Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері


§  4.  Шет  елдерде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата09.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#8670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§  4.  Шет  елдерде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 
қалыптастыру
Сыбайлас  жемқорлыққа  төзбеушілік  мәдениетін  қалыптастыру 
дамыған  елдердің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясының 
маңызды  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Швеция,  Ұлыбритания 
сияқты  еуропалық  елдерде  азаматтардың  ақпаратқа  қолжетімдігі, 
құқықтық  мәдениеттің  жоғары  деңгейі  және  халықтың  этикалық 
нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің 
кепілі. 
Азаматтардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  құқықтық  санасын 
қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  төзбеушілік  жағдайын  қандай  құралдармен,  әдістермен,  қандай 
нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға 
болатыны  туралы  ақпарат  алудың  маңызды  тәсілдерінің  бірі  болып 
саналады.  Шетел  мемлекеттерінің  практикасын  танып-білу  мен  есепке 
алу  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  қызметтегі  қателіктер,  қарама-
қайшылықтарды  болдырмауға  және  сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы 
күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді. 
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі 
Грузияның  мемлекеттік  сектордағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген 
және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады. 
Осыдан  10  жыл  бұрын    сыбайлас  жемқорлық  Грузияның  барлық 
салаларына  дендеген  болатын.  Мемлекеттік  қызметтердің  барлығын 
дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен 
бизнесті  тіркегенге  дейін  паспорт  алу,  үй  құрылысын  мен  жоғары  оқу 
орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған 
шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын 
күрт  қысқартты.  Бүкіләлемдік  банк  сарапшылары  бүгінгі  күні  көптеген 
көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне 
біршама жақындады деп атап көрсетеді» [1].  
2014  жылы  «Transparency  International»  сыбайлас  жемқорлықты 
қабылдау  индексіне  сәйкес  Грузия  әлемнің  тіркелген  174  мемлекеті 
арасында  50-орынды,  ал  2004  жылы  85-орынды  иеленді.  Бұл  кезеңде 
әлемде  тіркелген  сыбайлас  жемқорлық  қысқартулардың  ең  күштісі. 
Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында  Грузиядан тек қана 
Прибалтика елдері озық тұр.  
Мемлекеттік  басқару  құрылымын  реформалау  және  Грузияда 
сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, 
Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін 
атауға  болады.  Стратегиялық  құжаттар  мен  нормативтік-заңнамалық 
актілерді  әзірлеу  негізіне  америкалық,  италиялық,  жаңа  зеландиялық 
және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID 
сияқты  халықаралық  ұйымдардың  консультанттары  мен  сарапшылары 
шақырылды. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  грузин  тәсілінің  негізгі 
айырмашылығы  репрессивті  әдістермен  қатар  Грузияда  превентивті-

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
22
алдын  алу  шараларын  қолданылады,  яғни  сыбайлас  жемқорлыққа  
қарсы  күрес  ұсталған  парақорлардың  санымен  емес,  осындай 
жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Осыған  байланысты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  сая-
сатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы  
топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері 
үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыруға  маңызды  
рөл берілетінін атап өту қажет. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім  негізіне  мемлекеттік 
қызметшілермен  қатар  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 
этикалық  нормаларды  оқыту  жатыр.  Осы  мақсатта  халықаралық 
ұйымдардың  қолдауымен  этика  жөніндегі  жаңа  оқу-әдістемелік 
материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі  – «Этика 
және  мемлекеттік  қызметшілердің  жалпы  мінез-құлық  ережелері»  
оқу құралы болып табылады.
Грузияның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалып-
тастырудағы  тиімді  тәжірибесі  студенттер,  оқушылар,  ҮЕҰ  және  басқа-
лар  кіретін  кең  аудитория  үшін  оқыту  семинар-тренингтерін  жүргізу-
мен  түсіндіріледі.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тақырып  бойынша 
бұл  тренингтерді  практиктер,  яғни  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-
қимыл  саласындағы  заң  шығару  және  үйлестіру  қызметімен  тікелей 
айналысатын  адамдар  жүргізеді,  сонымен  қатар  шетелдік  беделді 
сарапшылар шақырылады.
ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ
1)  Барлық  мемлекеттік  қызметтер  үшін  «бір  терезе  қағидатын» 
жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы 
ашу  барлығын  бір  жерде  –  Әділет  үйінде  жүргізуге  болады.  Осындай 
мекемелерде  300-ге  жуық  әртүрлі  қызмет  бір  жерге  шоғырланады, 
азаматтар  басқа  мемлекеттік  құрылымдардың  табалдырығын  тоздыр-
майды.  Әділет  үйінде  15  минут  ішінде    баланың  туу  туралы  куәлігінен 
бастап  шетелдіктер  үшін  визаны,  тұрғылықты  тұруға  рұқсат  немесе  
жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр-
лігінің сайтында жазылса болғаны.  
2)  ІІМ  реформалары.  2004  жылы  реформалар  басталғаннан  бері 
полиция  мен  жол  инспекторларының  штаты  85%-ға  жаңартылды 
және  бірнеше  есеге  қысқарды.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бар 
деген  барлық  қызметкерлер  жұмыстан  шығарылды,  көпшілігі  түрмеге 
отырғызылды.  Полицияның  беделін  көтеру  бағдарламасы  енгізілді. 
Құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлеріне  жаңа  имидж  жасалды, 
енді  олар  адал  құқық  қорғаушылар,  қажет  болған  жағдайда  әрдайым 
көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. 
Жүргізілген  реформалар  нәтижесінде  Грузияда  полиция  қызметкерлері 
пара  алмайды.  Бүкіл  деректер  қоры  электрондық  түрде  жасалды. 
Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы 
бұзушылықтар азайды. 
3)  Жүргізуші  куәлігін  алу  рәсімдері  де  өзгеріске  ұшырады.  Грузияда 
медициналық  тексеруді  алып  тастады,  дәрігерге  барған  уақыты  мен 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
23
тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ, 
бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы 
деп  шешілді.  Жүргізуші  куәлігін  емтихандар  тапсырып,  бар  болғаны  
35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады. 
Осы  барлық  рәсімдерді  тәулігіне  24  сағат  демалыссыз  және  мереке 
күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті 
тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің 
өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.  
4)  Сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  күрестің  маңызды  аспектісі  деп  
грузин  үкіметі  шенеуніктің  еңбекақысын  көтеру  деп  есептейді,  себебі 
оған  қызметкердің  мотивациясы  тікелей  байланысты.  Полициядағы 
еңбекақы,  содан  кейін  барлық  мемлекеттік  аппараттағы  еңбекақы 
реформалау жылдары 15–40 есеге артты. 
5)  Реформалаудың  бірінші  кезеңінде  министрліктердің  саны 
18-ден  13-ке,  ведомстволардың  саны  52-ден  34-ке  қысқартылды. 
Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция, 
санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.
6)  Салық  жүйесіндегі  реформалар.  25  салықтың  орнына  6  түрі 
қалдырылды.  Кедендік  баж  салығы  қысқартылды  және  2008  жылы 
толығымен  алып  тасталды.  Жерді,  оның  ішінде  ауыл  шаруашылығы 
бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды. 
7)  Білім  беру  жүйесіндегі  реформалар.  Реформа  жүргізгенге  дейін 
әрбір  университет  оқуға  қабылдау  емтихандарын  жеке-дара  жүргізді. 
Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі  
барлық  абитуриенттер  үшін  бірыңғай  емтихан,  анонимді,  электрондық 
база  бойынша  өткізеді.  Содан  кейін  бірыңғай  емтихан  нәтижелері 
бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі [2; 3].
Грузияда  болғанның  бәрін  басқа  институционалдық  және  саяси 
экономиялық  жағдайлары  елдерде  қайталауға  болмайды.  Алайда, 
Грузияның  тәжірибесінен  көптеген  пайдалы  сабақ  алып,  алдында  
ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған ұқсас 
міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына  бейімделіп, қолданыла 
алады. 
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл шаралары 
2014  жылға  Transparency  International  сыбайлас  жемқорлықты  
қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді  және 
Дания,  Швеция,  Жаңа  Зеландия  сияқты  елдерден  кейін  сыбайлас 
жемқорлыққа  қатысты  ең  таза  мемлекеттердің  қатарында  тұр.  Бұл 
ел  жалпы  рейтингі  100-ден  84  балл  жинаған  әлемнің  ең  аз  сыбайлас 
жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы 
және  ұйымдастырушысы  1959-1990  жылдары  премьер-министр 
лауазымын  атқарған  Ли  Куан  Ю  болды.  1999  жылдың  қарашасында  
Ли  Куан  Ю  былай  деген:  «Беделіне  дақ  түспеген  адал,  тиімді  үкімет 
басқарушы  партияның  ең  құнды  жетістігі  мен  Сингапурдың  басты 
байлығы болып табылады  және солай болып қалады».  
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар 
ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады: 
– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру;

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
24
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  арнайы  барынша 
дербес  мемлекеттік  орган  (сыбайлас  жемқорлық  жағдайларын  тергеу 
бюросы) құру;
– сыбайлас жемқорлық жасағаны  үшін  қылмыстық жауапкершілікті 
қатаңдату;
– мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге жоғары әлеуметтік 
кепілдіктер белгілеу;
– басқарушылық кадрларының тұрақты және жоспарлы ротациясының 
практикасы;
– сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айғақтар берген адамның 
және  оның  отбасы  мүшелерінің  қауіпсіздігіне  заңнамалық  кепілдеме 
беру;
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  қызметті  БАҚ-та  кеңінен  ашып 
көрсету;
–  заңдар  мен  нормативтік  актілерге  сыбайлас  жемқорлық  салдары 
бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу.
Сингапурда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  меритократия 
қағидатына  және  конфуций  этикасының  негізгі  канондарына  
негізделген.  Осы  себепті  дарыны  мен  қадір-қасиеті  негізінде  адам 
капиталын тиімді пайдалану туралы қамқорлық, лауазымды тұлғалардың 
шынайы  жауапкершілігінің  орныққан  жүйесімен  үйлесімде  кадрлар 
тағайындаудың  ашық  және  сенім  ұялататын  жүйесін  енгізудің  терең  
мәні  бар.  Сингапурдың  көшбасшы  өкілдерінің  көпшілігі  «адал  және  
параға  сатылмаушылық  қағидатын»  өмірінің  нормасы  мен  әдет  деп 
түсінеді. 
Сингапурда  күшті  әлеуметтік  бағдарланған  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  заңнама  әрекет  етеді.  Жемқорлықты  болдырмау  туралы  акті 
мемлекеттік  қызметшілердің  еңбекақысын  индекстеуді  және  тұрақты 
арттырып  отыруды,  қағазбастылық  кедергілерді  болдырмау  үшін 
азаматтармен,  кәсіпорындар  және  ұйымдармен  өзара  іс-қимыл 
рәсімдерін  жетілдіру,  бақылау  мен  қадағалаудың  тиісті  ашықтығын 
қамтамасыз  ету,  сыбайлас  жемқорлық  орнықты  байланыстарды 
қалыптасуын болдырмау үшін кадрлар ротациясы, қызметтік ақпараттың 
сыртқа шығып кетуін болдырмау үшін құпиялылық режимін қамтамасыз 
етуді  көздейді.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жоспарларды  және  
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  нақты  шараларын  
(әрбір 3–4 жылда) қайта қарау көзделген [4].
Күштеп  мәжбүрлеу  ретінде  айыппұлдар,  бостандығынан  айыру, 
тәркілеу,  жұмыстан  босату  қолданылады.  Әрбір  адам  парақордың 
өз  бостандығына  ғана  емес,  сонымен  қатар  өз  ұрпағының  табысты 
болашағына да балта шабатынын түсінеді. Және тек бір ғана ұрпағының 
емес, яғни бірнеше ұрпағының.  
Мемлекет  басшысы  ұлттық  байлықты  қорғаушы,  ірі  сыбайлас 
жемқорлық  жанжалдарды  қатаң  және  алдын  ала  тергеудің,  ғылыми 
негізделген кадр саясатын, атап айтқанда  атқарушы  және  сот билігінде, 
қарулы  күштер  мен  полицияда  жоғары  лауазымдарға  тағайындау 
бөлігінде жүзеге асырудың кепілі болып табылады. 
Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы. Оның құзырына 
экономиканың  мемлекеттік  секторында,  жеке  секторда  сыбайлас 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
25
жемқорлық  көріністерін  тергеу  және  жолын  кесу,  шенеуніктер  
ортасында  сыбайлас  жемқорлық  туралы  ақпаратты  тексеру,  сыбайлас 
жемқорлық тәуекел аймағын анықтаудың тиімді әдістерін әзірлеу және 
басқару  жүйесінің  сыбайлас  жемқорлыққа  қаншалықты  бейімдігін 
бағалау  кіреді.  Парламенттік  сайлаулар,  сайлау  алды  науқандары, 
полиция  мен  инспекциялардың  қызметі  (тұрғын  үй  құрылысы,  сауда, 
денсаулық сақтау, жер құрылысы мен  жерді пайдалану, лицензия беру), 
мемлекеттік  қызметшілердің  және  олардың  туысқандарының  банктік 
есепшоттары Бюроның ерекше бақылауында  болады. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  реформа  аясында  сот  жүйесінің 
кәсібилігін  арттыру  мен  тәуелсіздігін  күшейтуге  ерекше  көңіл  бөлінеді 
[5].  Сыбайлас  жемқорлық  дендеген  судьялар  корпусы  елдің  ең  үздік 
заңгерлеріне  алмастырылды,  олардың  арасында  жеке  адвокаттар  көп. 
Судьялардың  қызметтік  өкілеттіктері  мен  нақты  іс-қимылдары  қатаң 
регламенттелді. Қағазбастылық рәсімдер жеңілдетіліп, қажетсіз рұқсаттар 
мен  лицензиялар  алып  тасталды.  Қызметтік  қатынастардың    этикалық 
стандарттарының  сақталуын  нақты  қадағалау  қамтамасыз  етілді. 
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жазалау 
шаралары қатаңдатылды. 
Осы  шаралардың  барлығы  мемлекеттің  экономикаға  араласуын 
азайтумен,  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбекақысын  арттыру  және 
білікті әкімшілік кадрларды даярлаумен ұштасты. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік және муниципалдық 
аппарат қызметшілерінің еңбекақысын арттырған соң нәтижелі болды. 
Сингапурдың  үкіметі  былай  шешті:  полиция  қызметшісі,  қатардағы 
кеңсе қызметкері де  пара алу мен басқа да сыбайлас жемқорлық асыра 
пайдалануға жол бермейтіндей еңбекақы алуы тиіс. 
Сингапурдың  мемлекеттік  қызметі  Азиядағы  ең  тиімділердің  
бірі  саналады.  Мемлекеттік  қызметшілердің  жалпы  саны  шамамен  
65 000 адамды құрайды. Президент және премьер-министр, 14 министрлік 
пен 26 тұрақты комитеттердің қызметтері жақсы оқыған және тәрбиелі 
кадрлармен  жасақталған.  Бұл  –  адамның  қабілеті,  қызметін  қазіргі 
заманғы  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету,  шенеуніктердің 
қатаң  тәртібі  мен  еңбекқорлығы,  олардың  қайсарлығы  мен  тұрақты 
кемелденуге  ұмтылуы  негізінде  қызметі  бойынша  ілгерілеу  арқылы  
қол  жеткізіледі.  Жоғары  нәтижеге  жету  үшін    жұмыстың  құрамдас  
бөлігі  қызметшілерді тұрақты даярлау және олардың біліктілігін арттыру 
болып  табылады.  Әрбір  мемлекеттік  қызметші  жылына  ең  аз  дегенде  
100  сағат,  оның  ішінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәселелер  
бойынша оқуы тиіс. 
Сингапурдағы талант-менеджмент. Жоғарыға барар жол ең ақылды, 
жаңаша  ойлайтын  және  қабілетті  адамдарға  ашылады.  Бұл  үшін  
Сыбайлас  жемқорлық  жағдайларын  тергеу  жөніндегі  бюро  жауап 
береді. Жұмысқа тарту мектептен басталады, одан әрі болашақ элитаны 
жетелейді:  университетке  түсуге  көмектеседі,  шетелге  оқуға  және 
тағылымдамаға жібереді, табыстарын көтермелейді. Сөйтіп, мемлекеттік 
аппарат дұрыс оқыған және тәрбиелі кадрлармен біртіндеп жаңарады, 
олардың көпшілігі  Бюро қатарын толықтырады. 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
26
Әлеуметтік  стратификацияның  барлық  қабатында,  Сингапурдың 
мемлекеттік  билігінің  барлық  тармақтары  мен  деңгейлерінде  «тоғы-
шарлық,  шенеуніктердің  сатқындығы  мен  моральдық  іріп-шіруіне» 
жиіркенушілік  ахуалын  қалыптасқан,  қоғамда  ғасырлап  орныққан 
«азиаттық сыбайлас жемқорлық өмір салтын» бұзу үшін барлық жағдай 
жасалған. 
Ақылға  қонымды  қарапайым  тұрғын  үй,  жеке  бағбаны  мен 
жүргізушісінің  жоқтығы,  қатаң  қызметтік  орынжай,  аса  қымбат  жеке 
көлігіне  тыйым  салу  көптеген  мемлекеттік  қызметшілер  үшін  саясатта 
және  қызметтік  қатынастарда  адалдыққа  ұмтылу  символына  айналды. 
Жұмыссыздықпен  күрес,  аз  қамтылғандарды  мемлекеттік  қолдау, 
тұрғын үй мен денсаулық сақтауды субсидиялау, экономика тиімділігінің 
артуына  сәйкес  еңбекақыны  қарқынды  өсіру  туралы  қамқорлық,  
әділетті  зейнетақымен  қамтамасыз  ету,  теңгермелі  салық  салу  саясаты 
елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі  болып табылады [6].
Осылайша,  Сингапур  бүгінгі  күні  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін 
азайту, экономикалық бостандық және басқарушылық деңгейі бойынша 
әлемдік  рейтингте  жетекші  орын  алады.  Сингапурдың  мысалы  саяси 
күш-жігер,  заңнамадағы  тиімді  өзгерістер,  сатылмайтын  Бюро  және 
судьялар  корпусының  тәуелсіздігінің  арқасында  сыбайлас  жемқорлық 
тәуекелдерін  азайтуға  және  қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  жиіркену 
ахуалын қалыптастыруға болады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің 
негізгі құрамдас бөліктері
Бүкіл ел ішінде
Мемлекеттік қызметте
Басқарушы элитаның саяси күш-
жігері адал болу
заң үстемдігі
қару мен есірткіге қарсы қатал 
заңдар халықаралық құқық 
нормаларын имплементациялау
барлық деңгейде экономикалық өсу,  
= әл-ауқаттың артуы 
қылмыстылық көбейген қалалық 
оқшауланған  шетін дамытпау
төмен жұмыссыздық
жоғары білім деңгейі 
Мемлекеттік қызметшілердің 
біліктілігі, олардың «сапасы»
Меритократия: HAIR
Current Estimated Potential (CEP) 
қағидаттарында іріктеу, мемлекеттік 
қызметшілерді бағалау (әлеует пен 
қызметтің тиімділігі)
Сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтар үшін қатаң 
заңнамалық жазалар 
Барабар еңбекақы  –жеке сектормен 
бенчмаркинг
Швецияда жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігі
Ашықтық  пен  айқындық  –  швед  демократиясының  негізі.  Швеция  – 
еркін  және  ашық  қоғам,  онда  азаматтарға  демонстрацияларға  қатысу, 
өз-өзін  айқындау  еркіндігі,  баспасөз  бостандығы,  табиғи  жер-суға 
кедергісіз  қол  жеткізу  құқығы,  биліктің  іс-әрекетін  бақылау  құқығы 
сияқты құқықтар мен бостандықтарға кепілдік берілген. Ашықтық тепе-
теңдікті қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне 
төзбеушілікті қалыптастыру үшін алғышарт болып табылады. 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
27
Швецияның конституциялық құрылысын төрт негізгі заң айқындайды: 
басқару  нысаны  туралы  акті,  баспасөз  бостандығы  туралы  акті,  өз 
ойын  білдіру  бостандығы  туралы  акті  және  тақ  мұрагері  туралы  акті. 
Оларға  мемлекеттің  барлық  басқа  да  заңдары  бағынады.  Конституция 
азаматтарға  ақпарат  алудың  еркіндігін,  демонстрациялар  еркіндігін, 
саяси  партиялар  құру  құқығын  және  өз  дінін  насихаттауға  кепілдік  
береді. 
1991  жылы  қабылданған  өз-өзін  айқындау  бостандығы  туралы  акті  
басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына – теледидар, кино, радио және 
электрондық БАҚ баспасөз бостандығы туралы акті ережелерін таратты. 
Осы заңның мақсаты – еркін пікір, ақпарат және көркем шығармашылық 
бостандығын  қамтамасыз  ету.  Өз  ойын  білдіру  құқығымен  белгілі  
бір  жауапкершілік  байланысты.  Баспасөз  бостандығы  және  өз  ойын 
білдіру  бостандығы туралы заңдарды бұзуы бойынша күмәндану істерін 
әділет  канцлері  –  азаматтық  әкімшіліктің  саяси  емес  органы  қарайды, 
оның басшысын үкімет тағайындайды. 
Қоғамдық  бақылау.  Ақпарат  бостандығы  қағидатының  мәні  – 
жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары да  ресми құжаттарға ашық 
қол  жеткізеді.  Бұл  швед  азаматтарына  мемлекеттік  органдар  және 
жергілікті  биліктің  іс-әрекетіне  кедергісіз  бақылау  жасауға  мүмкіндік 
береді.  Бақылаудың  мүмкіндігі  демократияның  нығаюына,  ал  билік 
қызметіндегі  ашықтық  билікті  асыра  пайдалануға  жол  бермейді  [8].
Газеттерді  оқудың  жоғары  деңгейі.  2010  жылы  Швецияда  тегін 
басылымдарды  есептемегенде,  күнделікті  шамамен  3,5  млн  газет  
басылып шықты. Жұмыс күндері халықтың 81 %-ы таңертеңгілік газеттерді 
оқиды.  Швецияда  сатылатын  168  таңертеңгілік  газеттің  көпшілігін 
интернеттен  де  оқуға  болады.  Сауалнама  нәтижесі  көрсеткендей, 
шведтердің 30 %-ы жаңалықтар сайтына кіреді екен. 
Тәуелсіз радио және теледидар. Швед қоғамдық телеарнасы (SVT) және 
радио  хабар  (SR)  таратудың  арқасында  елдің  тұрғындары  жарнамасыз 
кең ауқымды бағдарламаларды таңдау құқығымен қамтамасыз етілген. 
Теле-  және  радиоарналар  мемлекеттен  тәуелсіз  және  қандай  да  бір 
экономикалық немесе саяси мүдделерсіз жұмыс істейді [9; 10].
Швеция  халқының  үштен  бірі    жаңалықтармен  Интернет  арқылы 
танысады.  Интернетті  қолдану  жиілігі  Швецияда  –  Еуропалық  Одақ 
елдері  бойынша  ең  жоғары.  9  миллион  халықтың  80  %-ы  Интернетті 
қолданады.  Ресми  құжаттарға  қол  жеткізу  мемлекеттік  қызметшілер  
мен жария әкімшілік органдарының басқа да қызметкерлері мәліметтерді 
бұқаралық  ақпарат  құралдарына  және  үшінші  тұлғаларға  беруге  
құқығы бар дегенді білдіреді. Алайда құжаттар егер олар мына салаларға 
қатысты  болса  құпия  болуы  мүмкін:  ұлттық  қауіпсіздік,  Швецияның 
шетелдермен  және  халықаралық  ұйымдармен  қатынасы,  ұлттық  
салық-бюджеттік,  кредиттік-ақша,  валюта  саясатына,  мемлекеттің 
экономикалық мүдделеріне, мемлекеттік билік органдарының инспекция, 
бақылау және басқа да қадағалау іс-шараларын жүргізуі, қылмыстарды 
болдырмау  және  мен  қылмыстық  аңду,  жекелеген  тұлғалардың  жеке 
және  қаржылық  мәртебесін  қорғау,  жануарлар  мен  өсімдік  түрлерін 
қорғау. 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
28
Швецияда адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін күресте 
халықаралық саясат саласындағы сегіз салаға  
басымдылық беріледі: 
1
Демократияны құру  
Швеция үкіметі қоғамдық пікір  
жасауға ұмтылады, қоғамдық 
ұйымдардың қызметін қолдай-
ды  және  демократиялық мем-
лекеттермен ынтымақтастықты 
дамытады 
5
Жиынтық  қазынаға  және
өз бетімен бостандығынан
айыруға қарсы күрес. Көпте-
ген жылдар бойына Швеция
БҰҰ-ның  заңнан тыс, ерікті
және жиынтық  қазынаны 
тергеу  жөніндегі Конвенция-
сының қарарын
қолдап келді және  алдағы
уақытта осы мәселеге
жұртшылықтың назарын
аударуға тырысады 
2
Өз ойын білдіру бостан-
дығын нығайту. Швеция өз 
ойын білдіру бостандығын 
қажетті адамгершілік алғышарт 
және адам құқығы үшін күре-
стің практикалық құралы деп 
есептейді
6
Құқықтық мемлекет
қағидаттарын сақтау.
Швеция БҰҰ, Еуропа Кеңесі,
ЕҚЫҰ-да және өзінің басқа
елдермен қатынасында
құқықтық  мемлекет
қағидаттарын сақтауды белсе-
не қолдайды
3
Өлім жазасын жою.
Ұзақ уақыт бойына  Швеция 
мен Еуропалық Одақ ел-
дері өлім жазасын оны адам 
құқығына сәйкес келмейді деп 
есептеп, алып тастауға  тыры-
суда
7
Адам құқығы мен халықа-
ралық гуманитарлық 
құқықты қорғау
 
4
Азаптау тәсілдерін қолда-
нуға қарсы күрес.  Швеция 
Үкіметі  адам құқығын осын-
дай бұзушылықтарға  жұрт-
шылықтың назарын аудартады 
және азаптау құрбандарына 
көмек көрсететін ұйымдарды 
қолдайды
8
Кемсітушілікке қарсы күрес.
Көптеген елдерде  қаншама
халық өзіне деген тең құқылы
қатынасқа қол жеткізу үшін
ұзақ жолдан өтеді. Швеция
үкіметі әйелдердің, бала-
лардың, мүмкіндігі шектеулі 
адамдардың құқықтарының 
сақталуына ерекше көңіл бөл-
ген жөн деп есептейді 
Осылайша, швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-
ті  қалыптастырудың  ерекшелігі  –  демократия  болып  табылады,  ол 
ерікті  баспасөз,  демонстрацияларға  қатысу  құқығын,  табиғатты  
еркін  пайдалану    және  билік  басында  тұрғандарды  бақылау  құқығын 
көздейді. 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
29
Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық превенциясы
Британ  қоғамында  ағылшын  шіркеуі  әділ  және  адал  мінез-құлық 
идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды 
таратуда  маңызды  рөл  атқарады.  Басты  өзегі  інжілдік  өсиет  «ұрлама» 
болып табылатын діни этиканың негізін Біріккен Корольдіктің бастауыш 
және  орта  білім  жүйесінің  басым  бөлігін  құрайтын  елдің  ағылшындық 
және  католик  мектептері  бала  кезден  британдықтардың  миына  
құя білді.   
Дегенмен  Ұлыбританияда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім 
бағдарламалары  ведомстволық  деңгейде  іске  асырылады.  Мысалы, 
арнайы  сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  семинарлар  Ұлыбританияның  
СІМ  қызметкерлері,  сондай-ақ  сауда  және  өнеркәсіп  министрлігінің 
шетелдегі  өкілдері  үшін  курс  бағдарламасына  енгізілген.  Аталған 
семинарлар  барысында  британ  бизнесінің  қатысуымен  көзіне  түскен 
сыбайлас  жемқорлық  фактілері  туралы  дереу  хабарлау  міндеті 
түсіндіріледі.  Семинарларға  ірі  британ  және  трансұлттық  компания-
лардың қызметкерлері шақырылады.   
Ұлыбританияның  халықаралық  даму  министрлігінің  және  сауда   
және  инвестициялар  агенттігінің  бірлескен  жобасы  шеңберінде  
сыбайлас  жемқорлық  фактілерін  танып-білу  бойынша  арнаулы 
оқулық  шығарылды,  ол  міндетті  түрде  сауда  өкілдіктеріне  және  шет 
мемлекеттердегі елшіліктерге жіберілді.    
Әскери  полиция  (МОD  Police  Fraud  Squad,  Азаматтық  полиция  
қызметі  Қорғаныс  министрлігінің  қарамағына  жатады)  елдің  
полицейлерін  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мінез-құлық  негіздеріне 
оқытады. Соңғы жылдары Әскери полицияның сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  күрес  жөніндегі  бөлімшесі  Ұлыбританияның  өңірлік  полиция 
басқармаларында білім беру бағдарламаларының санын көбейтті.    
Ұлыбританияның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі 
негізгі  органы – ірі көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO,  
Serious  Fraud  Office)  –  өздерінің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім 
беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді және  Ұлыбританияда 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  ауқымды  науқанды 
іске  асыра  отырып,  сыбайлас  жемқорлықтың  зияны  туралы  алдын  алу 
мақсатында әңгімелесу өткізеді.     
Лейбористік  партия  қалыптастырған  Ұлыбританияның  алдыңғы 
үкіметі  кәсіподақтардағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білімге  
ерекше көңіл бөлген. Премьер-министр Г. Браунның нұсқауы бойынша  
Ұлыбританияның  СІМ-і  кәсіподақ  ұйымдарының  басшылығы  мен 
қатардағы  мүшелері  үшін  тұрақты  түрде  арнайы  тренингтер  өткізіп 
отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған.        
Ұлыбританияда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  азаматтық 
қоғам  институттары  ерекше  орын  алады.  Ұлыбританияның  халқын  
сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін 
парламент,  коммерциялық  компаниялар,  БАҚ  пен  үкіметтік  емес  
ұйымдар  атқарады.  Британдықтардың  бұқаралық  санасында  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  басымдықтарды  тарату  мақсатында  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрестің  аса  тиімді  тәсілі  мен  азаматтық  белсенді 
ұстанымның  көрінісі  ретінде  сөз  жеткізудің  жағымды  келбетін 
қалыптасады.     

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
30
Ұлыбританияның  сыбайлас  жемқорлықты  ғаламдық  түп-тамырымен 
жою  жөніндегі  идеясын  жақтаушылардың  қатарына  мыналар  
жатады:  «Ұлыбританияның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  форумы», 
«Transparency  International»,  «Кедейшілікке  қарсы  инженерлер», 
«Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» 
және басқалар.
Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы  күресті  жүзеге  асыратын  екі  негізгі  мемлекеттік  ведомство  бар: 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ведомство  және  Ұлыбританияның  
жария саласының стандарттары бойынша комитет [10].
Жоғарыда  аталған  екі  құрылымдық  элемент  Ұлыбританияда  
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  негізгі  субъектілері  болып 
табылады.  Оларға  тән  ерекшелік  –  бизнес-қоғамдастыққа  бағдарлану  
болып табылады. 
Ұлыбританияның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  үшін 
жауапты  құрылымдары  өз  жұмысында  превентивтілік  қағидаттарын  
басшылыққа  алады.  Жария  тұлғалар  мен  мемлекеттік  қызметшілердің 
этикасын  дамытуға,  сондай-ақ  оларды  оқытуға  екпін  беру  өте  
маңызды,  себебі  этикалық  стандарттар  мен  нормаларға  сәйкес 
шенеунік  өзінің  бағыты  бойынша  сыбайлас  жемқорлыққа  теріс  
қарай  бастайды,  кейіннен  жоғары  мінез-құлық  стандарттарының 
қалыптасуына  әкеледі,  оған  мемлекеттік  саланың  басқа  өкілдері 
бағыттала бастайды.
 
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл 
бойынша құрылымдарының қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы ведомство Бинес 
және инновациялық  
саясат департаменті  
жанынан құрылған
Жария сала стандарттары жөніндегі  
комитет мемлекеттік және муниципалдық 
қызметшілер этикасымен айналысады, өз 
қызметін қалыптасқан саяси конъюнк- 
тураға қарамастан  жүргізеді
Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы ведомствоның 
қызметтері:
сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы заңнама мәселелері 
бойынша кеңес беру 
арқылы этикалық бизнесті 
қолдау жұмыстарын 
үйлестіру; 
этикалық кодекстерді 
әзірлеуде компанияларға  
көмек көрсету;
«сыбайлас жемқорлыққа  
арсы іскерлік портал» 
интернет-ресурсын қолдау
Жария сала стандарттары жөніндегі  
комитеттік функциялары:
әртүрлі келісімдер, атап айтқанда  
қаржылық сипаттағы келісімдерді  
талдауды қоса алғанда,  жария тұлғалар 
мен мемлекеттік қызметшілердің   
мінез-құлқын талдау  және жария салада 
жоғары мінез-құлық стандарттарын   
қолдау үшін  келісімдерге  өзгерістер  
туралы ұсыныстар енгізу. 
Жария сала  стандарттары бойынша  
комитет «Жария саланың жеті қағида-
ты» әзірледі және қалыптастырды, оның 
негізінде жария  тұлғалар мен мемле-
кеттік қызметшілерге берілетін этикалық 
мінез-құлық пен барлық этикалық  ұсы-
нымдар жатады. Комитет өз қызметі ту-
ралы жылдық баяндама шығарады, онда  
қол жеткізген және болашақта  жүзеге 
асыру қажетті ақпарат ұсынылады
 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
31
Осылайша,  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ведомство  мен  жария 
сала  стандарттары  жөніндегі  комитеттің  қызметі  бизнес  сектор  мен 
мемлекеттік басқаруда превенция шараларын іске асыруға бағытталған. 
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика Еуропалық Одақ 
бастаған  жоба  енгізген  сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  бағдарламаны 
іске асырудың салдары болып табылады.       
Латвия  –  мектепте  сыбайлас    жемқорлыққа  қарсы    білім  берудің 
дамыған жүйесі бар, сонымен қатар  жоғары оқу орындарында сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  пәндерді  оқытуда  табысты  мысалы  бар  елдердің 
бірі.  Білім  беру  шаралары  жүйенің  ашықтығымен  қатар  жүреді,  бұны 
Латвия тәуелсіз оқу орталығының мысалынан көруге болады.      
Еуропалық Одақтың қолдауымен орталық сот жүйесінің ашықтығын 
дамытуға  және  оны  азаматтардың,  оның  ішінде  оқушылардың 
қабылдауына  бағытталған  бағдарламалар  циклын  әзірледі.  Бағдар- 
ламалар  сот  қаулыларын  жариялауға,  куәгерлікті  пайдаланудың 
сот  жұмысында    және  сот  жүйесіне    интернеттік  қолжетімдігіндегі 
маңыздылығына  назар  аударады.  Жоғарыда  аталған  тармақтардан 
бөлек  оларды  әзірлеуге  қатысқан  сарапшылар  танымал  істер 
мысалында  азаматтық  және  қылмыстық  процестерде  құқық  қолдану 
туралы  пікірталастар,  сондай-ақ  олардың  талдауы  жүргізуді  ұсынды. 
Бағдарламалардың мақсатты аудиториясы – мектептің орта және жоға-
ры  сыныптарының  оқушылары  болды.  Білім  беру  циклы    дәрістерді, 
пікірталастарды, сот істерін көрініс түрінде көрсету және оларды талдауды 
қамтиды. 
Сонымен  қатар  Латвия  орта  мектептері  оқушылардың  арасында  
адалдықты  насихаттауға  және  олардың  сыбайлас  жемқорлықтың  және 
парақорлықтың  зиянын  түсіну  және  оларды  азаматтық  бақылауға 
дайындауға  бағытталған  жобаға  қатысады.  Жобаға  Латвияның  барлық 
өңірлерінен үш жүздей мектеп тартылып, үш санаттарға – 1-4, 5-9 және  
10-12  сыныптарға  бөлінген  жас  шамасы  әртүрлі  топтардың  бір  мың  
жүздей  оқушысы  қатысты.  1-4  сыныптың  оқытушылары  оқушыларға 
тәртіпсіз  қылық  туралы  ертегі  айтып,  оны  балалармен  талқылап, 
әңгімені  бекітіп,  өз  жұмысын  конкурсқа  жіберуі  тиіс.  Орта  және  
жоғары  сыныптардың  оқушылары  жоба  ұйымдастырушылары  ұсынған 
14 жобаның бірін таңдауы тиіс (немесе өз тәжірибесіне қарап, оларды 
өз  бетінше  ойлап  табуы  тиіс).  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бірге» 
слоганымен арнайы оқу материалдары әзірленіп, мектептерге жіберілді.    
Бағдарламаның  қатысушы  сарапшыларының  пікірі  бойынша 
сыбайлас  жемқорлықтың  жайылып  кету  себептерінің  бірі  –  бұл  осы 
салада  жұмыс  істейтін  коммерциялық  емес  ұйымдардың  жетіспеуі, 
Латвияда  тек бір ғана Transparency International бөлімшесі жұмыс істейді. 
Оның қызметкерлері жыл сайын жеті ірі Латвия қалаларында сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  семинарлардың  ұйымдастырушылары  болады, 
оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық мәселесін ықтимал шешімдері, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі мен оның нәтижелері 
талқыланады.  Семинарлық  оқу  әдетте,  нақты  сыбайлас  жемқорлыққа 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
32
қарсы  тетіктерді  құру,  мысалы,  Лиепаядағы  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы агенттік  және Латвиядағы алғашқы мамандандырылған веб-сайт  
жасаумен аяқталады. 
Латвияда  сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  қызметті  сыбайлас 
жемқорлықтың  алдын  алу  және  оған  қарсы  күрес  жөніндегі  Бюро  
(KNAB) жүзеге асырады. KNAB  2002 жылдың қазанында құрылды және 
Министрлер кабинетінің қадағалауындағы  мемлекеттік мекеме  болып 
табылады. KNAB негізгі міндеттері болып  табылады:

  мемлекеттік  лауазымды  тұлғалардың  қызметіне  және  оларда 
көзделген  шектеулер мен тыйымдарды  сақтауына бақылау жасау;

  лауазымды  тұлғаларды    «Мемлекеттік  лауазымды  тұлғалардың 
қызметінде  мүдделер  қақтығысын  болдырмау  туралы»  Заңын  бұзғаны 
үшін  әкімшілік жауаптылыққа тарту;

  саяси  партияларды  қаржыландыру,  сондай-ақ  сайлау  алды  үгіт-
насихатқа шектеу ережелерінің сақталуын бақылау;

  «Саяси  ұйымдарды  (партияларды)  қаржыландыру  туралы»  және 
«Сайлау  алды  үгіт-насихат  туралы»  Заңдарын  бұзғаны  үшін  әкімшілік 
жауапқа тарту;

 мемлекеттік бюджетке заңсыз алынған немесе жұмсалған қаражатты 
төлеу туралы шешім қабылдау.
KNAB  консультациялық кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін 
біріктіреді, өз пікірлерін және ұсынымдарын жұмыс топтарында, жария 
пікірталас барысында  білдіреді.
Жалпы алғанда, Латвияны табысты елдің мысалы ретінде Еуропалық 
Одақтың  қолдауымен  барлық  кезеңдерде  сыбайлас  жемқорлыққа  
қарсы білім беру практикасы кеңінен қолданылды.
Сонымен  қатар  заңның  көмегі  мен  жұртшылықтың  қолдауымен 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұратын  Сыбайлас  жемқорлықты 
болдырмау  және  оған  қарсы  күрес  жөніндегі  Бюро  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы қызметті жан-жақты ашып көрсетеді. 
Тірек  сөздер: 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  дүниетаным, 
азаматтық ұстаным, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту. 
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Грузияда қандай шараларға көп көңіл бөлінеді?
2.  Грузияда  жүргізілген  реформалардың  негізгі  нәтижелері  туралы 
айтып беріңіз?
3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама немен сипатталады?
4.  Сингапурда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің    негізгі 
құрадамдас бөліктерін атаңыз 
5.  Швецияның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясатының  ерекшелігі 
неде?
6.  Ұлыбританияда  азаматтық  қоғам  институттары  қандай  рөл 
атақарады?
7.  Латвияда қандай орган сыбайлас жемқорлыққа қызметті атқарады? 
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1.  Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.
2.  Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибесі.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
33
3.  Швециядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі.
4.  Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
5.  Еуропадағы шенеуніктер үшін этикалық стандарттар.
Әдебиет
1.  Georgian  Anti-Corruption  Action  Plan,  2014-2016.  Secretary  of  the  anti-
corruption council.
2.  Почему у Грузии получилось / Л. А. Буракова. 

 М.: ООО «Юнайтед Пресс», 
2011. - 272 с.
3.  Материалы 
сайта 
http://www.forbes.ru/ekonomika-column/vlast/52396
– 
porya- dok-po-ruzinski.
4.  National anti-corruption strategy: the Singapore experience. http://www.unafei. 
or.jp/english/pdf/RS_No86/No86_14VE_Hin1.pdf.
5.  Анализ  национальных  законодательств  зарубежных  государств  в  сфере 
борьбы с коррупцией (Сингапур, Южная Корея, США, Россия). http://sud.gov. 
kz/rus/content/analiz-nacionalnyh-zakonodatelstv-zarubezhnyh-gosudarstv-v- 
sfere-borby-s-korrupciey-singapur.
6.  Хонг  М.  Сингапур 

  страна,  победившая  коррупцию  //  К  обществу  без 
коррупции. 

 2004. 

 № 2 (19).
7.  Anti-corruption Education and Awareness Raising of the Public. http://www.stt. 
lt/en/menu/anti-corruption-education/.
8.  Материалы  сайта  European  Commission.  ec.europa.eu/.../corruption/anti- 
corruption 
9.  Материалы  Минобрнауки  России  по  обобщению  опыта  иностранных 
государств  по  реализации  в  них  антикоррупционных  образовательных 
программ. 2010 год. МОН РФ. 

 М., 2010. 

 60 с.
10. Sweden  to  the  EU  Anti-Corruption  Report,  Brussels,  3.2.2014,  European 
Commission.
11. UK Anti-Corruption Plan, December 2014, London.

2-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: 
ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет