*** Гепатит В сарғаю алды кезеңінің жалпы ұзақтығы//
1 - 5 күн//
+6 - 30 күн//
31-40 күн//
41 - 60 күн//
60 күннен астам
*** Балада Тританрикс екпесінен 2 сағат өткен соң 4 сағат бойы шыңғырып жылау пайда болды. Айғайдың пайда болуы немен байланысты//
+Бас ішілік қысымның жоғарлауымен//
Қан қысымының жоғарлауымен//
Жұлын-ми қысымының жоғарлауымен//
Жергілікті реакциямен//
Дене қызуының жоғарлауымен
*** Гепатит В сарғаю алды кезеңіне неғұрлым тән синдром//
диспепсиялық//
+артралгиялық//
тұмау көрінісі//
кардиалогиялық//
астеновегетативті
***
Вирусты гепатит В-да тексерілмейді//
гипербилирубинемия//
жалпы интоксикация//
геморрагиялық синдром//
+тимол сынамасының жоғарлауы//
протромбин индексінің төмендеуі
*** Қабылдауда 9 жастағы қыз бала әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, соңғы 2 күнде дене қызуының фебрильді санға дейін жоғарлауына, омыртқаның бел аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Дене қызуының жоғарлауына байланысты парацетамол қабылдаған. Анамнезінен: жиі ЖРВИ, анасында созылмалы пиелонефрит. Қарау кезінде интоксикация симптомдарына байланысты, жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары боз, қабағы ісінген, көз астында «көлеңкелер», зәр шығару ауырсынумен ұрғылау симптомы екі жағынан да оң. Қан талдауында: гемоглобин - 124 г/л, ТК - 0,85, лейкоциттер - 10,8×109/л, таяқшаядролы нейтрофилдер - 2%, сегментядролы нейтрофилдер - 63%, эозинофилдер - 3%, моноциттер- 5%, лимфоциттер - 27%. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 15 мм/сағ, ЭТЖ- 26 мм/сағ. Зәр талдауында үлес салмағы - 1010, белок - 0,048, лейкоциттер көп (сплошь), эритроциттер - 0, эпителий ++, шырыш ++. Жіктеме бойынша диагноз//
+Біріншілік пиелонефрит, белсенді//
Біріншілік пиелонефрит, белсенді, обструктивті//
Екіншілік пиелонефрит, белсенді//
Екіншілік пиелонефрит, белсенді, обструктивті//
Созылмалы пиелонефрит, белсенді
*** Созылмалы бронхит диагнозымен 10 жастағы балалар жатады//
I денсаулық тобы//
II денсаулық тобы//
+III денсаулық тобы//
IV денсаулық тобы//
V денсаулық тобы
***
Сізді науқас үйге шақырды, ол осыдан бір ай бұрын жедел панкреатитпен ауырған. Қазір науқасты эпигастрий аймағындағы ауырсыну мазалайды. Қарағанда іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну, осы жерде сонымен қоса үлкен түзіліс пальпацияланады. Дене қызуы қалыпты. Сіз не тағайындайсыз//
+хирург кеңесіне жолдау//
хирургия бөліміне жедел жатқызу//
терапевт кеңесіне жолдау//
терапиялық бөлімге жатқызу//
гастроэнтерологиялық бөлімге жатқызу
***
Жедел вирусты гепатит В диспансерге жатқызу ушін осылардың біреуінің қайсысы орындалмайды//
Тексеру жүргізіледі 1, 3, 6, 9, 12айдан кейін//
+Жазылу сатысында клиникалық биохимиялық көрсеткіштер қалыпты болған жағдайда диспансерлік учеттан 3айдан кейін шығаруы мүмкін//
Стационардан шығаруға рұқсат етеді егер билирубин қалыпты болса және АлАт деңгейі қалыптыдан 2-3 есе жоғары болса//
Ауыр физикалық жұмыстан және дене шынықтырудан 6-12 айға босату//
6 ай ішінде профилактика ретінде егулер алуға рұқсат етілмейді
***
Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс//
Фуросемид//
Дигоксин//
Пенициллин//
Аспирин//
+гентамицин
***
Өт шығару жолдарының атрезиясы кезінде гипербилирубинемия қай құрамының жоғарлауымен байланысты//
Тіке емес билирубин//
+Тіке билирубин//
АЛТ//
АСТ//
ГТФ
*** Өкпелік гипертензия байқалмайды//
ашық артериальды өзекте//
жүрекше аралық перденің ақауында//
+өкпе артериясының оқшауланған стенозында//
қарынша аралық перде ақауында//
аорта стенозында
*** Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек//
бензил пенициллин//
Ампициллин//
Карбенициллин//
метациклин//
+Оксациллин
*** Іш қатудан кейін іш өту түрі қалай аталады//
экссудативті диарея//
+жалған диарея//
осмотикалык диарея//
инфекциялық диарея//
обстипация
*** Ерте жастағы балалардағы іш қатудың себебіне жатпайды//
ВНС кеш дамуы//
Темірдің дұрыс жетілмеуі//
+Мөлшеріне байланысты тамақтанудын бұзылысы//
Емізуге күштемеу//
Дұрыс емізбеудің техникасы
*** ЖИА-мен, атеросклерозды кардиосклерозбен, созылмалы қан айналымы жетіспеушілінің (СҚЖ) ІІ Б сатысымен ауыратын науқасқа (ЖЖЖ -96, PS-76, АҚҚ 120/80, PQ-0,21) қарыншалық экстросистолияны жою үшін лидокаин (50мг) болюс ретінде бірден енгізіліп, кейіннен дәрі көк тамырға (1мг/мин) тамызылды. Лидокаин мөлшері неге 2 есе аз берілді//
тахикардия болғандықтан//
AV өткізгіштіктігі баяулағаннан//
лидокаинның бүйрек арқылы бөлінуі баяулағаннан//
бауырдың кардиалды циррозында гипоальбу-минурия жиі болатындықтан//
+СҚЖ-і бар науқаста ДЗ-тардың тарау көлемі төмендейтіндіктен
*** Қандай дәрілік заттар іш қатудың себебіне әкелуі мүмкін//
жостер ұрығы//
құрысуға қарсы препараттар//
ганглиоблокаторлар//
+ферменттік препараттар//
зәр айдайтын препараттар
*** Ерте жастағы балаларда іш қатудың себебіне жатпайды//
гиподинамия//
стресс//
тоқ ішектің даму аномалиялары//
алиментарлық себептер//
+дәретке шығу үшін физиологиялық шақыруды қоздыру
***
Науқас неврозды жағдайға, үрейленуге, эмоциялық күйге, ұйқының бұзылуына, АҚҚ жиі жоғарлауы шағымдарына байланысты, диазепамның 10 мг және раунатиннің 1 тб күніне 2 рет қабылдағанын айтты. Анамнезінде созылмалы гепатит. Екі аптадан кейін науқас галлюцинация, айқын түстер көре бастағанын, әлсіздік өсіп және қолдары қалтырайтынын байқады. Диазепамның жағымсыз әсерінің пайда болуына қандай жағдай әсер етті//
препараттың жоғары дозасы//
АІТ-нан препараттың сіңуінің жоғарлауы//
+препараттың организмде биотрансформация процессін тежеуі//
препараттың организмнен шығарылуының жоғарлауы//
диазепамның және раутиннің әсерлесуі
*** Іш қатудың субкомпенсирленген сатысына тән емес//
Өздігінен дәретке 1 рет 2-3 кун//
Іштегі ауырсыну//
Метеоризм//
+ішектен тыс бұзылыс//
диеталық коррекцияның жағымсыз әсері
*** Қандай препараттар іш қатуды шақырмайды//
анальгетик – опиаттар//
антипаркинсонотикалық//
антидепрессанттар//
құрамында алюминий бар антацидтер//
+антигистаминдер
*** Бутамидпен (таңертең 1г, кешке 0,5г) емделуден қант диабеті компенсацияланды. Бірақ науқаста 2-і ФК-ты стенокардия болған соң, қосымша анаприлин (40мг, 3 рет/тәул.) және аспирин (0,125 г/тәул.) тағайындалды. Осындай кешенді терапияның бір аптасынан кейін, мезгіл-мезгіл әлсіздік, тершендік, бас айналу, мазасыздық, тері жамылғысының бозаруы байқалды. Осы жағдай себебін атаңыз//
бутамид дозасы көп болғаннан//
анаприлин дозасы көп болғаннан//
+анаприлин және бутамидтің фармакодинамикалық әсерлесуінен//
анаприлиннің және аспириннің фармакодинамикалық әсерлесуінен//
аспириннің және бутамидтің фармакодинамикалық әсерлесуінен
*** Ішектің босауына әкелетін себептер//
тоқ ішектің ісігі//
қант диабеті//
Гиршпрунг ауруы//
құрамында алюминий бар антацидтер//
+дисахарозды жетіспеушілік
*** 12 жастағы қыз бала. Ауырғанына бірнеше сағат болған, белдемелі сипаты бар және омыртқаға берілетін ауырсыну көбінесе эпигастрий аймағында пайда болды. Жеңілдік әкелмейтін екі рет құсу болды. Объективті: боз, тілі ақ жабынмен жабылған, дене қызуы 37,8°C, іші кепкен, эпигастрий аймағы біршама қатайған. Ортнер симптомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну. Лейкоцитоз-12,8×109/л. Тазалау клизмасынан кейін нәжісі болған, нәжіс массалары тығыз, майлы. Болжам диагноз//
Жедел холецистит//
Жедел гастродуоденит//
Жедел гастрит//
Жедел дуоденит//
+Жедел панкреатит
*** Балалардағы іш қату ненің нәтижиесінен болуы мүмкін//
Ішектің салдануы//
Гипотиреодизм//
+Дұрыс тамақтанбау//
Гиршспрунг ауруы//
Барлық жауап дұрыс
***
Салицилаттарды қабылдайтын анасын емген сәби қандай дәрілік әсер алады//
қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер//
мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік//
пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы//
асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер//
+геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы
*** Нәрестеде жоғарғы еріннің біржақты бітіспеушілігі, дұрыс ембеуі, шашалуы анықталды. Қай уақытта операция көрсетілген//
+1-3 тәулікте//
4-6 тәулікте//
7-9 тәулікте//
10-12 тәулікте//
13-15 тәулікте
*** Ортостатикалық коллапс мына дәрінің әсерінен болуы мүмкін//
Дибазол//
Престариум//
Папаверин//
+Анаприлин//
Преднизолон
*** Этанолды қабылдаған анасын емген сәби қандай әсер алады//
қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер//
мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік//
+пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы//
асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер//
геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы
*** Вирусты диареяға тән белгілер//
+тыныс алу жолдары жағынан катарльды көріністер//
күшті лоқсумен біртіндеп басталатын ауру//
тілі қалың жабылған, іші керілген, аздап ауырсыну, шұрылдау//
гепатоспленомегалия//
гиперспленизм
***
Вегетодистонияның ваготоникалық түріне тән//
Гипербилирубинемия//
тахикардия//
ақ дермографизм/
+естен тануға бейімділік//
АҚҚ жоғарылауы
*** Балада диабетикалық гипогликемиялық кома. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ауруханаға дейінгі сатыдағы іс-әрекеті, (халықаралық стандартқа сәйкес)//
көк тамырға ағынмен 40% глюкоза ерітіндісі//
көк тамырға ағынмен 40% глюкоза ерітіндісі, сонан соң 5% глюкоза к/т тамшылатып//
көк тамырғатамшылатып 20% глюкоза ерітіндісі//
40% глюкоза ерітіндісі ішке (per os)//
+глюкаген (глюкагонның синтикалық аналогі ) бұлшық етке
*** Аминогликозидтерді қабылдайтын анасын емгеннен сәби қандай дәрілік әсер алады//
қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер//
мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік//
пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы//
+асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер//
геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы
*** Комаға түскен балаға жедел жәрдем шақырылды. Дәрігер, баланың қант диабетімен ауратын анықтады, 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға ағындап енгізді. Дәрігердің іс-әрекетін бағалаңыз//
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу команың түрін анықтауға көмектеседі (гипогликемиялық немесе кетоацидоздық)//
+Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені кетоацидоздық кома жағдайындағы науқасқа 40% глюкоза ерітіндісін енгізу, гиперосмолярлық команың даму каупін туғызады//
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу, бас миының ісінуіне әкелуі мүмкін//
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені, бұл лактацидоздың дамуына әкелуі мүмкін//
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу гиповолемиялық шокқа әкелуі мүмкін
*** Естен тану кезінде наукасты ең алдымен тексереді//
көз қарашығының жарыққа реакциясын//
артериальды қан қысымын//
шыбық артериясынан пульсті//
сіңір рефлекстерін//
+ұйқы артериясындагы пульсті
*** Гипогликемияны шақырмайтын себептер//
инсулиннің үлкен дозасы//
+рационда нан бірліктері санының жеткіліксіздігі//
винсулин дозасының жеткіліксіздігі//
ішімдік ішу//
физикалық жүктеме
*** Теофиллин қабылдайтын анасын емгеннен сәби қандай дәрілік әсер алады//
+қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер//
мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік//
пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы//
асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипатталатын ототоксикалық әсер//
геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы
*** ЖРА бір апта өткен соң баланың бүкіл денесінде симметриялы емес полиморфты, полихромды бөртпелер, ауыз қуысының шырышты қабатында қан құйылулар, мұрынннан қан кету байқалды. Объективті: жүрек жағынан шамалы тахикардия, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Болжам диагноз//
Гланцмантромбастения//
Мея-Хеглин аномалиясы//
+Верльгоф ауруы// Виллебрант ауруы//
Вискотта-Олдрич синдромы
***
Естен тану кезінде қандай іс-шара жасалмайды//
жатқызу, керуеттің бас жағын төмен түсіру//
еркін тыныс алуды және таза ауамен қамтамасыз ету//
бетін салқын сумен жуу//
көрсеткіш бойынша кордиамин, кофеин//
+зәр шығарушы препараттар
*** Жүктілік анасында бірінші рет, 17 жаста, жанұясы толық емес, темекі шегеді, білімі 9 сыныптық. Баланың әкесі жоқ. Үлескелік мейірбике босануға дейінгі патронажда барлық тұрғындар арасында темекі шегу жиілігін, оның ішінде жүкті әйелдердің темекі шегу жиілігін төмендетуге бағыттталған қоғамдық стратегияны қолдауы тиіс, өйткені бұл әкеледі//
Эклампсияға//
Фетоплацентарлы жетіспеушілікке//
Ұрық ақауына//
Ұрықтың құрсақ ішілік инфекциясына//
+Нәрестенің дене салмағының төмендеуіне
*** Жедел дезинтерияның коллоидты түріндегі нәжіс//
көп мөлшерлі, сулы//
күңгірт, жасыл реңмен және ащы иіспен//
сұйық, іркілген, кілегейлі және қан талшықтарымен//
сұйық, нәжісті, құрамында патологиясыз//
сұйық, көп мөлшерлі қорытылмаған бөлшектермен
*** 1 жастағы бала, салмағы 10 кг. Дене қызуының 39,5 С дейін жоғарлауы байқалады, терісі боз, тырнақтары мен еріні көгілдір реңді, «ақ дақ» симптомы оң. Аяқ-қолдары суық. Шұғыл шаралар//
парацетомол 100 мг//
+парацетомол 100 мг + тамырды кеңейткіш препараттар//
парацетомол 120 мг + спиртті-арақ ерітіндісімен ысқылау//
парацетомол 150 мг + ірі тамырлар аймағына мұз басу//
парацетомол 200 мг + ампициллин 250 мг
***
Резерпин қабылдайтын анасын емгеннен сәби қандай дәрілік әсер алады//
қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер//
мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік//
пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы//
асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер//
геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы
*** Гипогликемиялық кома, қанның құрамында, глюкозаның қай көрсеткішінде дамиды//
+3,0 ммоль/л//
3,5 ммоль/л//
4,0 ммоль/л//
4,5 ммоль/л//
5 ммоль/л
*** 6 айлық бала. ЖРВИ ауырған науқаспен қатынас болған. Жедел ауырған. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, есі анық. Бала мазасыз. Мазасыздану кезінде кезеңді түрде инспираторлы ентігу 60-қа дейін байқалады, ұстама тәрізді үріп жөтелу мазалайды. Тыныштықта тынысы біркелкі, кеуде клеткасында басылу аймақтарының тартылуы жоқ. Дауысы қарлыққан. Жіктеме бойынша диагноз//
+ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз I дәрежелі//
ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз II дәрежелі//
ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз III дәрежелі//
ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз IV дәрежелі//
ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз V дәрежелі
*** Жасөспірім жүрегі (тамшы тәрізді) синдромы білінеді//
артериальды гипертезиямен//
+естен танумен, АҚҚ төмендеуімен//
гипертермиямен//
брадикардиямен//
ентігумен
*** Жүктіліктің барлық кезеңінде қолдануға болатын антибактериалды препаратты көрсетіңіз//
+Пенициллиндар//
Сульфаниламидтер//
Бисептол//
Нитрофурандар//
Фторхиналондар
*** Естен тану кезінде баланы қалай жатқызу керек//
басын төмен түсіріп//
аяғын төмен түсіріп//
+көлденең//
оң жақ қырымен//
сол жақ қырымен
*** Диабетикалық кома кезінде қысқа әсерлі инсулин қалай есептеледі//
4 бірлік/кг//
3 бірлік/кг//
2 бірлік/кг//
+1 бірлік/кг//
5бірлік/кг
*** Тиреотоксикоз және нейроциркуляторлық дистонияның ең мәліметті дифференциалды- диагностикалық критерийі болып табылады//
қалқанша безінің йоджұтқыш функциясы//
негізгі алмасудың көрсеткіштері//
ақуыз байланысты йод//
+қандағы тийодтиронин және тироксин деңгейі//
қан құрамындағы холестерин
*** 11 жастағы бала дене салмағының төмендеуіне (салмақ тапшылығы 7кг), оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуына, бас ауыруына, тітіркенгіштікке, жоғары тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Объективтіо: физикалық дамуда артта қалу бар. Тері жабындылары субиктериялық. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астындағы, өт қабы нүктесінде ауырсыну байқалады. ЖҚА Hb 90г/л, Эр 3,0×1012/л, лейк 10,5×109/л, п/я 2%, сегментядролы 55%, э-8%, лимф -25%, м 10%, ЭТЖ 17мм/сағ. Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру кезінде құрт жұмыртқалары табылды. Глистті инвазияны анықтаңыз//
Энтеробиоз//
Трихинеллез//
Дифиллоботриоз//
Аскаридоз//
+Описторхоз
*** Келтірілген дәрілердің қайсысын тоқтатпай қолдана беру қажет болса, жүктілікті жалғастыруға болмайды//
Пенициллин//
В тобының витаминдері//
Макролидтер//
+Ісікке қарсы антибиотиктер//
Финлепсин
*** Спазмофилияның қай түріне естен тану тән//
карпопедальды спазм//
Ларингоспазм//
Бронхоспазм//
+Эклампсиялық ұстама//
Құрысу
*** Кетоацидоздық команың клиникалық көріністеріне жатады//
+Гипогликемия//
Гиперкетонемия//
метаболикалық алкалоз//
Полиурия//
Гипергликемия
***
Дәрілік зат жүктіліктің қай кезеңінде ең қауіпті токсикалық әсері//
ұрықтанудан кейінгі 7 күнде (имплантацияға дейін)//
жүктіліктің алғашқы 3-4 айында (эмбриогенез кезеңі)//
жүктіліктің екінші триместрінде//
жүктіліктің үшінші триместрінде//
+босанудан бұрын және босану кезінде
***
И. атты науқасқа дәрігер шақырылды. Шағымы: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуы. Анамнезінде жиі естен тану, объективті қарағанда: сана-сезімі анық, терісі ақшыл, АҚҚ 100/70 мм рт.ст. ЖСЖ минутына 45. Төменде өрсетілген скрининг тестілерінің қайсысы ең тиімді болады//
Глюкометрия//
АҚҚ қайта өлшеу//
ЖСЖ бақылау//
Пикфлоуметрия//
+ЭКГ
*** С., атты науқас, 12 жаста, тамақтан соң 2-3 сағаттан кейін әлсіздік, денесінің қызуы, терлеу, қалшылдау, естен тану байқалады. Болжам диагноз//
+Гипогликемия синдромы//
Агастральды астения//
Әкелуші тұзақ синдромы//
Анастомоздың пептикалық жарасы//
Демпинг синдромы
***
8 жасар бала, естен танып жатқанына 1 сағат болды, Куссмауль тынысы, бетінің ұшы гиперемияланған, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, аузынан ацетон иісі. 3 жетіден бері шөлдеу, жиі зәр шығару мазалайды, 1 кг салмақ жоғалтты. Сіздің болжам диагнозыңыз//
қант диабеті//
қантсыз диабет//
+диабетикалық кетоацидоздық кома//
менингит//
гипогликемиялық кома
***
Ауыр салқындауға не жатпайды//
+Тері беттері қызарып, суланған//
Кома, құрысулар, коллапс//
Жергілікті салқындаулар//
Айқын брадикардия//
Патологиялық тыныс алу
*** Жүктіліктің ерте диагностикасы//
базальды температураның өзгеруі//
+хорионды гонодотропин деңгейін анықтау//
ультрадыбыстық зерттеу//
динамикалық бақылау//
қандағы прогестерон деңгейін анықтау
***
Улы жәндік шаққанда неден бастайды//
Форсирленген диурез//
Десенсибилизациялық ем//
+Жәндіктің тістерін жұлып алу//
Жансыздандыру//
Новокаинмен блокада
***
Дәлелді медицина түсінігіне берілген тұжырымдардың қайсысы сәйкес? Дәлелді медицина – бұл//
Жеке ғылым//
Ерекше статистика//
Шығындарды азайту механизмі//
+Медициналық тәжірибе амалы//
Экономикалық талдау түрі
***
Нәрестенің емханаға бірінші келуінде жүргізілмейді//
физикалық және психомоторлы дамуын бағалау//
соматикалық жағдайын бағалау//
+генетик кеңесі//
денсаулық тобын бағалау және и 112 формаға бірінші эпикриз жазу//
нәрестенің тамақтануы және күтімі туралы ұсыныстар
*** Әйел адам, 40 жаста. Шағымдары: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі. 5 күн бұрын ауырды: мұрыннан су ағу, тамағының ауруы, дене қызуның 38°С көтерілуі. Эпид. анамнез: командировкаға жиі шығады, жалпы тамақтану орындарында тамақтанады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары сарғыш, тілі ақ жабындымен жабылған, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, зәрі күңгірт, нәжісі болған жоқ. Неғұрлым мүмкін болатын алдын-ала болжам диагнозын атаңыз//
иерсиниоз//
лептоспироз//
+вирусты гепатит//
инфекционды мононуклеоз//
өт тас ауруы