14) Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары, кезеңдері және тетігі
Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып табылады деген қорытынды шығаруға болады:
1) Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген қызығушылығы. Азамaттық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша, уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы келмейді.2) Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды орташа кластың болмауы. 3) Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын танымдылықтың болмауы.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау қажет:
1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау. 2) Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз ету. 3) Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау.
4) Әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру.
5) Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жоспарлар
мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды іске асыру үшін бақылауды күшейту.
6) Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру; қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.Осылайша, сыбайлac жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс болып табылады. Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қaрaуға ерекше назар болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |