Технологиялық өңдеу кезінде пайда болған ақаулар. Ішектердің жыртықтары мен кесіктері - ішектерді ішіндегі заттардан босатып, тазалау кезінде қатты тартып жіберген кезінде немесе ішекті майдан, сілекей қабатынан тазалау кезінде пайда болады.
Көбіктілік - ішектердің жеке қабаттарының араларына ауа кіріп кеткенде пайда болады.
Ластану - ішектің ішінде қалдық заттардың қалып қоюы. Ішектер ішінен және сыртынан ластанады. Ластануға технологиялық тәртіптің бұзылуы, жылы судың жетіспеуі, өңдеу кезінде ішектерді кесіп кету, лас суларда жуу себеп болады.
Майлылық- ішектерді майлардан тазалау кезінде бірқатар майдың қалып қоюы.