51. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздері.
Сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне қауіп төндіреді. Дәл осы себептен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында және бірқатар басқа да халықаралық ұйымдардың құжаттарында ерекше атап көрсетіледі.
Қазақстан 2008 жылдың 8 мамырында ратификациялаған БҰҰ-ның 2003 жылғы 31 қазандағы арнай Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған.Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар жүйесі іске асырылып келеді, ол еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған.
1998 жылы Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды, оның негізіне БҰҰ мен ТМД халықаралық Ассамблеясының қамқорлығымен халықаралық ұйымдар әзірлеген үлгілік актілер алынды.Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, уәкілетті орган құрылды, БҰҰ-ның Сыбайлс жемқорлыққа қарсы конвенциясына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
Сыбайлас жемқорлық «Қазақстан-2050» стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» құжатында да ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп дәрежесіне көтерілді.Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы жөніндегі комиссия құрылды және жұмыс істейді.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және оның жолын кесу үшін арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы жұмыс істейді.Үкімет орасан зор жұмыс атқарды және атқарып келеді, оған Мемлекет басшысы азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендетуге және бизнесті билік тарапынан негізсіз араласудан қорғауға бағытталған бірқатар маңызды тапсырмалар берген болатын.
Жаңа бағдарлама – «Электрондық Үкімет» енгізілді, онда мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету және, сәйкесінше, олардың қоғамдық институттардың бақылауында болуын қамтамасыз ету көзделген.Бұл жұмыстағы жүйелілік 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қамтамасыз етуге бағдарланған, ол мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.Стратегия іс біткен соң әрекет етуден сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, ескертуге, оны жасаудың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға өтуді көздейді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері құжатта маңызды орын алады. Бұл бүкіл халықаралық қоғамдастық шарттарымен сыбйлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігінен туындаған өте дұрыс қадам.Жалпы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нысанасы екі негізгі мақсатқа бағытталған: бірінші – кішкентай кезінен бастап, ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; екінші – мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылауды дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |