СЫҒымдалған табиғи газды пайдаланатын автобустар жұмысының Қауіпсіздігі жөніндегі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,36 Mb.
#6648
1   2   3   4   5   6

Қысыммен жұмыс істейтін 

ыдыстардың жұмыс режимі мен 

қызмет көрсету қауіпсіздігі жөніндегі 

нұсқаулық

Жалпы ереже

1 . Ыдыс – бұл химиялық, жылу және басқа технологиялық 

процестерді жүргізуге, сондай-ақ газ тәрізді сұйық және басқа 

заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған саңылаусыз 

жабылған ыдыс . Ыдыстың шекарасы кіретін және шығатын шту-

церлер болып табылады .

2 . Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орналастыру және қа-

уіпсіз пайдалану ережесі 0,07 МПа жоғары қысыммен жұмыс 

істейтін ыдысты арға таралады . Ереже сыйымдылығы, олардың 

ыдыстарды МПа жұмыс қысымын жасау 200 ден аспайтынды 

құрайтын 25 литрден кем ыдыстар мен баллондарға таралмай-

ды .


3 . Әрбір ыдыс белгіленген нысандағы төлқұжат пен монтаждау 

және қауіпсіз пайдалану нұсқаулықтарымен бірге дайындаушы 

зауыт жасайды .

4 . Әрбір ыдыста, ол бойынша белгі салумен мынадай төлқұжат 

деректері енгізілетін тақтайша бекітілуі тиіс:

•  дайындаушының атауы;

•  ыдыстың арналуы;

•  ыдыстың зауыттық рет тік нөмірі;

•  дайындалу жылы;

•  жұмыс, есептік және МПа сынақтау қысымы;

•  ыдыстардың қабырғасындағы жол берілген температура, °C;

•  ыдыс салмағы, кг .



34

5 . Оларды дайындағаннан кейін барлық ыдыстар гидравлика-

лық сынақтан өткізілуі тиіс .

6 . Ыдысты пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін, көрініп тұра-

тын жерде немесе арнайы тақтайшада (форматы 200х150 мм 

кем емес) бояумен мынадай деректер енгізіледі:

•  тіркеу нөмірі;

•  рұқсат етілген қысым, МПа;

•  сыртқы және ішкі қарап шығудан және гидравликалық 

сынақтан кейінгі күн .



Арматура, БӨА және қорғаныш құралдары:

1 . Жұмысты басқару және арнауына байланысты ыдысты пай-

даланудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету мыналармен жа-

рақтандырылуы тиіс:

•  бекіту немесе бекіту-реттеу арматурасымен;

•  қысымды өлшеу үшін қысым өлшейтін аспаптармен (маноме-

трлермен);

•  температура өлшейтін аспаптармен (термометрлермен, тер-

мо түрлендіргішпен);

•  құрғаушы құрылғылармен (ағызу қақпақшаларымен);

•  сұйықтың деңгейін көрсеткіштермен (деңгей өлше-

уіштерімен) .

2 . Ыдыстарға орналастырылатын бекітпе арматурасының мы-

надай таңбалары болуы тиіс:

•  тауар белгісі, дайындаушының белгісі,

•  шартты өткізу, мм,

•  шартты қысымы, МПа,

•  ортаның қозғалу бағыты,

•  ыдыстың (баллонның) сыртқы қаптама материалының мар-

касы,


•  бекітпе арматураның айналдырғышында оның ашылу және 

жабылу кезіндегі айналу бағыты көрсетілуі тиіс .



35

3 . Бекітпе арматураны ыдыстардың арасындағы тұрба құбыры-

на және қорғаныш құрылғыларына орнатуға болмайды .

4 . Әрбір ыдыс тікелей әрекет ететін манометрмен жабдықталуы 

тиіс . Манометр ыдыстың штуцеріне немесе ыдыс пен бекітпе ар-

матураның арасындағы тұрба құбырына орнатылады . Маноме-

трдің дәлдік сыныбы 2,5 төмен болмауы тиіс .

5 . Манометрлердің шкаласында, ыдыстың жұмыс қысымын 

көрсететін қызыл риска (сызық) болуы тиіс .

6 . Манометрлер, оның көрсеткіші персоналға анық көрініп 

тұратындай етіліп орнатылады . 2 метрлік биіктікте орнатылған 

манометрдің диаметрі кемінде 100 мм, 2 ден 3 дейінгі биіктік-

те – кемінде 160 мм болуы тиіс .

7 . Ыдыс пен манометрдің арасында бақылаудың көмегімен 

монометрдің кезеңдік өлшемін жүргізуге мүмкіндік беретін үш 

жүрісті кран немесе оны ауыстыратын құрылғы орнатылуы тиіс .

8 . Манометрлерді:

•  пломбасы немесе салыстырып тексеру таңбасы болмаған,

•  тексеру күні өтіп кеткен,

•  манометрдің стрелкасы нөлде тұрмаған (манометрді өшірген 

кезде осы аспап үшін жол берілген қателесудің жартысынан 

асатын шама көрсеткішінің шкаласындағы нөлдік көрсеткішке 

қайта оралмаған)

•  шынысы сынған немесе дұрыс өлшеуге әсер ететін табиғи 

қате жіберілгенде қолдануға жол берілмейді .

9 . Ыдыс қабырғасының температурасы өзгеріп тұрған кезде жұ-

мыс істейтін ыдыстар бақылау жасау және температурасын өл-

шеуге арналған аспаптармен жабдықталуы тиіс .

10 . Әрбір ыдыс қысымның жол берілген мәнінен жоғары кө-

терілуінен қорғайтын құрылғымен жабдықталуы тиіс . Егер ыды-

стың жұмыс қысымы қоректендіретін көздегі қысымға тең неме-

се көп және ыдыстағы қысымның химиялық реакциядан немесе 

жылытудан көтерілу мүмкіндігі болмаса, онда оған қорғайтын 

қақпақша мен манометр орнату міндетті емес .



36

Ұстау, қызмет көрсету және жөндеу:

1 . Иесі ыдыстың техникалық дұрыстығы мен олардың жұмысы-

ның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті .

2 . Ыдыстарға қызмет көрсетуге 18 жасқа толған, медициналық 

куәландырудан өткен, тиісті бағдарламаға оқытылған, аттестат-

талған, және ыдыстарға қызмет көрсету құқығына арналған 

куәлігі бар мамандар жіберіледі .

3 . Ыдыстарға қызмет көрсететін персоналдың білімін кезеңдік 

тексеруді кәсіпорынның комиссиясы жылына кемінде бір реттен 

сирек еместе өткізеді .



Білімді кезексіз тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

•  басқа ұйымға ауыстырылған кезде .

•  ыдыспен жұмыс істеу режимі мен қауіпсіз қызмет көрсету 

нұсқаулығына өзгеріс енгізілген кезде .

•  мамандығы бойынша жұмыстан жылдан астам қол үзген кезде .

•  техникалық қадағалау органы инспекторының талабы бой-

ынша .

4 . Ыдыстарды қосу сызбасы жұмыс орындарына ілінуі тиіс .



5 . Ыдыс мынадай жағдайларда дереу (авариялық) тоқтатылуы тиіс:

•  Егер ыдыстың қысымы рұқсат етілгеннен жоғары болса және 

персонал қолданған шараға қарамастан төмендемесе;

•  қысым рұқсат етілгеннен жоғары болуынан қорғаныш 

құрылғыларының бұзылушылығы анықталған кезде;

•  қысыммен жұмыс істеп тұрған ыдыстар мен олардың эле-

менттерінде табиғи, термикалық немесе химиялық ақаулар-

дың (тығыз болмауы, ісінуі) іздері болған кезде;

•  манометр бұзылған және қысымды анықтау мүмкін болмаған 

(бақылау аспаптары болмаған) кезде;

•  қорғаныштық блоктау құрылғысы бұзылған кезде;

•  қысым астында тұрған ыдысқа қауіп төндіретін өрт шыққан 

кезде .


37

6 . Қысыммен жұмыс істеп тұрған ыдыстардың авариялық тоқта-

тылуы «АВТОБУСТЫ АВАРИЯЛЫҚ ТОҚТАТУ» нүктесін басу не-

месе қолмен: газды шығаратын білте вентильін ашу арқылы 

жасалады .

7 . Ыдыстарды дұрыс күйде ұстау үшін иесі оны кесте бойынша 

уақтылы жөндеуге міндетті . Қысымда тұрған ыдыстар мен олар-

дың элементтерін жөндеуге жол берілмейді .

8 . Жұмыс басталмас бұрын ыдыс жұмыс затынан босатылуы, 

қоректендіретін тұрба құбырларынан тұншықтырғышпен алы-

статылуы немесе жалғағыштардан алынып тасталуы тиіс . Алы-

нып тасталған тұрба құбырлары тұншықтырылады .

9 . Шеткі бекітпелердің арасына орнатылатын ыдыстарды ажы-

рату үшін пайдаланылатын тұншықтырғыштар тиісінше төзімді 

болуы және тұншықтырғыштың бары көрініп тұратындай сы-

ртқы бөлігі болуы тиіс . Шеткі бекітпелердің арасына төсеніш ор-

натқан кезде, олар қалдықсыз болуы тиіс .

10 . Ерекше бұзылушылықтар және оларды жою тәсілдері .



Бұзылуы: Шеткі жалғағыштардың бекітпелерінен газдың шығуы . 

Сыртқы білінуі – естілу, сабындау, газ талдағышты пайдалану .



Қайталама себеп: Шеткі жалғағыштардың бекітпелері босап 

кеткен . Төсем бойынша ағып шыққан .



Жою тәсілі: Ыдысты тоқтату, газды күйдіру, шеткі жалғағыштар-

дың бекітпе бөлшектерін және (немесе) төсемді ауыстыру



Бұзылуы: Резервуар корпусының рулонды жабындысының ішкі 

қабатының саңылаусыздануы . Сыртқы білінуі – газдың бақылау 

жүйелерінің дүрбі тұрбасы немесе рулонды жабындының бақы-

лау саңылауы арқылы шығуы .



Қайталама себеп: Термикалық аймақтағы дәнекерленген ті-

гісінің тозып жарылуы немесе шығын материалдарының ақау-

ларының дамуы .

Жою тәсілі: Ыдысты тоқтату, ақаудың орны мен сипатын анықтау, 

жөндеу, сынақ жүргізу .



38

СТГ арналған автокөліктерінің босаған 

баллондарын сақтайтын орын

СТГ арналған босаған газы шығарылған баллондарды кәсіпо-

рын аймағында сақтау арнайы үй-жайларда, ашық алаңшалар-

да, газды шоғырландыру және газсыздандыру посты жанын-

дағы қоймаларда жүзеге асырылады .

Босатылған газы шағарылған баллондарды кәсіпорын ай-

мағында сақтайтын ашық алаңшалар, бөтен адамдардың бал-

лондарға қол жеткізуін шектеу мақсатында периметрі бойынша 

метал торлармен қоршалуы тиіс .

Жанатын газдардың ағынын іздеуіш

Ағын іздеуіш автокөлік құралының газ баллонды жабдықта-

рындағы көмірсутекті газдар (метан, пропан, бутан және т . б .) 

шығатын тесіктерді іздеп табуға арналған .

Ағын іздеуіш өзіне электронды аккумулятор блоктарын, газды сез-

гіш жартылай алып жүруші датчигі бар зондты қамтиды . Жинаққа 

сондай-ақ зондты ұзартқыш пен зарядканың тогы енеді . Іздеуіш 

дыбыс пен жарықты сезетін дабыл және жанатын газдың фондық 

шоғырын өтейтін реттеуішпен жабдықталған . Аспап төрт қоса са-

лынған R 14 стандартты аккумуляторлардан қоректендіріледі .



Газды баллондарды техникалық куәландыру

СТГ арналған газ баллондарды техникалық куәландыру маман-

дандырылған пункттерде бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі .

АКК газды баллондарды автомобильге тек мантаждау-бұзу жұ-

мыстары ғана жүргізіледі .

СТГ арналған газ баллонды жабдықтардың ТО және ТР бірегей 

жұмыстарының жаңа буыны (инжекторлы жүйелер, газ ди-

зельді жүйелер және т . б .) оларды пайдалану жөніндегі нұсқау-

лықтарда көрініс табуы тиіс .


39

СТГ арналған баллондарды техникалық 

куәландыруға қойылатын талаптар

Баллондарды техникалық куәландыру әдетте баллон конструк-

циясын әзірлеушінің, дайындаушы-зауыттың онда кезеңділігі 

мен брактау нормалары көрсетілген әдісі бойынша жүргізіледі . 

1-типті болат баллондарының кезекті куәландыру мерзімі (қо-

сындыланған болат үшін) 5 жылда бір реттен сирек еместе және 

3 жылды құрайды (көмірсутек баллондары үшін), 2–4-типті ком-

позияцияланған баллондар үшін 3 жылда бір реттен сирек еместі 

құрайды . Егер мұндай мәліметтер болмаса, онда қайталап куәлан-

дыру мерзімдері жоғарыда айтылған ИДМ министрінің № 358 

бұйрығымен бекітілген Ереженің 12-қосымшамен айқындалады, 

онда автокөлік газ баллондары үшін не бәрі 2 жылды құрайды .

Автокөлік газ баллондарын РҚ СТ 2159–2011 «Автокөлік 

көлік құралдарында мотор отыны ретінде пайдаланылатын 

сығымдалған газдарға арналған жоғары қысымды баллондар . 

Жалпы техникалық ережелері» бойынша техникалық куәлан-

дыру мыналарды қамтиды:

1 . ішкі және сыртқы беттерін көріп байқау;

2 1,5 Р қысыммен гидравликалық сынақтау;

3 . 1, 2 – типті және 3 – типті баллондардың салмағы мен сый-

ымдылығын тексеру;

4 . 4-типті баллонды жұмыс қысымымен пневматикалық 

сынақтау .

Куәландыру жасағаннан кейін баллонның лак-бояулы жабыны 

мен таңбалануын қалпына келтіруге болады .

Оқуға келмейтін таңбасы бар, сондай-ақ автокөлікте аварияда 

болған баллондар тек кезектен тыс куәландырылғаннан кей-

ін ғана одан әрі пайдалануға жіберіледі . Баллонды кезектен 

тыс куәландыру мынадай жағдайларда: егер баллон 12 айдан 

астам уақыт пайдаланылмаса немесе ол бөлшектелсе және 

жаңа орынға орнатылса немесе қауіпсіздікке жауапты лауазым-

дық тұлғаның шешімі бойынша жасалады .



40

Баллондарды техникалық куәландыру жұмыстары құю станция-

ларының сынақтау пункттерінде жасалады, демек тек мамандан-

дырылған ұйымдар, оларда баллондарға сапалы куәландыру 

жүргізуді қамтамасыз ететін тиісті өндірістік үй-жай мен техника-

лық құралдар, осы жұмысты жүргізуге арналған технологиялық 

регламенттер болған жағдайда және куәландыруды орындау 

үшін тиісті дайындықтан өткен инженер-техниктердің бірі бұй-

рық бойынша тағайындалған кезде жасайды . Уәкілетті орган тір-

кейді және ұйымға осы ұйым берген шрифті бар таңбаны береді .

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органның аймақтық 

бөлімшесінде тіркелген ыдыстарды техникалық куәландыруды 

ыдыстардың техникалық жай-күйі мен пайдалануына қадаға-

лауды жүзеге асыратын адам ұйымдастырады, маманданды-

рылған сараптау ұйымы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын қадаға-

лау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жасайды .

Уәкілетті органның есебінде тұрған газ автокөлік баллондарын 

техникалық куәландыруды, сол сияқты ыдыстардың техника-

лық жай-күйі мен пайдалануын қадағалауға жауапты адам ма-

мандандырылған сараптау ұйымында ұйымдастырады, ал құю 

станциялары мен сынақтау пункттерінде осы мақсатқа тағайын-

далған инженер-техник жасайды .

Техникалық куәландыру жүргізу үшін түрлі зауыттар жоғары 

қысымды баллондарды тексеруге арналған сынақтау жаб-

дықтарының жиынтығын шығарады . Осы сынақтау орталықта-

ры техникалық реттеу және метрология жөніндегі тиісті уәкілетті 

органдарда жабдықтар мен технологиялардың сынақтау орта-

лықтарына (зертханаларға) қойылатын талаптарға сәйкестігіне 

аккредитациядан өтулері тиіс .

Бұл мәселелерді Астана қ . Стандарттау және сертификаттау 

Қазақстан институты басқарады . Сынақтау жабдықтарының, 

мысалы Пенза зауыты дайындаған, жиынтығының құрамына 

стационарлық жабдықтардың 8 бірлігі, соның ішінде баллон-

ның салмағы мен сыйымдылығын диагностикалауға арналған 

стенд, баллондарды гидросынақтайтын стенд, баллондарды 

пневмосынақтайтын стенд, пневмогидро станция, компрес-



41

сорлық қондырғы, баллондардың вентильдерін бұрап алатын 

стенд, газ баллондарын құрғататын қондырғы және құралдар 

жинағымен бірге едендік типтегі өртке қарсы стенді енеді .

Тексерушінің, сондай-ақ баллонның бетін анық жарықтандыру 

мен тексеру үшін жарылысқа қауіпсіз шамы (светильник), бет-

тің қондырғымен ішінара жасырылған жерлерін тексеру үшін 

бұрыштық айналары немесе басқа да жарамды құрылғылары, 

тіліктердің, қуыстардың және тотықтардың тереңдігін анықтау 

үшін тереңдікті өлшеуіші, сызғышы және кертіктер мен том-

пайған жерлерді, тіліктердің ұзындығы мен тотығып тозған 

жерлердің аумағын бағалау үшін тексеру сызғышы, қондырғы 

кронштейндердің сенімді бекітілуін тексеру үшін көлденең кілті 

және басқа қол аспаптары болуы тиіс .

Көзбен қарап тексеру тәсілі кезінде қолданыстағы сынптамалар 

бойынша бұзылу белгілері мыналар болып табылады: тотығу, 

тіліну, тырналу, ойықтар, ашық талшықтар, майысқан, ісін-

ген, сынған жерлер, материалдың жоғалуы, беттің түссізденуі 

(күйе, көмірлену, химиялық әсерлер және т . б .), қызу белгілері, 

соққылар немесе оқиғалар, сыртқы ластануы .

Бұзылу дәрежелері деңгейі бойынша санаттарға бөлінеді . Тілік-

тер, майысқан және тотыққан жерлер үшін ауытқу критерий-

лерін дайындаушы айқындайды . Егер деректер берілмесе, онда 

жалпы жағдайда 1-деңгейлі бұзылулар қолдануға келтін болып 

табылады, 2-деңгейдегі бұзылулар қолдануға келмейтін болып 

табылады, баллон жөндеуге, сынақтауға немесе жарамсыз деп 

табылуға жатады, 3- деңгейдегі бұзылулар жарамсыз деп та-

нылып баллон кәдеге асырылуға жіберіледі . Сонымен, тереңдігі 

кемінде 0,25 мм ақаулар 1-деңгейлік бұзылулар деп саналады . 

Тереңдігі 0,25 мм тең немесе артық – бұл 2 және 3- деңгейлер-

дегі бұзылулар . 1-деңгейлі типтегі баллондар үшін 3- деңгей – 

тереңдігі 0,5 мм бұзылулар .

Сондықтан автокөліктегі баллонның күй-жайын, тіліну, тырна-

лу, ысып кету (түсі бойынша, қоңырлануы және т . б .), химиялық 

әсерлер (ісіну, түсінің өзгеруі, жұмсару, талшықтардың үзілуі 

және т . б .), атмосфералық жағдайдың әсерлері, артық қысым 



42

және т . б . ұдайы көзден тексеріп қадағалап отыру қажет . Том-

пайған жері, майысулар бойынша 3-деңгей тереңдігі 1,6 мм 

тең немесе артық немесе диаметрі 50 мм аспайтын тереңдікке 

сәйкес (1-тип және 2-,3-типті металл бөліктер, 4) типті металл 

втулкалар үшін) барлық баллондар жарамсыз деп танылады . 

Әсіресе 3 және 4-типті баллондардың соғылудан бұзылуына 

көңіл аудару қажет, олар баллонның қабырғалары сыртқыға 

қарағанда ішкі бұзылудан көбірек зиян шегетінімен айырықша-

ланады, өйткені сырты 1- және 2-типті баллондар сияқты май-

ыспай өзінің бұрынғы қалпына келуге қабілетті болып келеді .

Баллондарды қайта куәландыру үшін белгіленген аралықтан 

басқа, шұғыл тексеруді талап ететін (саңылаусызданға баллон-

да) ереже бар:

1 . баллон немесе автокөлік отқа шалдыққанда;

2 . баллон артық қызуға ұшырағанда, құлағанда немесе ұрылғанда;

3 . автокөлік аварияға түскенде;

4 . баллон жүкпен, көлікпен, көлік құралдарымен, қоршаған ор-

таның жағдайымен немесе кез келген құралмен бұзылды деп 

болжанғанда;

5 . баллон сыр берген кезде, мысалы ағып тұрғанын куәланды-

ратын меркаптан иісі шыққанда, газ қысымы кенет жоғалғанда, 

діріл пайда болғанда немесе төтенше сытырлаған немесе ызыл-

даған дыбыстар шыққан кезде;

6 . баллон автокөліктен алынғаннан кейін қайта орнатылғанда;

7 . баллонды орнату айтарлықтай өзгергенде;

8 . баллон басқа көлік құралына ауыстырылғанда;

9 . баллон оның конструкциясына сәйкеспейтін артық қысымға 

ұшырағанда .

Баллондарды ішкі және сыртқы бақылап тексеру нәтижесінде 

брактау оларды дайындауға арналған нормативтік-техникалық 

құжаттамаларға сәйкес жасалады . Бірақ, Қазақстанда СТ ҚР ИСО 

19078–2011 «Көлік құралдарында табиғи газды отын ретінде 

сақтау үшін жоғары қысымды баллондарды орнатуды тексеру 

және баллондарды қайта тіркеу» стандарттары қолданыста .


43

Бұдан басқа, № 358 Ережемен сыйымдылығы 12 л ден 55 л 

дейінгі тігіссіз болат баллондар төмендегідей белгіленген:

•  салмағы 7,5 % ден 10 % дейін азайған немесе сыйымдылығы 

1,5–2 % артқан кезде бастапқы белгіленгеннен 15 % төмен-

детілген қысымға ауыстырылады;

•  салмағы 10 % дан 13,5 % дейін азайған немесе сыйым-

дылығы 1,5–2 % артқан кезде баллондар бастапқы белгілен-

геннен 50 % төмендетілген қысымға ауыстырылады;

•  салмағы 13,5 %–16 % дейін азайған және баллонның сый-

ымдылығы 2,5 %–3 % артқан кезде 6Мпа аспайтын қысым-

мен жұмыс істеуге жіберіледі;

•  салмағы 16 % аса азайған және баллонның сыйымдылығы 

3 % артқан кезде баллондар бракталады;

Төмен қысымға ауыстырылған баллондар, жұмыс қысымы жол 

берілген қысымнан аспайтын газдар үшін пайдаланылады, бұл 

ретте оларға бұрынғы таңба (нөмірді, дайындаушының тауар 

белгісі мен дайындалу күнін қоспағанда) басылады, ал жаңа 

деректер жойылады, баллондар жаңа түске қайта боялады .

Пневматикалық сынақ жүргізу кезінде баллон суы бар ваннаға ор-

наластырылады . Мұндай стендтік және гидравликалық пен пнев-

матикалық сынақтар, баллондарды өлшеу, құрғату, винтельдерден 

босату және басқа іс-шаралар сынақтау учаскесінің жақсы жарақта-

луын және сәйкес сыныпты персоналдың болуын талап етеді . Сон-

дықтан осы процедураларды мамандандырылған, аттестациядан 

өткен компаниялар мамандандырылған сынақтау жабдықтарында 

жасауы тиіс, ол туралы жоғарыда айтылды . Қанағаттанарлық нәти-

же алынған кезде куәландыру жазбасы сынақты орындаған сарап-

тық ұйымның сынақтау журналына жазылады, белгі қойылады .

Осылайша, СТГ арналған баллондарды пайдалану кезінде ГБЖ 

мен баллондарды өз бетімен жөндеуге және реттеуге жол беріл-

мейді . Баллонның жай-күйін ұдайы бақылау, қосылғыштар мен 

тораптарының герметикалығын таңғы жолға шығар алдында 

және кешке тұраққа қайтып келгенде, сол сияқты жұмыс күні 

ішінде күн сайын тексеріліп тұруы тиіс .


44

Автокөлікке СТГ арналған ГБЖ 

орнату сапасын тексерудің негізгі 

ережелері

Болуы мүмкін ақауларды болдырмау мақсатында жүргізушілер 

мен слесарьлар автокөлікке сығымдалған табиғи газды пайда-

лану үшін ГБЖ орнатудың сапасын тексерудің негізгі ережелерін 

білулері тиіс (орнатудың техникалық егжей-тегжейлері жеңіл 

және жүк автокөліктері үшін сипатталған) .



1. Баллондарды тексеру

1 . ГБЖ орнату туралы куәлікпен бірге тапсырыс берушіге беріл-

ген баллондар мен ГБЖ орнатуды монтаждау сызбасы ұсы-

нылуы тиіс; ГБЖ дайындалған, олардан элементтер жасалған 

материалға көңіл аудару қажет (СТГ мен сыйымды болуы тиіс);

2 . баллонның төлқұжатының болуы, ондағы дайындаушы-за-

уыт монтаждау мен бекітуге берген кеңестерді салыстырып қа-

рау, баллонды орнату мен куәландыру жазбаларын, толық таң-

балануын, қызыл түсін, баллондардың өзара қатар қосуларын, 

вентильдер мен бұрандаларының жай-күйін, вентильдің тұрба 

құбырына жазылуын; автоматты, шектеуші қақпақшалардың 

болуын, баллонның үстіңгі температура бойынша сақтандыру 

құрылғысын, қол вентильін тексеру керек;

3 . баллондар болат қамыттармен (екіден кем емес 20х3 мм 85 л 

дейінгі көлем үшін) лонжементтер мен арнайы кронштейндер-

ге, тұрақты түрде (айналмайды, жылжымайды) бекітіледі жүк 

бөлімінің еден түбіне бұрғылап тесу арқылы болттармен (8 мм) 

бұралып бекітілген (жеңіл автокөлік үшін) олардың шеттері то-

тығуға қарсы құраммен өңделген; қамыттар мен баллонның 

арасында қорғаныш материалы (тері, кигіз, пластмасса) болуы 

тиіс; егер цилиндрлі баллон рамаға ұзына бағытта орнатылса, 


45

онда баллонның жылжып кетуін болдырмау үшін раманың ал-

дыңғы бөлігінде оның жоғарғы шеті баллонның түбінен кемінде 

30 мм жоғары болады көлденең жалғағыштар болуы тиіс; бал-

лондарды орнату сызбасы қатар келуі және құю мен кез келген 

баллоннан ІЖҚ қоректену мүмкіндігін қамтамасыз ететін болуы 

тиіс;

4 . баллонда (егер олар сыртта болмаса), атмосферамен жел-



деткіштік араласуы болатын газ өтпейтін былғары қаптаманың 

болуы, вентильдердің астында былғары қаптаманың болуы; 

қандай желдеткіштік және шығару шлангтар пайдаланылғаны, 

дүрбі тұрбалар (газға төзімді, жылу көздері жағына емес, кемін-

де 450 мм2 тілінумен автокөліктің сыртына шығарылған); жел-

деткіш тесіктерінде автокөлік қозғалған кезде жүк бөліміндегі 

ауаны айналдыруды қамтамасыз етуге арналған қиғашталған 

фланцтер (сапундар) болуы тиіс;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет