*** Обаға тән емес белгі//
Токсикоз//
+Эксикоз//
Қызба, ор сияқты ақ тіл//
Сандырақтау//
Лимфатүіндерінің үлкеюі
*** Ботулизмге айқын емес//
+Қызба, іш өту//
Іш қату//
Диплопия, птоз//
Жұмсақ таңдайдығ парезі//
Қалыпты температура (дене қызуы)
***
Аурудың себебін және таралуын, болжамын және қауіп факторларын зерттеу түрін анықтаңыз//
+когортты зерттеу (проспективті)//
жағдай-бақылау» зерттеуі (ретроспективті)//
көлденең зерттеу//
бірталай жағдайларды зерттеу немесе суреттеу//
тарихи когортты зерттеу
***
Жүктіліктің ерте мерзімінде дәрігер қынаптық зерттеу жүргізді. Төменде аталған жүкктіліктің қайсы белгісі маңызды болып саналады//
жатыр мойны аймағының жұмсаруы//
жатыр пальпациясында тығыздалуы//
+жатыр көлемінің ұлғаюы, консистенциясының жұмсаруы//
жатыр бұрышының ассиметриясы//
жатыр өлшемінің ұлғаюы және солға ауытқуы
*** Әйел адам, 25 жаста, ауылда тұрады. «Жедел бруцеллез» диагнозы бойынша тексерілуде. Қоздырғышты анықтайтын неғұрлым информативті лабораторлық әдісті атаңыз//
жалпы қан анализі//
биохимиялық қан анализі//
серологиялық қан анализі//
+бактериологиялық қан анализі//
иммунологиялык қан анализі
*** Түскі ас кезінде науқас кафенің мәзірінен қуырылған тауық еті, шоколад, кофемен тамақтанғаннан 1,5-2,0 сағаттан соң науқас өзін нашар сезініп, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну, іш өтуге шағымданды. Қандай микроорганизм бұл жағдайды тудырды//
Eschechia coli//
Proteus mirabilis//
+Salmonella typhimurium//
Staphilococcus aureus//
Streptococcus faecalis
*** Әйел адам 40 жаста, ауруының 13-күні, шағымдары: лоқсу, құсу, ұйқышылдық, қызыл иектің қанауы, зәрдің қоюлануы мен нәжістің түссізденуі. Ауруы біртіндеп басталды: әлсіздіктен, тәбетінің жоғалуы, буынының ауру сезімі, дене қызуының 37,3°С көтерілуінен. Объективті: терісі сарғыш, бауыр мен көкбауыры ұлғайған. Госпитализация алдындағы этапта лабораторлық диагностиканың неғұрлым информативті әдісін атаңыз//
гемокультураға қан анализі//
иммунограммаға қан анализі//
ВГ маркерларына қан анализі//
+биохимиялық қан анализі//
ПЦР-ге қан анализі
*** Қынаптық зерттеу кезінде, плацентаның толық ажырауы барысында анықталады//
ұрықтың басы//
ұрықтың жамбас бөлігі//
+ұрық қабығы//
ішкі ернеудегі қыртысты тін//
жатыр мойны аймағының жұмсаруы
*** Мұрыннан қан кету кезінде науқас дұрыс жату керек//
Қырынан//
Бетімен төмен//
Аяғын көтеріп арқасымен жату//
+Басын жоғары көтеріп және артқа шалқайту//
Науқасының қалай жатуы мән берілмейді
***
Іш сүзегінің асқынуы дамиды (іштің тесілуі, іштен қан кету)//
2 күннен кейін//
1 аптадан кейін//
2 аптадан кейін//
+3 аптадан кейін//
1 айдан кейін
***
Басталған түсік сипатталмайды//
іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы//
қанды бөліністер//
жатыр мойнының жұмсару және қысқару белгілері//
ұрық жұмыртқасы элементтерінің бөлінуі//
+жатыр көлемінің өзгеруі
***
Қалыпты жағдайда ұрықтың бір минутта жүрек соғу жиілігі//
80-90 соққы//
100-110 соққы//
+120-140 соққы//
170-180 соққы//
160-170 соққы
***
ДДСҰ бойынша физиологиялық жүктілікте дәрігерге келу саны неше рет болуы тиіс//
айына 1 реттен кем емес//
2 аптада 1 реттен кем емес//
+жүктілік барысында 4 рет//
жүктілік барысында 10-14 реттен кем емес//
жүктілік барысында 2 рет
*** Миокард инфарктісінде, Принцметалл стенокардиясында, перикардитте және өкпе артериясының тромбофлебитіндегі кездесетін, сонымен қатар диагностиканы қиындатуы мүмкін ЭКГ көріністері//
Q тісшесі//
QS тісшесі//
ST сегментінің депрессиясы//
+ST сегментінің жоғарлауы//
теріс Т тісшесі
*** Жүктілік кезінде екінші критикалық кезең несімен қауіпті//
+тератогенді әсердің дамуымен//
ұрықтың өлуімен//
фетотоксикалық әсердің дамуымен//
эмбриотоксикалық әсердің дамуымен//
эктопиялық жүктіліктің дамуымен
***
Әйел адам, 18 жаста, ауруының 18-күні түсті. Ауруы жедел басталды: дене қызуының (39-40°С) көтерілуінен, бас аурудан. Пневмонияға байланысты ем қабылдаған, әсері болған жоқ. Түскен кезде: дене қызуы 39°С, жалпы жағдайы ауыр. Әлсіз, ұйқышыл. Іш және кеуде терісінде бірлі-жарым розеолалар. АҚ– 90/60 мм.сын.бағ. Пульс – 90соғ/мин. Іші кернелген, ауырады, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы. Ұрғылау симптомы екі жақтан да оң. Неғұрлым мүмкін болатын диагнозы қандай//
вирусты гепатит, геморрагиялық синдром//
менингококкты инфекция, инфекциялық-токсикалық шок//
геморрагиялық қызба, инфекциялық-токсикалық шок//
+іш сүзегі, инфекциялық-токсикалық шок//
лептоспироз, инфекциялық-токсикалық шок
*** 26 жастағы Н. әйелдер консультациясына 2 ай бойы етеккірдің келмеуіне ,іштің төменгі бөлігінің тартып ауыруына шағымданып келді. Қынап арқылы қараған кезде 8 апталық жүктіліккке дейін ұлғайған жатыр анықталады, цервикальды канал жабық, жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал//
жатырдан тыс жүктілік//
дамымаған жүктілік//
+жүктілік 8 апта. Түсік қаупі//
жатыр миомасы//
толық емес түсік
*** Тырысқақ ауру анықталғанда дәрілердің тактикасы//
Көк тамырға тұзды ерітінді жіберу, сұйықтарды жіберу//
Шұғыл хабарлама СӘС-ке жіберу, госпитализациялау//
Байланысты болған адамдардың тізімін жасау//
Әжетханаға баруды тоқтату//
+Қолды және бетті спиртпен сүртіп, мұрынға және көзге стрептомицин тамызу, маска, қолғап киюі
*** Шағымдары етеккірдің келмеуіне. Соңғы етеккірі - 2 ай бұрын. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пульс 96 рет мин, артериальды қан қысымы 100/60 мм.рт.ст. Гинекологиялық статус: айнада жатыр мойны, жатыр мойны кілігей қабаты көгерген. Ақшыл бөліністер. PW: жатыр мойны цилидрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыр 6-7 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, консистенциясы жұмсақ. Жатыр қосалқылары пальпацияланбайды. Артқы өтіс бос, ауырсынусыз, бөліністер ақ түсті. Жүктіліктің физиологиялық өзгерісіне не жатады//
етеккірдің келмеуі, пульс 96 рет/мин, қынаптың көгеруі//
жатыр көлемінің ұлғаюы, пульс 96 рет/мин//
жатыр көлемінің ұлғаюы, жұмсақ консистенция. Пульс 96 рет/мин//
+етеккірдің келмеуі, қынаптың көгеруі. Жатыр көлемінің ұлғаюы//
жатыр көлемінің ұлғаюы, етеккірдің келмеуі
*** Жүктілерде қалыпты орналасқан плацентаның мерзінен бұрын ажырауы болады//
+гестозда//
гиперандрогенияда//
қалқанша безінің ауруында//
қант диабетінде//
анемияда
*** ЖТД да 25 жастағы әйел жүктілігіне байланысты келді. 14-15 аптасында әйел тұмаумен ауырған, содан кейін ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну, қанда прогестерон деңгейі төмендегені анықталды. Болжам диагноз қандай//
+жүктіліктің үзілу қаупі//
толық токсикоз//
ұрықтың құрсақ ішілік өлімі//
жүрістегі түсік//
жедел іш
***
Жанұялық амбулаториядағы жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас өзінің жүрек аймағындағы ауырсынуға, жүрек соғуының өзгеруіне шағымданып келді. Тексерген кезде: ЭКГ–де жиі және ретсіз қалыпты комплексті QRS синусті ритмді онымен қоса Р тісшесі өзгерген, PQ интервалы қысқарған және толық емес компенсаторлы үзіліспен. Науқастың шағымдарын және ЭКГ-дағы өзгерістерді немен түсіндіруге болады//
синусты аритмия//
атриовентрикулярлы блокада ІІ кезең//
+жүрекшелік экстрасистолия//
қарыншалық экстрасистолия//
жыпылық аритмиясы
***
Жанұялық дәрігерге 56 жастағы науқас келді. Оның шағымдары: кеуде және эпигастрии аймағындағы қысылып ауырсыну. ЭКГ: RII,III,AVF тісшесін вольтажының төмендеуі, STII, III, AVF интервалының депрессиясы. Диагноз қою үшін ең бірінші қандай тексеруден өту керек екенін көрсетіңіз//
Велоэргометрия//
қандағы холестерин, триглицеридті//
+Кардиоспецификалық ферменттерді//
ЭКГ холтерлік монитерлеу//
ЭхоКГ
***
Науқас 64 жаста, тракторист, қысқа шөпті дайындағаннан кейін бірден ауырған. Пневмония диагнозы қойылды. Амоксициллин тағайындалды. Емдеу жағдайында науқастың жалпы жағдайы төмендеді: ентігу үдей түсуде, әлсіздік, дегбірсіздік, шаршағыштық, қатты тыныс алғанда жөтелу болады. Өкпенің жоғарғы бөлігінде крепитация естіледі, және ол жөтелу кезіндедеөзгермейді. Амоксициллинді тоқтатқаннан кейін 40мг/тәу преднизолон 10 мг тағайындалды, оның мөлшерін біртіндеп азайту керек. Ары қарайғы емдеу әрекетін таңдаңыз//
+Сол мөлшерде преднизолонды қабылдай береді//
90мг-ға дейін преднизолон мөлшерін көбейту//
Физио ем тағайындау//
преднизолонды алып тастау//
делагил тағайындау//
*** Жаңа туған нәресте үшінші патронажында жүргізілмейді//
жаңа туған нәресте жағдайын бағалау//
ана сүтімен тамақтандыру туралы ұсыныстар//
транзиторлы жағдайдың болуын немесе болмауын бағалау//
+қанның клиникалық анализі және жалпы зәр анализі//
нәресте күтімі жайлы ұсыныстар.
*** 5-жастағы баланы қарауға дәрігер шақырылды. Шағымдары: дене қызуының 38,9°С-дейін жоғарлауына, таңға жақын қабақтарының жабысуы. Қараған кезде склерадағы тамырлардың инъецирленуі, көзінен жасыл-сары бөліндінің бөлінуіне шағымданды. Пальпация кезінде жақ асты, мойын, қолтық астындағы лимфа түйіндерінің ұлғайғандағы анықталды. Араны қызарған. Тілі аздап ақ жабынмен жабылған. Бадамша безі ұлғайған. Балада ғы инфекцияның қай түрі нақтырақ//
риновирусты, орташа ауырлық дәрежеде//
реовирусты, ауыр дәрежеде//
+аденовирусты, орташа ауырлық дәрежеде//
парагриппозды, жеңіл дәрежеде//
микоплазменді, орташа ауырлық дәрежеде
***
Науқаста алғаш пайда болған стенокардия. Шағымдары бойынша науқастың кеуде бөлігінің қысып ауыруы, ол ауырсыну 30 минутқа дейін созылғандығын және нитроглицеринмен басылмайды. Жедел жәрдем бригадасы үйге шақырылған. Дәрігер тәсілін көрсетіңіз//
+Нейролептаналгезия//
Оксигенотерапия//
Кальций антагонистері//
к/т тамшылатып нитроглицерин енгізу//
Бета-блокаторлар
***
Іріңді – қабыну аурулары пайда болуы бойынша қауіп тобына жататын нәрестені бақылау барысында жетекші белгі болып саналмайды//
дене температурасы//
кіндік жарасының және терісінің жағдайы//
кекірудің болуы және нәжіс сипаты//
салмақ және бой қосуы//
+жүрек тондарының және жиырылуының дыбыстылығы
*** 45 жастағы әйелді үйінде қарау. Шағымы бүкіл денесіндегі қышитын бөрпенің пайда болуына, дене қызуының 38,80С-дейін жоғарлауына, қатты жөтелге байланысты тыныс алуының қиындауына шағымданды. ЖРВИ-мен ауырған, өздігінен к/т цефтриаксон алған. Антибиотиктердің қандай тобы болашақта науқасқа аналогиялық реакция беруі мүмкін//
Линкозамидтер//
Аминогликозидтер//
+Пенициллиндер//
Азалидтер//
Фторхинолондар
***
Асылып қалғандағы странгуляциялық асфиксиясында науқасқа дәрігердің көмек көрсету тактикасы//
науқасты жіптен босату, жансыздандыру, оксигенотерапия, ауруханаға жатқызу//
+науқасты жіптен босатып, тыныс алу мускулатурасын релаксациялау, ӨЖВ, ауруханаға тасымалдау//
науқасты асылу орнынан алуы, ӨЖВ, ауруханаға тасымалдау//
науқасты шешіп алып, тұзақты кесіп, өмірге қабілеттілігін анықтап, полиция қызметкерлеріне хабарлап, ӨЖВ, ауруханаға тасымалдау//
науқасты босатып, мускулатура релаксациясын қамтамас ету, ӨЖВ, ауруханаға тасымалдау
*** Кез – келген диагностикалау және емдеу әдісінің алтын стандарты болып табылады//
+рандомизирленген бақыламалы клиникалық зерттеу//
нәтижені ұзақ бақылаумен жүретін когортты зерттеу//
соңын объективті бағалаумен жүретін когортты зерттеу//
соңын объективті бағалаумен жүретін «жағдай-бақылау» түріндегі зерттеу//
рандомизирленген бақыланбайтын зерттеу
*** Дәлелденген медицина тағайындамаларының градациясын анықтаңыз, егер кем дегенде, 1 мета –анализ немесе жүйелі шолу немесе РКИ, 1++ болып бағаланған және тиісті популяцияға сәйкес болса//
+А ұсынысы//
В ұсынысы//
С ұсынысы//
Д ұсынысы//
Е ұсынысы
*** Клиникалық зертеудің емінің тиімділігінің сапасының алтын стандарты//
+екі жақты соқыр рандомизирленген бақыламалы клиникалық зерттеу//
нәтижені ұзақ бақылаумен проспективті когортты зерттеу//
соңын объективті бақылаумен жүретін когортты зерттеу//
соңын объективті бағалаумен жүретін «жағдай-бақылау» түріндегі зерттеу//
рандомизирленген бақыланбайтын зерттеу
***
Қысқа уақыт ішінде зерттелетін бақылау тобы жоқ кіші топтарда көңіл аударатын сипаттамалардың белгілі саны берілген оптимальды зерттеу түрін көрсетіңіз. Мысалы: қан тамырларын қарайтын хирург, мидың ишемиясы бар 100 науқастың ұйқы артериясының реваскуляризациясының қорытындысын сипаттаған//
когортты зерттеу(проспективті)//
«жағдай - бақылау» зерттеулері (ретроспективті)//
көлденең зерттеу//
+жағдайлардың серияларын зерттеу немесе суреттеу//
тарихи когортты зерттеу
*** Ауру тарихи бойынша нәтижелері зерттелетін, ал бақылау қазіргі уақытта жүргізілетін болса қандай зерттеу әдісі қолданылады//
когортты зерттеу (проспективті)//
+«жағдай-бақылау» зерттеу (ретроспективті)//
көлденең зерттеу//
жағдайлардың серияларын зерттеу немесе суреттеу//
тарихи когортты зерттеу
*** Мета-анализ түсінігі//
+статистикалық әдістерді қолдану//
орташа арифметикалық есептеу//
жалпы көрсеткіштерді есептеу//
дәлелді нәтиже//
дәлелді емес нәтиже
*** Ер адам 25 жаста, жедел ауырды. Шағымдары: маңдай аймағындағы бас ауру, көз орбитасының ауруы, қалтырау, бұлшықеттегі, сүйек және буындағы ауру сезімі, тамағының ауруы, мұрын бітелуі, дене қызуының 39°C-қа көтерілуі. Объективті: ауруының 2-күні бетінің гиперемиясы мен ісінуі, склера тамырлары иньекциясы, мұрнынан серозды бөліністер, құрғақ жөтел мен тахикардия. Неғұрлым мүмкін болатын диагнозы қандай//
Қызылша//
ЖРВИ//
+Тұмау//
Парагрипп//
Баспа
*** Берілген зерттеудің бастапқы қорытындысы зиянды екені белгілі болса, зерттеуді қалай жасау керек//
+зерттеуді жедел тоқтатады//
зерттеуді жалғастырады//
уақытша зерттеуді тоқтатады//
тағы бір зерттеуді қосады//
берілген зерттеудің артықшылығын бағалайды
*** Ретроспективті зертеу ұғымына жатады//
+өткен жағдайларды бағалау//
тексеру жоспарын құру//
мәліметті жинау ретін қалыптастыру//
жоспар бойынша тексеруді жүргізу//
мәліметтерді талдауды жоспарлау
*** Науқас Р. бас ауруы мен әлсіздікке шағымданады. Склера тамырларының бір жағы қызарған. Пальпаторлы: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған. Бауыр мен көкбауырдың ұлғайғаны байқалады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бадамша бездері нүкте және аралшалар түріндегі ақшыл болбыр жабынмен жабылып, ұлғайған. ЖҚА-де: лейкопения, эозинопения, ЭТЖ - 18 мм/сағ. Диагнозды көрсетіңіз//
Риновирусты инфекция орташа ауырлықта//
+Аденовирусты инфекция орташа ауырлықта//
Реовирусты инфекция орташа ауырлықта//
Парагриппозды инфекция орташа ауырлықта//
Микоплазмалы инфекция орташа ауырлықта
*** Дәлелді медицина жөнінде берілген ұғымдардың анықтамасы//
+тәжірибе мен зерттеуге негізделген медицина//
философиялық ұғымға негізделген медицина//
атақты адамдарға негізделген медицина//
әлеуметтік критерийге негізделген медицина//
жинақтау технологиясы мен сындық талдауға негізделген медицина
*** 34 жастағы А. деген әйел тез және қысқа уақытты реакцияларға бейім, бұл оған қысқа уақытқа өз күшін ауыр жұмысты орындатуға және өзін шабуылдан қорғауға қолданады. Бұл адам тәкапарлық пен шыншылдықты басты санайтын адам. Суреттелген әйел қайсы темпераментке жатады//
Сангвиник//
+Холерик//
Меланхолик//
Флегматик//
Астеник
***
Медициналық ұжымда серіктестік қарым-қатынас күшейтеді//
Ұжым жетекшісінің авторитарлы позициясын//
Ұжым жетекшісінің демократиялық позициясын//
Ұжым жетекшісінің адамгершілік позициясын//
+Ұжым жетекшісінің еліктеу позициясын//
Ұжым жетекшісінің бақылаушы позициясын
***
Дәрігерге қаралуға мылқау науқас келді. Бұл жағдайда дәрігер неге және қандай коммуникация әдістерін қолданады//
Вербальды қарым-қатынас, өйткені мылқаулар ерін қимылынан барлығын оқи алады//
Вербальды емес қарым-қатынас, өйткені мылқаулар барлық дене тілдерін өте жақсы игерген – мимикамен, дене қалпын, қимыл –қозғалыстарды ыммен білдіру//
Паравербальды қарым-қатынас, өйткені мылқаулар интонацияның, дауыстың, үзілістің шамалы өзгерісіне тез мән береді және т.б//
+Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өйткені тек осындай комплекс мұндай категориялы науқастарға толық құнды ақпаратты беруді қамтамасыз етеді//
Вербальды және паравербальды қарым-қатынас, өйткені мұндай науқастар мимика, ыммен білдіру және т.б назар аудармайды
***
А.Е.Личко бойынша басты белгісі асоциальды қылықтарға, арсыздыққа, өтірікке бейімділік болып табылатын, акцентуация түрін анықтаңыз, бұл олардың патологиялық сипатын көрсетеді (психопатия)//
+Тұрақсыз//
Истероидты//
Астеноневротикалық//
Эпилептоидты//
Сенситивті
***
Науқасқа кеңес беру кезінде дәрігер науқастың дене қалпы мен мимикасына қарап, оның агрессивті екенін, қандайда бір мәселені жасырып тұрғанын байқады. Бұл жағдайда қарым-қатынас қандай рөл ойнайды//
Ақпарат алмасу//
Науқасқа әсер ету//
Кәсіби білімін жақсарту//
Дәрігер имиджін жақсарту//
+Қатынас орнату
***
Науқасқа кеңес беру кезінде ауруына байланысты шақырылған есте сақтау мен сөйлеудің бұзылуы анықталды. Бұл жағдайда қандай қарым-қатынас әдістері қолданылады және не үшін қолданылуы мүмкін//
Вербальды, өйткені ерін бойынша ақпаратты оқуы мүмкін//
Вербальды емес, өйткені бұл жағдайда мимика мен ыммен білдіру көмектесуі мүмкін//
Визуалды заттарды қолдану, өйткені науқаста көру ассоциациясы сақталуы мүмкін//
Туыстарды араластыру, өйткені бұл жағдайда олардың қатысуы көмектесуі мүмкін//
+Әр түрлі қарым-қатынас түрлерін бірлестіру, өйткені бұл жағдайда тек комплексті көзқарас толық құнды қарым-қатынасты қамтамасыз етуі мүмкін
***
Орталық белгісі тұйықталу, шектелу, алшақтау, бөгде пікірге қызықпаушылық болып табылатын К.Леонгард бойынша тұлға түрлерін анықтаңыз. Бұған интеллектуалды қызметке жоғары қызығушылық ықпал етті (екінші сигналды жүйенің болуы)//
Дамымайтын//
+Интроверт//
Қозғыш//
Педант//
Демонстративті
***
Дәрігер қабылдауына шетелдік науқас келді. Қандай коммуникация әдістері қолданылады және бұл жағдайда дәрігер нені қолданады//
Вербальды қарым-қатынас, өйткені тілді білмейтіндердің барлығы еріннен барлығын оқиды//
Вербальды емес қарым-қатынас, өйткені тілді білмейтіндер бәрінен бұрын дене тілін жақсы біледі – мимика, дене қалпы, ыммен білдіру//
Аудармашы арқылы, өйткені тілді білмейтіндер аудармашыға толығымен сенеді//
Вербальды және аудармашы арқылы, өйткені тек осындай комплекс бұл категориялы науқастарға толық құнды ақпарат беруді қамтамасыз етеді//
+Вербальды емес және аудармашы арқылы, өйткені мұндай науқастар сөзге, интонацияға, тембрге назар аудармайды
***
Олигофрениямен зардап шегетін 45 жастағы науқас, тұрғылықты жері бойынша емханада тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша асқазан ойық жарасы диагнозы қойылды. Науқасқа оның ауруы туралы хабарлау үшін, жанұялық дәрігер неге және қандай әрекетті таңдауы керек//
Науқасқа толық диагнозды хабарлау керек, өйткені бұл барлық жағдайда маңызды//
Науқасқа диагнозды хабарламау керек, өйткені ол өзін адекватты емес ұстауы мүмкін//
Амбулаторлы картада диагнозды латын тілінде жазып, науқас қолына беру керек, өйткені бұл мүгедектік тобын анықтау үшін қажет болуы мүмкін//
+Толық диагнозды науқастың туыстарына хабарлау керек, өйткені дәрігер тамаққа тәбеті төмен науқасты туыстарына айтуға міндетті//
Психиатр қатысымен толық диагнозды хабарлау, өйткені бұл емді реттеу үшін маңызды
***
Медициналық ұжымда серіктестік қарым-қатынас жақсартады//
Кіші ұжымдағы бәсекелестік қарым-қатынас//
Бөтен қателерді талқылау//
Қызмет баспалдағында тұрған деңгей бойынша қызметкерлерді бөлу//
+Бір-бірінің қызығушылықтарын құрметтеу//
Ұжым жетекшісінің авторитарлы позициясы
***
Клиника директорына науқас дәрігеріне шағым айтып келді. Науқастың айтуы бойынша дәрігер басында селқос, зейінсіз болған, ал қазір тітіркенгіш, тіпті ашушаң. Кәсіби деформация түрін көрсетіңіз//
Эмоционалды жану синдромы, бірінші түрі//
+Эмоционалды жану синдромы, екінші түрі//
Созылмалы шаршағыштық синдромы, бірінші түрі//
Эмоционалды жану синдромы, үшінші түрі//
Созылмалы шаршағыштық синдромы, екінші түрі
***
20 жастағы жүкті әйелге АҚТҚ-инфекциясына тест жүргізгенде оң нәтиже анықталды. АҚТҚ жұқтырған аяғы ауыр әйелді жүргізу кезіндегі акушер-гинекологтың әрекеті//
Жұқпалы аурулар ауруханасында тексеру//
+Ары қарай тексеру үшін СПИД-орталығына жіберу//
Науқастар мен жұқтырғандарды ерте анықтау үшін, жыныстық қатынаста болғандарды анықтау//
Инфекцияның алдын алу мақсатында туыстарымен әңгіме жүргізу//
Инфекцияның алдын алу мақсатында әріптестерімен әңгіме жүргізу
***
Сол және бір патологияны емдеу кезінде екі дәрілік препараттар әсерінің салыстырмалы талдауын жүргізуге қандай тексеру барлығынан жақсы//
+Рандомизирленген бақыланатын тексеру//
Көлденең тексеру//
Когортты тексеру//
Жағдай бақылау//
Жағдайлар сериясы
***
Қазақстанның бір онкодиспансерінде фертильді жастағы әйелдер арасында жатыр ісігінің даму қауіп факторын оқыту бойынша, проспективті когорты сынақ жүргізілді. 80 әйел кіретін бақылау ұзақтығы 3 жылды құрайды. Қосымша нәтижелер бар. Берілген тексеру мәліметтері Кохран библиотекасының база мәліметтеріне кіруі мүмкін бе//
Иә, өйткені берілген база жүргізілген сынақтардың барлық ақпараттарын жинайды//
Иә, өйткені берілген базаның тізіміне осындай тексеру түрі кіреді//
Жоқ, өйткені берілген базаға тек АҚШ-та жүргізілген барлық тексерулер кіреді//
Жоқ, өйткені берілген базаға ағылшын тілінде рәсімделген тексерулер кіреді//
+Жоқ, өйткені берілген базаға тыңғылықты таңдалған және жоғары әдістемелік деңгейдегі тексерулер кіреді
***
Дәлелді медицина бойынша іздеуді жүргізу кезінде жиі Medline қолданылады. Ол нені білдіреді//
Клиникалық жетекші мәліметтерінің базасын//
Жүйелік шолу мәліметтерінің базасын//
Әмбебап ағылшын тілді іздеу машинасын//
+Үздік тексерулердің отандық база мәліметтері//
Шетелдік реферативті-библиографиялық база мәліметтері
***
Бастауыш сынып оқушыларында көрудің нашарлауын тексеру жоспарлануда. Бұл үшін қайсы тексеру жүргізіледі//
Жағдайлар сериясы//
Жағдай-бақылау//
Когортты тексеру//
+Көлденең тексеру//
Рандомизирленген бақыланатын тексеру
***
Кез-келген емдеу әдістерінің алтын стандарты не болып табылады және неге//
+Рандомизирленген бақылап тексеру, өйткені ол шынайы, ең қатал дизайн//
Жағдай-бақылау, өйткені бұл алып қарағанда тексеруді орындау бойынша салыстырмалытез және қымбат емес//
Когортты тексеру, өйткені сараптамалық емес және проспективті//
Жағдай сериялары, өйткені алынған мәліметтер тәжірибеде сирек кездесетін жағдайлар болуы мүмкін//
Көлденең тексеру, өйткені ол бір ретті, популяциялар сипаттамасынан бір сәттік қиюларды құрастырумен
***
Сәуле алған ата-аналардан туылған, балалардағы қалқанша безінің патологиясын таралуын оқыту міндетті түрде жүргізілуі керек. Бұл сұраққа қандай тексеру барлығынан жақсы жауап береді//
Жағдай сериялары//
Көлденең тексеру//
Жағдай-бақылау//
+Когортты тексеру//
Рандомизирленген бақыланатын тексеру
***
Өрт болған жерден 56 жастағы С. атты науқас жеткізілді. Өрт сөндіріп жатқанда кезде, қысқа уақытта есінен тану байқалған, біраз уақыттан кейін ол қозу мен тырысуға ауысқан. АҚҚ 180/100 мм.с.б.б., ЖСЖ 100 рет/мин. Дәрігердің әрекетін анықтаңыз//
асқазанын шаю, к/т бемегрид, кордиамин, оттегі ингаляциясы//
ерте және көп мөлшерде оксигенотерапия, сірке қышқылының буына дем алдыру, к/т бемегрид, кордиамин//
қайталап асқазанды шаю, к/т налоксон, кордиамин//
+ерте және көп мөлшерде оксигенотерапия, глюкоза 5%, новокаин 0,5%//
асқазанды шаю, к/т кордиамин, аминазин, оттегі ингаляциясы
***
Сізді осыдан 15 күн бұрын жедел аппендицитке операция жасалынған науқас шақырды. Науқасты оң жақ кеуде тұсындағы ауырсыну, қалшылдау, гектикалық қызба мазалайды. Осы кездегі сіздің іс әрекетіңіз//
Хирургтің қабылдауына жолдау//
+хирургиялық бөлімге жедел жатқызу//
терапевтің қабылдауына жолдау//
ретапиялық бөлімге жатқызу//
күндізгі стационарға жатуды тағайындау
***
Цефтриаксон қолданғаннан кейінгі интерстициалды нефриттің туындау жиілігін тексеру жоспарлануда. Қандай тексеру нақты мәлімет береді//
Жағдайлар сериясы//
Тәуелсіз соқыр тексеру//
Рандомизирленген бақыланатын тексеру//
+Проспективті когортты тексеру//
Көлденең тексеру
***
Созылмалы бронхитпен бірлескен артериалды гипертензиямен ауыратын науқастарда амлодипин әсерін меңгеру бойынша тексеру жүргізілді, негізгі топқа 80 науқас және бақылау тобында 20 науқас кіретін тексеру ұзақтығы 1 жыл, 70% науқастарда әсерлілік байқалған. Қосымша нәтижелер бар. Берілген тексеру А дәлелді деңгейге жатуы мүмкін бе//
Иә, олар нақты дәлелге сүйенуіне байланысты, толық сеніммен көрінеді//
Иә, салыстырмалы сендіру//
Иә, өйткені бұл дәлел жоғары сапалы жүйелі шолуға жатады//
+Жоқ, дәлелденген нәтижелер жеткіліксіз//
Жоқ, өйткені дәлел жеткіліксіз, бірақ бұл нұсқаулар белгілі бір жағдайды ескере отырып қолданылуы мүмкін
***
Ревматоидты артритпен ауыратын науқас пироксикам қабылдағаннан соң, эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болғанын айтады. Бұл мәселені шешу үшін, клиникалық сұрақты негіздеңіз//
Пироксикамның жағымсыз әсерлері//
Ревматоидты артритпен науқастардағы гастропатияның туындау жиілігі//
Коллагенозбен ауыратын науқастардың пироксикам қабылдағаннан соң асқынуы//
+Ревматоидты артритпен науқастардағы СЕҚҚП (НПВС) қабылдағаннан соң гастропатияның туындауы//
Ревматоидты артритпен науқастардағы эпигастрий аймағындғы ауырсынудың асқыну дамуының жиілігі
***
Науқас әйел адам, 40 жаста, соңғы 9 ай ішінде естудің нашарлауына шағымданды. Анамнезінде тәулігіне стрептомициннің 1 000 000 ӘБ инъекция қабылдаған. Емдеу барысында естудің нашарлауы мен жоғары деңгейдегі шуылы байқалған. ЛОР ағзаларын қарап тексергенде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Естуді тексеру барысында естуді қабылдау типі бойынша бұзылысы анықталды. Осы патология бойынша құлақта қандай патологоанатомиялық өзгерістер бар//
Дабыл қуысының ішкі қабырғасында фиброз дамыған, лабиринт терезелерінің тығыздалуы//
Дабыл жарғағының, қуысының, фистулының, көлденең жартылай айналмалы каналдың қабырғаларының бойында сүйек диструкциясы пайда болады//
+Кортиев мүшесінде, жүйке талшықтарында және спиралды ганглийлердің жасушаларындағы дегенеративті өзгерістер//
Лабиринттің сүйекті капсуласы спонгиозды тінмен алмастырылады, бұл үрдіс қозғалмалы үзеңгі сүйекшенің және домалақ байламға таралады//
Эндолимфалық қапшыққа судың жиналуы (гидропс)
***
Науқаста келесі отоскопиялық көрініс байқалады: гиперемия, дабыл жарғағының ісінуі, нүктелік перфорация, пульсті рефлекс. Қандай ауру айқын көрінеді//
Құлақ фурункулы//
Созылмалы мезотимпанит//
Созылмалы эпитимпанит//
Жедел катаральды отит//
+Жедел іріңді ортаңғы отит
***
Бала 5 жаста ұйқысы бұзылған, жөтел ұстамалары мазалайды, жиі баспамен, ортаңғы отитпен ауырады. Қараған кезде аузы ашылған, бұрыс тістүйіс, бозарған. Қандай ауру туралы айтуға болады қандай ем тиімді//
Созылмалы ринит, консервативтік ем//
І дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем///
ІІ дәрежелі аденоидтар, консервативті ем//
+ ІІІ дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем//
ІV дәрежелі аденоидтар, консервативті ем
***
Бастың ауруына, мұрындағы іріңді бөліністерге, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына науқас шағымданады. Алдыңғы риноскопия кезінде мұрын шырышты қабаты қызарған, мұрын жолдары тарылған, жоғарғы мұрын жолында ірің бар. Зақымдануларға ұшырауы мүмкін қойнаулар//
Негізгі және маңдай қойнауы//
Маңдай және жоғарғы жақ қойнауы//
+Негізгі және торлы лабиринттің артқы клеткалары//
Жоғарғы жақ қойнауы, торлы лабиринттің артқы клеткалары//
Негізгі және жоғарғы жақ қойнауы
***
19 жасар науқас оң құлақтағы ауырсынуға, есту қабілетінің төмендеуіне, бет асимметриясына шағымданады. Өзін бір апта бойы ауырған деп санайды, қатты тоңғаннан кейін. Кеше беттің оң жағынан асимметриясы пайда болды. Объективті: оң жақ дабыл жарғағы қызарған, шығыңқы. Бет асимметриясы күрт айқындалған, оң жақ көзін жабалмайды, ауыз бұрышы төмен түскен. Сіздің диагнозыңыз және қандай асқынуы байқалады//
+Оң жедел ортаңғы отит. Бет жүйкесінің оң отогенді перифериялық парезі//
Оң жедел ортаңғы отит. Мастоидит//
Оң жедел ортаңғы отит. Лабиринтит//
Оң жедел ортаңғы отит. Ми абсцессі//
Оң жедел ортаңғы отит. Мишық абсцессі
***
16 жасар науқас тамақтағы құлақтарға таралатын қатты ауырсынуға, қалтырау, t 39°С, әлсіздік, буындардағы ауырсыну, бас ауруына шағымданады. Тамағының ауырғанына 3-ші күн болды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауыр, t=38,6°С, тері жабындылары бозғылт, ұлғайған аймақтық лимфа түйіндері пальпацияланады. Аузын ашуы еркін. Фарингоскопиялық — жұмсақ таңдай симметриялы, жұмсақ таңдай мен доғалардың гиперемиясы мен инфильтрациясы, ұлғайған және гиперемияланған таңдай бадамша бездері лас-ақ жабынмен жабылған. Сонымен қатар, мұрын- және көмей-жұтқыншақтың шырышты қабатында сұр жабынның аралшалары байқалады. Сіздің диагнозыңыз//
Лакунарлы баспа//
Агранулоцитарлы баспа//
Моноцитарлы баспа//
+Дифтерия//
Флегманозды баспа
***
40 жастағы науқаста жыл сайын дерлік баспалар жоғары температурамен, ұзақ кейіннен пайда болатын субфебрилитетпен. Ревматоидты артрит бойынша диспансерлік есепте тұрады, оның соңғы жітіленуі бастан кешірген баспадан кейін байқалады. Фарингоскопия кезінде тонзиллярлы доғалар инфильтрацияланған, сәл ісінген, бадамша бездеріне жабысқан, бадамша бездері тыртықты өзгерген, басқанда лакуналардан іріңді-казеозды құрам бөлінеді. Жақастылық лимфа түйіндері пальпацияда сезімтал, ұлғайған. Басқа ЛОР-ағзалары ерекшеліксіз. Науқаста анықталды: созылмалы тонзиллит, ревматоидты артрит. Ем тағайындаңыз//
+Екіжақты тонзилэктомия//
Екіжақты тонзилотомия//
Консервативті ем//
Ревматоидты артрике байланысты рецидивке қарсы ем курсы//
Бадамша бездерінің лакуналарын жуу, тубус кварц
***
13 жастағы науқас, ЛОР бөлімшесіне мынандай шағымдармен келіп түсті: оң жақ құлақтың аурсынуына, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 380С көтерілуіне, оң жақ құлақтан іріңді бөліністер бөлінуіне шағымданады. Анамнезінде балалық шағынан периодты түрде іріңді бөліністер бөлінген. Амбулаторлы бірнеше рет емделген. Соңғы оң күн ішінде суық тиюге байланысты науқастың ауруы қозған.Объективті: емшек тәрізді өсіндінің маңайы өзгермеген, пальпация кезінде ауырсынусыз. Отосокпия: АД – іріңді бөлініс жағымсыз иіспен. Дабыл жарғағы қызарған, алдыңғы жоғарғы квадрант шеттік перфорацияланған, іші жылтыраған эпидермальді жабындымен жабылған, оны жуған кезде азаймайды. Есту қабілеті төмен. Диагноз? Емдеу жоспары//
Жедел іріңді ортаңғы отит, консервативті ем//
Созылмалы мезотимпанит, тимпанотомия//
+Созылмалы эпитимпанит, құлқтағы жалпы қуыстық радикальді операция//
Серозды лабиринтитит, мастоидотомия//
Іріңді лабиринтитит, аттика антротомия
***
4 жасар баланың мұрын арқылы дем алуы күрт қиындаған. Бала, анасының сөзіне қарағанда, аузымен дем алады, түнде мазасызданып ұйықтайды, ұйықтап жатқанда айқайлайды, респираторлы аурулармен жиі ауырады, пневмонияны бастан кешірді. Тері жабындылары бозғылт, бассүйектің бет бөлімі вертикалды бағытта созылған. Артқы риноскопияда хоаналарды 2/3 бөлікке жауып тұратын қызғылт түсті бөлшектік түзілістер анықталады. Сіздің диагнозыңыз//
Созылмалы ринит, консервативті ем//
І дәрежелі аденоид, хирургиялық ем//
Созылмалы ринит, хирургиялық ем//
+Созылмалы синуит, хирургиялық ем//
ІІ дәрежелі аденоид хирургиялық ем
***
Науқаста маңдай бөлігіндегі ауырсыну сезімі, температурасы 38°С-қа дейін, қабақтардың ісуі, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, мұрыннан іріңді бөлініс, кеуілжірдің қызарып ісінуі, ортаңғы мұрын жолындағы ірің. Қандай ауру екенің анықта, мүмкін болатын асқынулар//
Жедел ринит, ортаңғы отит//
ОРЗ тұмау, синуит//
Мұрын фурункулы, ми ішілік асқынулары//
+Фронтит, орбитальді асқынулар//
Мұрын аралығының абсцессі, сепсис
***
32 жастағы науқас ауруханаға бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылыстары, сол құлақтағы шуға, есту қабілетінің төмендеуіне шағымдануымен жеткізілді. Ұстама жүйкелік зорығудан кейін басталды, өмірінде алғаш рет. Қарауда: ЛОР-ағзалары қалыпты, есту қабілеті сол жағынан төмендеген: Ш.р. 1 м., Р.р. 4 м., оң жақта нормаға сәйкес, солға қарай SpNy III дәреже, саусақ-саусақтық сынама — екі қолымен оңға қарай тимеушілік, Ромберг қалпында — тұра алмайды, оңға қарай құлайды. Осы аурулардың ішінде қайсысы келеді және құлақтағы өзгерістер//
+Меньер ауруы, лабиринттің гидропсы//
Отосклероз, лабиринттің сүйекті капсуласында өзгерістер//
Нейросенсорлы кереңдік, нерв талшықтарында дегенеративтік өзгерістер//
Лабиринтит, ішкі құлақтың қабынулық процессі//
Адгезивті отит, дабыл қуысында жабысқақтың дамуы
***
Науқас М., 35 жаста. Аяқтағы ірі көк тамырлардың тромбофлебитті, кенеттен науқаста ентігу, қан аралас жөтел, жүрек соғуы, айқын әлсіздік пайда болды. Бұндай жағдайдың пайда болу себебі//
Спонтанды пневмоторакс//
Бронх демікпесінің ұстамасы//
тыныс алу жолындағы бөтен дене//
Өкпе артериясындағы ауалы эмболия//
+өкпе артериясының тармағындағы тромбоэмболия
***
57 жастағы науқас үйде қаралды: бірнеше күн бойы тамақ ішкеннен кейін эпигастральді аймақта ауырлық сезім пайда болған және жүрек айнуды басу үшін құсуды өзіндік тудырғандығы анықталған. 5-7 кг салмақ жоғалтқан. Әлсіздік байқалады, бұрын 12 елі ішектің жара ауруымен ауырған. Физикальді қарағанда тері тургоры төмендеген, асқазан «шылпыл шуы» пайда болған. Бұл жағдайда не істеу керек//
зерттеу//
асқазанға зонд қою, үнемі жуып отыру//
терапия бөліміне жатқызу//
хирургиялық онкологияға жатқызу//
+ қысқа уақытты дайындықтан кейін хирургиялық стационарға жатқызу
***
Науқасты тексергеннен кейін қалқанша безінің оң жақ бөлігінің фолликулярлы обырының IIIа сатысы анықталған. Науқасқа қандай операция көлемі жасалады//
экономды резекция//
оң жақ бөліктің субтоталды резекциясы//
қалқанша безінің эктирпациясы//
Крайля операциясы//
+гемиструмэктомия
***
Егерде сүт безі обыры не цитологиялық, не гистологиялық верифицирленбесе, бірақта дәрігерде клиникалық сүт безі обырына күмән бар, онколог не істеуі қажет//
оталды курс терапиясын өткізеді//
химиотерапия тағайындау//
науқасты емханаға хирургтың бақылауына жіберу//
+сүт безіне секторалды резекция экспересс – гистологиямен//
бірден радикалды мастэктомия операциясын жүргізу
***
Дәрігерге бұрын тізе буынында ауыспалы ауырсынулармен ауырмаған 49 жастағы науқас қаралды. Анамнезінен: темекі тартады, құрғақ жөтел, СОЭ – 48 мм/сағ, ревматоидты пробалар оң нәтижелі, рентгенограммада: түбір аймағындағы зонада айшықталу, бірінші өкпе алаңында ортанғы бөлікте сәулелі контурлармен біркелкі емес домалақ көленкелер түзілу. Жағдайдың ең тиімді әдісін көрсетіңіз//
+шайындыларды цитологиялық зерттеумен бронхоскопия//
туберкулинді пробалар//
буындардың пункционды биопсиясы//
өкпе томографиясы//
өкпе рентгенографиясы
***
40 жастағы науқасқа сүт безі обырының IIб сатысы бойынша интенсивті-концентрирленген операция алды қолтықасты, бұғана асты аймаққа СОД 20 Гр сәулелі терапия жүргізгеннен кейін, Пейти бойынша радикалды операция жасалынған. Гистологиялық: инфильтративті-өзекшелі обыр, 5 см, обыр жасушаларының комплексімен, тамырларда, қолтықасты аймақта метастаздар 5 лимфотүйіндер. Ары қарай оған тиімді//
кеуде клеткасын отадан кейін сәулелендіру (тыртықтарды)//
регионарлы аймақтарды отадан кейін сәулелендіру//
+кеуде клеткасын және регионарлы аймақты отадан кейін сәулелендіру//
сәулелі терапия көрсетілмеген//
отадан кейін дәрілік терапия
***
45 жастағы науқасқа гастроскопия биопсиямен жүргізген кезде диагноз қойылды: асқазан денесі обыры, экзофитті өсу, гистологиялық - аденокарцинома. Қандай ем түрін ұсынасыз//
+хиругиялық//
сәлелі терапия//
химотерапия//
витаминноотерапия//
гормонды терапия
***
25 жастағы науқаста мойын-бұғана үсті, кеуде, оң жақ шап-мықын аймағының лимфа түйіндері зақымдалған IIIб сатылы аралас-жасушалы лимфогранулематоз, ең тиімді сәулелі терапия//
радикальді бағдарлама бойынша барлық лимфа түйіндеріне//
+химиотерапиядан кейін қалған зақымдалған аймақтарға//
химиотерапиядан кейін бұрынғы зақымдалған аймақтарға//
химиотерапия қажет//
сәулелі терапия қажет емес
***
Ректороманоскопияда: ісік 2х2 см, тікішектің өтімсіздік белгілері бар. Операцияның қай түрін жасау қажет//
оңжақты гемиколэктомия//
солжақты гемиколэктомия//
сигманың резекциясы//
+соқыр ішек резекциясы анастомозбен конец в конец//
цекостомия
***
Ұйқы безінің неоперабелді қатерлі ісігінде, науқасқа қандай операция түрі ұсынылады//
клинтәріздес бездің резекциясы//
панкреатодуоденалды резекция//
холецистэктомия//
+холецистоанастомоз салу//
дуоденумға холедоха салу
***
Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз//
Микробты экзема//
Себореялы экзема//
Балалық экзема//
+Шынайы экзема//
Кәсіби экзема
***
Псориаз кезінде терминальді қабық симптомының пайда болу генезі қандай//
Эпидермистің жұқаруымен қатар дерманың дәнекер тінді емізікшелерінің ұзаруы//
Дерманың емізікшелі қабатының ісінуі//
+Эпидерманың өсінділерінің ұзаруымен қатар эпидермистің тікенекті қабат қатарларының санының өсуі//
Жасуша аралық катайтатын субстанцияның еруі//
Эпидермистің тікенекті қабатының жасушалар қатарының санының азаюы
***
Бала – бақшаға баратын, 4 жасар баланы жанұялық дәрігер қарап – тексерген кезде, бетінің терісінде диаметрі 3 мм болатын, мөлдір емес және болбыр және жұқа сұр қабыршағы бар, бірнеше көпіршіктер көрінеді. Осындай бөртпелер бірнеше бала да анықталды. Болжам диагнозды таңдаңыз//
Дөрекі импетиго//
Стафилококты импетиго//
+Стрептококты импетиго//
Герпес тәрізді импетиго//
Қуысты импетиго
***
Ересек адамда жыныстық жолмен жұқтырған, қышыма бөртпесінің орналасуын таңдаңыз//
+Іштің төменгі бөлігі, санның ішкі беттері//
Шаб және анус аймағы//
Ірі буындардың жазғыш беттері//
Алдыңғы аксиллярлы сызықтар//
Емізікше және ареола аймағы
***
Науқастың алақан – білезік аймағының сыртқы жағында, қатты қышитын, симметриялы орналасқан, ұсақ папула, везикула және мөлдір тамшы түрінде ағып тұрған, бетінде серозды экссудатты эрозиялары бар, ісінген эритеманың оптималды емін таңдаңыз//
+1-2% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау//
4-5% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау//
1-2%танин ерітіндісімен күніне 1 рет сулау//
4-5%танин ерітіндісімен күніне 1 -2 рет сулау//
7-8%танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау
***
33 жасар науқас жанұялық дәрігерге бөрпенің пайда болуына шағымданады. Ретсіз жыныстық қатыста болады. Қарап тексерген кезде: аналь тесігінің аймағында тығыз, теріден 1 см шығып тұратын, бүртікті, беті тегіс емес, сұр жабындымен жабылған элементтер анықталды. Қолтық астында және шабта кішкене бұршақ тәрізді, қозғалатын, ауырсынбайтын, тығыз эластикалық консистенциясы бар лимфа түйіндері пальпацияланады. Болжам диагноз қандай//
Екіншілік мерез, лентикулярлы сифилид//
Екіншілік рецидивті мерез, милиарлы сифилид//
+Екіншілік рецидивті мерез, вегетирлеуші сифилид//
Екіншілік жаңа мерез, вегетирлеуші сифилид//
Екіншілік рецидивті мерез, лентикулярлы сифилид
***
Қызыл жалпақ теміреткі Уикхем симптомының гистологиялық негізін атаңыз//
Эпидермистің мүйізді қабатының қалыңдауы//
+Эпидермистің тарылы қабатының ретсіз қалыңдауы//
Эпидермис тікенекті қабатының ретті қалыңдауы//
Эпидермис тікенекті қабатының ретсіз қалыңдауы//
Эпидермистің тарылы қабатының ретті қалыңдауы
***
7 жасар балада, микроскопия арқылы бастың шашты аймағының микроспориясы деген диагноз қойылды. Емге қажет дәріні керекті мөлшерде таңдаңыз//
Гризеофульвин ішке 20 мг/кг/тәу 2 рет күнде//
Гризеофульвин ішке 16 мг/кг/ тәу 3 рет күнде//
Гризеофульвин ішке 25 мг/кг/ тәу 1 рет күнде//
+Гризеофульвин ішке 22 мг/кг/ тәу 3 рет күнде//
Гризеофульвин ішке 12 мг/кг/ тәу 2 рет күнде
***
23 жасар науқас жанұялық дәрігерге бөртпенің пайда болуына шағымданады. Қараған кезде: кеуденің терісінде ұсақ, диаметрі 2 мм дейін, бетінде пустуласы бар, конус тәрізді фолликулярлы папулалар анықталды. Қолтық астында және шабта бұршақ тәрізді, қозғалатын, ауырсынбайтын, тығыз консистенциясы бар лимфа түйіндері пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз//
Екіншілік рецидивті мерез, желшешек тәрізді пустулезді сифилид//
+Екіншілік рецидивті мерез, безеу тірізді пустулезді сифилид//
Екіншілік рецидивті мерез, импетигинозды пустулезді сифилид//
Екіншілік рецидивті мерез, эктима тәрізді пустулезді сифилид//
Екіншілік рецидивті мерез, рупиоидты пустулезді сифилид
***
Фолликулит құрылуының патогистологиялық механизмі қандай//
Эпидермис және дермада іріңді қабыну//
Дерма терең қабаттары және тері асты май жанындағы бірнеше шашты фолликулдың қосылуымен жүретін іріңді – некрозды қабыну//
Эпидермис мөлшеріндегі іріңді қабыну//
+шашты фолликулдың көп бөлігінің немесе толығымен іріңді қабынуы//
Шашты фолликул және маңайындағы перифолликулярлы тіндердің іріңді – некрозды қабынуы
***
Науқас И., 23 жаста, жанұялық дәрігерге 3 күн бұрын ерінінің шетінде ашып, сұққылап ауыратын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Осындай бөртпелер жылына 2-3 рет қайталанады. Объективті: еріннің бұрышындағы теріде қызарған ісінген аймақта, диаметрі 3 мм болатын, мөлдір емес, ұсақ қуысты, топталған элементтер көрінеді. Диагноз қойыңыз//
Қарапайым көпіршікті теміреткі, ісінген түрі//
Қарапайым көпіршікті теміреткі, абортивті түрі//
Қарапайым көпіршікті, зостериформді түрі//
+Қарапайым көпіршікті , рецидивтеуші түрі//
Қарапайым көпіршікті, ауыспалы түрі
***
27 жастағы семіздікпен зардап шегетін, науқас жанұялық дәрігерге келді. Мойын аймағындағы ауырсынатын, тығыз заттың пайда болуына және дене қызуының 37,5ºС көтерілуіне шағымданады. Қарап – тексерген кезде: мойынның артқы бетінде, теріде қою – қызыл түсті, диаметрі 2 см, ортасында пустуласы бар, ісікті – инфильтративті түйін анықталды. Осы жағдайда хирургиялық ем тағайындауға бола ма? Неге//
Иә, себебі, семіздік кезінде тұрақты түрде хирургиялық ем тағайындалады//
Жоқ, себебі, семіздік кезінде хирургиялық ем тағайындауға болмайды//
Иә, себебі, осы дерматоз түрінде хирургиялық ем жасалады//
Жоқ, себебі осы дерматоз түрінде хирургиялық ем қарсы көрсеткіш болып табылады//
+Жоқ, себебі, түйін өздігінен ашылуы мүмкін
***
Жедел басталу, 8 апта бойы толқын тәрізді қызба,қалтырау, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, оң жақ аталық безінің ісінуі мен ауырсынуы. Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлы зерттеу жүргізіледі//
Қанды стерильдікке зерттегендегі оң нәтиже//
Жағынды және жуан тамшы//
+Райт және Хеддельсон реакциялары//
Видаль реакциясы және РПГА//
Қараңғы алаңда микроскопия
***
Шағымы: бел тұсындағы, тізе және балтыр табан буындарының ауырсынуға.Эпиданамнез 10 жыл бойы шабан болып жұмыс істейді. Обьективті: t 36,5°C. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дисталды гипергидроз, микрополиаденит. Буындары өзгермеген, қозғалысы сақталған. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Науқасқа адекватты ем тағайындаңыз//
стрептомицин+дезинтоксикациялық терапия//
доксициклин+қабынуға қарсы препараттар(СҚҚЕ)//
+қабынуға қарсы препараттар + десенсибилизациялық терапия + бейспецификалық иммуномодуляторлық терапия//
дезинтоксикациялық терапия+физиоем//
десенсибилизациялық терапия+физиоем
***
Науқас дәрігерге шағыммен келді: iшiнiң сол жақ мықын аймағында толғақ тәрiздi ауырсыну, жиiлiгi тәулiгiне 10 рет сұйық нәжiс, аз мөлшөрде, жалқақ араласқан., әлсiздiк, дене қызуын көтерiлуiне шағымданып түстi. Қырыққабаттан салат жегеннен кейін жедел ауырған. Обьективтi: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,2°С. Терiсi өзгермеген, тургоры сақталған. Жүрек тоны айқын, ритмi дұрыс. Пульсы минтуына 76 рет. АҚҚ-110/ мм.с.б.б. Тiлi құрғақтау, iшi өзгермеген, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, “сигма” тәрiздi iшек тығыздалған, ауырсынады.Нәжiсi аз сұйық, жалқақ және қан араласқан. Өзiнiздiң болжамалы диагнозыңызды көрсетiңiз//
+жедел дизентерия, типтік түрі, орташа ауырлықта//
жедел дизентерияның типтік түрі, жеңіл ауырлықта//
жедел дизентерияның атиптік түрі, орташа ауырлықта//
жедел дизентерияның атиптік түрі, жеңіл ауырлықта//
жедел дизентерияның атиптік түрі, ауыр ауырлықта
***
Науқас К., 30 жаста, сырқатының 7-ші күні дене температурасының көтерілуіне, басының ауырсынуына, қалтырауға, тершеңдікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті.Жедел ауырған, дене температурасы 38,0°С –ке көтерілген және тершеңдік, басы ауырған, әлсіздік болған. Екі күн сайын қалтырау, температураның көтерілуі және тершеңдік ұстамалары қайталанып отыр.Үш апта бұрын Африкадан іс сапарынан келген. Жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт сарғыш түсті, бауыр мен көк бауыр әжептәуір үлкейген.Жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б., пульс 86 рет мин. Қай ауруларында осындай клиникалық-эпидемиологиялық белгілер кездеседі//
Лептоспироз//
Вирусный гепатит А, , сарғайған түрі//
Псевдотуберкулез, гепатит//
+Безгек үш күндік//
Ішек иерсиниозы, гепатит
***
Келесi клиникалық белгiлер жинағы: жедел басталуы, қалыптағы температурада, тәулiгiне 7-10 рет көп мөлшерде, жиi, сулы, iшiнде ешқандай ауырсынусыз iш өту, нәжiсi сұйық, патологиялық қоспаларсыз, жүрек айнусыз пайда болатын құсық қай ауруға тән//
+Холера, сусызданудың 1-ші деңгейі//
Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік форма, орташа ауру дәрежесі//
Сальмонеллез, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі//
Псевдотуберкулез, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі//
Астоксикаинфекция, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі
***
Ауруханаға 32 жастағы науқас сырқатының 5-ші күнінде жоғары температураға, бастың ауруына, әлсіздікке, оң жақ шап аймағының ісініп, қатты ауырсынуына шағымданып түсті. Сырқаты жедел дене температурасының 39°С-ке қалтыраумен көтерілгенінен басталған, басы ауырған, әлсіздік пайда болып, тәбеті төмендеген. Одан кейін оң жақ шап аймағында қатты ауырсыну сезініп, 1 күннен кейін ісіну пайда болды. 3 күн бұрын аңға барып, суырларды ұстаған. Жағдайы ауыры. Дене қызуы 39,5С. Айтқан сөзі түсініксіз, науқас адам оң аяғын бүгіп шалқасынан жатыр. Оң жақ шап аймағында диаметрі 5-8 см-ге дейін үлкейген лимфа түйіндер анықталады, пальпация кезінде қозғалыссыз, үстіндегі терісі жылтыр, қызғылт түсті. Жоғарыда көрсетілген клиникалық және эпидемиологиялық көріністер комплексі қай ауруға тән//
Туляремия, бубонды түрі//
Инфекциялық мононуклеоз//
+Оба, бубонды түрі//
Лимфогранулематоз//
Аденовирусты инфекция
***
Науқаста (нашақорда), бір ай бойы субфебрильді температура, қайталанған құсу, дене температурасы 39,5°С, ішінің бар жері ауырсынып, сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, сасық иісті, патологиялық қоспаларсыз нәжістің болуы қалай диагностикаланады//
Жедел бруцеллез//
Іш сүзегі//
Безгек//
+АИТВ – инфекция//
Амебиаз
***
Жүрек айнудан, қайта-қайта құсудан, 39,5°С-ке дейін температураның көтерілуінен, іш аймағының жалпы ауырсынуынан, жиі, көп мөлшердегі, жасыл түсті, патологиялық қоспаларсыз сасық иісті нәжістен жедел басталатын симптомдар жинағы сальмонеллездің қай түріне тән//
+сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтеритикалық вариант, орташа ағымда//
сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтероколитикалық вариант, орташа ағымда//
сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастритикалық вариант, орташа ағымда//
сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтеритикалық вариант, ауыр ағымда//
сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, гастроэнтероколитикалық вариант, ауыр ағымда
***
Жатақханада тұратын, ВГА-мен ауыратын қатынаста болған науқаста 14 күннен кейін әлсіздік, немқұрайлық, жүрек айну, құсу, эпигастрии және оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынулар пайда болды. Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. t-36,5°С. Склералары аздап сарғайған. Тілі жабындымен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ пальпаторлы эпигастрии және оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 2см төмен пальпациялағанда. Зәрі қою түсті. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз//
+Науқасты госпитализациялау//
Шұғыл хабарлама жіберу+амбулаторлы ем//
Лабораторлы тексеруге бағыттау//
Жатақхананың изоляторында изоляциялау//
Динамикада бақылау.
***
Жоғары температура аздаған интоксикация белгілері түрінде, катаральді көріністер фаринготонзиллит, конъюктивит түріндегі катаральді белгілер, микрополиаденит, гепатолиенальді синдромы симптомокомплектері мынаған тән//
Энтеровирусты инфекция//
Инфекционды мононуклеоз//
Дифтерия//
Менингококкты инфекция, назофарингит//
+Аденовирусты инфекция
***
Науқас Д, 35 жаста, ауруының 2-ші күнінде келесі шағымдармен дәрігерге келді: дене қызуы жоғарылауы, қалтырау, бұлшықет ауырсынуы, жүрек айну, құсу, ұйқысы нашар, сол жақ аяғындағы керіп ауырсыну. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. t-38,4°С. Сол жақ аяқтың төменгі үштен бір бөлігінде шеті айқын біркелкі емес шеті бар, «өрт тілі» тәрізді ашық гиперемия бар. Пальпацияда ауырсынады, бетінде геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктер бар. Көпіршіктер жарылған жерлерде қара қотырлар көрінеді. Диагнозды көрсетініз//
тілме, эритематозды формасы//
тілме, эритематозды-буллезді формасы//
тілме, буллезді-геморрагиялық форма//
+тілме, эритематозды-геморрагиялық формасы//
қайталанған тілме, эритематозды формасы
***
5 жастағы бала уйде қызба және бүкіл денесінде бөртпе шығуына байланысты емделген. Сырқатының 9 – шы күні теңселіп жүрісі бұзылды. Дене қызуы қалыпты,букіл денесінде қабыршақтанулар бар, менингиальды белгілері теріс, Ромберг кейпінде тұра алмайды, басын ұстай алмайды. Ликвор көрсеткіші: белок 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша. Сіздің диагнозыңыз//
қарапайым герпес,энцефалитпен асқынған//
+желшешек, энцефалитпен асқынған//
қызамық,энцефалитпен асқынған//
бас ми ісігі//
қызылша, энцефалитпен асқынған
***
7 жастағы бала ЖДТ дәрігеріне дене қызуы 39°С тамағында ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда терісі қызарған, құрғақ, табиғи қатпарларында, қолдың бүккіш бөлігінде, санының ішкі жақтарында ұсақ нүктелі бөртпелер бар. Ауыз –жұтқыншақта - айқын қызару, бадамша без лакуналарындажасыл түсті, іріңді бөлініс болған, жеңіл алынады. Жалпы қан сараптамсында: эритроциттер - 3,6×1012/л, Нв-120 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-12,5×109/л, э - 1%, т-6%, с-76%, л-13%, м-4%, ЭТЖ-22 мм/с. Сіздің диагнозыңыз//
қызамық, атипті түрі//
+жәншау, типті түрі, орташа ауыр дәрежелі//
желшешек, орташа ауыр дәрежелі, жедел ағымда//
энтеровирусты инфекция,экзантема, орташа ауыр дәрежелі//
кызамық, типті түрі, орташа ауыр дәрежелі
***
Дәрігер 5 жастағы баланы қабылдады, анамнезінде - жедел ауырған, дене қызуы 38°С дейін көтерілген, әлсіздік, жұтынғанда тамағының ауырсынуы. Эпидемиологиялық анамнез: әкесі бір апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ауызжұтқыншақты қарау кезінде- бадамша бездерінде және доғашықтарда сұр түсті жабын, шпателмен қиын алынады. Бадамша бездері ісінген. Өкпе және жүрек жағынан- патологиясыз. Сіздің диагнозыңыз//
ауызжұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі//
ауызжұтқыншақ күл ауруы, токсикалық түрі I дәрежелі//
+ауызжұтқыншақ күл ауруы, жайылған түрі//
ауызжұтқыншақ күл ауруы, субтоксикалық түрі//
ауызжұтқыншақ күл ауруы, II дәрежелі токсикалық түрі
***
Бала 6 жаста, дене қызуының 38,5°С жоғарылауымен, жөтелмен, мұрыннан көп мөлшерде шырышты бөліністің болуымен, жас ағуымен жедел ауырған. Конъюнктивасы қызарған, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: беті ісіңкіреген, ауыз шырыштысында ақшыл түсті, жіңішке зоналы қызарумен қоршалған өте ұсақ папулалар көрінеді. Диагноз//
аденовирусты инфекция//
желшешек//
қызамық//
+қызылша//
қарапайым герпес
***
Ауруханада «Фолликулярлы баспа» диагнозымен емделіп жатқан 3 жастағы балада сырқатының үшінші күні дене қызуы 37,6°С – ға қайталап көтерілді. Ауыз жұтқыншағын қараған кезде: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездерде беті тегіс, сұр түсті, қиын алынатын, шпательмен езілмейтін жабын байқалды. Сіздің диагнозыңыз//
жұқпалы мононуклеоз, типті түрі//
ауыз – жұтқыншақ күл ауруы, жайылмалы түрі//
+ауыз – жұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі//
жұқпалы мононуклеоз, атипті түрі//
аран күл ауруы, субтоксикалық түрі
***
Вирусты гепатитпен сырқат науқаста ауруының 30 – шы тәулігінде сарғаю сақталып тұр, ахолия, тері қышуы пайда болған. Жалпы жағдайы онша бұзылмаған. Зертханалық тексеруде: тура фракция есебінен гипербилирубинемия, сілтілі фосфотаза белсенділігінің жоғарылауы, АЛТ мөлшенің аздап жоғарылауы анықталады. Науқаста вирусты гепатитттің осындай түрдегі нұсқасының даму себебі қандай//
Вирус пен гепатоциттер әсерлесуден пайда болған бос радикалдардан//
Метиониналмасу бұзылуынан қанда метилмеркаптан жинақталуы//
+Өттің бауыр ішілік өт шығару жолдарына жиалып қалуы //
Бауыр паренхимасы мен ретикулоэндотелилердің зақымдалуы//
Кезбе нервтің тонусы жоғарылау салдарынан өт жолдарының иннервациясы бұзылуы
***
5 жастағы балада үш күн бойы қызба 39,9°С – қа дейін, жұтыну кезінде тамағында ауырсыну бар, ауыз жұтқыншақта бадамша бездері болдыр, екінші дәрежеде ұлғайған, ақ түсті жабын бар. Ауыз –жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге жағынды тексеру нәтижесінде токсигенді BL таяқшасы анықталды. Сіздің диагнозыңыз//
катаральды баспа//
іріңді баспа және токсигенді BL таяқшасының тасымалдаушысы//
+ауыз-жұтқыншақ күл ауруы, жергілікті түрі//
лакунарлы баспа//
жұқпалы мононуклеоз
***
Науқас, 4 жаста, бірнеше сағат бұрын, дене қызуы 40°С-ке жоғарылаған, қайталап құсу, жедел басының ауырсынуымен жедел ауырған. Эпид.анамнезде: анасында катаральды белгілері бар. Обьективті: дене қызуы 39,9°С, жүрек тоны тұйықталған. Аранында - шырышы қызарған, жұтқыншақ артқы қабырғасы түйіршіктенген. Желке бұлшық еті тартылуы - 3 к/с, Керниг- белгісі оң. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ-45 мм/сағ; Л-22×109 г/л, т-9; сег-70; м-5; л-10. Сіздің болжам диагнозыңыз//
Менингококкты инфекция, назофарингит, орташа ауыр дәрежелі//
Менингококкты инфекция, менингит, орташа ауыр дәрежелі//
+Менингококкты инфекция, менингит, ауыр дәрежелі//
Менингококкты инфекция, менингит, ауыр дәрежелі, энцефалитпен асқынған//
Менингококкты инфекция, менингит, ауыр дәрежелі, ИТШ – пен асқынған
***
Бала наркоманиядан зардап шегетін анадан туылған. Туғаннан кейін зерттеліп келесі нәтижелер алынған: HCV-IgG, РНҚ HCV, АлаТ -1,5 мккат/л, жалпы билирубин - 18,5 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз//
Вирусты гепатит С, инаппарантты түрі//
+Вирусты гепатит С, сарғаюсыз түрі//
Вирусты гепатит С, типті түрі//
Вирусты гепатит С, өшіріңкі түрі//
Вирусты гепатит С, субклиникалық түрі
***
Бала 7 жаста, сырқаты жоғары температурамен 38,5°С, шамалы катаральды белгілерімен және бөртпе шығуымен жедел басталған. Объективті: қолдың жазғыш беткейінде және кеудесінде ұсақ нүктелі бөртпе көрінеді, мойын артқы және шүйде лимфа түйіндері ұлғайған, ауызжұтқыншақ шырыштысы қызарған, жұмсақ таңдайында энантема. Өкпе және жүрек жағынан өзгеріс жоқ. Диагноз//
жәншау//
қызылша//
+қызамық//
энтеровирусты инфекция//
желшешек
***
1 жастағы бала, салмағы 10 кг. Диагноз: Тұмау, типті, ауыр токсикалық түрі, нейротоксикоз ІІ дәрежесімен асқынған. Осы балаға 15 % маннит ерітіндісін тағайындаңыз//
150 мл
20 мл
200 мл
+70 мл
220 мл
***
Созылмалы вирусты гепатит «В» диагнозымен науқаста бауырды УДЗ зерттеуінде анықталды: бауыры үлкеймеген, паренхимасы біркелкі, эхогенділігі төмен, бауыр қақпасы тамырлары кеңеймеген. Қанның биохимиялық анализінде АлАТ -0,52 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз//
Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі төмен, фиброз жоқ//
Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі шамалы, шамалы фиброз//
+Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі минималді, фиброз жоқ//
Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі жоғары, айқын фиброз//
Созылмалы вирусты гепатит В, белсенділігі төмен, айқын емес фиброз
***
Науқас К., 52 жаста. Тексеру мерзіміндегі психикалық статусы: Өзінің жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі жоғары, жайбарақат, көңілді. Мимикасы жылдам өзгеріп тұрады. Бет әлпеті көңілді. Көзінен күлкі ұшырайды. Әңгіменің тақырыбынан жылдам ауысады. Бір сөзін аяқтамай, екіншісіне жылдам көшеді. Басқалардың әңгімесіне килігіп, ескертулер жасайды. Дауысы қарлығыңқы, эмоционалды, қатты. Қимылдары жөнсіз, тақпақ оқуға, ән айтуға, би билеп беруге ықыласпен келіседі. Өзін “өмірде артистпін” деп санайды. Өзінің жас, дарынды, күш-жігерге толы екеніне сендірмек болады. Медбикелерге өзіне күйеуге шығуды ұсынады. Өзіне ескерту жасаса, ашуланады. Айналасындағылармен қақтығыстарға жиі кіреді, алайда ашуланғаны көңілді күйге жылдам ауысады. Өзінің ахуалына сыни қарамайды. Жорамалды диагноз, емдеу//
МДП, депрессивті фаза//
Нейросифилис//
Бас миының маңдай бөлігінің абсцесі//
Деменциямен психоорганикалық синдром//
+Маниакалды-депрессивті психоз, маниакалды фазасы. Аминазин, галоперидол, литий тұздары
***
Науқас Т, 33 жаста, Ауруханаға түскен кезде: белдің, сегізкөздің ауруына, сол жақ санның сыртқы және артқы жағымен иррадиациялауына, қозғалыстың шектелуіне шағымдалады. Анамнезінен: Кеше ауырлықты көтергеннен кейін, ауырғаны пайда болды, кейіннен ауырғаны сол аяқтын артына берілді. Бұрын да белінің ауырғаны байқалатын. N.status: Денесінің алдыға еңкейуі, аз мөлшерде артқа енкейуі шектеулі. Ласег симптомы сол жақтан 30 о оң жақтан 80 о. Рефлекстері сақталған. Сол аяғында бас бармағының кері бүгілуі әлсіреген. МРТ- да : омыртқа аралық денгеде бір зат жұлын каналына шығып тұрғаны байқалады. Клиникалық диагноз қойыныз//
+бел остеохондрозы, L4-L5 диск жарығы, L5 түйіршік синдромы//
бел остеохондрозы, L5-S1 диск жарығы, S1 түйіршік синдромы//
бел остеохондрозы, люмбоишалгия//
бел остеохондрозы, L3-L4 диск жарығы, L4 түйіршік синдромы//
бел остеохондрозы, дискогендік миелопатия
***
Науқас Л., 35 жаста. Әңгімелескен кезде былай дейді: “Мен ұдайы өз өмірім үшін қорыққан халдемін. Бір жағынан, мен өзіммен ештеңе болмайтынын жақсы түсінемін, бірақ сонда да менің кез келген қимылым өз денсаулығыма жаман әсер етеуі мүмкін деп қорқамын. Көшеде келе жатқан уақытта, әлдебір заттарды, діңгектерді, үйлерді, машиналарды еріксіз санай бастаймын. Дұрыс санадым деп ойласам, біраз уақытқа тынышталамын. Егер әлдебір себептен есептен жаңылып қалсам, алдымда жаманшылық күтетін секілді қорқыныш пайда болады. Әсіресе жұмыста өте қиын. Әлдебір тапсырманы біткеннен кейін барлығын дұрыс істедім бе деп шүбәлана бастаймын. Егер бір жері жақсы жасалмады деп ойласам, бірден әлсіздік, жүрек соғысы, діріл пайда болады. Енді ештеңені өзгерте не қайта жасай алмайтынымды, сондықтан оның бәрі немен тынатынын күту ғана қалғанын сеземін. Мен ұдайы екіұшты халдемін: жұмыс істеуге, отбасымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге тиіс екенімді білемін, бірақ өз денсаулығым үшін шыдамайтын қорқыныш сезімінің кесірінен іске кірісе алмаймын”. Жорамалды диагноз//
Неврастения//
+Жабысқақ жағдайлар неврозы//
Истериялық невроз//
Кардионевроз//
Логоневроз
***
Науқас., 50 жаста, бетінің он жағында қатты ауыратын ұстамаларға шағынады. Ауырғаны өткір, күйдіретін мінезді, ұзақтығы 10-15 секунд. Ауырғаны сөйлегенде, шәйнағанда, жұтқанда пайда болады және сол уақытта мимикалық бұлшық еттерінің спазмы болып беті қызарады. Ұстамадан тыс уақытта оңжақтағы инфраорбиталды нүкте ауырып, үстінгі жағында гиперстезия сақталады. Науқасқа қандай ем қажет, және неге//
антибиотиктер,өйткені қабыну бар//
антиоксиданттар, өйткені ишемия бар//
антиконвульсанттар, өйткені эпиұстама болуы мүнкін//
+антиконвульсанттар, өйткені невропатиялық аырулар бар//
спазмолитиктер, өйткені патогенезінде спазм бар
***
54 жастағы ер адам бас ауырсынумен, бірнеше рет құсумен және аяқ астынан түсте физикалық күштемеден кейін пайда болған сол жақ аяқтың әлсәзденуімен стационарға келіп түсті. Ақырғы бес жыл ішінде кезекті АҚҚ 160/100 мм.сын.бағ көтерілуі болып тұрады, қалыпты көрсеткіші АҚҚ 150/90 мм.сын.бағ. Зерттеу кезінде: есі анық, АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ., пульс -60 рет мин, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус: мойын бұлшық еттерінің тартылуы, Керниг симптомы екі жақтан, сол жақ мимикалық бұлшық еттердің төменгі бөлімінің парезі, тілдің шығарғанда сол жақ девиациясы, сол жақ қолдың күші төмендеген 2 балға дейін, сол жақ аяқ 4 балл, сіңірдік рефлекстері жоғары және Бабинский симптомы сол жақтан. ЭхоЭГ – ортаңғы құрылымның оң жақтан солға қарай ығысуы 4мм. Қосымша зерттеу және болжам қорытынды//
КТ гиподенсивті ошақты анықтаумен//
КТ ми паренхимасында гиперденсивті ошақты анықтаумен//
C) КТ гиподенсивті ошақты анықтаумен және субарахноидальды қан құюлулар белгілері//
+КТ гиперденсивті ошақты анықтаумен және и субарахноидальды қан құюлулар белгілері//
КТ гиперденсивті ошақты анықтаумен
***
Науқас П., 48 жаста. Қайтадан түсіп отыр. Ауруханаға келіп түсерден бірнеше күн бұрын жекленіп, тұйықталып, оңаша қалуға тырысқан. “Енді не болады?” деп бірсарынды сұрақ қоя берген. Ол кезде әйеліне тесіліп қараған. Ауруханаға жатқызардың алдында, түнде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен түйремек болған. Дәрігермен әңгімелескен уақытта “көрші үйден арнайы табыстағыштың көмегімен жасыл радиотолқындар сәулеленетінін” айтқан. Әйелдердің, еркектердің, балалардың дауыстарын естиді. Дауыстардың айтқанына қарап олардың жансыздар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажет екені туралы айтқан. Әйелінің де осы ұйымға кіретінін естіген. Дауыстардың бұйрығы бойынша әйелі оған тамаққа, сүтке у қосып берді деп санайды. Өзінің әйеліне тап бергенін “қылмыскерлердің бандасын” құртуға ниетімен түсіндіреді. Жорамалды диагноз, емдеу//
Кататониялык шизофрения//
Кеш шизофрения//
Сылбыр ағымды шизофрения//
+Параноидтық шизофрения. Нейролептиктер, корректорлар//
Фебрильды шизофрения
***
Науқас., 20 жаста, қол аяғының әлсіздігіне, алақан, білезік және табанында ұйыптұрғанына шағымданады, жүрген кезде тәлтіректейді. Екі жұма бұрын грипп тәрізді жағдай болғанын айты. Қарағанда: Бұлшық еттер тонусы төмен, карпорадиалды және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Бұлшық ет күші алақан және табанында 2,0 баллға азайған. "Шұлық және қолғап" тәрізді сезімталдығының барлық түрі жоғалған, қол аяғының терісінің түсі өзгерген. Қандай диагностикалық тәсіл тағайындау керек, неге//
электромиография, өйткені бұлшық еттердің біріншілік зақымдалуын көрсетеді//
миелография, өйткені кеуде көлемінде блок көрсетеді//
+люмбалдық пункцияны, өйткені жасуша –ақуыздық диссоциация диссоциацияны көрсетеді//
компьюторлік томографияны, өйткені мидың төбе бөлімінің зақымдалуын көрсетеді//
люмбалдық пункцияны, жасуша –ақуыздық диссоциациясы
***
42 жастағы адам таңертеңгілік басы ауырып, лоқсықпен жалғасатынына шағымданып клиникаға келді. Оң қолының саусақтарынан басталып бүкіл қолына тарап, оң жақ бетіне дейін оқтын-оқтын ұйыйтынын айтты. Үш күн бұрын осыған ұқсас жағдай сіңірлері тартылумен аяқталды, соңынан бір сағаттай уақыт оң қолға әлсіздік, сөйлесу қиыншылық туғызды. Бұл жағдай басталғанына үш айға жуық болған. Бұл адам орталық өкпесіндегі рак ауыруымен онкология диспансерінің тізімінде тұр. Жүйкелік статуста тексеруде: анизорефлекция D>S, оң жағында Бабинский симптомы, оң қолында жеңіл гипестезия, білезіктерде көбірек. ОАК: Hb г/л, Эр. 3,0×1012/л, Л.5,0×109/л, СОЭ 50мм/сағ//
Ауруға қандай аспаптық зерттеу істеу қажет және неге//
Бұзылу деңгейін анықтау үшін, жұлынға МРТ жасау керек//
+Өзгеріс ошағын жайылуын анықтау үшін, МРТ жасау керек//
Кесік дәрежесін анықтау үшін, ЭМГ жасау керек//
Қояншық ауыруының беленділігін анықтау үшін, миға ЭхоЭГ жасау керек//
Жұлындагы өзгерістерді анықтау үшін, КТ жасау керек
***
Науқас П,. 56 жаста, тракторист, мойынының, мезгілінде сол қолына иррадиациалайтын аурулардың пайда болғанына шағым айтады. Анамнезінен: Мойынының ауырғанына 3 жыл болды, 3 ай бұрын ауырғаны күшейе түсті: сол қолына иррадиациалайтын болған, басын қозғалтқанда катты ауырды. Қарағанда: C2-C7 омыртқа бұқақтары өсінділерінің ауыруы, карпорадиальный рефлекс төмен, сол иығының сырқы жағымен жолақ тәрізді гипоестезия, білезіктің шынтақ шетіне, V -ші саусаққа дейін. Клиникалық диагноз қойыныз//
+мойын остеохондрозы, C8 түйіршік синдромы//
мойын остеохондрозы, C6 түйіршік синдромы//
мойын остеохондрозы, кіші кеуде бұлшық етінің синдромы//
мойын остеохондрозы, иық-жауырын периартрозы//
мойын остеохондрозы, алдынғы баспалдақ бұлшық етінің синдромы
***
Науқас Е,. 35 жаста, шағымдары бас ауырсынуы, оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік және ұю. Үш жылдан бері аурады, жол апатынан кейін нейрохирургиялық бөлімде емделген, содан бастап оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік және ұю.тексергенде есі анық, қарашықтары OD=OS, көз алмасының қозғалуы толық. Бұлшық ет тонусы оң жақ қол аяғында жоғары. Рефлекстері қолдарынан D>S, аяқтарында D>S, табан және тізеде клонустары бар оң жақтан. Бабинский рефлекс оң жақта. оң жақ қол аяғында күші 3 баллға дейін төмен. Менингиальды белгілер жоқ. Гемигипестезия оң жақта. Клиникалық диагноз//
Посттравматикалық энцефалопатия, оң жақты спастикалық терең парапарез. Гипертензионды синдром//
Посттравматикалық миелопатия, оң жақты спастикалық жеңіл гемипарез//
Посттравматикалық энцефалопатия, оң жақты спастикалық терең гемипарез//
Посттравматикалық миелопатия, төменгі спастикалық терең парапарез//
+Посттравматикалық энцефалопатия, оң жақты спастикалық жеңіл гемипарез
***
Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастардың қанына тән//
+Лимфопения//
Лимфоцитоз//
Лимфоциттердің қалыпты саны//
Лимфоциттердің көлемін және түрінің өзгеруі//
Пролимфоциттердің пайда болуы
***
Бала 6 жас. 6 ай бұрын туберкулезден қайтыс болған атасымен қатынаста болған. Сол иығында БЦЖ тыртығы 2 мм. Манту сынамасы– папула 15 мм. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың., эозинофилдер – 6, лимфоциттер - 16, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында: оң түбірінің көлемі ұлғайған, құрылымды емес, түбір көлеңкесінің интенсивтілігі жоғарылаған, полициклды. Сіздің диагнозыңыз//
Өкпенің ошақты туберкулезі//
Біріншілік туберкулездік қосынды//
+Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі//
Өкпенің инфильтративті туберкулезі//
Туберкулезді плеврит
***
Науқас 48 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Тершеңдікке, дене қызуының 37,7°С дейін жоғарылауына шағымданады. Қанда ЭТЖ – 22 мм/сағ, лейкоциты – 11,0 тыс.. Справа над лопаткой выслушиваются единичные хрипы. Рентгенограммада: жоғарғы бөлігінің проекциясында гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ табылды. Сіздің диагнозыңыз//
Өкпенің ошақты туберкулезі//
+Өкпенің инфильтративті туберкулезі//
Өкпенің диссеминирленген туберкулезі//
Өкпенің кавернозды туберкулезі//
Туберкулезді плеврит
***
Науқас 30 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Әлсіздікке, дене салмағының жоғалтуына, қақырықпен жөтелге, дауыстың қарлығуына шағымданады. Физикальды: бронхиальды тыныс, ылғалды сырылдар. Қан анализінде: лейкоциттер – 12,0 мың, лимфоциттер - 11, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Рентгенограммада: екі өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөлігінде 5-10 мм аз және орташа интенсивтілікті көптеген ошақтар. Сіздің диагнозыңыз//
Жедел диссеминирленген туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 1 категория ДОТС//
+Жеделдеу диссеминирленген туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 1 категория ДОТС//
Очаговый туберкулез, бронхтың кеңірдек тамырының туберкулезімен асқынған, 2 категория ДОТС//
Ыдырау сатысындағы жеделдеу диссеминирленген туберкулезі, 4 категория ДОТС//
Ошақты туберкулез, лимфогематогенді диссеминациясымен асқынған, 1 категория ДОТС
***
Науқас 53 жас. Жас кезінде кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезімен ауырған. Жалпы әлсіздікке, жұмыс істеу қабілеттілігінің төмендеуіне, жүдеуіне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына шағымданады. Өкпеде тыныс әлсізденген, аздаған орташа сырылдар. Рентгенограммасында: өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде полиморфты ошақтар, төменгі бөліктерде өкпе суреті жеңілденген, түбірлер үстіге қарай ауысқан. Сіздің диагнозыңыз//
Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі, 1 категория ДОТС//
Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі, 2 категория ДОТС//
Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, 1 категория ДОТС//
Өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі, 4 категория ДОТС//
+Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі, 2 категория ДОТС
***
Өкпе туберкулезімен ауыратын науқас арнайы химиялық дәрілермен ем алғаннан кейін 1 айдан соң көру қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Берілген жағдайда қай дәрінің жағымсыз әсері болып табылады//
Изониазид//
Пиразинамид//
Рифампицин//
Стрептомицин//
+Этамбутол
***
Бала 10 жас. Манту сынамасы – папула 13 мм. Кешке дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына, түнгі тершеңдікке, жөтелге шағымданады. Рентгенограммада: оң өкпенің S1 бөлігінде өкпе түбірімен байланысқан гомогенді емес қараю, оң түбірінің көлемі ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз//
+Біріншілік туберкулездік қосынды//
Өкпенің ошақты туберкулезі//
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі//
Өкпенің инфильтративті туберкулезі//
Туберкулездік плеврит
***
Жасөспірім 16 жас. Профилактикалық қаралу кезінде флюорогроаммасында өзгерістер анықталды. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Соңғы жылы жиі суық тиюмен ауырады. Манту сынамасы – папула 17 мм. Қан анализі қалыпты. Рентгенограммада: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің S1-S2 проекциясында ошақты көлеңкелер тобы анықталды, сыртқы котурлары айқын емес, түбірлер өзгермеген. Сіздің диагнозыңыз//
Өкпенің инфильтративті туберкулезі//
Біріншілік туберкулездік қосынды//
+Өкпеніі ошақты туберкулезі//
Өкпе туберкулемасы//
Туберкулезді плеврит
***
Науқас 39 жас. Өкпе туберкулезіне байланысты ем алып жатыр. 1 категориямен химиотерапияны алғаннан 4 айдан соң қақырық анализінде бактерия шағарушылық сақталады; изониазидке, стрептомицинге, этамбутолға дәрілік төзімділік; рентгенограммада – сол жақтан жоғарғы бөлігінде контурлары айқын сақина тәрізді көлеңке. Сіздің диагнозыңыз//
Ыдырау сатысындағы сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Полирезистенттілің. 1 категория ДОТС//
Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі. Мультирезистенттілік. 2 категория ДОТС//
Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Мультирезистенттілік. 4 категория ДОТС//
Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі. Полирезистенттілік. 4 категория ДОТС//
+Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі. Полирезистенттілік. 2 категория ДОТС
***
Науқас 44 жас. Оң жақтағы пневмонияға байланысты 10 күннен бері терапевтикалық емханада ем алып жатыр. Кең спектрлі антибиотиктармен емі бойынша жақсаруы жоқ. Рентгенограммада: оқ өкпенің жоғарғы бөлігінің проекциясында контурлары айқын емес аз интенсивтілікті гомогенді емес фокус. Микроскопиялық әдіспен ТМБ табылған жоқ. Флюорографиялыққоры: бұрын ауруда оң өкпенің S2 бөлігінде спонтанды жазылғанның нәтижесінен ұсақ ошақтар анықталды. Сіздің диагнозыңыз//
+Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Жаңа жағдай. 1 категория ДОТС//
Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Рецидив. 2 категория ДОТС//
Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі. Рецидив. 2 категория ДОТС//
Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС//
Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС
***
Туберкулезбен ауыратын науқаста бактериологиялық зерттеудің нәтижелері дайын болды: стрептомицинге, рифампицингежәне изониазидке төзімділік. Науқастың дәрілік категориясын анықтаңыз//
І категория//
ІІ категория//
ІІІ категория//
+IV категория//
V категория
***
Жасөспірім 15 жас. Туберкулезбен ауыратын анасымен қатынаста болған себебінен есепте тұрады. Шағымдары жоқ. Манту сынамасы – папула 15 мм. Жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген. Люминесцентті микроскопия әдісімен ТМБ табылмаған. Рентгенограммада: оң өкпенің 1-2 сегменттердеұлғайған өкпе суретінің фонындаконтурлары айқын емес аз интенсивті ошақты көлеңкелер анықталады. Сіздің диагнозыңыз//
+Өкпенің ошақты туберкулезі//
Өкпенің инфильтративті туберкулезі//
Өкпе туберкулемасы//
Өкпенің кавернозды туберкулезі//
Біріншілік туберкулездік қосынды
***
Науқас 38 жас. Ыдырау сатысындағы өкпенің диссеминирленген туберкулезге байланысты 6 ай емделген, ТМБ+. Бактерия шағарушылық тоқтатылды, ошақтар жойылды және тығыздалды, оң жақтан 2 см диаметрлі қуыс пайда болды. Сіздің диагнозыңыз//
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі//
Ыдырау сатысындағы өкпенің ошақты туберкулезі//
Өкпе туберкулемасы//
+Өкпенің кавернозды туберкулезі//
Ыдырау сатысындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі
***
Бала 4 жаста. Дене қызуының 37,8°С дейін жоғарылауына, жөтелге шағымданады. Зерттеу барысында әкесінде өкпе туберкулезі анықталды. Оң өкпенің жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныс. Манту сынамасы – папула 15 мм. Рентгенограммада: оң түбірі ұлғайған, оң жақтан жоғарғы бөлігінде гомогенді қараю. Сіздің диагнозыңыз//
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, плевритпен асқынған. 1 категория ДОТС//
Біріншілік туберкулездік қосынды, плевритпен асқынған. 3 категория ДОТС//
+Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ателектазбен асқынған. 1 категория ДОТС//
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ателектазбен асқынған. 3 категория ДОТС//
Біріншілік туберкулездік қосынды, кеңірдек туберкулезіменасқынған. 1 категория ДОТС
***
Бала 6 жас. Туберкулинді сынамаларының динамикасы: 1 жас – папула 7 мм, 2 жас – теріс, 3 жас – теріс, 4 жас – теріс, 5 жас – папула 8 мм, 6 жас – папула 14 мм. Бұрын туберкулезге қарсы диспансердің есебінде тұрған жоқ. Әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Шеткері лимфа түйіндері ұсақ, тығыз. Рентгенограммада: оң түбірінің ширинасы 2,5 см, басты кеңірдектің проекциясы анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз//
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС//
+Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Жаңа жағдай. 3 категория ДОТС//
Біріншілік туберкулездік қосынды. Жаңа жағдай. 4 категория ДОТС//
Біріншілік туберкулездік қосынды. Басқалар. 3 категория ДОТС//
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Жаңа жағдай. 4 категория ДОТС
***
Оң өкпенің S2 бөлігінің алғаш анықталған ошақты туберкулезімен ауырған науқасқа қолдаушы фазадағы ем кестесін атаңыз//
Изониазид+стрептомицин//
Изониазид+этамбутол//
+Изониазид+рифампицин//
Изониазид+циклосерин//
Изониазид+пиразинамид
***
Науқас алғаш анықталған өкпенің инфильтративті туберкулезіне байланысты толық ем курсын алды. Емінің нәтижесінде улану симптомдары жойылды, қақырықта ТМБ анықталмады. Рентгенограммада: инфильтраттың орнында айқын контурлы 2,5 см диаметрлі шар тәрізді гомогенді көлеңке анықталды. Сіздің диагнозыңыз//
+Туберкулема//
Өкпенің диссеминирленген туберкулезі//
Өкпенің ошақты туберкулезі//
Өкпенің кавернозды туберкулезі//
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
***
Науқас М., 35 жаста. Аяқтағы ірі көк тамырлардың тромбофлебитті, кенеттен науқаста ентігу, қан аралас жөтео, жүрек соғуы, айқын әлсіздік пайда болды. Бұндай жағдайдың пайда болу себебі//
Спонтанды пневмоторакс//
Бронх демікпесінің ұстамасы//
тыныс алу жолындағы бөтен дене//
Өкпе артериясындағы ауалы эмболия//
+Өкпе артериясының тармағындағы тромбоэмболия
***
Науқас 24 жаста. Құрғақ жөтелге, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданады. 3 күн ауырып жүр. Өкпе рентгенограммасында: от верхушек до купола диафрагмы множественные очаги размером 1-2 мм малой интенсивности. Манту сынамасы – теріс. Қанда: лейкоциттер - 7,6 мың, ЭТЖ - 22 мм/сағ, лимфоциттер – 12. Сіздің диагнозыңыз және теріс анергияға түсініктеме беріңіз//
Жедел диссеминирленген өкпе туберкулезі; қабынудың продуктивті компоненттің басым болуы//
+Жедел диссеминирленген өкпе туберкулезі; макроорганизмнің иммунодепрессивті жағдайы//
Жеделдеу диссеминирленгенөкпе туберкулезі; гипофункция коры надпочечников//
Өкпенің ошақты туберкулезі; туберкулинге терінің сезімталдығының төмендеуі//
Жеделдеу диссеминирленгенөкпе туберкулезі; гемограммадағы өзгеріс
***
Науқас 40 жас. Созылмалы алкоголизмге байланысты есепте тұрады. 1 айдан бері ауырады. Аз қақырықты жөтелге, жаман тәбетіне, дауыстың қарлығуына, жұмыс істеген кезде ентігуге шағымданады. Жасөсперім кезінде өкпенің ошақты туберкулезімен ауырған. Рентгенограммада: 5-10 см диаметрлі аз және орташа интенсивті жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде басым локализациясымен көлеңкелер. Қақырық анализінде ТМБ табылған. Сіздің диагнозыңыз//
Өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі. Көмей туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС//
Өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі. Басқалар. 2 категория ДОТС//
+Өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі. Көмей туберкулезі. Рецидив. 2 категория ДОТС//
Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі. Көмей туберкулезі. Емінің нәтижесіздігі. 2 категория ДОТС//
Өкпенің ошақты туберкулезі. Көмей туберкулезі. Рецидив. 2 категория ДОТС
***
Сізге кеуде қуысының сол жағының ауырсынуына шағымданып науқас келді. Бір тәулік бұрын шатырдан құлаған. 6-7 қабырға аймағында алдыңғы акселярлы сызық бойымен крепитация анықталады. Тынысы әлсіреген. Емдеу үшін Сіз спиртті-новокаинді блокаданы таңдадыңыз. Қандай асқынуды дамымауы мүмкін//
Плеврит дамуының қаупі төмендейді//
Пневмония дамуының қаупі төмендейді//
+Ұзақ жансыздану//
Пневмоторакс дамуының қаупі төмендейді//
Тыныс алу барысындағы қозғалыстың азаюы
***
Науқаста инсульттан кейін, жүрген кезде ауырсыну, тез шаршағыштық пайда болып, табанның түсуі пайда болды. Табаны жалпақ болып қалды. Сіз науқасқа оперативті ем ұсындыңыз. Неге//
Себебі, науқаста продромальды жалпақтабан//
+Себебі, науқаста паралитикалық жалпақтабан//
Себебі, науқаста рахитті жалпақтабан//
Себебі, науқаста алмасушы жалпақтабан//
Себебі, науқаста статикалық жалпақтабан
***
Сізге 3 жасар баланы анасы алып келді. Қараған кезде: жалпақ вальгусты табан және өкше сүйегінің туа пайда болған пронациясы анықталды. Емдеу үшін қандай операцияны ұсынасыз//
Топай - өкше буынның артродезі//
Асықты жілік бұлшық етінің шеміршегін қатайту және ахиллов шеміршегін ұзарту//
+Өкше сүйегінің остеотомиясы және медиализациясы//
Топай – ладьевидті бынның артродезі//
Өкше – куб тәрізді бынның артродезі
***
Науқаста инсультан кейін «ат тұяғы» атты жағдай дамыды. Науқасқа қандай операция тағайындайсыз? Неге//
Буынның резекциясы – буында толық анкилоз болу үшін//
Артролиз – тыртықты тіндерден буынды босатуға бағыттылған операция//
+Артрориз – жасанды, буындағы қимылдарды азайту, бүгілуді азайтып, жүрісті жақсартады//
Артродез – жасанды қозғалысты шектеу//
Артропластика – буынның қозғалғыштығын қалпына келтіру
***
Жарақатты орталыққа 30 жасар ер адам келді. Оң қолында тістелген жара бар, көршісінің иті тістеген. Неге дәрігер итті ғана тексеріп, құтыруға қарсы сары суды енгізбеді//
Себебі, науқас өзі кінәлі//
Себебі, үй жануары болғандықтан, ол тексерілуі мүмкін//
Себебі, науқас өзі қарсы болды//
Себебі, науқас келген уақытта сары су болған жоқ//
+Себебі, үй жануары болғандықтан, 1-2 инъекция жеткілікті
***
Сізге сол жақ тізе буынының зақымдалуымен науқас келді. Буын ісіген, ауырсынады, қозғалысы шектелген. «Тартпалы қорап» симптомы анықталады. Науқастың жағдайын бағалаңыз//
Тізе буынының шығуы//
Тізе буынының тайқуы//
+Х-тәрізді байламдардың жыртылуы//
Менисктің жыртылуы//
тізе үсті сүйегінің сынуы
***
ЖДА – ға оң қолдың 2-3 саусақтарын кесіп алған науқас келді. Жұмыс барысында қолы айналмалы араға тиіп кеткен. Тырнақ орналасқан фалангалары ампутацияланған. Жара қанап тұр. Дәрігер әрекеті қандай//
+Таңғыш салып, жарақатты орталыққа жіберу//
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу (БХӨ) жасау//
Асептикалық таңғыш, жараны БХӨ, амбулаторлы ем//
Таңғыш, сіреспеге қарсы сары суды енгізу, хирургта емделу//
Жгут, таңғыш, хирургиялық стационарға жоспарлы түрде жіберу
***
Сізге сол иығының шығуымен науқас келді. Иықтың шыққанына бірталай уақыт болған. Не жасау керек//
Бір мезетте орнына салу керек//
Сүйекті созу керек//
+Операциямен орнына салуға жіберу керек//
Гипсті таңғыш салу керек//
ЕФК жіберіп, ол біткеннен кейін қолмен салу керек
***
Сізге автокөлік апатынан кейін, тізе буынының Х – тәрізді байламының жыртылуымен науқас жеткізілді. Сіздің тактикаңыз қандай//
жұмсақ тутор саласыз//
гипсті тутор саласыз//
гипсті лонгетаны саласыз//
Елизаров аппаратын саласыз//
+оперативті емге жібересіз
***
Науқасты жарақатан кейін қарап – тексерген кезде, оның құрсақ қуысында бос сұйықтықты анықтадыңыз. Науқас ұзақ уақыт отыра алмайды, не жата алмайды. Неге науқаста бос сұйықтық пайда болды//
Себебі, науқаста асқазанның жыртылуы болды//
Себебі, науқаста ащы ішектің жыртылуы болды//
Себебі, науқаста ұйқы безінің жыртылуы болды//
+Себебі, науқаста көкбауырдың жыртылуы болды//
Себебі, науқаста қуықтың жыртылуы болды
***
Сізге гемопневмотораксі және қабырғалардың сынуы бар науқас келді. Жарақат бір апта бұрын болған. Пункция жасап, қанды шығарғаннан кейін, өкпе орнына келіп, қайтадан қанға тола бастады. Сіздің тактикаңыз//
Плевра қуысын қайтадан пункциялау//
+Бюллау бойынша дренаж//
Ваго- симпатикалық блокада//
Плевра қуысының пункциясы. Антибиотикотерапия//
Плевра қуысының пункциясы және физиоем
***
Неге тексеру кезінде екіжақты соқыр әдіс қолданылады//
тексеруге енгізілген нысандар санын азайту үшін//
таңдауды қалыптастыруда кездейсоқ қатені азайту үшін//
+тексеру нәтижесін бағалайтын, бақылаушылар қателерін азайту үшін//
тексеру нәтижесін бағалайтын, бақылаушылардың плацебо әсерін азайту үшін//
бақылау және сынамалық топтарда салыстырмалы талдау жүргізу үшін
***