Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл туралы


«БАЛАНЫҢ ТУУЫН ТІРКЕУ» ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТ



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата07.04.2022
өлшемі4,63 Mb.
#30174
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
«БАЛАНЫҢ ТУУЫН ТІРКЕУ» ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТ

«Мемлекеттік  аудит  және  қаржылық  бақылау  туралы»  Заңына  түзетулер 

енгізу  өте  маңызды.  Бұл  түзетулер  мемлекеттік  аудитордың  ассистентінің 

құқықтары  мен  міндеттерін  нақты  реттейді,  сондай-ақ  мемлекеттік  аудитор 

біліктілігін  иеленуге  үміткер  адамдарды  сертификаттау  жөніндегі  ұлттық 

комиссияға нақты негіздер бойынша, оның ішінде кәсіби әдепті сақтамағаны үшін 

сертификатты қайтарып алу құқығын береді.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА

Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Есеп комитеті аудиторлық іс-

шараны  жүргізу  басталғанға  дейін  міндетті  «үлестік  тізімін»  қалыптастыруды 

енгізді. 



16

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Сонымен  қатар,  басқа  да  профилактикалық  шаралар,  оның  ішінде  Есеп 

комитетінің  сенім  телефонын  аудит  объектісінде  міндетті  орналастыру, 

мемлекеттік аудиторларға мемлекеттік аудит барысында және  оны аяқтаған соң 

ұсынылған сыйлықтар мен қызметтерді алуға тыйым салу.

Жоғарғы  Соттың  нормативтік  қаулысымен  құқықтық  техника  ережелері, 

тілдің  анық  еместігі  мен  қолданылатын  терминдердің  түсініксіздігімен 

байланысты  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін,  сондай-ақ  бағалау 

сипатындағы қолданылатын санаттарды ерікті түсіндіру мүмкіндігін болдырмау 

мақсатында,  судьялардың  сот  процесі  тараптарына  сот  шешімін  түсіндіру 

практикасы енгізілді. 

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА

«Табиғи  монополиялар  туралы»  жаңа  Заң  қабылданды.  Бұл  заңда  табиғи 

монополиялар  субъектілері  қызметінің  ашықтығын  арттыруды  және  тарифтік 

сметалар  мен  инвестициялық  бағдарламалардың  орындалуын  бақылауды 

күшейтуді  қарастырылған.  Жаңа  екі  Қоғамдық  бақылау  инситуты  енгізілді:       

Тарифтік  саясат  бойынша  кеңес  және  Табиғи  монополиялар  субъектілерінің 

қызметтерін тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі. 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДА

Бизнесті мемлекеттік бақылау мен қадағалау   жүйесі концептуалды өзгеріп, 

профилактикалық  бақылау  институты  құрылды.  Оның  ерекшелігі  –  әкімшілік 

өндіріс қозғаусыз құқықбұзушылықтың алдын алу. 

СОТ САЛАСЫНДА

Бірін  бірі  қайталауына  және  тиімділігінің  төмен  деңгейіне  байланысты          

114  бақылау  саласын  20-ға  кеміту,  544  бақылау  функцияларының  108-ін 

қысқарту  арқылы  бизнесті  бақылау-қадағалау  жүктемесін  едәуір  азайту 

күтілуде. 

Ерекше тәртіп бойынша тексерістерді жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне, 

жоспардан тыс тексеру мерзімі 30-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. 

Тексерісті жүргізу мерзімін бірнеше рет ұзарту мүмкіндігі шектетіліп, тек бір 

рет ұзарту мүмкіндігі қалдырылды. 

Бұл институт жекелеген функцияларды орындау құқықтары мен міндеттерін, 

сонымен  қатар  оларға  деген  жауапкершілікті  арнайы  құрылған  субъектілерге 

жүктеуге мүмкіндік береді.

 Мемлекеттік  органдардың  жұмысының  тексеруден  бизнес  пен  халыққа 

көмек көрсетуге бағыт алуының тиімді құралы жария құқықтың заңды тұлғалар 

институтын енгізу бола алады.    

Дегенмен, Қазақстанда ақылы қызмет спектрін дамыту, мемлекеттік аппарат-

тың бизеспен өзара әрекеттестігінде клиентті бағыттау мәселелері өзекті болып 

қалып отыр.

Мұндай  жағдай  штат  саны  мен  бюджет  көлемі  шектеулі  мемлекеттік 

органдарды  бизнеспен  өзара  әрекеттестікпен  байланысты  функциялардан 

босатуға, олардың реттеуші уәкілеттіктерге жұмылдырылуына, жария құқықтың 

заңды  тұлғаларына  өткізілген  функцияларды  орындау  кезінде  мемлекет 

мүдделерін  қорғаудағы  кәсіпқойлық  пен  клиентті  бағыттау  деңгейін  жоғары 

еңбекақы мен олардың ұйымдастырушылық құрылымының икемділігі есебінен 




17

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Кәсіпкерлік  кодексте  егжей-тегжейлі  реттелгенге  қарамастан,  бақылаушы 

мемлекеттік  органдардағы  сыбайлас  жемқорлық  мәселесі  әлі  де  шешілмеген. 

Ұлттық  бюроның  деректері  бойынша  2016  жылдан  бастап  кәсіпкерліктің 

қызметіне заңсыз араласумен байланысты сыбайлас 1000-нан астам жемқорлық 

қылмыс тіркелген.

Ұсынылып  отырған  балама  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін  және  бизнеске 

қысым  көрсетуді  төмендетуге  ықпал  етіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 

Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуына елеулі серпін береді.

МЕМЛЕКЕТТІК    САТЫП    АЛУЛАР  МЕН  КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК  СЕКТОР 

САТЫП АЛУЛАРЫ  САЛАСЫНДА

Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі ашықтық пен бәсекелестікке 

ынталандыруды  арттыру  үшін  бір  көзден  сатып  алу  негіздері  қысқартылды, 

сондай-ақ  өалдыңғы  конкурс  өткізілмеген  болып  таныылған  жағдайда 

тапсырушының қайта конкурс өткізу міндеті белгіленді.

Енді маңызы аз сатып алулар үшін конкурс өткізу талап етілмейді, бір көзден 

сатып алудың шекті сомасы 100 АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін, ал ауыл әкімдіктері 

үшін 3 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар, сатып алулар барысын жеңілдететін бірқатар жаңа тәртіптер 

енгізілді. 

Осыған  байланысты  заңды  тұлғалар  мен  жеке  кәсіпкерлердің  азаматтық-

құқықтық  жауапкершілігін  міндетті  сақтандырумен  мемлекеттік  бақылауды 

ауыстыру ұсынылады.

Баға  ұсынымдарына  (1  000  АЕК-ке  дейін)  сұраныс  тәсілімен  сатып  алулар 

жүргізу  кезінде  сапасы  жоғарылау  тауарлар  сатып  алу  үшін  тауарлардың 

фирмалық атауларын көрсету құқығы беріледі.

Банк  қызметіне  шығын  жүктемесін  төмендету  мақсатында  өтінімді 

қамтамасыз  етуді  «электронды  әмиянға»  автоматты  түрде  қайтару  жүйесі 

енгізілді.  

Бизнестің  заңсыз  қызметінен  әлеуетті  теріс  салдарларды  мемлекеттік 

бақылауды алмастыратын сақтандыру компаниялары өтейтін болады. 

Ұсақ  сатып  алуларды  ірі  лотқа  біріктіруге  мүмкіндік  беретін  нормалар 

қарастырылған.  Бұл  сатып  алуларды  стандарттауға  және  бизнестің  өндірістік 

қуатын ірі көлемге салуға мүмкіндік береді.

Квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың ашықтығы мен есептілігінің 

артуы да айтарлықтай жетістік болып табылады. Заңнамамен «Самрұқ-Қазына» 

ҰӘҚ-ның  мемлекеттік  сатып  алулар  саласындағы  уәкілетті  органмен  келісу 

арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алулардың бірыңғай 

қағидаларын  бекіту  және  сатып  алуларды  толықтай  электронды  форматқа 

көшіру нормасы белгіленді 

Енгізілген шаралардың оң нәтижесін көру 2019 жыл барысында күтілуде.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алулардағы және квазимемлекеттік сектор 

сатып  алуларындағы  тәуекелдерді  барыынша  төмендету  мақсатында  аталған 

саланы одан әрі жетілдіре түсу жұмыстарын жүргізу қажет.

Жоспарларға  сатып  алынатын  тауарлар  мен  қызметтерге  көрінеу 

жоғарылатылған  негізсіз  бағаларды  белгілеу  қатерін  жоюға,  нәтижесінде 

бастапқы  кезеңде  бюджет  қаражатын  жымқырудың  алдын  алуға  мүмкіндік 

беретін  сатып  алуларды  жоспарлау  барысын  жетілдіру  келешегі  бар 

бағыттардың бірі болып табылады.  



18

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Д ә р і -д ә р м е к   қ ұ р а л д а р ы н   ж ы л ж ы т уд ы ң   э т и к а л ы қ   н о р м а л а р ы 

толықтырылып,  рецептуралық  дәрі-дәрмектердің  жазылып  беруі  мен 

қолданылуына  бақалау  жасауға,  дәрі-дәрмектердің  таңдалуына,  оның  ішінде 

дәлелденген тиімділігіне талдау жасауға мүмкіндік беріп отыр.  

Денсаулық  сақтау  объектілерін  тексеру  парақтарын  оңтайландыру 

объектілерге  дәрі-дәрмек  құралдарын  дайындау  бойынша  талаптар  санын 

83  тар-мақтан  18  тармаққа  немесе  4,6  есе,  стаматологиялық  қызметтер 

көрсететін объектілерге талаптарды 83 тармақтан 37 тармаққа немесе 2,2 есе, 

амбулаториялық-емханалық  және  консультативті-диагностикалық  көмек 

көрсететін объектілерге талаптарды 83 тармақтан 59 тармаққа немесе 1,4 есе, 

стационарларға талаптарды 83 тармақтан 64 тармаққа немесе 1,3 есе азайтуға 

мүмкіндік  берді.

Куәгерлерді қорғау институтына прокурорлық қадағалау және сот бақылауы 

кеңейтілді.  Күдіктіге,  айыпталушыға  қатысты  бұлтартпау  шарасын  таңдау 

кезінде  жеңілірек  бұлтартпау  шарасын  қолдануды  міндетті  түрде  қарастыру 

көзделген. Айыппұл төлеу мерзімі 6 айдан 3 жылға ұзартылды, сондай-ақ 1 айдан 

1  жылға  кейінге  шегеру  мүмкіндігі  көзделген.  Аса  ауыр  қылмыстар  бойынша 

кепіл  қою  енгізілуде.  Онша  ауыр  емес  және  ауырлығы  орташа  сыбайлас 

жемқорлық қыл-мыстар бойынша ескіру мерзімі – үздіксіз есептеудегі 10 жыл 

және үзілістер болған жағдайда 15 жыл болып белгіленді. Алаяқтық, иемдену 

және талантаражға салу сыбайлас жемқорлық құрамдарына жаза ретінде еселік 

айыппұлдар енгізілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА

Дәрі-дәрмектерді Бірыңғай дистрибьютор арқылы электронды сатып алуға 

көшу  сатып  алу  процедураларының  ашықтығы  мен  әділдігін  арттырып,             

26,6 млрд. теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Тегін  медициналық  көмек  көрсету  көлемі  аясында  және  міндетті 

медициналық сақтандыру жүйесінде дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық 

өнім-дерді сатып алу веб-порталы арқылы электронды сатып алу енгізілді.

Көтерме  және  бөлшектік  бағалардың  шектік  межесін  белгілеу  жолымен 

дәрі-дәрмек  құралдарына  бағаны  реттеу  жүйесі  енгізілді.  Шектік  бағалар 

туралы  ақпарат  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  интернет-ресурсында 

орналастырылуы тиіс.

Санитарлық  қағидаларға  тексеріс  жүргізілді.  Нәтижесінде,  66  қағиданың      

29-ы  күшін  жойды,  артық  талаптар  мен  кедергілерді  жою  арқылы  34  қағида 

жаңартылды.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНДЕ

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 

мүмкіндіктері» атты жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, 

«Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңнаманы және құқық қорғау және 

арнайы  органдардың  қызметін  жетілдіру  мәселелері  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» Заң қабылданды.

Қабылданған  шаралар  бағыттарының  бірі  азаматтардың  конституциялық 

құқықтарын қорғауды нығайту және құқық қорғау қызметін ізгілендіру.

Парақорлық  үшін  еселік  айыппұлдың  төменгі  және  жоғарғы  шектері 

белгіленді.  Сыбайлас  жемқорлық  лауазымдық  құрамдарға  санкциялар                     




19

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

төмендетілді.  Жазалау  жүйесі  мен  қатаң  жазаны  жұмсағырақ  жазамен 

алмастыру тәртібі қайта қаралды. 

Жалпы алғанда, 2018 жылы мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнаманы 

жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Бұл бағыттағы келесі міндет – 

қабылданған құқықтық актілердің қолдану тәжірибесіне, алға қойған мақсаттар 

мен міндеттерге қол жеткізу жағдайына, шаралардың әлеуметтік-экономикалық 

тиімділігіне талдау жүргізу болмақ.

Құқық қорғау қызметін ізгілендірумен қатар, қабылданған шаралар заңның 

үстемдігі қағидасының одан әрі нығая түсуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  ішкі  талдау  12  орталық  мемлекеттік 

органдарда  (2016  жылы  -  5,  2017  жылы  -  11)  және  16  жергілікті  атқарушы 

органдарда  (2016  жылы  -  16,  2017  жылы  -  10),  95  мемлекеттік  мекемелер 

мен кәсіпорындарда (2016 жылы - 187, 2017 жылы - 80) және 2 квазимемлекеттік 

сектор субъектісінде (2016 жылы - 1, 2017 жылы - 3) жүргізілді.

Талдау  нәтижелері  бойынша  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  жою 

бойынша 1824 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 1472 (80,7%) орындалды.

Агенттік  Гуманитарлық  зерттеулер  және  жобалар  институтының 

сарапшыларымен, Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен және сараптамалық 

қоғамдастықпен бірлесіп Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, 

Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің, 

Инвестициялар  және  даму  министрлігінің  Геология  және  жер  қойнауын 

пайдалану Комитетінің, Әділет министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің 

Ғылым  комитетінің  қызметінде  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  талдау 

жүргізді.

Жүргізілген  ішкі  талдаулардың  нәтижелері  бойынша  сыбайлас  жемқорлық 

тәуекелдерін  жою  бойынша  1090  ұсыныс  әзірленді,  оның  ішінде  648  (59%) 

орындалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет