Шқму е ү 027-13-03- студенттерге арналған пән силлабусы


-тақырып. Фольклорды тегі мен жанрына қарай жіктеу, тарихи зерттеу принциптері



бет6/23
Дата04.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#78991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Силлабус по КУНТ (2)

3-тақырып. Фольклорды тегі мен жанрына қарай жіктеу, тарихи зерттеу принциптері
Жанр категориясы – фольклортану ғылымындағы негізгі мәселе. Жанрға түрлі ғылымдар саласынан берілген анықтамалар қисапсыз. Фольклортану ғылымы тұрғысынан берілген анықтамалар да баршылық. С.А. Қасқабасовтың анықтауынша: «Жанр дегеніміз - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы» (1, 6 б.). Б.Уахатовтың берген анықтамасы мынадай: «Жанр – белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан көркемдік форма» (2, 75б.). Фольклордың тарихы – дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша. Фольклор жанрларын идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, өмірде атқаратын қызметіне (функциясына) қарай жіктейді. Фольклорлық жанрларда эпикалық, лирикалық, драмалық белгілер орын алады. Лирика мен эпостың синтезделуі арқылы жасалған аралық жанрлар да бар. Жыр түрлері мен ертегі, аңыздарға эпикалық белгілер етене болса, қара өлең, терме, бесік жырында лиризм басым. Ал тұрмыс-салт жырлары, ақындар айтысының мекен бірлігі мен оқиға бірлігі сақталатындықтан драмаға жақындайтынын бірқатар қазақ фольклористері атап көрсеткен.
4-тақырып. Қазақ фольклорының қалыптасып, даму кезеңдері
Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі үрдіс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Феодалдық қоғамдағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Феодалдық дәуірдегі фольклордың ең өзекті тақырыбы - елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фольклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс, 1940-45ж.ж. Ұлы Отан соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет