Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Сыбайлас жемқорлық қылмысының түрлері мен нысандары



бет17/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
17) Сыбайлас жемқорлық қылмысының түрлері мен нысандары

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың түрлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген.

Заңның 2-бабына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық нысандарының ұғымы көзделмеген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 31-бабында қылмысқа қатысу нысандары белгіленген. Мәселен, келесі жағдайларда қылмыс жасалған деп танылады:

1) егер қылмыс жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады. 2) егер қылмысқа бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады. 3) егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. 4) егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады. 5) егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. 6) егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтар бірлестігі екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен

жасаса, ол трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.

18) Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.

Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық, ұйымдық және өзге де механизмдерін әзірлеу және енгізу сот қызметі тиімділігінің қажетті элементі болып табылады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан әрі іске асыру 2018-2020 жылдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, мыналар оның негізгі басым бағыттары болып табылады:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әрі жүйелі басты шарты ретінде тәуелсіз сот төрелігін нығайту;

- заңнаманы одан әрі жетілдіру;

- сот процесіне қатысушылар арасында жүргізілетін кезеңдік әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі мен жариялылығын арттыру;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесін кеңейту;

- соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақтылы тереңдету;

- соттардың жұмысының анықтығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен арттыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып отырған алдын алу-профилактика шараларының тиімділігін арттыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет