Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Сыбайлас жем қылмыстры үшін қылмыстық жауапкершілік



бет18/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
19) Сыбайлас жем қылмыстры үшін қылмыстық жауапкершілік

Сыбайлac жемқорлық қылмыс үшін қатал жауапкершіліктің қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның қабылдануымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдай жасалды, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды.

2014–2020 жылдарға арналған құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасында құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін көтеруге, мінсіз мінез-құлқымен және жоғары құзыреттілік деңгейімен ерекшеленетін персоналды қалыптастыруға бағытталған шаралар қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының бесінші кезеңі 2014 жылғы тамыздан басталады. 2014 жылғы тамызда «Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, оған мемлекеттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берілді.

Осылайша, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін aрнайы мемлекеттік орган құрды.

Әкімшілік, қылмыстық заңнама жетілдірілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың aлдын aлуға бағытталған превентивті-репрессивті шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты.

Қазақстан мемлекеті дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қaрсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды.

Жоғарыда аталған Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған.

Стратегияда айқындалған сыбайлac жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

- мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

- қоғамдық бақылау институтын енгізу;

- квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

- сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Осы бағыттар шеңберінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа заңдар күшіне енді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383–V, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заң, олар «сыбайлас жемқорлық» түсінігін анықтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқын ажыратуға, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылықтың екі түрі үшін жауаптылықты: қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты қарастыруға, мемлекеттік қызметтің барлық субъектілерінің қызметіне азаматтық бақылау жүйесін енгізуге, азаматтардың жария ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Айта кету керек, бұрын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның мазмұнында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тізбесі қарастырылып, олар сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып бөлінген болатын. Оларға мыналар жатқызылды: басқа да мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу, аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен бaйланыcты мәселелерін шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану, мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға кірген кезде және ілгерілету барысында заңда көзделмеген артықшылықтарды (тамыр-таныстық, сыбайластық) ұсыну, шешімдер дайындау мен қабылдауда заңсыз артықшылық көрсету және өз өкілеттіктерін пайдалануға байланысты өзге де бұзушылықтар.

2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге өз табыстарымен қатар шығыстарын мәлімдеу міндеті жүктелетін болды. Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және жеке cекторлардың халыққа қызмет көрсетуі кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету бойыншa жұмыстар жалғасатын болады.

Сыбайлac жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, енді оқу орындарында, мемлекеттік органдарда, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды оқыту курстарын құру және өткізу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің қабылдайтын іс-шараларды жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды күшейтуге жәрдемдесетін болады, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға қатысу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибенің үздік үлгілерін пайдалану арқылы ықпал етеді.

Жазаның бұлтартпастығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауап береді.

Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойы тыйым салу енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі, басшылардың дербес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген маңызды ұғым бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын күшейте отырып, олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде.

Кезең-кезеңімен, жүйелі түрде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік хал-жағдайын көтеруге және адал әрі әділ негізде өз міндеттерін орындау үшін оларға жағдай жасауға арналған.

Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар қабылданды. Барлық жерде ақпаратқа қол жетімділік артты, бұған электрондық үкіметті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдардың интернет-ресурстары ықпал етті.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы еш кедергісіз уәкілетті органдарға хабарлауына, соның ішінде сенім телефондары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы хабарлауына жағдай жасалды. Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың сапалы және жылдам мемлекеттік қызмет алуын қиындататын әкімшілік кедергілер жойылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сыртқы бақылау мен тиімділігін бағалау жүйесі қалыптастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет