1 қыркүйек – Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру;
Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру;
Сахналық мәдениетін қалыптастыру; Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
«Әнұран» орындалады. Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудың үні қандай?!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдықта асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы –
Балабақшадан басталады.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін – 1 қыркүйек – Білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «№ 2 Сайрам бөбекжай меңгерушісі А.С Бастыковаға ұсынылады7
Құттықтау сөз
Жүргізуші: Білім бастауы – балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді балабақшамызға арнайық!
Ән: «Мен әдепті баламын» Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына байланысты тақпақтарын тыңдап көріңіздер.
Білім керек бәріне Мұхиттарды жалғасам
Таңдандырар бар елді.
Ғажап үйлер сала алсам
Жасартатын әжемді.
Дәрі де ойлап таба алсам….
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Оқу, білім, тәрбие
Ой-санама екенің
Балабақшам – айтар әнім
Сан рет қайталадым
Балабақша – анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз – балдырған баламыз!
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын мерекеміз!
Жаңа оқу жылы, төрлет
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқақ шың.
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдында
Жайып білім желкенін,
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.
Білім – менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу – айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Би: «Ленталармен»
Көңілді музыкамен Жалқаубек келеді.