§ 7. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік
ретінде.
«Қоғамдық бақылау» ұғымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
құрал ретіндегі негізгі қағидаттары, маңыздылығы мен мазмұны
Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан
әлеуметтік-экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын
ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам институттарының
қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды қолдана
отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру
жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық
ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес
ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалау-
шы құжат – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының
(2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық
бақылауды кеңейтуді айқындайды [1].
Азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылым-
дарының олар тұратын мемлекет пен жергілікті қоғамды басқаруға
қатысуы түсініледі. Азаматтық қатысу нысандары азаматтар мен
азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекеттік органдар шешімдері-
нің дайындалуына, қабылдануына және бақылауына қатысуы болуы
мүмкін.
Мемлекеттік басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлықты кәсіпкерлік
құрылым ретінде таратуы жағдайында олар өздерінің қызметін бақылай
алмайды, шешім қабылдай алмайды. Тек қана азаматтардың, азаматтық
қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне белсенді және тұрақты
қатысуы өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәжірибесін қолданудан
біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді.
«Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдала-
нылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми
және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады.
Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет,
жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс ретінде
түсінік береді.
Қоғамдық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асыратын
бақылау мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды білдіреді.
Қоғамдық қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне
басқарушыларды тартуды немесе қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау
«мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың
жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар
қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы
болып табылады [2].
Жалпы қоғамдық бақылау қоғамның негізгі функцияларының бірін
білдіреді, оның субъектілері азаматтар мен олардың бірлестіктері,
44
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
сондай-ақ негізгі объектілері – мемлекеттік органдар мен олардың
лауазымдық тұлғалары болып табылады.
Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар мен азаматтардың
коммуникациялары саласында жария саясатта азаматтардың тікелей
қатысуын, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің нысаны ретінде
қатысады. Бұл ретте қоғамдық бақылау проблемаларды анықтауды және
оны шешу үшін ресурстар қалыптастыруды талап етеді.
Мемлекеттік органдар жұмысын қоғамдық бақылау демократияның
базалық элементі болып табылады. Қоғам мемлекетке өкілеттіктер мен
ресурстар бере отырып, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау
үшін барлық негіздерге ие.
Қоғамдық бақылау
–
бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз
міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
сақтауын қадағалауы [3].
Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен
бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың
құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік
органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі
нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.
Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
–
қоғамның жетілуі;
–
тәуелсіздік;
–
адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы;
–
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің
жариялығы мен ашықтығы;
–
мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік
қатынастар.
Қоғамдық бақылау:
1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін
бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген
институттарын басқару нысандары ретінде болады;
2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз
ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі
құралдарын білдіреді;
3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру
мен біріктіру әдісі болып табылады;
4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап
құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер
етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық
жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік
нормаларды орындаудың кепілі ретінде болады;
5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан
жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады [4].
Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін
қоғамдық бақылау тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру жүргізілуде,
45
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны
қалыптастыруға талпыныстар жасалуда.
Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық
қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу
қажет.
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл
жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады:
–
мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
–
қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
–
азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;
–
мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және
сараптамалық органдарды құру.
Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау,
жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық
мүдделерді қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық
бақылау органдарын заңды деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары
мыналар болып табылады:
–
қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және
кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік
биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия
сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын
негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған
партияларға сенім білдіруден бас тартады;
–
ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби
одақтар;
–
мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту
үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы
бірлестіктер;
–
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының
қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;
–
сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау
заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.
Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін
азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды
–
ҮЕҰ)
дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін
күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметін
анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс енгізе алар еді,
мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде
заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды
болжай алар еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді
мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға
және азаматтық құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және
барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерін тартуға ие болады.
46
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Қоғамдық бақылау кезеңдері
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының
шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру
үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы
жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі
мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін
айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының
шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың
осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер
мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама
қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып
табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық
ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.
3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға
жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында
мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету [5].
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар
болғанда мүмкін болады:
–
қоғамдық бірлестіктің еріктілігі;
–
ақпаратқа қол жетімділік;
–
тәуелсіз БАҚ;
–
мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру
маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық
пен жариялылық заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың көмегімен
мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін
құқықтық базаға ие болады.
Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына
ықпал ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау,
сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету құралы ретінде азаматтар
мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге асыратын әрекеттердің
ілеспелігін қамтиды.
Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас
жемқорлықты төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін
арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру,
қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды бірлесіп шешуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылаудың тиімдігі:
–
азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен
адалдығы деңгейіне;
–
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі
туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге.
Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және
дұрыс болып табылады;
47
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
–
мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын
қамтитын өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді
болады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы
кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық
және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып
табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз
ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды
талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық экономикаға тиімсіз инвестицияларды
жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз
мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді
күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық
стратегиялық міндеттерді шешу қажет.
Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек
қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын
алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің
төмендігіне қарамастан Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесінің
қалыптасуы басталды.
Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің
маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
(1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы»
(2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігін құру болды.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оның
аумақтық департаменттері қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын
іс жүзінде бақылау бойынша жұмысты бастады.
Осының арқасында Қазақстанда мемлекеттік аппарат жұмысының,
мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы артып
келеді, бизнеске әкімшілік жүктеме төмендеуде, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңнама жетілдірілуде. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық
фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы
интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер,
сенім телефондары ұйымдастырылған. «Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясы» қабылданды. Бұл маңызды стратегиялық құжатта сыбайлас
жемқорлыққа саясат тұжырымдамасы бекітілген және сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін іс-шаралар кешені
әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды
қадамы Құрылымдық реформаларды іске асырудың 2014-2015 жылдарға
48
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
арналған жол картасының ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы
№ 1012 қаулысымен бекітілуі болды. Осы құжатта таяудағы перспективада
бизнесті дамыту үшін тосқауылдарды жою бойынша, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар
белгіленген.
Жол картасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу
мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес бойынша мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі және Сыбайлас
жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға және
2020 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық құқықтық
жауапкершілік туралы конвенцияға қосылуы бойынша, ҚР Үкіметіне
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табыстары мен шығыстарын
жалпы декларациялауға көшуін көздейтін заң жобасын енгізу бойынша
мәселе қарастырылды [6].
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге
асыруды реттейтін мынадай үш негіз қалаушы заң қабылданған:
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383
–
V
Қазақстан Республикасының Заңы. Осы Заң қоғамдық кеңестердің
құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру
жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі
мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық
емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз
етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін
айқындайды [7];
–
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 401-V Қазақстан Республикасының Заңы [8]. Заң ақпаратты заңмен
тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі
әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейді; 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа
енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы
18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы [9]. Бұл
құжатта басымды назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын
кесуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсеткен адам-
дардың қауіпсіздігі мен қолсұғылмаушылығының кепілдігін қамтамасыз
ету тетігін енгізуге аударылады.
Қазақстан Республикасында сонымен қатар барлық жеке тұлғалар-
дың табыстары мен мүлкін декларациялау енгізілуде. 2015 жылғы
18 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін
декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды [10]. Заң
Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды іске
асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау, Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен
тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға
бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасының, сондай-ақ
49
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі 2011
–
2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама
шеңберінде әзірленді.
Қоғам алдындағы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы
қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып
табылады.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері мемлекет
пен азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету
сапасын арттыру бөлігіндегі кері байланысты қамтамасыз ету болып
табылады. Кеңес құрамында
–
12 мүше бар. Оған Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, бұқаралық
ақпарат құралдары кіреді.
Қоғамдық кеңестер міндеттерінің қатарына сыбайлас жемқорлық
деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған
бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру, сондай-ақ оларды іске
асыру нәтижелерінің талдауымен бірлескен мониторингін жүзеге
асыру; сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіптерден азаматтар мен
қоғамның құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз
етуге жәрдемдесу кіреді және т.б.
Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша,
оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас
жемқорлықпен күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша
ұсыныстарды әзірлеу және құзыретті органдарға енгізу;
2) қоғамдық мониторингті ұйымдастыру мәселелері бойынша
мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша,
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды
әзірлеу және тиісті мемлекеттік, оның ішінде жоғары тұрған органдарға
енгізу;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анағұрлым жақын тұратын
салаларды анықтау мәселелері бойынша ғылыми ұсынымдарды қарау
және олардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша
ұсыныстар әзірлеу;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бағдар-
ламалар мен жоспарларды іске асыру нәтижелері бойынша сыбайлас
жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-
ақ оларды іске асырудың бірлескен мониторингі мен талдауын жүзеге
асыру;
5) қоғамдық мониторинг қорытындыларын, сондай-ақ мемлекеттік
органдар қабылдаған қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша
шараларды қарастыру;
6) халықты сыбайлас жемқорлық көздері мен теріс әсерлері, онымен
күресу құралдары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша
шаралар туралы ақпараттандыру;
7) азаматтық қоғам субъектілерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатын іске асыруға тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
50
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
8) кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғаумен
байланысты құқық қорғау қызметін реттейтін құқықтық нормаларды
жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
9) мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу және халыққа көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен
іс-шаралар жүргізу,
10) мемлекеттік органдар басшыларының, жауапты лауазымдық
тұлғаларының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемле-
кеттік қызметтер ұсыну сапасын жақсарту бойынша қабылдаған
шаралары туралы ақпаратын тыңдау;
11) мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларын мпемлекеттік
қызметтер туралы заңнама талаптарын сақтамағаны, қоғамдық
мониторинг нәтижелері бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік
жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар әзірлеу.
Уәкілетті орган 2014 жылы азаматтық қоғам институтымен,
«Нұр Отан» партиясымен және жергілікті атқарушы органдармен
бірлесіп 28 меморандумға қол қойды, 35 кеңейтілген «дөңгелек үстелдер»,
32 семинар, 5 форум, 37 ағартушылық және мынадай тақырыптарда
басқа да іс-шаралар өткізді: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-
тың алдын алу
–
Профилактика коррупционных правонарушений»,
«Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыру
максатында азаматтардың құқықты ұғыну деңгейін арттыру
–
Повышение
правосознания граждан в целях формирования антикоррупционного
мировоззрения», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
–
Молодежь
против коррупции» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа
белестері
–
Новые ступени в борьбе с коррупцией». Осы іс-шаралар
жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Бұдан басқа «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдарында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты түрде
жүргізілуде, азаматтық қоғамның әртүрлі топтарымен (жастар және
студенттік ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлердің өңірлік
палаталары, бизнес-қауымдастықтар) кездесулер ұйымдастырылуда.
Осындай кездесулерге жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ
құқық қорғау және сот жүйелерінің өкілдері қатысады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан консуль-
тативтік-кеңесші орган мәртебесі берілген Заңдылықты қамтамасыз
ету жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес қызметінің мақсаттары:
елдегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттік құқықтық саясатын
жүргізуге жәрдемдесу, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен
және халықпен өзара қарым-қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру
болып табылады. Осыған ұқсас кеңестер аумақтық прокуратураларда
да құрылған. Кеңестер құрамына «Нұр Отан» партиясының өкілдері,
депутаттар, белгілі ғалым-заңгерлер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес
ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, прокуратура
органдарының ардагерлері мен басқа адамдар кірген.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанынан ішкі істер
органдары қызметінің белгіленген саласына жататын мәселелер,
51
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
полиция қызметінің жариялығы мен ашықтығы қағидатын өмірде
ұстану, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау бойынша қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу
мақсатында Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес
құрылды, осындай кеңестер Астана, Алматы қалаларындағы және
облыстардағы барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде құрылған.
ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес 2007 жылы
құрылған. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам қайраткерлері,
ҚР Парламенті депутаттары, журналистер, үкіметтік емес және ғылыми
ұйымдар өкілдері кіреді. Ішкі істер министрлігі қызметтің әртүрлі
бағыттары бойынша 200-ден астам үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ)
ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Әкімшілік полиция комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты
жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде отбасылық-
тұрмыстық қарым-қатынастар саласында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету; ІІБ арнайы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша
50-ден астам ҮЕҰ-мен («Қорғау», «Құқық», «Үміт»; «Забота», «Подруги»
ҮО; «Надежда» ӘҮО; «Дамыту және бейімдеу орталығы» БҰ, «ГИАЦ» БҰ,
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған
дағдарыс орталығы» БҰ, «Әйелдерді қолдау орталығы» БҰ; «Сана Сезiм»
БҰ және басқалары) өзара іс-қимылды жүзеге асырады
Қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті меморандумдар мен ауызша
келісімдерді жасасу шеңберінде 64 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасады,
түзету мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға
кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдер», мониторингтер және
т.б. арқылы құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жәрдем
көрсетеді.
2014 жылғы 18 ақпанда Төтенше жағдайлар комитеті ҚР Ұлттық
палаталар кәсіпкерлерімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол
қойды [11]. Қол қойылған меморандум осы мәселедегі ынтымақтастықты
сапалы жаңа деңгейге көшіру үшін құқықтық негізді қалайды. Бұл мүдделер
мен ұстанымдар толығымен сәйкес келетін саладағы мемлекеттік орган
мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылының айқын мысалы.
2014 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы алға қойған кәсіпкерлік
субъектілерінің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді іске асыру
мақсатында, сондай-ақ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды
іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының 1-тармағын
орындау үшін кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын олардың
өтініштері бойынша шешу үшін бірыңғай тәсіл әзірлеу жөніндегі жұмыс
тобы құрылды.
Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында мобильдік топтардың
жұмысы туралы хабарландыру сенім телефоны мен прокуратураның
электронды адресі көрсетіліп жарияланады, халық көп шоғырланатын
орындарда бильбордтарда мобильдік топтардың сенім телефондары
туралы мәліметті қамтитын ақпарат орналастырылады.
Адамдар көп шоғырланатын орындарда жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің анағұрлым шоғырланған санын ақпараттық қамту
52
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
мақсатында мобильдік топтардың байланыс деректері туралы мәліметті
қамтитын ақпараттық плакаттар орналастырылады. Мобильдік топтар-
дың бизнес субъектілерін негізсіз тексерулерден қорғау, бизнес-
қоғамдастықтың прокуратура органдарына сенімін арттыру бойынша
жұмысын жандандыру мақсатында барлық аумақтық мобильдік топтар
құрамына Кәсіпкерлер палаталарының өкілдері енгізілген.
Кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп бизнес субъектілерінің рұқсат
алу рәсімдерінен өтуінің талдауы жүргізілді. Оның барысында
коммерциялық мақсаттар үшін жер берумен байланысты бұзушылықтар,
мемлекеттік органдардың заңмен көзделмеген құжаттарды талап етуі
фактілері, қорытындылар беруде негізсіз бас тартулар, мемлекеттік
қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзушылықтар анықталған.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитеті де тұрақты негізде Қазақстанның салық төлеушілері
қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкерлер ұлттық палатасының және
бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер»
өткізеді. Онда Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің құқықтық
аспектілері түсіндіріледі, басқа да проблемалық мәселелер шешіледі.
Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл
жасасу шеңберінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік органдары кедендік
заңнама нормаларын түсіндіру, кедендік органдар қызметінің әртүрлі
аспектілерін жариялау, оның ішінде кеден ісі саласындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтар туралы мәселелер
бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық
бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып
табылады деген қорытынды шығаруға болады:
1. Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген
қызығушылығы. Азаматтық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың
жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне
немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша,
уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар
азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы
келмейді.
2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі
бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың
әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды
орташа кластың болмауы.
3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс
түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын
танымдылықтың болмауы.
Қазақстанда қарама қайшы жағдай қалыптасты: бір жағынан
қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесі болуда, қоғамдық
бақылаудың негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны құруға
талпыныстар жасалуда, қоғамдық бақылаудың (қоғамдық палатаның)
өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың
елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығы жыл сайын төмендеп
келеді, қоғамның сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды.
53
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында
қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасасуға қатысты
бірқатар мәселелер шешілмей қалып отыр. Осының барлығы қазіргі
уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде
екендігін куәландырады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау
қажет:
1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз
ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау;
2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген
азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз
ету;
3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін
қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау;
4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік
қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу
жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған
мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды
іске асыру үшін бақылауды күшейту,
6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін
жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру;
қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың
қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда
орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға
арналған стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» стратегиясында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іс
жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының
мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз күресу
кезінде ғана мүмкін болады.
Стратегияда:
–
мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа
да қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлыққа «атымен төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру
бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша
нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу;
–
Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын
ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны
әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс
болып табылады.
54
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды
заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын
айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық
бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар
қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен
олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар
болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау тиімді болады.
Тірек сөздер:
қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл, қоғамдық бақылау тетігі..
ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Сіз «қоғамдық бақылау» ұғымының мазмұнын қалай түсінесіз?
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылау мәні мен негізгі қағидаттары нені қамтиды?
3. Қоғамдық бақылаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
құралы ретіндегі рөлі қандай?
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылаудың негізгі институттарын атаңыз.
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау
жүйесінің қалыптасуы: шетелдік тәжірибе және Қазақстан.
3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары, кезеңдері мен тетіктері.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҮЕҰ, саяси партиялар мен БАҚ
рөлі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Әдебиет
1. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы. 2003 жылғы 31 қазан.
2. Атаманчук Г. В. Обеспечение рациональности государственного управ-
ления.
–
М., 1990.
3. Плотников А. А. Общественный контроль и его потенциал в противодействии
коррупции // Государство и право.
–
2013.
–
№ 2.
4. Кулешова Н. Н. О современном состоянии общественного контроля //
Юридическая наука.
–
2011.
–
№ 2.
5. Нисневич Ю. А. Общественный контроль как механизм противодействия
коррупции: проблемы реализации в России // Право и государство: теория
и практика.
–
2010.
–
№ 4.
6. Аширбаев А. Под общественным контролем // Юридическая газета.
–
2015.
–
12 марта.
7. Қоғамдық кеңестер туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
2 қарашадағы №383-V Заңы // Егемен Қазақстан.
–
2015.
–
3 қараша.
8. Ақпаратқа қол жеткізу туралы : Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
16 қарашадағы № 401-V Заңы // Егемен Қазақстан.
–
2015.
–
17 қараша.
55
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы : Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы // Егемен Қазақстан.
–
2015.
–
19 қараша.
10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың
табысы мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
18 қарашадағы № 412-V Заңы // Егемен Қазақстан.
–
2015.
–
19 қараша.
11. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы кәсіпкерлер құқықтарын қорғау
мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум. http://
prokuror.gov.kz/rus/dokumenty/memorandum-o-vzaimnom-sotrudnichestve-
mezhdu-generalnoy-prokuraturoy-respubliki-kazahstan.
56
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Достарыңызбен бөлісу: |