Кәсіпорында СТГ мен автокөлікті пайдалану
кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауға
өндірістік бақылау
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы»
2014 жылғы 11 сәуірдегі заңы 14 тарауда өнеркәсіптік қа-
уіпсіздік жөніндегі уәкілетті органның қауіпті өндірістік объек-
тілерді (және қауіпті техникалық құрылғыларды) тіркейтін, сон-
дай-ақ осы объектілердің иелерінің оларды қауіпсіз пайдалану
мен техникалық қызмет көрсету талаптарын сақтауын ұдайы
бақылайтын өкілеттілік белгілейді . Уәкілетті органның аймақтық
бөлімшелері кәсіпорынның тиісті комиссиясының жұмысына
қатысу үшін өзінің мемлекеттік инспекторларын жібереді .
СТГ және ГБЖ арналған автокөлік баллондары, біріншіден жа-
натын табиғи газ, екіншіден жоғары қысымды, тұтастай алғанда
75
қауіпті техникалық құрылғы болып табылады . Бірақ, олар бұл
туралы бұрын көрсетілгендей өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі
уәкілетті органдарда заңды түрде тіркелмейтіндіктен, ГБЖ жай-
күйі мен оның қауіпсіз пайдаланылуы үшін барлық жауапкер-
шілік жоғарыда көрсетілген ҚР заңы және № 358 Ережемен газ
баллонды автокөлік иесінің өзіне және осындай автокөлікті пай-
даланатын кәсіпорын басшылығына жүктелген . Қатаң бақылау-
дың болмауы іс жүзіндегі тәжірибеде СТГ автокөліктерін пайда-
лану мен техникалық қызмет көрсету тәртібін бұзу, соның ішінде
куәландыру мерзімі өтіп кеткен газ баллонды ұқыпсыз пайдала-
нуға әрекет ету жағдайларына алып келеді . Жекелеген жауап-
ты тұлғалардың, меншік иелерінің жауапсыздығы газ моторлы
отын пайдаланатын автокөлікте авариялық оқиғалардың туын-
дауына қатты қауіп тудырады, соның өзімен жүргізушілерді,
жолаушылардың өмірі мен қоршаған ортаны өлім қауіп-қатері-
не душар етеді .
№ 358 Ереже СТГ автокөлігін пайдаланушы компания бас-
шылығын кәсіпорында өндірістік бақылау жүйесін ұйымдасты-
ру арқылы баллондарды дұрыс техникалық жай-күйде ұстауды
және олардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге міндеттейді,
газ .
Осы мақсаттарда ИТР қатарынан бұйрықпен ГБЖ ақаусыз
жай-күйіне және қауіпсіз пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ
ГБЖ техникалық жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануды техника-
лық қадағалау бойынша нақты лауазым тағайындалады, ол ке-
лесі іс-әрекеттерді орындау бойынша шаралар қабылдайды:
1) қызмет көрсетуші персоналдардан (жүргізуші және слесарь),
жоғары қысымды ыдыстарға қызмет көрсету құқығына оқытылған
және ГБЖ жұмысына рұқсаты бар қажетті тұлғалар саны тағайын-
дайды . Мұндай тәртіп ГБЖ қызмет көрсету жүктелген персонал
оған тапсырылған жабдықтарға, оның тораптарының, бақыла-
у-өлшеу құралдарының, сақтандыру және блоктау құрылғылары-
ның жұмыс істеуін және ГБО жарамды күйде ұсталуын тұрақты
тексеру арқылы мұқият қадағалау жүргізу үшін белгіленеді . Қарау
және тексеру нәтижелері ауысым журналына жазылады;
76
2) ГБЖ жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануын және бал-
лондар мен ГБЖ пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік та-
лаптарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар
үшін технологиялық регламент әзірленеді және бекітілді;
3) баллондарды техникалық куәландыруды белгіленген мерзім-
де жүргізу қамтамасыз етіледі;
4) басшы қызметкерлер мен мамандарының білімдерін тексеру
тәртібі мен мерзімділігі қамтамасыз етіледі;
5) персоналдардың көрсетілген ережелер (№ 358) мен техноло-
гиялық регламентті білуін мерзімдік тексеру жүзеге асырылады;
6) инженерлік-техникалық қызметкерлер ГБЖ қауіпсіз пайда-
лану жөніндегі Ережелермен және басшылық нұсқаулармен
қамтамасыз етіледі;
7) мамандардың Ережелерді, ал қызмет көрсетуші персонал-
дардың кәсіпорынның тиісті технологиялық регламенттің орын-
далуы қамтамасыз етіледі .
8) ҚР «Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы»
Заңының 79 бабына сәйкес ГБЖ қызмет көрсетуге оқудан өткен
және емтихан тапсырған адамдар жіберіледі .
Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қа-
уіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды және қайта даярлау-
ды қамтамасыз ету қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын
ұйымдардың басшыларына жүктеледі қауіпті
Мамандарды оқыту және білімін тексеру (емтихандар) қауіпті
өндірістік объектінің оқу орталығында немесе оның өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерді даярлауға және қайта
даярлауға құқық беретін аттестаты болған жағдайда, оқу ұйы-
мында жүргізіледі .
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерді даярла-
уға және қайта даярлау құқығына аттестатталған ұйымдар оқы-
туды жүргізу үшін қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік та-
лаптарына оқыту жоспары мен оқу бағдарламаларын әзірлейді,
бұларды олардың басшысы бекітеді .
77
Дайындауға қауіпті өндірістік объектінің технологиялық про-
цесіне қатысатын, техникалық қызмет көрсетуді пайдала-
нушы, техникалық куәландыруды, қауіпті өндірістік объек-
тілерді (қауіпті техникалық қондырғыларды) монтаждауды
және жөндеуді орындаушы, қауіпті өндірістік объектілерге
жұмысқа кірген техникалық басшылары, мамандар мен жұ-
мысшылар жатады:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстардың қауіпсіз жүр-
гізілуі үшін жауапты лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жыл сайын
он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытумен оларда
жұмыстарды орындайтын жұмысшылар;
2) қырық сағаттық бағдарлама бойынша үш жылда бір рет ал-
дын ала оқытыла отырып – техникалық басшылар, мамандар
мен инженер-техникалық қызметкерлер .
Қайта дайындауға қауіпті өндірістік объектінің технологиялық
процесіне қатысатын, техникалық қызмет көрсетуді пайдала-
нушы, техникалық куәландыруды, қауіпті өндірістік объектілерді
(қауіпті техникалық қондырғыларды) монтаждауды және жөн-
деуді он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытумен
техникалық басшылар, мамандар мен жұмысшылар мынадай
жағдайларда жатады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік
құқықтық актілерін қолданысқа енгізілген немесе Қазақстан Ре-
спубликасының азаматтық қорғау саласындағы өнеркәсіптік қа-
уіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілері-
не өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;
2) лауазымға тағайындалған немесе басқа жұмысқа ауысты-
рылған кезде, егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан
қауіпсіздігі бойынша қосымша білім талап ететін болса;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған кезде;
4) жаңа жабдықты пайдалануға енгізу немесе жаңа технологи-
ялық процестерді енгізген кезде;
78
5) олардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткіліксіз
білетінін анықтауы кезінде уәкілетті органның немесе оның ау-
мақтық бөлімшелерінің талабы бойынша .
Қауіпті өндірістік объектілерді (қондырғыларды) пайдаланатын
ұйымның, сондай-ақ аттестатталған жобалау ұйымдары мен
қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысының
немесе оқу ұйымның бұйрығымен (өкімімен) қауіпті өндірістік
объектілерде жұмыс істеу үшін тартылатын басқа ұйымдардың
жұмыскерлерінің білімдерін тексеру үшін тұрақты жұмыс істей-
тін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік
объектілерді пайдаланатын ұйым, немесе оқу ұйымының бас-
шысы немесе оның орынбасары басқарады .
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың
басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұ-
мыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері уәкілетті ор-
ган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады .
Емтихан билеттері және (немесе) электрондық тестілеу бағдар-
ламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және олардың басшылары
бекітеді . Білімді тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді .
Білімді тексеру хаттамалары білімді кезекті тексергенге дейін
сақталады .
Емтихан тапсырған адамдарға уәкілетті орган белгілеген, емти-
хан комиссиясы төрағасының қолы қойылған бірыңғай үлгідегі
куәлік беріледі . Куәлік Қазақстан Республикасының аумағын-
да онда көрсетілген мерзім ішінде жарамды . Емтихан тапсыра
алмаған адамдар, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін
қайта тексеруден өтеді . Емтиханды тапсырмаған адамдар жұ-
мысқа жіберілмейді .
79
Жүргізушіге СТГ арналған автокөлікте қауіпсіз
пайдалануды күнделікті қамтамасыз ету жөнінде
жаднама
Оқыс оқиғаларды, газ жабдықтарының істен шығуы, авариялық
жағдайлардың туындау оқиғаларын болдырмау үшін жүргізуші-
ге СТГ автокөліктерінің (метанды автокөліктер) газбаллонды
жабдығын қауіпсіз пайдалану және оларды сақтаудың бірнеше
маңызды ережелерін үнемі автоматизмге дейін есте сақтау қа-
жет . Олар мынадай:
1 . Жолға шығар алдында АКҚ СТГ
күн сайынғы техникалық
байқаудан өткізу мыналарды қарастыратын:
• газ отынымен жұмыс істейтін ІЖҚ іске қосу жеңілдігін, бос
жүрісте және әртүрлі жиілікте иінді біліктің айналу жұмысын
тексеру . Автоматты түрде іске қосылатын 4-ші буынды ГБЖ
үшін, қыздырудан (немесе автокөліктің жүктемелі қозғалысы
барысында) ІЖҚ газбен қоректенуге көшіруден кейін, отын
индикаторының қалыпты жұмысы тексеріледі;
• газ аппаратурасының жай-күйін және бекітпесін, АТС газ қо-
ректену жүйесінің қосылыстарының саңылаусыздығын тексе-
ру (көру, есту, жалғанған жерлерін сабындау);
• бензинмен қоректену жүйесі қосылыстарының саңылаусыз-
дығын ІЖҚ мен берілістер қорабынан май ағудың болмауына
тексеру;
Автопаркке кірерде:
• газбен және бензинмен қоректендіру жүйелерінің саңылау-
сыздығын тексеру;
• баллон, жалғағыш және тиекті арматураны кірден (жүк көлік-
тері үшін міндетті түрде) тазалау;
• ашық тұраққа орналастыру алдында қоректендіру жүйесінен
газды жұмсау (салонында және багаж бөлімшесінде газдың
иісі жоқ екеніне көз жеткізу) .
2 .
ГБЖ саңылаусыздығын күні бойы, сондай-ақ арнайы
алаңдарда орналасатын технологиялық учаскелерге кірер ал-
80
дында көзбен қарап та, сондай-ақ арматура жалғанған жер-
лерді сусабын эмульсиясымен сабындап немесе ағын ізде-
гішпен тексеру .
ГБЖ саңылаусыздығында проблемалар анықталған жағдайда
автокөлікті пайдалану тоқтатылады, ІЖҚ және газ беру (ажыра-
тып қосу) сөндіріледі, автокөлік мобиль қауіпсіз орынға апары-
лады, бұл туралы автопарк диспетчеріне хабарланады .
Ағынды жоюды газ аппаратурасын технологиялық жөндеу
учаскесінің немесе мамандандырылған компанияның маман-
дары орындайды, газды баллоннан және жүйеден шығару
арнайы алаңдарда ІЖҚ жұмыс істемей тұрған және салмағы
ажыратылған кезінде (үй-жайлардан тыс, АТҚ тұрақ орында-
ры, адамдар мен от болмайтын жерлерде) немесе АКҚ газсы-
здандыру және баллондарды шоғырландыру технологиялық
учаскелерінде жүргізіледі .
3 .
Газ баллонының жай-күйіне күнделікті техникалық қызмет
көрсету барысында тексеру . Тексеру баллонды сыртқы тексе-
руді, бекітпелерінің жай-күйі мен орнату сенімділігін (ауыспау
және сырғымау) баллондық вентильдердің жай-күйін желдет-
кіш шлангілері мен дұрба түтіктерінің тұтастығын (газ өткізбей-
тін былғары қаптама), баллонда майысқан жерлер, ойықтар,
тіліктер, сызат болмауын және т . б . қамтиды .
Баллон бетінде толық таңбалаудың сақталуы – дайындаушы
зауыттың сауда белгісі, оның мекен-жайы, баллонның нөмірі
мен дайындалу партиясы, дайындалған күні және куәландыру
мерзімі, баллонның түрі, жұмыс және сынама қысымы мега-
паскальмен, көлемі литрмен, кг .салмағы . мәтінді баллон ком-
позициясы шеңберінің 1/3 ені бойынша орналастыру, болат
баллондарда таңбалау корпус бойынша салынған . Баллонның
түсі – қызыл .
Егер баллонның жай-күйі бойынша ескертулер болса, онда ол
газ аппаратурасын технологиялық жөндеу учаскесіне немесе
газ баллондарын техникалық тексеру және сынау орталығына
куәландыру үшін берілуі тиіс . Егер олардың кезекті техникалық
81
куәландыру күні өтіп кетсе баллондарды қолдануға болмайды .
4 . Автокөлікке арналған газ баллондарының маманданды-
рылған компаниялар мезгіл-мезгіл, бірақ барлық жағдайларда
дайындаушы-зауыттардың ұсынысы негізінде баллондарды,
болат баллондар үшін – бес жылда бір рет, композициялық
баллондарды – үш жылда бір рет өткізетін кезекті мерзімдік
техникалық куәландыруды қадағалау, (баллондардың төлқұ-
жатында көрсетіледі) . Егер осындай нұсқаулар болмаса, онда
жоғары қысымды ыдыстарды пайдаланудың өнеркәсіптік қа-
уіпсіздігі ережесіне сәйкес (ҚР Инвестициялар және даму мини-
стрінің бұйрығы) мұндай баллондарды куәландыру екі жылда
бір рет өткізіледі
Баллондарды куәландыру кезінде, олардың одан әрі пайда-
лану жарамдылығын және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін
анықтау мақсатында баллонның сыртқы және ішкі жай-күйін,
салмағы мен сыйымдылығын тексереді, баллонды гидравли-
калық сынау жүргізеді (1,2,3 – түрлер үшін – болат және ком-
позитті металл жабынды) 4 тип үшін пневматикалық сынау (то-
лығымен композициялық баллон) .
5 . Қауіпті өндірістік объектісі болып табылатын АГТКС
автокөлі-
гіне май құю кезінде, келесі тәртіп қатаң сақталсын – жүргізуші
алаңшаға газ тарату колонкасына тек АГТКС операторының
дабылы бойынша ғана кіруі, автокөлікті қол тежеуішке қою,
қозғалтқыш өшіру, кілті шығарып тастап кабинадан шығуы,
торабын дайындауы газ орналасқан жерді ашуы, жүргізушінің
құжаты мен газ баллонының техникалық куәландырудан өткені
туралы белгілер бар газ баллонының төлқұжатын беруі тиіс .
Егер операторда құжаттарды тексеруді жүзеге асыру және газ
баллонын, мотор бөлігі мен құю торабын қарау кезінде ГБЖ қа-
уіпсіз жағдайы бойынша қосымша сұрақтар туындамаса алаң-
шадан шығып кетуі тиіс . Құюды оператор жүзеге асырады .
Толтыру аяқталған соң, дабыл бойынша оператордың ав-
токөлікке оралуына, аспаптар арқылы баллондағы қысымның
тұрақты екеніне көз жеткізуіне, оператор бөлмесінде құю ведо-
82
мосын ресімдеуге, қозғалтқышты қосуына, газ аппаратурасын
көзбен шолып және есту арқылы саңылаусыздыққа тексеруіне,
АГНКС аумағында кетуіне болады .
6 . Автокөліктің газ аппаратураларының
ақаулығы болу бел-
гілерін бақылау, олар мыналар болуы мүмкін:
• автокөлік маңында немесе салонында газдың иісі (жұмыс
істемеген немесе істеп тұрған қозғалтқышта, тұтандырғыштың
«газ» жағдайына қосылған кезіде);
• газды қозғалтқышты іске қосу мүмкін емес немесе қиын (іске
қосылмайды немесе газға ауыстырылмайды, бірден сөнеді
немесе бос жүріс кезінде сөніп қалады, тек жоғары айна-
лымдарды ғана қолдайды немесе жүктемемен тұрақсыз);
• қозғалтқыш әртүрлі режимдерде тұрақсыз жұмыс істейді (иін-
ді біліктің айналу жиілігі төмен немесе жоғары, төмен темпе-
ратура кезінде нашар жұмыс істейді, қозғалыс кезінде қуаты
жоғалады және қозғалтқыш сөнеді);
• өтпелі режимдерде жұмысы тұрақсыз, өтпелі режимдерде
«сәтсіз», « нашар «ұстау» (бос жүріс режимінде педальды
баяу басқан кезіде сөніп қалады, дроссель жапқышын күрт
жапқан кезде қабылдау жоқ, қозғалыс кезінде жылдамдығы
мен қуаты бірте-бірте төмендейді, нашар күш алу, автокөлік
жылдамдық алмайды);
• қозғалысы кезінде оқыс қимыл жасау және тартқылау;
• газбен қозғалыс кезінде бензин шығыны немесе ағуы;
• май құю процесінің бұзылуы (май құйғаннан кейін біраз
қашықтықтан соң қозғалтқыш сөнеді немесе баллондағы газ
қысымы 2–3 МПа күрт түседі) .
Барлық жағдайларда жүргізуші ГБЖ мен газ баллонын өз бетін-
ше жөндеуге болмайды . Пайдалану проблемалары туралы
диспетчерге хабарланады, іздеу және ақауларды жоюды газ
аппаратурасын жөндеу немесе мамандандырылған ұйымның
технологиялық учаскенің мамандары жүзеге асырады .
7 .
Авариялық жағдай туындаған кезде жүргізушінің іс-әрекет-
тері мынадай болуы тиіс:
83
Газ кемуі анықталған жағдайда, жүргізуші автокөлікті тез ара-
да тоқтатады, қозғалтқышты өшіреді және магистраль бойынша
газ беруді жабады (ажыратып қосқыш), ағын бары болжанған
жерді қарап шығады, ағынды жою шараларын қабылдайды,
егер бұл мүмкін болмаса; жағдай туралы диспетчерлікке ха-
барлайды және өзбетімен ақауларды жою бойынша шаралар
қолданбай нұсқаулар күтеді . Мүмкіндігінше автокөлікті АГТКС
тұрағынан, адамдар жүретін жерден алыстау, отқа байланысты
жұмыс жүргізілмейтін қауіпсіз жерге апарады .
Өрт кезінде автокөлікті тоқтатып, қозғалтқыш пен электр энер-
гиясымен қоректендіруді өшіру және магистральдық газ беруді
(ажыратып қосқыш), шығыс баллон вентилін жабу өрт тұтану
ошағынан өрт сөндіргішпен, құм немесе шашыранды су ағы-
нымен сөндіру қажет . Бұл кезде онда (оларда) температураның
көтерілуін болдырмау үшін, жарылыс туындауды жою мақса-
тында, баллон(дар) суық сумен қарқынды салқындатылуы тиіс .
Газ баллондары аймағында жалын өршіген кезде жүргізуші ай-
наладағыларға жарылыс қауіптілігі мен өрт аймағынан кету қа-
жеттігі туралы ескертуі тиіс .
Авария болған жағдайда жүргізуші апат салдарын оқшаулау
бойынша шұғыл шаралар қабылдауға (жоғарыдан қараңыз),
оны жарақаттану факторынан босатып зақымданғандарға
алғашқы көмек (дәрігерге дейінгі) көрсетуге міндетті . Орын
алған авария, көлік құралдары мен ГБЖ бүлінуі қабылданған
шаралар туралы жүргізуші, ТЖ авариялық-құтқару қызметін,
(кәсіпорын апаттық-диспетчерлік қызметін, егер мұндай бол-
са), жедел медициналық жәрдем қызметін және жол полиция-
сын жол-көлік оқиғасы жерге болған жерге шақыру үшін дереу
автокөлік кәсіпорынының диспетчеріне дереу хабарлайды .
84
Әдебиет:
1 . Сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін газ баллонды ав-
токөліктерді пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық /
РФ Көлікмині . – М .: ФГУП НИИАТ, 2002
2 . Yutong фирмасының автобустарын пайдалану жөніндегі бас-
шылық .
3 . К . Л . Гаврилов « ІТҚ газ отын жүйесі: қондырғы, монтаждау,
диагностика және жөндеу», «Колос», Москва, 2014
4 . Ю . В . Панов «Авокөліктерге газбаллон жабдығын орнату
және пайдалану «, «Академия», Москва, 2012
Достарыңызбен бөлісу: |