СЫҒымдалған табиғи газды пайдаланатын автобустар жұмысының Қауіпсіздігі жөніндегі


Газ аппаратурасы сынық, автомобиль дұрыс жұмыс істеп тұр



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,36 Mb.
#6648
1   2   3   4   5   6

Газ аппаратурасы сынық, автомобиль дұрыс жұмыс істеп тұр

Газ аппаратурасының, соның ішінде оның саңылауы болуымен 

байланысты сынуы анықталған жағдайда автокөлікті газды 

шығару (шоғырландыру) постына жібереді және баллондарды 

газдан босатады .

Газды шығару ашық толтырғыш немесе арнайы вентиль арқылы 

жасалады, оның қорғаныш қақпақшасы алынуы тиіс . Баллон-

дардан газ шығаруды бақылау қоректендірудің газды жүйесінің 

монометрі бойынша жүзеге асырады . Бұл операция кезінде бас 

қақпақша (вентиль) жабық, ал баллонның (шығын) вентилі 

ашық болуы тиіс . Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіндегі газ 

алдын ала жұмсалуы тиіс .

Газ шығарылғаннан кейін кейбір жағдайларда баллондарды 

газсыздандыру (жанбайтын инертті газбен үрлеу) қажет .

Газды босату және баллондарды газсыздандыру мынадай 

жағдайларда жүргізіледі:

•  бітеу-қорғау арматуралары мен газ баллондарымен байла-

ныстағы газ құбырларының саңылаусыздығы бұзылған;

•  баллондарды, газ құбырларын айырбастаумен байланысты 

ағымдық жөндеу, пісіру, бояу жұмыстарын жүргізу;

•  баллондарды, оларды техникалық куәландыру үшін ав-

токөліктен түсіру;

•  технологиялық немесе техникалық қажеттілік, соның ішін-

де газбен қоректендіру жүйесін қысылған ауамен престеу 

(сынау) .

Газды шығарғаннан кейін автокөлікті жууға, содан кейін бұ-

зылушылықтарды жою немесе жекелеген тораптарын ауыстыру 

үшін газ аппаратураларының ТО және ТР учаскелеріне жібереді . 

Бұзушылықтарды жөндегеннен кейін автокөлікті СТГ құюға және 

түзу автокөліктер тұрағына жібереді .



62

Газ аппаратурасы сынық, автомобиль сынық

Бұл жағдайда саңылаусыздығын тексергеннен кейін автокөлікті 

газды шығару және баллондарды газдан босату постына жібе-

реді және газды шығару және баллондарды газдан босату опе-

рацияларын орындайды . Бұдан әрі автокөлікті жууға, одан кейін 

негізгі автокөліктенді ағымдық жөндейтін аймаққа ГБЖ байла-

нысты емес бұзылуларды жою үшін жібереді . Бұзушылықтарды 

жөндегеннен кейін автокөлікті газ аппаратураларының ТО және 

ТР учаскелеріне жібереді, ол жерде ГБЖ бұзылушылықтарын 

жояды . Бұзушылықтарды жөндегеннен кейін автокөлікті СТГ 

құюға және тұраққа жібереді .

Автокөлік құралдарына арналған газ аппаратураларын, қозғал-

тқышқа газ беруді басқару жүйесі, қоспа пайда болу тәсілі және 

қолданылатын атқарушы механизмдері бойынша мынадай бір-

неше типке бөлуге болады:

а) 


эжекторлы – газ бен ауа кіргізу коллекторында КЖД арала-

сатын және газды беруді басқару рычагты-мембранды меха-

низмдердің көмегімен жүзеге асырылатын жүйелер;

б) 


инжекторлы – газ кіргізу коллекторына арнайы форсунка-

ның көмегімен бүрку (орталық бүрку) немесе ДВС әрбір цилин-

дріне тікелей (таратып бүрку) бүрку;

в) 


аралас –ДВС газ беру үшін берілетін газдың мөлшерін инжек-

торлы реттеуіш (мөлшерлеуіш) және газ ауа қоспасын қозғал-

тқыштың кіргізу коллекторына беретін стандартты сыртқы жүй-

елер


Көрсетілген жабдықтар жұмыс қоспасының электр ұшқынынан 

(газ ұшқынды қозғалтқыш) қозғалтқыштары немесе дизель 

отынын пайдаланған кезде қысу (газ дизельді қозғалтқыш) 

қозғалтқыштары бар ГБА орнатылады .



63

Газ жабдықтарының негізгі 

конструктивтік ерекшеліктері

1. Инжекторлы электрондық жүйелер

Сыртқы араластырғышы бар дәстүрлі жүйе, онда газды беру не-

гізінен рычгты-мембранды механизмдер арқылы реттеледі .

Бұл жүйелер бірнеше онжылдықтар бойы шығарылып келеді 

және автокөліктенді пайдалану процесінде газға ауыстырумен 

айналысатын фирмалар мен ұйымдарға бағдарланған .

Осы типті газ баллонды аппаратуралар өзіне мынадай негізгі 

бөлшектер мен тораптарды қамтиды:

•  жоғары қысымды баллондар;

•  жоғары және төмен қысымды тұрба құбырлары мен оларды 

қосатын бөлшектер;

•  толтыратын және жұмсайтын вентильдер;

•  жоғары қысымды редуктор;

•  төмен қысымды редуктор;**



** – газ аппаратураларының кейбір конструкцияларында жоғары 

және төмен қысымды редукторлар бір агрегатта қатар қолданылады.

•  газ фильтрлері;

•  газды электромагнитті қақпақша;

•  бензинді электромагнитті қақпақша;

•  карбюратор-араластырғыш (газ араластырғыш);

•  газ жылытқыш;

•  бақылау және қорғау құрылғылары;

•  отын түрін ауыстырып қосқыш .

Рычагты-мембранды жүйенің мынадай белгілі бір кемшіліктері 

бар:


•  газды цилиндр бойынша біркелкі мөлшерлемеу;

•  газ ағынының инерциясының молдығы;



64

•  қысымды механикалық реттеуіштердің сенімділігінің жетім-

сіздігі;

•  көмірсутегінің ЖГ деңгейінің жоғарылығы;

•  газды мөлшерден артық жұмсау .

Соңғы жылдары осы жүйелерде электронды басқару блоктары 

кеңінен енгізілуде, бұл жаңа функциональдық мүмкіндіктерді 

қамтамасыз етеді:

•  берілетін газдың мөлшерін реттеу кіргізу коллекторында си-

рету ғана емес, сондай-ақ λ-зонд бойынша берілген шектер-

де улылық параметрлерін қолдау үшін де, сол сияқты қозғал-

тқыштың, ауа мен газдың температурасын өзгерту үшін де;

•  ауаны немесе отынды деректер негізінде қозғалтқыштың иін-

ді білегі айынлымының жиілігі есебінен басқарылатын электр 

жетегімен қосымша шиберлі немесе лопасты құрылғыла-

рымен беруді реттеу есебінен бос жүрісті тұрақты қолдау .

Электронды басқару элементтерін енгізу жабдықтың жұмысын 

анағұрлым арттыруға мүмкіндік берді, бұл құны қатысты аса 

қымбат емес кезде тұтынушы үшін механикалық жүйенің тар-

тымдылығын сақтайды .



2. Инжекторлы жүйелер

ГАЗДЫ ОРТАЛЫҚТАН БҮРКЕТІН ИНЖЕКТОРЛЫ ЖҮЙЕЛЕР

Өзінің сипаты бойынша микропроцессорлық басқару блокта-

рымен жарақталған мұндай жүйелер, газ ауа қоспасын дайын-

дайтын және бөліп беретін эжекторлы және инжекторлы жүйе-

лердің арасындағы аралық жағдайда болады .

Оларда мынадай басымдықтар бар:

•  сыртқы жағдайдан (ауа фильтрінің ластану дәрежесінен, тем-

пература көтерілген кезде газ тығыздығының азаюынан) тәу-

елсіз газды тұрақты мөлшерлеу;


65

•  газ жүйесін (бөлінген инжекторлымен салыстырғанда) орна-

ту кезінде қозғалтқыш агрегаттарының ең аз жұмыс істеу қа-

жеттігі;


•  жоғары энергетикалық көрсеткіштер;

•  параметрлердің уақыт тұрақтылығы;

•  газ ауа қоспасының құрамын λ-зонды бойынша (3-компо-

нентті бейтараптандырғышпен жұмыс істеу кезінде) түзету 

мүмкіндігі .

Сол уақытта газды орталықтан бүркетін инжекторлық жүйелер-

ге бірқатар кемшіліктер тән, олардың бастысы ретінде мына-

ларды атауға болады:

•  кіргізу коллекторындағы үлкен паразиттік көлем есебінен 

жүйенің анағұрлым инерциялығы;

•  әрбір цилиндр үшін отын қоспасын жеке мөлшерлеудің мүм-

кін болмауы;

•  қазіргі заманғы қозғалтқыштардың кіргізу және шығару 

қақпақшаларын мәнді жабу есебінен жанып бітпеген метан-

ды кіргізу жүйесіне тастау (үнемділігінің төмендеуі және СИ 

шығарындыларының ұлғаюы) .



ГАЗДЫ ТАРАТЫП БҮРКЕТІН ИНЖЕКТОРЛЫ ЖҮЙЕ

Газды таратып бүркетін инжекторлы жүйе бүгінде іштен жа-

натын қозғалтқыштың цилиндріне газ беруді басқару жүйесін 

жасауда анағұрлым перспективті бағыт болып табылады . Олар 

қозғалтқыш жұмысының ең жетілдірілген сипаттамасын алуға 

мүмкіндік береді . Барлық инжекторлы жүйелер қуатты микро-

процессорлы басқару блоктармен жарақталған, олар мыналар-

ды қамтамасыз етеді:

•  әрбір цилиндрге газды мөлшерлеп жеке беру, бұл қоспаның 

мінсіз жанып кетуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (кейбір 

фирмалар әрбір цилиндрге λ-зонд орнатады және бейтарап-

тындырғыштан кейін тағы біреуін орнатады);



66

•  газды ең аз шығындау – әрбір цилиндрге газды бүрку жеке 

тек сору циклында ғана жасалады; «өтпе жел» эффектісінің 

болмауы (газ кіретін тұрбаның пайдаланатын жүйесінен сы-

ртқы қоспа пайда болу жүйесіндегі сияқты қақпақшаны жабу 

есебінен пайдаланатын жүйеге ағып шығады);

•  іс жүзінде жүйенің инерциондығы ең азға келтірілгендік-

тен, қозғалтқыштың барынша қарқынды болуы (паразиттік 

көлемнің ең азы) .

3. Құрамдастырылған жүйелер

Құрамдастырылған жүйелер жұмысының негізіне сыртқы қоспа 

пайда болу принципі салынған . Бірақ бұл ретте жүйелерде ин-

жекторлы типті, микро процессорлы блоктан басқарылатын 

реттеуіш қолданылады (газ/ауа араластырғышқа берілетін газ 

көлемін мөлшерлегіш) . Осылайша, дәстүрлі механикалық жүй-

енің негізгі кемшілігі – төмен сенімділік пен рычагты-мембран-

ды механизмді басқару дәлдігі жойылады . Бұл компромисс оны 

аздап модернизациялау кезінде сериялы газ жүйесінің коммер-

циялық өмірін ұзартады .



4. Газ дизель жүйесі

Ауыр жүк таситын автокөліктен мен автобустар үшін, дизель-

дің жұмысын дизельдік отын қоспасымен және табиғи газбен 

де және тек дизельді отынмен де қамтамасыз ететін екі отынды 

(газдизельді) қоректендіру жүйелері кеңінен қолданылады .

Газ дизельді қозғалтқыштың классикалық жұмыс принципі 

мынада . Қоректендірудің газ жүйесінде дайындалған газ ауа 

қоспасы қозғалтқыштың цилиндріне келіп түседі, поршенмен 

сығымдалады және сығымдау тактісінің соңында (аздап озу-

мен) форсунка арқылы оған дизель отынының ыстық мөлшері 

бүркіледі .

Отынды мінсіз шығындау СТГ 80–85 % және дизель отынының 

15–20 % құрауы тиіс, бірақ, 1985–95 жылдары шығарылған 


67

газ дизельді жүйе конструкциясы болғандықтан, іс жүзінде оны 

орындау мүмкін болмады .

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік өндірушілер газ дизель-

ді жүйе конструкциясын айтарлықтай жақсартты .

Жаңа жүйелерде мыналар пайдаланылады:

•  микропроцессорлы басқару және газды фазалап бүрку;

•  арнайы компрессорда газды қосымша сығымдау, оны 

салқындату және арнайы баллонда шоғырландыру, газды 

дизель отынымен бірге қозғалтқыш цилиндріне сығымдау 

тактісінде арнайы қақпақша (форсунка) арқылы беру;

•  газды таратып бүрку мен дизель отынының ыстық мөлшерін 

басқару;

•  құрамдастырылған дизельдік отынмен табиғи газды арала-

стыратын газ дизельді электронды-басқару форсункалары;

•  газ педалімен басқарылатын қақпақшаның орнына электр-

мен басқарылатын дроссельді қақпақшалар;

•  жоғары ресурстарға және т . б . ие газ инжекторлары .

Осы жаңалықтардың бәрі:

•  қозғалтқыш жұмысының энергетикалық көрсеткіштерін 

ұлғайтуға;

•  қозғалтқыш ЖГ зиянды заттарының болуын төмендетуге;

•  дизель отынын анағұрлым арзан СТГмен ауыстыру арқылы 

пайдалану шығынын төмендетуге (іс жүзінде 80 % дейін) 

мүмкіндік береді


68

Шеберхана ұйымдастыру және 

автокөлікке техникалық қызмет 

көрсету.  

Қозғалмалы құрамға қызмет 

көрсету

Автобус паркіндегі техникалық қызмет көрсету станциясы қыз-

меттің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

•  техникалық қызмет көрсету (ТО-1, ТО-2);

•  автобустарды авто жуу, доңғалақтарды шешу, орнату – 

доңғалақтарды жуу– монтаждау/бұзу – қайта борттау –каме-

ралы доңғалақтарды – камерасыз шиналарды жөндеу – ескі 

шиналарды іске жарату – балансирлеу – басқылау – доңға-

лақтарға азот толтыру, газ жабдықтарын жөндеу .

Конструкциясында ГБЖ бар автобустарда газ кемуінің дабыл 

жүйелері осы жүйелердің жұмыс қабілетіне тексеру жүргізеді .

Техникалық жөндеу операциялары алдын ала бақылаумен 

орындалады, ол үшін компьютерлер мен олардың бағдар-

ламалық қамтамасыз етулерін қолданумен диагностикалық 

жабдықтар орнатылады . Диагностиканың бұл түрі сыну неме-

се бас тарту себептерін анықтайды және оларды анағұрлым 

тиімді жою тәсілдерін белгілейді . Бұдан басқа, қозғалыс қа-

уіпсіздігі үшін автобусты жөндеуден тәуелсіз газ жабдығының 

жай-күйіне тексеру жүргізу . Элемент бойынша диагностикалау 

кезінде агрегаттардың, Тораптардың және жүйелердің нақты 

бұзылушылықтары, олардың орындары, сипаттары мен себеп-

тері анықталады . Жұмыс постысы автобусқа техникалық қыз-

мет көрсету және жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды орын-

дауға арналған . Жұмыс постысы, өзінің жайғастырылуы және 

жабдықтары бойынша ол орындауға арналған орындалатын 


69

жұмыстардың шартына сәйкес болуы тиіс . Біздің жағдайымы-

зда, жұмыс постысында жұмыстың көлемі мен күрделілігіне 

байланысты бір уақытта он адамға дейін жұмыс істейді . Мұн-

дай постылардың саны сегі және олар әмбебап сипатта, бұл ма-

шиналарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша қызмет көрсе-

тудің кең спекторын орындауға мүмкіндік береді . Жылжымалы 

құрамды орнату тәсілі бойынша постылар тұйықталған, демек 

қатар және бір біріне тәуелсіз болып табылады .

Қатар постылардың басымдылығы көрші постыларға зиян ти-

гізбей көлемнің ауытқуы мен жұмыстың ұзақтық мүмкіндігі . 

Автобустарды постыға қою өз жүрісімен де, сол сияқты қолмен 

де жүзеге асырылады . Постыларда кең бейінді мамандардың, 

демек универсалдардың жұмыс істеуі көзделген . Автобустарды 

қабылдап алуды, жөндеу түрі мен көлемін, сондай-ақ авто сле-

сарлардың санын анықтайтын кезекші механик жүзеге асыра-

ды .

Авто шеберхананы жобалау кезінде механикаландыру мен 



автоматтандырудың белгілі бір деңгейі мен белгіленді . Ме-

ханикаландыру мен автоматтандыру мынадай тәсілмен жү-

зеге асырылады: операцияларды жай механизмдермен және 

қолмен механикаландырылған аспаптармен механикланды-

рылған-қолмен орындау; операцияларды энергияны мамандан-

дырылған көздерден алатын машиналар мен механизмдердің 

көмегімен механизацияланған орындау . Әрбір ауысымның 

ұзақтығы 24 сағатты құрайды .

Өндірістік процестер бір ғимаратта жүзеге асырылады . Олар-

дың өртке қарсы қауіптілігі мен санитарлық талаптарын ескеру-

мен жобаның технологиялық бөлімімен белгіленетін жылжы-

малы құрамның ТО және ТР жекелеген түрлерін немесе топтық 

жұмыстарын орындау үшін, Ережелер мен ҚНжЕ 2 .09 .02–85 

сәйкес ғимараттың орта шыдамдылық деңгейіне байланысты 

өртке қарсы қоршаулармен және жабындармен бөлінген жеке 

үй-жай қарастырылуы тиіс . Газ концентрациясының қауіпті дең-

гейге жеткені туралы автоматтық бақылау жүйелерінен берілетін 

дабылдар қызмет көрсету персонал тәулік бойы кезекшілікті жү-



70

зеге асыратын үй-жайға (диспетчер, бақылау-өткізу пункті, кү-

зет үйі және т . б .) келіп түсуі тиіс .

Өзіне жөндеу, шиномонтаж және авто жууды қамтитын модуль-

дық үй-жай жөндеу және шиномонтаж, соның ішінде автокөлік 

доңғалағын шешу, автокөлік шиналарын борттан алу және 

борттау, доңғалақтарды балансирлеу, автомобиль шиндерінің 

хаттамаларын жою, сондай-ақ автобустарды жанаспай жуу 

жұмыстарын орындауға арналған . Жөндеу және басқа жұмы-

стармен қамтамасыз етуге, соның ішінде көтеру крандарымен, 

жылыту, энергия үнемдеу және жарықтандыру, сумен жаб-

дықтау және тұйық циклмен жұмыс істейтін суды тазартуға қа-

жетті жабдықтар жүйесімен жабдықталған шеберхана . Кіретін 

жылытылған секциялық қақпа және қақпашамен, персоналға 

арналған есікпен, тереземен жабдықталған шеберхана . Ор-

талықтан сумен жабдықтау желісіне қосылған шеберханалар . 

Шеберхананы электрмен жабдықтау сыртқы көздерден жүзеге 

асырылады .



Жылжымалы құрамды сақтау

Автобустарды қоюға арналған алаңшалар – барлық сервистік 

объектілердің бас жоспарының басты және міндетті элемент-

терінің біріне жатады . Оның көлемдері мен жоспарлау құрылғы-

ның түрі және пайдалану сипаттамасымен, негізгі жолға қатысты 

оларды орналастыру сызбасымен анықталады Жоба автокөлік-

тенді сақтаудың екі тәсілін көздейді:

•  жабық –5 және одан да көбірек автобустарға арналған жылы-

тылатын, көрінісі бақыланатын үй-жайда;

•  ашық – көрінісі бақыланатын және тура өтетін жолдары бар 

алаңшаларда .

Көлік құралдарын орналастыру автобусты орнына қою тәсілімен 

жүзеге асырылады . Гаражда автобусты тұйыққа қоятын, ал ашық 

алаңшаларда – тігінен орналастыратын орындар көзделген .



71

Сервис объектілеріне кіру жолдарын жоспарлау мен оның пара-

метрлері автобустардың қозғалысы мен режиміне айтарлықтай 

әсер етеді . Тұраққа кіретін және одан шығатын автобустар негіз-

гі жолмен өтетін көліктердің қозғалысын қиындатпауы тиіс .

Тұрақтардың жоспарлық сипаты – объектіні жоспарлау мен па-

раметрлерінен және автобусты тұраққа қою сызбасынан шыға 

отырып бір автобусты тұраққа қоюға арналған алаңның, ішкі 

өтпе жолдардың, бұрылу радиустарының, маневр жасау ай-

мағының көлемі .

Тұрақта жеңіл, жүк автокөліктер мен автобустарды орналастыру 

үшін жеке орындар көзделген . Тұраққа автобус қоюдың анағұр-

лым ұтымды бұрышы 200 бірлік саны . Автокөліктерді перпен-

дикуляр орналастыру ұзын сонар тұрақ кезінде көзделген .

Ұяларының көлемі габариттік ұзындығымен және есептік авто-

бустың енімен анықталады (тұрақты мүмкін пайдаланатындар 

арасында анағұрлым таралған модель) .

Тұрақты жоспарлау алға, тура жүру және мүмкіндігінше маневр 

жасау қозғалысы кезінде және мүмкіндігінше маневр жасамай 

автобус тұрағындағы орынға өтуді қамтамасыз етуі тиіс .

Маневр жасау үшін алаңшаның ені автобус бұрылысының ра-

диусымен, ұзындығымен, Сондай-ақ тұраққа қойылатын авто-

бустың бұрышымен анықталады .

Үйді желдету – табиғи .

Сумен жабдықтау қолда бар су құбырынан көзделген . Ав-

токөліктерге қызмет көрсетуге арналған сумен жабдықтау 

мен кәрізді жобалау кезінде ҚНжЕ 2 .04 .02–84, 2 .04 .03–85, 

2 .04 .01–85 және қазіргі СЖН қойылатын талаптар көзделген . 

Кәсіпорындарды тікелей және айналмалы сумен жабдықтау 

үйелері қамтамасыз ету дәрежесі бойынша су берудің III сана-

тына жатады . Технологиялық процестер үшін судың сапасы мен 

суға енгізілетін оған жақын ластануға қойылатын талаптар си-

паты бойынша жылжымалы құрамды, тораптар мен бөлшек-


72

терді жуудың тұйықталған циклі түріндегі жүйесі көзделген . 

Жылжымалы құрамдарды, агрегаттарды, тораптарды және 

бөлшектерді жуу процестерін жасау кезінде суды жоғалту, жо-

баның технологиялық бөлігінен белгіленетін суды жалпы тұтыну 

процесінен 10–15 % . Автобустарды жуудан өндірістік ағын су-

лар бейтараптандыру мен тазарту процесінен өткізіледі . Бұдан 

басқа, айналымдық сумен жабдықтау көзделген . Құрамында 

мұнай өнімдері, тетроэтил қорғасын, өлшемдік заттар, қышқыл 

бояуы мен қышқылдар бар ағын сулар, олардың жүйенің сы-

ртқы кәрізіне түсуіне дейін жергілікті жағдайда тазартылуы тиіс . 

Өндірістік ағын сулардың тазарту құрылғылары жеке орнала-

стырылған .

Газ аппаратураларына техникалық қызмет 

көрсету түрлері, кезеңдігі, нормативтері мен 

мазмұны

Газ баллонды автобустарға техникалық қызмет көрсету кезін-

де, негізгі модельдерге тән жоспарлы әрекеттен басқа, газ жаб-

дықтарының болуымен және арналуымен байланысты бірқатар 

жұмыстар туындайды .

Газ баллонды автокөліктер үшін техникалық қызмет көрсетудің 

мынадай түрлері орнатылған:

•  күн сайынғы техникалық қызмет көрсету (КҚ);

•  бастапқы техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1);

•  қайталап техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2);

•  мерзімдік қызмет (МҚ);

•  газ баллондарын техникалық куәландыру .

Қоректендіру газ жүйелерінің ТҚ-1 және ТҚ-2 бойынша жұмы-

стары автокөліктің өзінің техникалық кезеңдігімен орындалады . 

Газ аппаратураларына маусымдық қызмет көрсетуі кезекті ТҚ-2 

қосарлана істеледі және жылына 1 рет орындалады .



73

Кәсіпорында техниканы жөндеу әрекеті жоспарсыз тәртіппен 

жүргізіледі, олар негізінен машиналардың жұмыс істеуден бас 

тартуын жоюдан тұрады . Техниканың нақты жай-күйі анықтал-

майды, сондықтан жөндеу кезінде қосалқы бөлшектерге едәуір 

қаржы жұмсалу шығыны орын алады . ТҚ-1 және ТЖ2 бойынша 

көп шығын жұмсалуына қарамастан кәсіпорында техниканың 

жөндеуде және жөндеуді күтуде тұрып қалуы жоғары .

Техникалық қызмет көрсету техникаға жөндеу және техникалық 

қызмет көрсету жұмыстарын жүргізетін слесарьлер мен жүр-

гізушілердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты толық 

көлемде емес және төмен сапада орындалады .



СТГ қолданатын автокөлікті техникалық 

пайдалану ережелеріндегі айырықша талаптар

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 

сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген автокөлікті техникалық 

пайдаланудың жаңартылған ережелері мыналарды бекітеді .

СТГ пайдаланатын автокөлік құралдарына техникалық қызмет 

көрсету мен жөндеу жүргізу кезінде, газ және бензин (дизель-

дік) қоректендіру жүйесінің ТҚ және ТЖ біріккен технологиялық 

процес, немесе газ аппаратурасы үшін ТҚ және ТЖ өз бетінше 

технологиялық процесі ұйымдастырылады . Жұмыстар маман-

дандырылған учаскеде жүзеге асырылады . Бұл ретте, бірінші 

жағдайда мамандандырылған участок екі дара посты іске қо-

сады, онда жұмыстар бензинмен (дизельді) және газбен қо-

ректендіру жүйесі үшін жеке орындалады . Екіншіде ТҚ және ТЖ 

жұмыстары газбен қоректендіру жүйесі жұмыстары мамандан-

дырылған учаскеде орындалады, ал бензинмен (дизельді) қо-

ректендіру жүйесі жалпы постар мен желілерде орындалады .

СТГ пайдаланатын автокөліктерінде ТҚ және ТЖ ұйымдастыру 

кезінде ашық алаңға орналастырылған газ аппаратурасының 

саңылаусыздығын тексеру постылары көзделеді .


74

Газ баллонды автокөлікті ТҚ және ТЖ постыларына қоюға, сон-

дай-ақ сақтауға тек газ аппаратурасының дұрыстығын тексер-

геннен кейін ғана рұқсат етіледі . Бұл ретте газ қоректендіру жүй-

есінен жұмсалады, қозғалтқыштың ТҚ және ТЖ аймағындағы 

одан арғы жұмыстары мен сақталуы бензинмен (дизельді) қо-

ректендіру жүйесін қолданумен жүргізіледі .

ТҚ және ТЖ бойынша осы жұмыстар аяқталғаннан кейін газ 

аппаратурасының саңылаусыздығы тексеріледі . Саңылаусыз-

дығын тексеруден жоғары қысымның барлық қосылулары, газ 

баллонының мойыны, шығын және материалдық вентильдер 

(жабық және ашық жағдайда) өткізіледі .

Автокөлік құралын сақтау өртке қарсы дабылмен және өртке 

қарсы постармен әрбір 200 шаршы метр тұрақ алаңына бір пост 

есебінен жабдықталған ашық алаңдарда жүзеге асырылады . 

Газ баллонды автокөлік құралдарын сақтау үшін конструкциясы 

оларға орнатылған газ баллонының қызы кетуін болдырмайтын 

жылыту жүйесі бар алаңның жабдықтарына жол беріледі .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет