Шєкєрім поэтикасы


Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері



бет7/17
Дата22.11.2022
өлшемі291,5 Kb.
#51886
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қазақ әдебиеттанушылары мен шетел ғалымдары ұсынған ғылыми еңбектер қолданылды. Диссертацияның зерттеу объектілерін түсінуде, әдеби және поэтикалық талдау жасауда біз белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар А.Байтұрсынов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншіәлиев, С.Қирабаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев, М.Базарбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Нарымбетов, М.Жармұхамедұлы, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Н.Келімбетов, А.Еспенбетов, Ө.Күмісбаев, С.Дәуітов, Б.Майтанов, А.Қыраубаева, А.Ісімақова, Б.Әбдіғазиев, И.Жеменей, т.б еңбектері мен ой-тұжырымдары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Қазақ әдебиеті мен поэзиясындағы Шәкәрім шығармашылығының алатын орнын көрсету. Шәкәрім поэтикасы қазақ сөз өнерін, өлең өрнегін, көркем ойды және көркем бейнелеуді жаңа деңгейге көтергені ақиқат. Шәкәрім поэзиясының басты қасиеті оның философиялық мазмұндылығы. Ақын қазақ өлең өнерінде пәлсапалық қағидаларды ұсына біледі. Шәкәрім поэзиясынан қазақ әдебиеттану ғылымында дәстүрлі фольклордың, жыраулық әдебиеттің, Шығыс пен батыс поэзиясының қазақтың өлең өнерінің қалыптасуы мен дамуына әсерлерін, ықпалын көруге болады. Шәкәрім әлемдік әдеби процестен тәлім ала отырып, ақындық өнердің шыңы Абай поэзиясынан үлгі алды. Абай мен Шәкәрім ақындығындағы тақырыптық, жанрлық, стильдік және мазмұндық сабақтастық қазақ поэзиясында қайталанбас құбылыс. Бұл құбылыстың қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы маңызы өте зор. Себебі, қазақтың өлең өнерінің тек сапасын арттыруда Абай мен Шәкәрім үлгісі бірінші орында тұрады.
Зерттеудің нысанасы, деректілік негізі. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін анықтау. Өлеңдері мен дастандарының көркемдік әсемдігін, терең ойшылдығын, сыншылдығы мен шыншылдығының табиғатын көрсету болып табылады.
Зерттеудің дерек көзі ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының баспалардан жарық көрген шығармаларының жинақтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорларында сақталған құжаттары, Республика кітапханалары қорларында сақталған Шәкәрім шығармаларының қолжазбалары, Шәкәрім туралы оның туыстарының жеке иелігінен алынған түрлі қолжазбалар, деректер және естеліктер пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет