Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық стратегиясын іске асыру саласында ұйымдастырушылық іс-шаралар



бет49/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

53. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық стратегиясын іске асыру саласында ұйымдастырушылық іс-шаралар.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылдың қажетті шарты мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.Осыған байланысты Агенттік қоғам мен мемлекет арасындағы серіктестіктің оңтайлы үлгілерін іздестіру мен барынша ашық болу саясатын қабылдады.2017 жылғы маңызды оқиға-алғаш рет өткізілген Азаматтық сектор, кәсіподақтар, этномәдени және басқа да азаматтық қоғамның басқа институттарының өкілдерін біріктірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі болды.Агенттік жоғары оқу орындары қауымдастығымен, Қазақстан халықтар Ассамблеясымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен, діни конфессиялармен серіктестік қарымқатынастарды орнатты және көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кірісті.

Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыруға қоғамды тарту бойынша жаңа тәсілдер ұсынылды.Конгрестің қатысушылары ұсынған бастамалар қатарында «Жасырын сатып алушы» әдісімен «қоғамдық аудит» жобасы, мемлекеттік қызметтегі мүдделер шиеленісін қарау, мемлекеттік сатып алулардың қоғамдық мониторингі, «Жолдардағы жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам» жобасы болды.

Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне әсер етеді, сондықтан осы процеске қоғамдастықты кеңінен тарту арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне үнемі мониторинг жүргізу қажеттілігі туындайды.Мәселен, 2017 жылы «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтық бақылау жүзеге асырылды.Жобаны іске асыру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсететін әртүрлі ұйымдарға 718 рет бару жүзеге асырылды.Нәтижесінде 758 заң бұзушылық анықталды, соның ішінде: заңсыз сыйақы («помогайки») үшін делдалдық қызмет көрсету, үлкен кезектер, бюрократиялық кедергілер, жұмыс кестесін сақтамау, қате кеңес беру фактілері, қызмет көрсету тәртібі туралы сенімсіз ақпаратты жариялау, күту залдарының жарақталмауы, пандустардың жоқтығы және т.б.Анықталған кемшіліктерді жою үшін Агенттік барлық ұйымдарға тиісті ұсынымдар жолдады, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырды.Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бірге «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты ауқымды акциясы жүзеге асырылды. Акция шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс істей бастады, олар азаматтарды қабылдауды жүргізіп, еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні 1075 сапар жасалды, 3344 еңбек ұжымы немесе 460 мыңға жуық адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат ашумен қамтылды және де 237 жазбаша өтініштер келіп түсті.Мониторинг нәтижелері бойынша (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және жеке деректерін зерттеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, жоспарлы тексерулер) мүдделер шиеленісінің 153 фактісі анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет