Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы



бет11/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
11)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы.

Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру болды. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер, сенім телефондары ұйымдастырылған. Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігіндегі кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңес құрамында – 12 мүше бар. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.

Қоғамдық кеңестер міндеттерінің қатарына сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру, сондай-ақ оларды іске асыру нәтижелерінің талдауымен бірлескен мониторингін жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіптерден азаматтар мен қоғамның құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу кіреді және т.б.

Кеңес мынадай функцияларды орындайды:- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққa қарсы заңнaманы, сыбайлас жемқорлықпен күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және құзыретті органдарға енгізу; - қоғамдық мониторингті ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу және тиісті мемлекеттік, оның ішінде жоғары тұрған органдарға енгізу; - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анағұрлым жақын тұратын салаларды анықтау мәселелері бойынша ғылыми ұсынымдарды қарау және олардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бағдар-ламалар мен жоспарларды іске асыру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ оларды іске асырудың бірлескен мониторингі мен талдауын жүзеге асыру; - қоғамдық мониторинг қорытындыларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша шараларды қарастыру; - халықты сыбайлас жемқорлық көздері мен теріс әсерлері, онымен күресу құралдары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар туралы ақпараттандыру; - азаматтық қоғам субъектілерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; - кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғаумен байланысты құқық қорғау қызметін реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; - мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу, - мемлекеттік органдар басшыларының, жауапты лауазымдық тұлғаларының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемле-кеттік қызметтер ұсыну сапасын жақсарту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратын тыңдау; - мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларын мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарын сақтамағаны, қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар әзірлеу. Уәкілетті орган 2014 жылы азаматтық қоғам институтымен, «Нұр Отан» партиясымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 28 меморандумға қол қойды, 35 кеңейтілген «дөңгелек үстелдер», 32 семинар, 5 форум, 37 ағартушылық және мынадай тaқырыптaрда басқа да іс-шаралар өткізді: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу», «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыру максатында азаматтардың құқықты ұғыну деңгейін арттыру», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа белестері». Осы іс-шаралар жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан консуль-тативтік-кеңесші орган мәртебесі берілген Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес қызметінің мақсаттары: елдегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттік құқықтық саясатын жүргізуге жәрдемдесу, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен және халықпен өзара қарым-қатынасын дaмыту және одан әрі жетілдіру болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып табылады деген қорытынды шығаруға болады: 1) Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген қызығушылығы. Азамaттық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша, уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы келмейді.2) Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды орташа кластың болмауы. 3) Халықта

әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын танымдылықтың болмауы.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау қажет: 1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау.2) Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз ету. 3) Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау. 4) Әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру. 5) Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды іске асыру үшін бақылауды күшейту. 6) Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру; қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.

Осылайша, сыбайлac жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс болып табылады.

Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қaрaуға ерекше назар болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау тиімді болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет