Бұдан əрі не
болады? Қалай өмір сүреміз?» деген сұрақ тұрды.
Адамдар күрделі де қиын сұрақтарды турасынан қойып жүрді, ал ол
сұрақтардың бəріне ұғыныңқы тілде нақты жауап беру керек еді. Бұл аса
зор жауапкершілік жүктеді. Мен оны жан-тəніммен сезіндім, осы
жауапкершілік мені батыл əрекеттерге итермеледі.
Уақыт шын мəнінде ұлы да елеулі істерді талап етті. Бірақ ділі қасаң,
жеке меншік, нарық, пікір алуандығы, сөз бен рух бостандығы сияқты
ұғымдарды түбірімен қабылдамайтын ескі жүйемен іргелі істерді атқаруға
бола ма?
21
Біз жаңа уақытқа күмп бердік, бірақ ділді оңайлықпен шайып
тазарта алмайды екенсің. Біздің бүкіл басшы партиялық элита əлі де ескіше
ойлайтын. Жарайды, нарықты жасадық дейік, сонда ол нарықты қалай
басқармақпыз, дейді олар. Осылай ойлайтын адамдардан бізді əлемдік
шаруашылық байланыстар жүйесіне кіргізуді, экономиканы жаңа
нарықтық жағдайға бейімдеп, қайта құруды талап етуге немесе күтуге
болатын ба еді?
Бұл жағдай ежелден қалыптасқан құндылықтар жүйесіне, кеңестік
ғылым мен дүниетанымның сөзсіз артықшылығына əбден иланған зиялы
қауымның да едəуір бөлігіне қатысты болды.
Сілкінуге ешқандай құлқы жоқ адамдарды қалай сілкіндіруге
болады? Съездердің сылдыр уағызына, марксизм-ленинизмнің ұлы да,
ұлық та классиктерінің дəйексөздеріне толған миды қалай тазалау керек?
Ескі шырмауға маталып, мемлекеттің əрең соғып тұрған жүрегі Алматыда
ұйлыққан ескі тəртіптегі билеуші элитаны қалай жұмылдырарсың?
Өзгерістер басталған сілкіністі уақыт - 1991 жəне 1992
“парламенттік” жылдар əлі жадымда. Егер əлдекім мені парламентаризмге
қарсы екен деп ойласа, құдай сақтасын. Мен əрдайым сындарлылықты
жəне уақыттың бос сөзге төзбейтінін толық сезіне білуді жақтаймын. Ал ол
кезде қаншама саяси жəне реформаторлық “мылжың” болды десеңізші...
Өмірлік маңызы бар бірде-бір заң өтпей жатты. Заңдарды парламенттік
талқылау процесіне араласпайтыны, килікпейтіні жоқ. Бүйірден қосылып
жөнді-жөнсіз қыстырыла кету, жоқтан өзгені сағыздай созып сөз ету,
лаққан философиялық толғамдар мен əйтеуір өзін көрсетіп қалуға əбден
малтығып жатқаны.
Мен сондай қажитынмын. Қатты шаршайтынмын. Бұл қажып
шаршауым əлдебір іскерліктен, болмаса қабылданған, қабылданып жатқан
заңдардың көптігінен емес, керісінше солардың мүлдем жоқтығынан
болатын. Өйткені заңды бүгін қабылдау қажет, ертең оның ешкімге қажеті
болмай қалады... Сондай минуттарда қайдағы бір түсіндірмелер тасқындап,
мылжың сөздер малтықтырған кезде не істеріңді білмейсің. Əлдебір таза
суға сүңгіп кетіп, сол жерден жақсы тың ойлармен, құлантаза көңілмен
шыққың-ақ келеді.
Барлық салада, бəрінде де түгелімен, түбегейлі өзгерістер қажет
деген айқын сезім мені барған сайын билеп алды. Қалыптасқан жағдайдан,
тірелген тұйықтан шығудың амалын іздеп шарқ ұрдым.
Бəрін еңсере отырып қана елді алға жылжытуға, сөйтіп өткеннің
кесел жарасын жазуға болатынын ұқтым.
22
Ширығып алып, қайта-қайта бұлқынып, мүмкіндігінше сені
ілгерілетуге тиісті адамдардың қасаңдығы мен оралымсыздығынан
құтылуға да болатын еді. Мұның өзі біршама уақыт қана жалғасқанымен,
ұдайы жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Адамдарды серпілтіп, турасын
айтқанда, бастың миын «желдетіп алуларына» əдеттен тыс төтен шешім
керек болды.
Сөйтіп астананы көшіру қажеттігі туралы ойға бірте-бірте бекіне
бердім. Осындай алмағайып уақытта астананың өмірлік маңызды рөлі
ешкімнің басына кіріп-шықпағаны белгілі. Расында, астананың бұған не
қатысы бар, оны көшіру деген не тағы? Сырт қарағанда орынсыз
көрінгенімен, бəрібір жаңа мемлекет құрудың басты мəселелерінің бірі етіп
жаңа астана туралы мəселені қою керектігіне, сонда ғана реформаларды
бастауға жəне жалғастыруға болатынына барған сайын сенімім беки түсті.
Біз уақыттың келешегіне ғана емес, кеңістіктің тереңіне де бойлай қарауға
тиіс едік. Маған біздің реформаларымыздың мəні қазақстандық қоғамды
іштей қалай жайластыратынымызда ғана емес, өзімізді қоршаған жалпақ
əлемге біздің қалай икемделетінімізде, қалай бейімделетінімізде болып
көрінді. Уақытқа есептелген саясат кеңістікке есептелген геосаясатпен
толықтырылса ғана табысты болмақ.
Өйткені астана дегеніміз мемлекеттің орталығы ғана емес екен, мен
бұған еш күмəнданбадым. Сондай-ақ астана тек орталық биліктің
шоғырлануы да емес. Астана мемлекеттік қайраткерлер мен барлық
дəрежедегі шенеуніктердің сəтті-сəтсіз қызметіне арналған жақсы
дамытылған инфрақұрылым да бола алмайды.
Бұл, ең алдымен, мемлекет дамуының векторларын айқындайтын
жəне қоғамды жаһандық үрдістерге сəйкес құрылымдауға мүмкіндік
беретін геосаяси түзілім.
Сонымен қатар Астана өзінің өмір сүруі мен мақсатына орай толық
ұтымдылығына жəне прагматизміне қарамастан, өзінің бойына талай
қасиетті, кейде тіпті мистикалық жүктемені де сіңіреді.
Астананың орналасқан жері мемлекеттің геосаяси салмағының тепе-
теңдігімен үндес болуға тиіс. Бұл астананың орналасқан жері замана
икеміне қарай құбылып, бір тараптан екінші тарапқа үнемі ауысып тұруы
керек дегенді тіпті де білдірмейді. Бірақ ел мен халықтың тағдырындағы ең
бір өткелекті кезеңдерде астананың орналасқан жері, оны көшіру сияқты
факторлар келешек үшін маңызды болса, онда мұндайдан тартынып та
қажеті жоқ деген сөз.
Астана елдің қай тұсында жəне нақ қай өңірінде тұрғандығының
23
шын мəнін түсінбеу немесе дұрыс түсінбеу жиі кездеседі. “Онда тұрған не
бар дейсің? Тіпті Астананың солтүстікте ме əлде оңтүстікте ме, шығыста ма
əлде батыста ма, қайда тұрғанында не айырма бар?” деген пікірлер туындап
жатады.
Шындығында, астананың қайда тұрғандығында айырма бар ма?
Астананың орналасқан жері мемлекеттің тағдыры үшін, келешегі үшін
сондай өмірлік маңызды қызмет атқара ма?
Ескіні қиратып, қоғамдық-саяси қатынастардың, тіпті елдің тіршілігі
мен тұрмыс-салтының жаңаша тұрпатын құру қажеттігі туралы сөз болған
мемлекет тарихының алмағайып сəттерінде астананың орналасқан жеріне
айрықша назар аудару қажет.
Осы жерде, меніңше, астана атаулы барлық уақытта мемлекет
шегінде ондаған жəне жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дəстүрлер мен
тұрмыс-салтты түйіндейтін ордалы орта болып келгенін де естен шығармау
керек. Бұл тұрғыда мемлекет астанасы сол елдің миы ғана емес, халықтың
барлық топтарының, соның ішінде жекелеген азаматтардың ділін, сондай-
ақ олардың мінез-құлық нормаларына дейін айқындайтын орталық жүйке
жүйесі. Астана - бұл бүкіл қоғамның ереже-тəртібі мен салт-дəстүрі, мінез-
құлық құрылымдары қалыптасатын жер. Астананы прогресс орталығы
ретінде ғана көретін орныққан пікірді теріске шығара отырып, астана көп
ретте прогрестен гөрі қалыпты консерватизм жайлаған орта ретінде бой
көрсетіп келгенін жəне солай бола беретінін атап өткім келеді.
Қоғамның негіздеріне қатер төндіретін кез келген төңкеріс пен кез
келген əлеуметтік сілкіністер, əдетте, провинцияларда, орталықтан шалғай
аймақтарда басталады да, олардың табысқа жетуі көбінесе мұны астана
қолдай ма, əлде жоқ па дегенге байланысты болады.
Астананың негізгі өзіндік қасиеті - міне осындай қоғамдық немесе
саяси тартыстарды өзі бастамайтын, керісінше оған соңғы нүктені өзі
қоятындығында, дəстүрлерді, тұрмыс-тіршілігі мен қоғамның негіздерін
өзіне белсенді қабылдауында жəне олардан баяу айырылысуында жатыр.
Мұнда тұрған таңғаларлық ештеңе жоқ, ерте ме, кеш пе елдің
шеменді проблемалары астанада біршама жұмсарады жəне астана
мəртебесімен жұтылып кетеді. Бір сөзбен айтқанда, мəдениет - астанада,
саясат - провинцияда жасалады. Бірақ саясаттың бастау-бұлағы астана
болатыны сияқты, мəдениеттің мəйегі əрдайым провинция болып қала
береді.
Сөйтіп елдің тағдыры мен реформалардың тағдыры шешілетін ел
үшін қатерлі күндерде қасаң да дəстүрлі мегаполистің астаналық
24
мəртебесін өзгерістер желіне ашық, тым болмағанда, қоғамдық жəне саяси
жаңалықтарға белсенді қарсы тұрмайтын провинцияға ауыстыру туралы
мəселе жиі қойылады.
Бұл жерде, əрине, провинция өзгерістерге өрелі болғандықтан
(солай да болатыны бар) ашық келеді деп алданбау керек.
Шалғай аймақтар көп жағдайда елдің саяси өмірінен шетқақпай
жатады, сондықтан да жүргізіліп жатқан реформаларға нəумездеу, өзгеше
байыппен қарайды. Мемлекет үшін ең озық, пайдалы деген ойдың өзі теріс
қабылданып, өзгерістер уақыты белгісіз бір ұзақ мерзімге шегеріліп кетуі
əбден мүмкін, астанадан оның айырмашылығы да осында.
Астананы көшірудің қуатты саяси факторы мен негізі қызметін
билікті орталықтандыру мен бөлшектеніп кеткен елді жеке біртұтас
мемлекетке біріктіру қажеттігі жиі атқарды.
Жəне барлық уақытта, адамзаттың көз жетер өткен заманының
бəрінде осылай болғанын атап айтқан жөн.
Біздің дəуірімізге дейінгі 2000 жыл. Ұдайы шапқыншылық пен
басқыншылық кезіне дейін өзінің дəуірлік құрылыстарын салып үлгерген
көне де жұмбақ ұлы Мысыр. Ел енді ғана перғауындардың аса күшті
билігіне біріккенімен, жағдайы аумалы-төкпелі. Кез келген уақытта
жергілікті номархтарға бағынышты жекелеген аумақтарға қайтадан
бөлшектеніп кетуі кəдік. Жаңа ғана таққа отырған Аменемхет перғауын өз
қызығы өзіне жетіп жатқан Мысырдың сол заманғы астанасы мемлекеттің
ыдырау қатерін төндіріп тұрған ағымдарға қарсы тұруға қауқарсыз екенін
жақсы түсінді.
Перғауын астананы солтүстіктегі Иттауи қаласына көшіруді
ұйғарды. Ол қала күшті бекініс қана емес, елдің қуатты тірегіне əрі береке-
бірлігінің нышанына айналуға тиіс болды.
Оның ойы ақырына дейін іске аспады, бірақ үлгі қалды.
Орталықтандырылған
билікті
нығайту
жəне
елді
біріктіру
мақсатында ассириялық Синахериб патша астананы қасаң да бүлікшіл
Ашшурадан Ниневияға көшіру қажет деп санады. Патшаның мезгілсіз
қайтыс болуына қарамастан, жаңа астана ассирия патшалығының бірыңғай
əрі орталықтандырылған астанасына айналды.
Ассириялық сына жазуы Синахерибтің сөзімен Ниневия туралы
былай дейді: « Мен көне көшелерді қайта салдым, тым тар көшелерді
кеңейттім, сөйтіп қаланы күннің өзі сияқты жарқыратып қойдым».
Сондықтан астана мемлекеттің ортасында тұруға тиіс деген əңгімені
тым біржақты қабылдамау керек. Ол мемлекеттің географиялық
25
орталығынан гөрі саяси орталығында тұруға тиіс. Бір сөзбен айтқанда,
мейлінше геосаяси салмағы болуы керек.
Бір кінəмшіл ағайын əшкерелеу ниетімен Қазақстан картасын олай-
бұлай сызғышпен өлшеген сияқты. Сосын Астана, Президент Нұрсұлтан
Назарбаев қайта-қайта айтып жүргеніндей, тіпті де Қазақстанның
географиялық орталығында емес қой деп байбалам салғаны еске түседі.
Енді бір пысық журналист Астананың оңтүстік шекарадан
қашықтығы Астананың солтүстікке дейінгі қашықтығынан үш еседей
артық екендігін есептеп шығарыпты. Осындай «геометрден»: кешіріңіз,
мысалы, эллипстің ортасы қай жерде деп сұрағың келеді. Орталық таяу
шекараға қарағанда қарсы беттегі шекарадан шамамен екі-үш есе
қашықтапты. “Нағыз эксцентриситет” екені көрініп тұр. Пəлі, оның үстіне
орталық екеу екен ғой. Иə, кешіріңіз, бізде де дəл сондай екеу: Солтүстік
жəне Оңтүстік астаналар...
Қанша дегенмен геосаясат геометрия емес, ал мемлекеттің
географиялық орталығы шеңбердің геометриялық кіндігіне дөп келе
бермейді.
Қазақстанның геосаяси орталығы - сызғышпен өлшеп, мөлшерлеу
ғана емес, көбінесе, айталық, оқшау ойлар һəм келешек. Мəселе астананы
Қазақстанның географиялық орталығына қарай жылжытуда болған жоқ,
мəселе астананы көптеген жағдайда Қазақстанның орталығы бола алатын
нүктеге орналастыруда еді. Яғни географиялық қана емес, сонымен бір
мезгілде геосаяси, қоғамдық, экономикалық, саяси жəне мəдени байланыс-
тардың, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы қатынастарының салмағын көтере
алатын
орталық
болуында.
Нақ
осындай
“жинақталған"
жəне
“ықпалдастырушы" орталық, географиялық орта тұсқа жақын нүкте Астана
деп табылып, ол Қазақстанның жаңа елордасына айналды.
Əрине, астананы көшірудің басқа да үздіксіз болып тұратын қаупі
бар екенін ескермеуге болмайды. Жалпы алғанда түкпірдегі бір қаланы
бірден астана ете салуға болмайтыны сияқты, қаланы астана мəртебесінен
жай ғана айыра салуға тағы болмайды. Сондықтан жаңа жəне ескі
астаналар арасындағы қайшылықтар барлық уақытта қалады. Тіпті бұл
шиеленістің ақыры жөнсіз де жайсыз бəсекелестікке ғана емес, басқа да
ауыр салдарға алып келуі мүмкін. Мысалы, елдің екіге жарылуына.
Енді болған елорданың тарихи ұмытшақтыққа ұрынуы да жаңа
астана үшін елеулі қатер туғызады.
Мемлекет тарихымен үндестікте ғасырлар бойы жасалған астаналық
мəдениеттен өзгешелігі - жаңа астана өзінше бір таза парақ іспетті, өткен
26
мен келешек алдындағы жауапкершілікті ойда ұстай отырып, осы парақ
бетіндегі тарихи қадамдарды мейлінше абайлап, жүз ойланып, мың
толғанып барып жасау қажет.
Астана барлық уақытта мемлекеттің символы жəне оның мəдени,
қоғамдық һəм əлеуметтік дəстүрлерін сақтаушы болып келеді. Бірақ бəрі -
мəдениет те, экономика да, əлеуметтің өзі де өзгеретін кез туады. Əрине,
бұл өзгерістер астананы көшіруді талап етпейді əрі астананы əлдеқайда
“сенімді” жерге көшіру үшін қоғамның саяси құрылымын ауыстыру
соншалықты қажет жəне жеткілікті басты шартқа айналмайды.
Бірақ саясатпен, мəдениетпен жəне қоғаммен бірге мемлекетті
қоршап тұрған əлемнің геосаяси келбеті де өзгеретін кездер болады. Сөйтіп
өңірлік геосаяси картаның өзгеруі мемлекеттің өмір сүру жəне қалыпты
даму мүмкіндігі үшін айтарлықтай елеулі шарт – астананы басқа
географиялық нүктеге ауыстыру қажеттігін алға қояды.
Дегенмен геосаяси ақиқатқа бейімделу жəне соған сай болуға
тырысу қажеттілігі барлық уақытта бірдей туа бермейді. Тым болмағанда,
геосаяси картаның өзгеруі мен астананың орналасқан жерін тым берік
байламдаудан қашу қажет. Əйтпесе мұндай маңызды мəселеде мүлдем
қисынсыздықтарға ұрынып қалуға болады.
Қайта құру кезеңінде Михаил Горбачев бастамашылық жасаған
“кезбе астана” идеясы біршама уақыт саяси ортада тілге тиек болып жүрді.
Сол кезде одақтас республикалар өз биліктерін өздері қолға алып, Мəскеуге
тым қатты шоғырланып кеткен билікті орталықсыздандыру туралы ой-
пікір ахуалы күшейіп келе жатқан. Солай бола тұра, ешкім де КСРО-ның
ыдырауын қаламайтын.
Нəтижесінде геосаясаттың бірқатар теоретиктері “кезбе астана”
ойын іске асыруды ұсынды. “Кезбелік" идеясын ұстанушылардың ойынша,
астана міндеті эстафета қағидаты ретімен Мəскеуден республикалық
астаналардың біріне, ол республикадан басқа республикалық астанаға
беріліп отыруға тиіс. Жəне осылайша сөйтіп кете береді.
Республикалар өздерінің көңіл-қошын қанағаттандырғаннан кейін
астана міндетін атқару Мəскеуге қайта оралады. Бір сөзбен айтқанда:
“қасқыр да тоқ, қой да аман".
Идея бір қарағанда қисынсыз көрінгенімен, мен жөнсіз деп айтпас
едім. Бұл оқиғадағы ең бастысы – жоба авторлары астанаға тəн
орталықтандыру қасиетін “бұлжымайтын қағида" деңгейіне шығарды. Таза
практикалық тұрғыдан алғанда, астананың міндеті айтарлықтай көп жəне
олардың маңызы мемлекеттік бірлік символы міндетінен бір де кем емес.
27
Қалай болғанда да, “кезбе астана” идеясы елдің бірлігін сақтай алғанымен,
қаншама көлденең келеңсіздіктерге алып келер еді. Сөйтіп бұл идея КСРО-
ның ғұмырын ұзартқаннан гөрі, қайта оның тарқауының басты
тездетушісіне айналар еді.
Мысалы,
Коринф
одағының
бас
сұңғыласы
Александр
Македонский Ойкумена жерінің қолға қаратқан бөлігін эллиндендіру
сияқты ғаламат жоспарды жүзеге асыра отырып, жаңа империяның
астанасын Шығысқа - көне Вавилонға көшіргені белгілі.
Александрдың ойынша, бұдан былай осы шығыс Вавилон батыстық
эллин өркениетінің өрісі жəне орталығы болуы тиіс еді.
Бірақ бұл жерде бір мəселені назардан шығарып алмаған жөн -
астананы тек мемлекеттер басшылары ғана құрмайды, астана да ел
басшылығын қалыптастырды. Жаңа астананың жəне жаңадан жаулап
алынған жерлердің шығыстық ықпалы Ұлы Александрдың бойында əлем
туралы жаңаша, батыс пен шығыс мəдениетін біріктіретін, əлдебір
синкретикалық теорияда көрініс тапқан тың түсінік қалыптастырды.
Александрдың нөкерлері боп жүрген македондықтар мен эллиндіктер
патша төңірегіне шығыс сипатының ене бастағанына алғашында наразы
болса,
Александрдың
шығыстық
парсы
бодандары
көне
парсы
мəдениетінің тым эллиндендіріліп бара жатқанына наразы еді. Бірақ қалай
дегенде де астананы шығысқа көшіру Александрға талай уақыт бойы қол
астындағы бодан елге ықпал етіп, оларды өз мүдделері шегінде теңдестіре
ұстауға мүмкіндік берді. Бір сөзбен айтқанда, Эллададан үнді Гифасисіне
дейінгі ала-құла əрі байтақ империясын біршама уақыт бойы тұрақты ұстап
тұруға жағдай туғызды. Сол ежелгі Вавилон тарих толқынында өзінің
бірнеше рет атауын өзгерте отырып, астана ретінде бірнеше мың жыл өмір
сүрді. Сөйтіп, ақырында Ирактың астанасы - көне де ғажайып қала
Бағдатқа айналды.
Астаналар өміріндегі тағы бір тарихи елеулі оқиға, атап айтқанда,
астананың көне Мəскеуден жас Санкт-Петербургке көшірілуі. Көпшілік
осы оқиғаны I Петр алға қойған стратегиялық міндет - “Еуропаға терезе
ашу" шешімінің іске асуы ретінде қабылдайды. Нева өзенінің Балтық
теңізіне құяр тұсындағы батпақты ойпат 1711 жылы Ресей империясын
еуропаландыру процесі басталуы тиіс нүктеге айналды.
Полтава түбінде швед королі Карлды жеңгені I Петрге Ресей
Еуропаға тек өзінің қаруының артықшылығымен ғана емес, Балтық деп
аталатын ежелгі еуропалық теңіздің жағасында орналасқан, өзінің көз
жауын алар астанасымен де лайықты деп пайымдауға шабыт берді.
28
Дегенмен, егер байыппен үңілсек, Ресейді еуропаландыру жай ғана
астананы сауатты Еуропаға жақынырақ көшіре қою есебінен ойдағыдай
жүзеге асты деуге келмейді. Өйткені Мəскеу де еуразиялық алып
құрлықтың еуропалық бөлігінде орналасқан ғой. Ресей сияқты алып
империяны еуропаландыруды сол Мəскеудің өзін еуропаландырудан да
бастап жіберуге болатын еді.
I Петрдің боярлар арасына еуропалық мəнерді – олардың сақалын
жұлып немесе күзеп, дəстүрлі кафтан шапандар орнына қамзолдар киюге
зорлап, ауқатты шонжарлардың балаларын Голландия мен Еуропаның
басқа да елдеріне оқуға жіберу арқылы енгізгені туралы сайқымазақ, алып
қашпа əңгімелер талайдың есінде шығар. Бірақ, егер шындап қарасақ,
боярлық сияқты мықты элиталық топтың қасаң көңіл ауаны Ресейде күшті
болғаны соншалық, олармен күллі Русьтің дара билеушісі де есептеспей
тұра алмады. “Еуропалық тұрмыс-салтын" енгізумен байланысты
боярлардың жаңа ділге көзге көрінбейтін астыртын қарсылығы соншалық,
олармен күрес сақал жұлып, оны күзеумен шектелген жоқ. Сондай-ақ
боярлардың қарсылығына көне салуға Ұлы Петрдің Ресей өмірін
батысеуропалық мəнерде қайта құруға деген мықты ұмтылысы жол
бермеді. Сөйтіп астананы мəртебелі тақ орныққан Мəскеуден өзі алыс, өзін
үнемі су басып кете беретін жерге көшіру - Петрдің ескі мен жаңаны өзінше
бір ымыраға икемдеуі еді. Ежелден ақсүйек боярлар Мəскеуде қала отырып,
өздерінің артықшылықтарын жəне ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-
салттарын барынша сақтап қалды. Ресей империясының əкімшілік басқару
органдары Санкт- Петербургке көшірілді жəне ол Ресей халқының “іскер”
бөлігі - көпестерден, қолөнершілерден, тіпті кей жағдайларда қара
халықтан шыққан өкілдермен толықтырылды.
Əрине, боярлар мен ақсүйектер сөйте тұра мемлекеттік басқару
жүйесіндегі жетекшілік орындарынан айырылған жоқ.
Алайда мемлекетті басқарудың жаңа жағдайы жəне астананың
еуропалық талаптарға жақындығы, қалай болғанда, билеуші тапты іс
жүзінде еуропаша ойлауға мəжбүр етті. Оның үстіне петербургтік
ақсүйектер өз шешімдерінде бұдан былай көне Мəскеуге, ондағы ресейлік
боярлықтың ғасырлар тереңінен тартқан қуат-күшіне ендігі жерде арқа
сүйей алмайтынын білді. Феодалдық қатынастар озбырлығымен əлсіреген
Ресей экономикасы жаңа бір лепті талап етті. Ол леп, I Петрдің пікірі
бойынша, империяға Еуропада бар нарықтық шаруашылықтың негізін
енгізуде жатты. Сондай-ақ Ресей астанасының, шонжарлардың қасарысқан
қарсылығына қарамастан, Санкт-Петербургке ауысуы – Петр айқара ашқан
29
“терезе" арқылы алып империяға лап қойған капиталистік қатынастардың
діңгегін бекітті.
Əйтсе де, Мəскеудің беделі тіпті осындай жайсыз уақыттың өзінде
əрдайым биік, іс жүзінде мызғымай қалды. Беріктігі соншалық, астана
Балтық жағалауына көшкенімен Мəскеу бəрібір елорданың көптеген
міндетін сақтай білді, кейбір үкіметтік институттар Мəскеуде қалды. Ал
1728 - 1732 жылдарда, тағы да төрт жыл бойы қайтадан Ресей
империясының астанасы болды.
Бүкіл мемлекеттің дамуы мақсатында астананы көшірудің мұндай
мысалдарын астаналар шежіресінен көптеп келтіруге болады.
Айталық, өткен ғасырдың елуінші жылдары Бразилия президенті
Жуселину Кубичек ди Оливейра астананы халық аз қоныстанған таулы
аймаққа қарай ауыстырып, ел атымен “Бразилиа” деп аталған жаңа қалаға
көшірді.
Астананы көшірудің бразилиялық тəжірибесіне, меніңше, айрықша
тоқталу қажет.
Бразилиялық мысалдан Қазақстан астанасын көшірудің ұқсастығын
көргендіктен емес. Жəне астананы гүлденген Рио-де-Жанейродан елдің
түкпіріне көшіру өзін ақтаған əрі дұрыс шешім болды ма, жоқ па деген
Достарыңызбен бөлісу: |