№9 оқу ғимараты: 309, 313 дәрісхана
Сабақ кестесіне сәйкес
Кеңес беру уақыты: әр аптаның жұмасы
Рейтинг кестесі (7, 15 апта)
Б.Б.Келгембаева
Ф.ғ.к, доцент
Байланыс ақпараты 25-22-84, baha_fil@mail.ru
Кафедра меңгерушісі Бартосынова Қ.Т.
Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Халық ауыз әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру; ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру болып табылады.
«Халық ауыз әдебиеті» пәнінің негізгі міндеттері - қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;
- қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның қалыптасу тарихынан мәлімет беру;
- қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу болып табылады.