32
III ТАРАУ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
2018 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының
саны 12 мыңнан асқан.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты бағалау және қызметтік
әдеп нормаларын сақтау бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен 52 мыңнан астам
мемлекеттік қызметкерлерді қамтыған анонимді сауалнама жүргізілді. Оның
нәтижесінде ұжымдардағы жайдаларды жақсарту бойынша іс-шаралар
жүргізілді.
БҰҰ Даму бағдарламасы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Профессионалдық мемлекеттік
аппараттың механизмін жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын
қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасының
шеңберінде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша
мемлекеттік қызметте әдеп нормаларының сақталуының артуы байқалуда.
- әрбір мемлекеттік органның этиканы сақтау міндеттемесі туралы
декларацияны қабылдауы;
Қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және мемлекеттік қызметшілердің
парасаттылығын одан әрі арттыру үшін мынадай шаралар жоспарланып отыр:
-азаматтарға ашықтықтың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету және қарым-
қатынас мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әдеп жөніндегі кеңестердің
жұмысында әлеуметтік желілер мен медиа-ресурстарды пайдалану;
- тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар бөлінісінде
халықтың әдептілік деңгейіне қанағаттануын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: