Шєкєрім поэтикасы



бет11/17
Дата22.11.2022
өлшемі291,5 Kb.
#51886
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Қорытындыда зерттеу жұмысының барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жинақталып түйінделді. Ең басты тұжырым өз дәуірінен озып ой айтқан ақын шығармашылығының поэтикасы сан түрлі көркемдік амал-тәсілдермен бай екендігі сипатталды. Қаламгерлік мақсатының негізгі арқауы – түзу адам тәрбиелеу жолын іздеу. Сыртқы орта болып жатқан түрлі оқиғалар ықпалында емес, адамның ішкі дүниесінде өтетін сапалық өзгерістердің мәнін айқындау арқылы көркемдік әлем жасау – Шәкәрім шығармашылығының негізгі ерекшелігі. Сол арқылы ұлтын, жерін сүйген, жалпы адамзатты сүйген адам тұлғасының дамуына әсер ету үшін өлең сөзді көркемдік қару ету міндетін көздеген. Сондықтан да ақын өлеңнің мәні мен мағынасына, бүкіл көркемдік сапасына аса үлкен талап қойған, өзі де солталап деңгейінен табыла білген.
Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды. Жинақтай келгенде, зерттеу нәтижелері көрсеткендей Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Оның сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талайіргелі зерттеулерге негіз болары анық. Біз өз мақстамыз тұрғысынан ғана ой тұжырымдар түйіндедік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет