2. Тұрба құбырларының орнатылуын тексеру
1 . сыртқы саңылаусыздығын байқап қарау, қосылғыштар мен
элементтердің бекітілуінің тығыз еместігін тексеру; салон ішінде,
кабинада, және фургондардың тұйық кеңістігінде тұрба құбыр-
ларын өзара қосуға жол берілмейді, тұрбаның иілген жерінде
сынық болмауы тиіс; еден түбіне төселген газ отыны жүйесінің
элементтері (ГОЖ) автокөлік клиренсін азайтпауы тиіс және
пайдаланылған газ шығатын жүйенің немесе осындай былғары
қаптамасыз жылу қорғанышы жоқ көздердің 100 мм шектерін-
де орналастырылмауы тиіс; баллондар мен жол беті арасын-
дағы қашықтық кемінде 200 мм құрауы тиіс;
2 . қатты (тігіссіз тұтас тартылған тот баспайтын немесе тоттануға
қарсы жабындармен болаттан жасалған) және иілмелі отын өт-
кізгіштер түпке өзін өзі тескішпен бұралған әрбір 10 см қапсыр-
малармен, рамада – болттармен бекітіледі; ашық учаскелерде
қорғаншы материалдарымен, жабылады; мотор бөліміне шығу
учаскесінде тұрба құбырына қозғалтқыштың жоғары дірілінен
қорғайтын болат орама кигізіледі; магистральді бұрушы мен
құятын тұрба құбыр баллонға түппен апарылады; пайкалар, дә-
46
некерлер мен мықты гайкалы бұрандалар арқылы қосуға жол
берілмейді; тот баспайтын болатқа фитингтер тек тот баспайтын
қосылғыштар пайдаланылады; жалғану саны ең аз және бар-
лығы көзбен көруге болатын жерлерде;
3 . құю қондырғысы кронштейндердің көмегімен және болт-
тармен автокөлік қозғалысының барысы бойынша сыртынан
оң жағынан (немесе сол жағынан) немесе мотор бөлігінде
бекітіледі, автокөлік габаритінен тыс шығып тұрмауы тиіс (10 мм
артық емес); баллоннан келетін тұрба құбырында тұрба құбы-
рын толтыру клапанымен жалғар алдында диаметрі 70–100 мм
үштен аспайтын компенсациялық бұрамалар болуы тиіс;
3. Мотор бөлігінде ГОЖ элементтерін орнатуды
тексеру
1 . ГТС агрегаттары мотор бөлімінің қабырғасына арнайы крон-
штейіндерде тесік арқылы әдетте М8х14, гайка М8 болттары-
ның және серіппені қоса алғанда шайбаның көмегімен бекітілуі
тиіс; бұл агрегаттарға жоғары қысымды редуктор (ЖҚР) және
төмен қысымда редуктор (ТҚР) босату клапанымен бірге,
араластырғыш, мөлшерлеме, бөліктік газды электромагнитті
қақпақша (ЭМК) сүзгішпен бірге, бөліктік бензинді электромаг-
нитті қақпақша және т . б . жатады, олардың кейбірі жеке жаңа
жүйеде қатар келуі мүмкін .
2 . ГОЖ орындалған сызбасына түсініктеме алу, көрсетілген жаб-
дықтардың бекітпелері мен қосылғыштарын сол жерде қарау,
қандай төмен қысымды редукторлар қолданылды (ТҚР және
араластырғыштың арасында кемінде 50 см болу керек), газ ауа
қоспасының қажетті құрамын мөлшерлеуді қалай қамтамасыз
ету керек, редукторлар мен газды жылыту жүйесі, ішкі тұтану-
дың ижекторлық қозғалтқыштарында (ІҚТ) қандай электрлік
блок пайдаланылған, газ дизель (ІҚТ) үшін тұтандырғыш мөл-
шерді басқаруға арналған қандай механизм қолданылды;
3 . электр сымдары мен электронды аспаптарды монтаждауды
бақылау; қақпақшалардың жұмыстарын басқаратын сымдар
47
электр өткізгіштің штатты желісімен және корпустық бөлшек-
термен қатар салынады; электр блоктары мен сымдары қозғал-
тқышқа тимеуі тиіс; сымдардың бұраулары кабинаға немесе
салонға шығарылады;
4 .отын-су мөлшерлейтін құрылғылардың қосымша бақылау
аспаптарының орнатылуын, салонда, жүк бөлігінде және ко-
пот астындағы кеңістікте болатын газ ағынының жоқтығын
бақылайтын дачиктердің болуын, ІҚТ шығатын жердегі мано-
метр мен қысым датчигін және басқа датчиктерді тексеру; жүр-
гізушінің аспаптық тақтайшасындағы басқару органын (отын
түрін ажыратып қосқыш, газ мөлшерінің индикаторымен бірге
электронды блок және т . б .) тексеру;
4. Автокөліктің ІЖҚ жұмыс істеп тұрғанда тексеру
1 . газдың кемуі мен ІЖҚ бос жүріс режимінде редуктордың қы-
зуын, ЭМК кейінгі саңылаусыздықты (от алдырғыш пен ажы-
ратып қосқышты «газ» жағдайында қосуды), барлық компо-
ненттер жұмыс қысымына ұшырау үшін ашық жағдайдағы ЭМК
бақылау; ІЖҚ қосылған кезде орнатылған элементтер қозғал-
тқыш пен айналмалы бөліктерге тимеуі тиіс;
2 . ІЖҚ жұмысын түрлі режимде бақылау (қозғалтқышты қосқан-
да, төмен және жоғары айналымда, қозғалыс кезінде, ауыспа-
лы режим кезінде және т . б .);
3 . жүргізуші қозғалыс кезіндегі газдың жұмсалу мәнін, қозға-
лыс кезіндегі бензин шығынын, автокөлікті екпін алған кезде,
салқын ауарайы кезінде және т . б . басқаруды білуі тиіс, та-
былған ескертулер туралы автопарктың техникалық қызметіне
есепке алу және шара қолдану үшін хабарлау керек .
48
Газ баллонды автобус
жүргізушілеріне қойылатын
техникалық қауіпсіздік талаптары
1 . Газ баллонды автобустарды басқаруға арнайы дайындықтан
өткен және техникалық бағдарлама бойынша көлемі 40 с . ми-
нимум тапсырған жүргізушілер жіберіледі . Бағдарлама оқыты-
латындардың назарына газ баллонды автобустардың құрылы-
сы, еңбек және қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер мен
деректерді жеткізуді көздейді .
2 . Жүргізуші мыналарды орындауға тиіс болады:
• линияға шығар алдында бұзылу мен газ шығып тұрған жер-
лерді табу, газ аппаратуралары мен баллондардың бекітпесін
тексеру мақсатында автобусты қарап шығуы;
• газдың шығып тұрғаны білінген жағдайда бас вентильді жабу
және автобусты адамдар үшін қауіпсіз жерге апаруы;
• жүріп келе жатқан кезде газдың иісі шықса автобусты тоқта-
туы, газ шығып тұрған жерді анықтауы, мүмкін болса бұзылған
жерді жөндеуі немесе болған жайды автопаркқа хабарлауы;
• арнайы алаңшада, қозғалтқыш тоқтап тұрған және борттың
электр торабы (салмақ) ажыратылған кезде газды босатуы;
үй-жайлар автобус тұрағына тікелей жақын жерлерде немесе
от көзіне жақын жерде және адамдар болатын жерде газды
шығаруға үзілді кесілді тыйым салынады;
• ұзақ тұрғаннан кейін СТГ қозғалтқышын іске қосуды капотты
ашып қойып жасауы;
• қыс кезінде газ аппаратурасын тек ыстық сумен, бумен ыстық
ауамен ғана жылытуы тиіс, ашық отты қолдануға болмайды;
• автобуста өрт шыққан жағдайда оталдырғышты сөндіруі, ма-
гистралды және баллон вентильдерді жабуы; өртті өрт сөн-
діргішпен, құммен немесе судың шашырандысымен сөндіруі;
49
өрт кезінде жарылысты болдырмау үшін, ондағы қысымының
көтерілуіне жол бермей, баллонды қарқынды түрде суық су-
мен салқындатуы .
3 . Жүргізуші мыналарға жол бермеуі тиіс:
• газ баллонының кезекті куәландыру мерзімі өтіп кеткен авто-
бусты пайдалануға;
• баллонға газ толтыру кезінде толтыру шлангысы немесе бал-
лонның жанында тұруға, құю вентиліне үңілуге, қысымда
тұрған толтыру шлангысын ағытуға;
• гайкалар мен қосылуларды немесе қысым астындағы қо-
сылуларды тартуға, метал заттармен аппаратура мен газ құ-
бырын тоқпақтауға;
• қандай да бір ағымдық жөндеуді немесе қоректендірудің газ
жүйесін реттеуді АГҚКС аумағында жасауға;*
* Егер газ толтырылғаннан кейін қозғалтқышты іске қосқан кезде
АГҚКС аймағында «тарсылдаған дыбыс» байқалса, қозғалтқышты
дереу тоқтату, ал автобусты станцияда бар құралдың көмегімен құю
бағанынан 15 м жерге сүйреп әкету қажет.
• өз бетімен сығымдалған ауа немесе газдың қандай да бір
көзімен қоректендірудің газ жүйесін сынақтауға (К-277,
К-278, АКС-8М және т . б . қондырғылар) .
4 . Мыналарға тыйым салынады:
• бұзылған газ аппаратураларын газ баллондарымен бірге
ашық тұрақтарға қоюға;
• көлік құралын пайдалануға жауапты адамның рұқсатынсыз
автобус баллондарының орнын ауыстыруға немесе айыр-
бастауға;
• баллон мен газ жүйесіндегі вентильдері ашық автобусты ұзақ
уақыттық тұрақта қалдыруға;
• жүргізушінің кабинасында жарылу қаупі бар немесе жеңіл
тұтанатын жүктерді тасымалдауға .
5 . Автобус өрт сөндіргішпен және кигізбен жабдықталуы тиіс .
50
YUTONG автобусындағы газ
жүйесінің құрамы
Жүйенің құрамы (сызбаны қараңыз)
1 . Газ баллондар тобы
2 . Артық тоқтан сақтайтын кешенді қорғаныш қақпақшасы
3 . Манометр
4 . Босату қақпақшасы
5 . Жоғары қысымды шарлы қақпақша
6 . Жоғары қысымды фильтр
7 . Қысым датчигі
8 . Жоғары қысымды электромагнитті қақпақша
9 . Қоректендіру қондырғысы
10 . Жоғары қысымды электр қақпақшасы
11 . 1-сыныпты редуктор
12 . Төмен қысымды датчик
13 . Төмен қысымды фильтр
14 . СТГ қозғалтқышы
15 . Салқындататын дүрбі тұрба
16 . Бірінші сыныпты декомпрессор
17 . Құюды басқару панелі
18 . Газдық кері қақпақша
51
1
.
2
.
3
.
4
.
5
.
6
.
8
.
10
.
9
.
11
.
12
.
13
.
14
.
15
.
16
.
17
.
18
.
7
.
52
1. Газ сақтау жүйесі
Газды баллондар тобы, жоғары қысымды тұрба құбыры, жи-
нақтағы толтыруды басқару панелі (газды қақпақшасы, кесу
қақпақшасы, манометр, босату қақпақшасы) және газ қал-
дығын көрсететін жүйе .
2. Қысымды реттеу жүйесі
Жоғары қысымды шарлы қақпақша, жоғары қысымды фильтр,
бірінші сыныпты декомпрессор, электромагнитті жоғары қы-
сымды қақпақша, бақылау порты, қорғағыш қақпақша .
3. Қауіпсіз қорғаныш және электрмен басқару жүйесі
Газды кері қақпақша, артық газдан қорғайтын кешенді қақпақ-
ша – төмен қысымды сақтандыру құрылғысы .
СТГ газбен жабдықтау жүйесінің құрамы
Қозғалтқышты газбен жабдықтау жүйесінің сызбасы
1 . Газбаллондар тобы
2 . Артық тоқтан қорғайтын кешенді қақпақшалар
3 . Кері қақпақша
4 . Қалдық газ көрсету
5 .Жинақтағы құю панелі
6 . Жоғары қысымның шарлы қақпақшалар
7 . Газ ағынының датчигі
8 . Жоғары қысымның редуктор- декомпрессоры
9 . Жоғары қысымды газтұрба құбыры
9 .1 Төмен қысымның фильтрі
10 . Жоғары қысымның фильтрі
11 . Адаптер көзі
53
1
3
4
6
7
9
8
10
9.1
5
2
11
Қысымды реттеу жүйесі
Автобустың корпусынан шағын диаметрлі газқұбыры өтеді
54
Газ жабдықтарының барлық бөлшектері
автобустың оң жақ бөлігіне орналасқан.
Манометр газ жүйесіндегі қысымның мәнін жеке көрсетуге ар-
налған қос стрелкасы бар қысым өлшеуішін білдіреді .
Назар аударыңыз! Егер толтырудан кейін манометр ауаның
қысымы 5 .5 МПа төмен екенін көрсетсе, онда автобусты дереу
тоқтау, газ беру кешенін тексеру керек .
Аспаптар панеліндегі бұзылудан сақтандыру STOP шамы және
алдыңғы қысым мен артқы қысымды көрсететін сақтандыру-
дың тиісті көрсеткіш шамдары тежегіштің қысымы төмен болған
кезде жанады . Қолмен жұмыс істейтін тежеуішті босатқан кезде
дабыл шығады .
Назар аударыңыз! Автобусқа газ берілмесе, ол үшін:
а . Газ беретін шарлы қақпақша бұрыла ма жоқ па соны тексеру
керек .
б . Баллон қақпақшаларын тексеру керек .
в . Газдау қақпақшасының ақауы .
Ақауларды жою:
а . Шарлы қақпақшаны ашу .
б . Баллонды ашу .
в . Қақпақшаның ақауын жою .
Газ берілетін жерден газдың ағып шығуы – шарлы қақпақша-
ның тығыздауыш резеңке шайбасы жұмсарған .
Ақауларды жою: Газ беретін қақпақшаның тығыздауыш резең-
ке шайбасын ауыстыру .
Газ берілгеннен 3–6 сағаттан кейін манометр 2–4 мПа төмен-
деуді көрсетеді . Өйткені жылдамдықтың үйкелуі мен табиғи газ
молекулаларының өзара соқтығысуы энергия тудырады, жүй-
енің температурасы көтеріледі, қысым да көтеріледі, салқын-
дағаннан кейін манометрдің стрелкасы төмендейді .
55
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Линиядағы автобустың авариялық жағдайында:
А. Автобусты тоқтату, есікті ашу, жолаушыларды шығару қажет.
Б. Жүргізуші қозғалтқышты ажырату үшін жоғары қысымды
шарлы қақпақшаны тоқтатады (жабады)
В. Құю панеліндегі жүйеге газ беретін ажырату кранын жабады
С. Авариялық көмекті шақыру.
Газ жүйесінің жұмысы туралы қысқаша мәлімет
Құю: АГТКЖ автобусына СТГ құйғанда, автобустың төбесіндегі
газ баллонын СТГ толтыру үшін, автобустың сол жақ басқару па-
неліндегі газ қақпақшасымен қосу үшін газды пистолетті қолда-
нады . Басқару панелінде газы бар баллонның қысымын көрсе-
тетін механикалық манометр орнатылған, баллонның қысымы
20 мПа жеткен кезде, оның толғанын білдіреді .
Автобуста қорғану: Газдың мөлшерден артық ағынынан
қорғауыш пен кері қақпақшаны қамтиды . Кері қақпақша,
қозғалтқышты пайдаланатын ауыздағы газ ағынын жауып газ
берілетін жерде қорғаныш қызметін атқарады, барлық газ газ-
дың мөлшерден артық ағынынан қорғайтын құрылғы арқылы
өтеді . Газдың мөлшерден артық ағынынан қорғайтын құрылғы-
сы қозғалтқышты барынша қолдануға күйленген, СТГ шығыны
белгіленген мәннен асып кеткен, тұрба құбырынан газ шыға-
тыны білінген жағдайда, осы кезде газдың мөлшерден артық
ағынынан қорғайтын қорғаныш құрылғысы қауіпсіздікті қамта-
масыз ету үшін газ көзін автоматты түрде жабады . Бекітпе және
жалғағыш арматураларының саңылаусыздығы арнайы алаң-
шаларда немесе бақылау-өткізу пункттерінде (БӨП) арнайы ас-
паптармен (ағынды іздеуші) немесе көзбен қарап – арматура-
лардың жалғанған жерлерін сабындау арқылы тексеріледі .
Газ баллонды жабдықтың саңылаусыздығы бұзылған кезде газ
баллондардан газды босату алаңшаларында немесе газ шоғы-
56
рландыратын постыда баллондарды инертті немесе жанбайтын
газ, (азот, көмір қышқыл газы және т . б .) қысым 0,2–0,3 МПа
(2–3 кгс/см
2
) арқылы кейін (қажет болған кезде) газсызданды-
румен шығарылуы тиіс .
Газбен жабдықтау жүйесі қозғалтқышты газбен жабдықтайды:
қалыпты жағдайда (тұрба құбырларынан газ шықпағанда), СТГ
газ баллонынан кезекпен газдың мөлшерден артық ағынынан
қорғайтын құрылғы арқылы, жоғары қысымды фильтр, қысым
датчигі, жоғары қысымды электромагнитті қақпақша, жоғары
қысымды редуктор, төмен қысымды фильтр арқылы өтеді, со-
дан кейін қозғалтқышқа түседі .
Ескерту: редуктордағы процесс, жылытуға арналған циркуль-
денген суды пайдаланып жылуды жұтпайды.
Автобусты іске қосу: СТГ мен жұмыс істейтін және жай сұйық
отынмен жұмыс істейтін автобустың арасында жүргізу ереже-
сі бойынша айырмашылық жоқ . Іске қосар алдында жүргізуші
автобустың артқы бөлігіндегі шарлы қақпақшаны ашуы (рычаг-
ты көлбеу күйінде бұру), аспаптық шиттегі қалдық газдың көр-
сеткішін тексеруі тиіс, ол 2 мПа төмен болмауы тиіс, автобусты
бензинді немесе дизельдіге арналған ереже бойынша іске қосу
бензинді немесе дизельді сияқты .
Жоғары қы-
сымды шарлы
қақпақша ашық
күйде, іске қосуға
болады
57
СТГ автомобильлдің жылжымалы
құрамын пайдалану ерекшеліктері
1. Газ баллонды автомобилдің салқын қозғалтқышын іске
қосу
Төмен температура жағдайында салқын қозғалтқышты жылдам
және сенімді іске қосуды қамтамасыз ету үшін айтарлықтай шамада
газ баллонды автомобилдерді пайдалану сенімділігін анықтайды .
Газбен жұмыс істейтін салқын қозғалтқышты іске қосар алдында:
• отын түрін көрсететін ауыстырып қосқыш «газ» жағдайында
тұрғанына көз жеткізу;
• жоғары қысымды манометр бойынша баллондарда газдың
болуын тексеру;
• баллондардағы шығын вентилдерін жабу (тірелгенге дейін);
• магистралдық шығыс вентилін баяу ашу;
• «салмақ» кранын қосу;
• беруді ауыстырып қосу қорабының рычагын бейтарап
жағдайға қою;
• оталдырғышты қосу;
• ауа тежеуішті басқару сабын шегіне дейін тарту және оны ша-
мамен 9–10 мм кері жылжыту;
• бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электромагнитті қақпақ-
шаның ашылғанына және газдың төмен қысымды редуктор-
дың бірінші сатысына түскеніне көз жеткізу;
• газдың педальін шамамен 15–20 мм оның жұмыс барысына
басу;
• ілінісу педальін қатты басу;
• егер бар болса жіберу кнопкасын 2–3 сек . қосу, бұл ретте
шығып жатқан газға тән шырыл естілу керек;
• стартерді қосу .
58
Қозғалтқыштың жұмысы басталу сәтінде отын беру педальін
шұғыл басуға және іске қосу нүктесін бірден қоя беруге бол-
майды . Көптеген жағдайларда ауа тежеуішті басқару сабын
5–10 мм тарту, газ педальін баяу басып қозғалтқыштың 800–
1000 мин-1 тең айналу жиілігімен тұрақты жұмысына қол жет-
кізу және тек осыдан кейін ғана іске қосу нүктесін қоя беру ке-
рек; Содан кейін ілінісу педальін қоя беру және қозғалтқышты
жұмыс температурасына дейін жылыту керек .
Бензинді карбюраторға қарағанда газды карбюратор-араласты-
рғыш отын беретін басқару педальін жиі көп рет басқан кезде жа-
натын қоспаны байытпайтынын атап өту керек . Жанатын қоспаның
қажетті байытылуына қосымша босату нүктесін басқан кезде не-
месе газ аппаратурасының конструкциясында басқарудың элек-
трондық блогы болған кезде автоматты түрде қол жеткізіледі .
Қоршаған ауа температурасы –5 °C төмен болған кезде бензин-
ді қозғалтқышты іске қосуға кеңес беріледі .
Бензинмен жұмыс істейтін салқын қозғалтқышты іске қосу
операциясының тәртібі мынадай:
• баллонды және магистралды вентильді ашу;
• «салмақтар» кранын өшіру;
• отын түрін ауыстырып қосқышты «газ» жағдайына қою;
• от алғышты қосу және бақылау аспаптары бойынша төмен
қысымды редуктордың бірінші сатысында газдың болуына
көз жеткізу;
• отын түрін ауыстырып қосқышты «бензин» жағдайына қою;
• іліктіру педальін қатты басу;
• бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқышты дайындаушы-зауыт
ұсынған жай тәртіппен іске қосу;
• қозғалтқышты іске қосқаннан кейін салқындаған сұйықтықты
+40 °C температурасына дейін жылыту кезінде отын түрін
ауыстырып қосқышты бейтарап күйге ауыстыру;
• иінді білектің айналу жиілігін иінді білектің ең аз айналу жиілі-
гінен жоғары күйде ұстап тұрып, бұл кезде қозғалтқыштың
59
жұмысын қадағалай отырып карбюратордың қалқымалы ка-
мерасынан бензин ағызу;
• қозғалтқыштың жұмысында іркіліс пайда болған кезде (10–
12 с кейін) отын түрін ауыстырып қосқышты «газ» жағдайы-
на ауыстыру, газ педальінің және ауа жапқыштың көмегімен
қозғалтқыштың иінді білегінің айналу жиілігін 1000–1200
мин-1 шегінде ұстау және қозғалтқышты жылытуды жүктеу
температурасына дейін жалғастыру .
Газ дизель циклі бойынша жұмыс істейтін автомобил қозғал-
тқышын іске қосу тек дизель отынымен ғана жасалады . Бұл рет-
те қозғалтқышты 600 мин-1 айналым жиілігінде салқындаты-
латын сұйықтықтың 50–60 °C температурасына дейін жылытуға
кеңес беріледі .
Айналымды одан әрі арттыру кезінде қозғалтқыш дизельдік ре-
жимде 900±50 мин-1 айналым жиілігіне дейін жұмыс істейді .
Айналым жиілігін одан әрі арттыру қозғалтқыш жұмысын авто-
матты түрде дизельдіден газдизельдіге келтіреді .
СТГ жұмыс істейтін автобуысқа қызмет көрсету
және күтім жасау
1 . Саңылаусыздығын тексеру: әрбір 15 күннен кейін тексеріп
тұру керек, тексеру қысымы 20 мПа .
2 . Жоғары қысымды фильтрді тазарту: фильтрді әрбір үш ай сай-
ын тазарту керек, СТГ сапасы бойынша тазарту еселігін азайтуға
болады, әрбір жарты жылда фильтрді ауыстырып тұру керек .
3 . Жүйенің қауіпсіздігін қорғау шаралары: мамандар қорғау
құрылғысының жұмысын әрбір үш ай сайын техникалық талап-
тар бойынша газдың артық ағыны мен адаптерін тексереді .
Жөндеумен айналысатын механиктер үшін кездесетін ақаулар
1. Қозғалтқыш от алмайды
а) Егер монометрдің стрелкасы нөлді көрсетсе
60
Ұсынымдар: рубканың аспаптық қалқанындағы көзден 7 сек .
аралықпен ажыратқышты бірнеше рет қосу және ажырату, егер
манометрде белгі пайда болса, онда машинаны от алдыру ке-
рек .
2. Қозғалтқышта жоғары айналым жоқ:
Негізінен бірінші сыныпты редуктордың шығар аузындағы
шығынды тексеру керек:
а) шығар ауыздағы шығын шамадан тыс төмен
б) шығар ауыздағы шығын қалыпты
3. Қозғалтқыш кейде сөніп қалады
Негізінен бірінші сыныпты редуктордың шығынын тексеру керек:
а) шығар ауыздағы шығынды шамадан тыс төмен
б) шығар ауыздағы шығын қалыпты
4. Қозғалтқыш жеңіл сөніп қалады
а) Редуктордағы ыстық суын кіргізетін тұрба құбыры мен шыға-
ратын тұрба құбырында ластану немесе ағып кету бар-жоғын
тексеру керек
б) Электр тізбегінде қуаттың түсіп кетуі болды ма немесе дұрыс
қосылмады ма тексеру керек .
Қозғалтқыштар тек табиғи газбен цилиндрдегі газды ауа қоспа-
сының электр ұшқынынан немесе қыздырылған пілтеден от
алып жұмыс істеуге арналған .
Газ аппаратурасы дұрыс жұмыс істеп тұр, автокөлік сынған
ГБЖ саңылаусыздығын тексергеннен кейін автокөлікті жууға,
одан кейін бұзылуларды жою үшін негізгі автокөліктерді ағым-
дық жөндеуден өткізетін аймаққа жібереді .
Жөндеу жұмыстары орындалғаннан кейін жөнделген автокөлік-
ті СТГ құю үшін (қажет болған кезде) алаңға және автомобиль
тұрағына жібереді .
|