  «цифрлық  кедергіні»
жеңудің көш басынан көргім келеді.
Менің  Оңтүстік  Шығыс  Азияға  сапарым  кезінде  бір  арнаулы  тілші
қасымда еріп жүрді. Ол ноутбук, цифрлы фотоаппарат, цифрлы диктофон,
цифрлы стандартты ұялы телефон сияқты неше түрлі цифрлық аппаратура
мен жарақты барша асай-мүсейімен қоса ала шыққан екен.
Осының  бəріне  қарамастан  ол  жаңалық  ақпаратты  бере  алмай
қойды,  өйткені  осынау  ақылды  техниканы  дұрыс  пайдалана  алмады.
Əсіресе  Астанадағы  орталық  кеңсеге  жаңалықты  жедел  де  тез  беру  үшін
байланыстың сымсыз инфрақызыл арнасы бойынша ақпаратты ноутбуктен
ұялы  телефонға  көшірерде  қатты  қиналды.  Ол  инфрақызыл  сəуле  кəдуілгі
радиотолқын
еместігін,
бұл
диапазондағы
қабылдау
мен
беру
177

компьютердің  «инфрақызыл»  кішкентай  терезесі  мен  телефон  бір-біріне
қарама-қарсы  орналастырылғанда  таза  техникалық  жолмен  жүзеге
асырылатындығын білмеді.
Міне осындай жағдайды «цифрлық кедергі» деп атауға болады. Бұл
кедергіні  жеңе  алмаған  адам  ақпараттық  техника  беретін  барлық
артықшылық  игіліктерді  пайдалана  алмайды.  Керісінше  ол  мұндай
адамдардың тұрмысы мен жұмысын қиындата түседі.
Əрине,  бұл  сияқты  кедергіні  жеңу  халықтың  тұрмыс  деңгейін  күрт
арттыруға  алып  келмейді  жəне  игіліктерді  де  тезірек  бере  қоймайды.
«Цифрлық  кедергіні»  жеңу  дамуға  дем  береді,  олай  болмаса,  техникалық
прогресс  теориялық  жағынан  да,  практикалық  жағынан  да  өрістей
алмайды, соған сəйкес мемлекет пен оның азаматтарының əл-ауқатын одан
əрі  арттыруға  да  кедергі  түседі.  Мұның  тұтастай  Қазақстанға  да,  жас
елордамыз Астанаға да қатысы бар...
Сол себепті Астананы ақпараттық қала ретінде дамытып, Қазақстан
қоғамын  ақпараттандырудың  ұлттық  бағдарламасын  қабылдай  отырып,
мен  бəрінен  бұрын  бұл  тапсырманы  нақты  параметр  бойынша
орындамақпын. Оның мəні мынада: таяу болашақта Есіл жағасындағы қала
ақпараттық  қоғамның  астанасына  айналады,  ал  Қазақстан  Республикасы,
бас қаласы Астанасымен қоса, тұтастай ақпараттық қоғам болады.
Болашақ  осы  шақты  ғана  емес,  сонымен  бірге  өткен  шақты  да
бойына
сіңіріп
тұратындай
етіп
құрылуы
қажет.
Болашақтың
конструкциясында өткен уақыт «кірпішінің» көзге көрінбей қаланып тұруы
– біз ұдайы айтып жүретін халықтың мəдениеті мен өркениеті сол болады.
Біз  Сарыарқа  төсінен  қазіргі  заманғы  астаналық  қала  құрылысының
келешек  үлгісіне  лайық  жəне  соны  еске  салатын  өткен  күндердің  іздерін
Қазақстанның кең-байтақ атыраптарынан табуға тырысқан кезде жай ғана
өзімізге  деген  сенімділікті  іздемейміз  немесе  астананы  Тянь-Шань  тауы
тарамдарынан  Ұлы  Даланың  бетегелі  байтағына  көшіруге  қатысты  өз
ісіміздің дұрыстығына растама табуға да ұмтылмаймыз.
Өткен күндер іздерінің əрбір халық үшін, мысалы, ақсүйек жанның
шежіресі оны өз ісінің парасатты дұрыстығын іздеуге немесе қаһармандық
ерліктер  мен  мейірбан  мақсаттарға  итермелейтіні  сияқты,  озық  та
сындарлы əсері бар.
Сондықтан  адамзат  дамуына  жарқын  болашақ  туралы  армандармен
бірге өткен заманның жəдігерлері де қуат береді.
Астананың  қазіргі  орнында  ежелде,  қазақтардың  Бозоқ  деп  аталған
қонысы болғандығы туралы дəлелдер қолға түскен кезде, біз əлбетте, жаңа
178

астананың  неғұрлым  ескі  іргетасын  табуға  ғана  ұмтылмаймыз,  сонымен
бірге қазақ халқы санасындағы «əлеуметтік жады» деп аталатын ұғымды да
қалпына  келтіруге  тырысамыз.  Бəрінен  бұрын,  адамдарды  өз  халқының
мəдениетін ұстаушы ретінде ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен бірге ата-
баба алдындағы парыз да алға сүйрейді.
Сол  себепті  мені  Есіл  жағасындағы  ескі  қала  қалдықтарының  суреті  де,
жаңа  астананың  жаңғырған  əрі  жақсы  ойластырылған  жоспары  да  бірдей
əсерге  бөлейді.  Осындай  сəттерде  мұндай  ғаламат  астаналық  өрлеу  қазіргі
заман  мен  болашақтың  талаптарына  сай  келуімен  бірге,  маған  кең-байтақ
атырапта  ұлы  даланың  өркениетін  құрған  алыстағы  ата-баба  –
көшпелілердің еркі мен парызын орындауға да мүмкіндік беріп отырғанын
тереңірек сезіне түсемін.
Өткен  уақытпен  тығыз  байланыстың  тағы  бір  астарына  –  адам  мен
табиғаттың  бірлігіне  назар  аударғым  келеді.  Бұл  біз  бүгінде  экология  деп
атап жүрген мəселе.
Қазіргі  кезде  экологияның  өзі  дерексіз  ұғымға  айналып  барады,
күнделікті күйбең тіршіліктің əсерімен біз оны ұмытыңқырап кетіп жүрміз.
Ата-бабаларымыздың  заманында  экология  деген  түсініктің  болмағанын  да
естен шығарған сияқтымыз.
Тегінде  бұл  олардың  білімсіздігінен  білмегені  емес,  керісінше
тұжырымды  даналығының  арқасында  болдырмаған  түсінігі.  Өйткені
олардың  орныққан  пікірі  табиғатты  адамға  бағындыру  қажет  деген
мақсаттың  шексіз  зердесіздік  екенін  ап-айқын  көрсетіп  береді.  Қалай
болғанда  да,  айталық,  адамға  сөзсіз  бағынып,  оның  айтқанын  бұлжытпай
орындайтын роботтан табиғат əлдеқайда үстем.
Адам  табиғатқа  бағынып  жүрсін  деген  талап  та  қойылмақ  емес.
Мұндай  бағыныштылық  сатысын  біздің  ата-бабаларымыз  мүлде  жат
санаған.  Біз  де  мұны  есте  ұстауға  тиіспіз.  Өз  құштарлығымызды
табиғаттың  мүмкіндігімен  ұштастырып,  табиғатпен  үйлесімді  өмір  сүру  -
міне  адамның  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасынан  осы  ғана  талап
етіледі.  Табиғатты  бағындыру  үшін  оған  зорлық-зомбылық  жасау  –  бұл
бүгінде жеке басының игілігін ертеңгі имансыз рухсыздықтан, табиғаттың
иесіз қаңырауынан жоғары қоятындардың жазмыш-тағдыры.
Сол  себепті,  адамның  іс-əрекетінің  өнімі  ретіндегі  биосфера  мен
ноосфера туралы ұғымдарды тереңдетпей, қала құрылысының заңдары мен
үрдістерін  түсіну  мүмкін  емес.  Ал  адамның  іс-əрекеті  қоршаған  ортаға
əрдайым игі əсер ете бермейтіндігі белгілі.
Егер  қалалардың  ішіндегі  жəне  оның  төңірегіндегі  биосфераны
179

өзгерту  қажеттігі  туралы  айтатын  болсақ,  онда  бұл  сəулетшілердің  кəсіби
қажеттіліктерін  басшылыққа  ала  отырып  емес,  қайта  адамның  тіршілік
ортасы  мен  қалған  бүкіл  табиғаттың  тіршілік  ортасының  жарасымды  өмір
сүруін  уағыздайтын  жаңаша  пайым  тұрғысынан  мейлінше  абай  əрі
парасатты жасалуға тиіс.
Мұндай  əрекеттер  талай  рет  жасалған.  Осы  орайда  өзінің  қала  салу
тұжырымдамасын  сəулетті  де  сəнді  ғана  емес,  сонымен  бірге  экосфера
талаптарын  да  ескере  отырып  қалыптастырған  белгілі  Кендзо  Тангенің
есімін  еске  түсірейік.  Тангенің  ой-ниеті  қазіргі  заманғы  аса  ірі
мегаполистердің  бірі  –  Жапонияның  астанасы  Токио  қаласын  қайта  салу
жобасында іске асырылды.
Тангенің  тұжырымдамасына  сəйкес  Токионың  негізгі  əкімшілік
жəне  тұрғын  үй  кешендері  Токио  шығанағына  қарай  сұғына  төселген
жасанды  жерді  бойлай  тартылған  көлік  коммуникацияларын  жағалай
орналасуға тиіс.
Кендзо  Тангенің  идеялары  əзірге  сол  қалпында  іске  асырылып
жатқан жоқ, бірақ шығанақта жаппай жасанды аралдар тұрғызылып, оларда
сəулеттік  пішіндер  мен  сан  алуан  саябақ  аймақтары  пайда  бола  бастағаны
рас.
Экологиялық сананы біз меңгерген жоқпыз, бұл сана бізге өзі келді
жəне  өзінің  құқықтарын  қалпына  келтіруді  талап  ете  келді.  Ал  қалаларды
одан  əрі  дамыту  орайында  экологиялық  факторды  ескеру  қажеттігімен
санасуымызға тура келеді.
Мұның  жарқын  мысалы  –  жергілікті  биоэкосфераның  құлдилау
қаупіне  байланысты  Алматыны  одан  əрі  ауқымды  да  кеңістікті  тұрғыда
дамытудың  мүмкін  еместігі.  Алматының  экологиясы  біздің  санамызға
басып  кіріп,  алматылық  мегаполисті  ғана  емес,  тұтастай  республиканы
одан əрі дамыту жөніндегі тұжырымдамаларымызды қайта қарауға мəжбүр
етті.
Мен  қаланы  бұдан  əрі,  əсіре  модерндік  тұрғыда  жетілдіре  түсу
жағында  емеспін.  Астананы  дамытудың  Бас  жоспарында  біз  бейнелеген
болашақ  астананың  пішіндері  жай  ғана  қысқа  мерзімді  не  орташа  мерзімді
келешек  емес.  Мұны  Қазақстан  астанасының  сəулеттік  келбетінің  соңғы
бекеті деп санағым келеді.
Мұндай мəселелерде, сəулет өнерінің жəне болашақ қала салушылар
ұрпағы  келіп  қарайтын  жаңа  енгізілімдердің  сырттан  келген  соқпағына
түсіп  алып,  тақымды  қысып  тарта  бермей,  əрдайым  дер  шағында  аялдай
білген  жөн.  Сəулет  үшін  сəулет  жасау  –  қала  мен  астананың  үдемелі
180

дамуының емес, мешеу қалуының кепілі.
Біздің  болашағымыздың  қаласы  сəулеттік  қағидаттарды  дамытудан
гөрі,  бірінші  кезекте  жергілікті  жəне  жаһандық  сипаттағы  шынайы
проблемаларды  шешуге  тəуелді.  Болашақ  қала  құрылысының  ең  негізгі
қағидаты  -  жаңа  нысандарды  салу  емес,  осы  күнгі  қолда  барды  жетілдіре
түсу.
Бұл  əрине  сəулет  өнері  өлуге  тиіс  дегенді  білдірмейді.  Қала
келбетінің  маңыздылығына  қарай,  сəулет  өнері  өз  орнын  экологияға,
коммуникациялар  прогресіне,  тұрмыстық  жағдайларды  жаңарту  жəне
қалалық сана мен ділді жетілдіру ұстанымдарына беруі керек деген сөз.
Біздің  барынша  шектеулі  əлеуетіміз  жағдайында,  əлеуметтік  жəне
азаматтық жайлылықтың бұл топтамасын ұғынып, қабылдап алу сəулет ісі
тізгін тарта тұрғанда ғана мүмкін болады.
Адами
тұрмыстың
барлық
қалған
саласы
мен
қалалық
инфрақұрылымның  салалық  деңгейі  бастапқы  сəулеттік  ой-ниетпен
сəйкестікке  жеткізілгенше,  Астананың  сəулетіне  уақытша  дамыл  беруге
тура  келетін  кез  де  туады.  Əйтпесе  біз  жер  үстіндегі,  жер  астындағы
жетілмеген коммуникацияны жетілдіреміз деп баяғыдай асфальт қопарып,
қайта бұзушылыққа ұшыраймыз. Əйнектері жарқырап, биікке ұмтылған
зəулім үйлердің жанынан тағы да ұра қазып, ой-шұқырды тегістеп,
баяғыша əлекке түсумен боламыз.
Сəулеттік  шапшаң  бұлқыныстардан  гөрі  қалалық  қоғамдастықтың
мекендеу  ортасы  мен  өмір  сүру  жағдайларын  жақсарту  -  міне,  Астананың
қалалық  құрылысының  таяу  уақыттың  өзінде  дамытылуға  тиіс  бағыты
осындай.
Біз  өткен  заманды  бүгінге  жеткен  əлдебір  жəдігердің  жарқыншақ
бөлшектеріне  қарап  жəне  бұл  жарқыншақтардың  кезінде  біртұтас  дүние
болғанын елестете отырып бағалаймыз.
Ал  шығармашылық  қиялымызға  əлі  ешқандай  да  із  тастап
үлгірмеген  келешекті  бағалай  аламыз  ба?  Сөзсіз  бағалай  аламыз.  Өйткені
болашақ бізге... армандарымыз арқылы із тастап отырады.
Көз  алдымда  өсіп-өркендеп  жатқан  Астананың  күн  санап  құлпыра
түскенін  көргенде  оның  жасыл  желегі  жайқалып,  аспанмен  таласқан
ақшаңқан  үйлері  көз  арбап,  көңіл  толқытатын  сол  бір  күндерін
сағынышпен армандай бастаймын.
Иə,  біздің  Астана  сəулет  өнерінің  жауһар  туындыларына,  үздік
үлгідегі  ескерткіштерге,  алуан  гүлдермен  өрнектелген  бау-бақшаға
оранған, Шығыс пен Батыстың ең озық рухани құндылықтарын талғаммен
181

бойына  жинаған  жоғары  мəдениетті  қалаға  айналған  сол  бір  жарқын
күндер-ай десеңізші, шіркін!
Нұрсұлтан Назарбаев,
1993 – 2005
...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сəулеттік ландшафты
бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы
болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз
елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты жəне көп дінді халқы бар
əсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.
Н.Назарбаев
182

Document Outline

  • І – ТАРАУ
  • 2 - ТАРАУ.
  • 3 - ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет