Шқму е ү 027-13-03- студенттерге арналған пән силлабусы


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет4/23
Дата04.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#78991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Силлабус по КУНТ (2)

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

  1. тақырып. Қазақ ауыз әдебиетінің пән ретіндегі болмыс – бітімі, фольклор табиғаты.

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті-фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Пәнді оқыту міндеттері: - фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру; ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру; қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру; қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның ХVIII ғасырда қалыптаса бастауы жайында мәлімет беру; қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу. Фольклортанудың әдебиеттану, өнертану, этнография, тілтану, тарих, философия ғылымдарына қатысы жөнінде мағлұмат беру. Қазақ фольклорының халықтық сипатына үңілту.
Фольклор – ең алғашқы өнер формасы. Фольклор ағылшын тілінен аударғанда халықтық шығармашылық, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген мағына береді. Бұл ұғым 19 - ғасырда ғылыми айналысқа енген. Қазір ғылымда жеке алғанда белгілі бір ұлттың не халықтың, жалпы алғанда бүкіл адамзаттың ықылым замандардан жеткен сан қырлы дәстүрлі рухани мәдениетін фольклор деп атайды. Бүкіл адамзаттың ықылым замандарда қалыптасып бүгінгі күнге жеткен сан қырлы дәстүрлі рухани мәдениетін зерттейтін ғылым саласын фольклортану деп атайды. Фольклортану ғылымы өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайды, әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, философия, педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста болады. Ең алдымен этнографиямен байланысын қарастырайық. «Этнография гректің «этнос» - халық, «графия» - жазу, үйрену деген екі сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша, этнография – халықтардың қоғамдық құрылыстарын, олардың арғы тектерін, өзара қарым-қатынастарын, заттай және рухани мәдениеттерін зерттейтін ғылым» (5, 5б.). Этнография әлемдегі барлық халықтардың тіліндегі, шаруашылығындағы, мәдениетіндегі және қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөледі. Жер бетіндегі әр ұлттың өзіне ғана тән тұрмысы мен мәдениеті болады. Қазақ халқының рухани мәдениетінің аса құнды бір саласы – фольклор оның ұлттық болмысын танытатын маңызды дерек көзі. Фольклорды этнографияға сүйенбей зерттеу мүмкін емес. Этнографиялық материалдарды пайдалану жанрлардың шығу тегін анықтау үшін қажет. Себебі, жанрлардың, сюжеттер мен мотивтердің пайда болуы, өзіндік ерекшеліктері, өмір сүру, өзгеру жолдары да тұрмыспен, болмыспен тығыз байланысты. Этнография өзінің ғылыми мақсаттарына археология, тіл, музыка, антропология, география, салаларымен қатар, фольклортанудың жетістіктерін пайдаланбай жете алмайды. Қазақ халқы ертеден ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ауыз әдебиеті үлгілеріне көз жіберсек, қазақ халқының педагогикалық көзқарастар жүйесі мен сан тарау тағлымдық ойларының мәні ашылады. Ауыз әдебиетінде еңбекке баулу, отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлықты мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, көрегенділік, тапқырлық, достық, тату-тәттілік сияқты адамгершілік игі қасиеттерді дәріптеген сан алуан өлең-жырлар, аңыз-ертегілер баршылық. Сондай-ақ, халық даңққұмарлық, мақтаншақтық, қорқақтық, ездік сияқты жаман қасиеттерден бойын аулақ салуды уағыздаған. Ағайын-туыстар арасындағы жарастық пен татулықты, сыйласу мен қадірлеуді ардақтаған. Кіршіксіз мөлдір махаббатты дәріптеген, өнер иесі болуға үгіттеген. Қыз балаға қатаң талап қойған. «Қызды қырық үйден ти», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без, ата тұрып ұл сөйлегеннен без» т.б. аталы сөздер қыздың қылықты, ибалы болуына, ар-намысын бала жастан сақтауына әсер етеді. Қазақтың этнопедагогикасы бесік жыры мен тұсау кесер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегі мен аңыз, жыр-дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Халық ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті ойларын фольклорлық туындыларға жинақтаған. Ертедегі халқымыздың тәрбие туралы тәжірибесін қорытып, оны жаңа заманға лайықтап, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне негіз ету педагогика ғылымының алдында тұрған зор міндет. Сондықтан педагогика мен фольклортану ғылымы тығыз байланысты. Енді философия мен фольклортанудың байланысына келейік. «Философия – дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады...» (6,7б.). Философиясыз халық жоқ. Өз болмысына үңілмеген, алдын болжамаған, өткен тарихына терең ой жібермеген, өмір мен өлімнің мәні жайлы түйін жасамаған халық болмайды. Қазақ халқының философиялық болжам-түйіндеулері, тұжырымдаулары ауыз әдебиетінен көрініс тапқан. Ауыз әдебиеті – халықтың дүниеге көзқарасының жиынтығы. Одан зерттеушілер ұлтымыздың адам туралы, көсемдер туралы, халық туралы, табиғатқа көзқарасы, адамның қоғамдық қызметі туралы деректер іздеп табады. «Сөз өнерінің басы - фольклорда», - деген М.Горькийдің қағидасын басшылыққа алатын болсақ, халық әдебиеті тіл арқылы жасалатын өнердің негізі және ұлт тілінің ең көне қабаттарының көзі ретінде тілтанушыға аса құнды материал бола алады. Мәселен, «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мақалды алайық. Осы мақалдағы «батпан» мен «мысқыл» сөздерінің мәнін білмей мақалдағы айтылмыш ойды түсіну мүмкін емес. Осындағы батпан да, мысқал да иран тіліндегі өлшемдер (батпан – 24 кг, мысқал – грамның 4,6 бөлігі) екен. Бұл сөздердің мәнін ашу арқылы жобалап болсын мақалдың шыққан уақыты араб шапқыншылығынан кейінгі дәуірлерде, яғни тілімізге араб-парсы тілдерінің әсері күшейген уақытта деуге болады. Тілдің тарихын, қазіргі тіліміздегі заңдылықтардың мәнін, тіл мен ойлаудың, тіл мен мәдениеттің байланысын ашу үшін ауыз әдебиетін дерек көзі ретінде пайдалану қажет-ақ. Сондықтан тіл білімі фольклортану ғылымының деректеріне үнемі сүйеніп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет