Сыңғырла, күміс қонырау Мақсаты


ӘН №13 «Бәйтерек» тобының әнін қарсы алыңыздар!



бет5/13
Дата30.08.2023
өлшемі87,46 Kb.
#105693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ӘН №13 «Бәйтерек» тобының әнін қарсы алыңыздар!
Ән. Балабақша бағымда
1. Жүргізуші
Біз - еліміздің жас өркеніміз
Желді керген желкеніміз
Желбіреткен көк туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!
15 «Болашақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!БИ спорттық
2. Жүргізуші.
Корабльді басқарып
Көк жүзінде самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әліде
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне дей отырып №15 «Ақылшы мұғалім» әнін қарсы алыңыздар
6 «Бәйшешек» тобының тақпақтарын тыңдайық
Алихан:
Кел-кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.
Сейфуллах:
Балабақша базарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Үйреттеді мектепте.
1 Жүргізуші
Қандай ғажап қарашы жан – жағына
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұңға
Ата–анадай бақытты бар ма жан
Қол жеткізген аңсаған арманына
Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқынан ата-анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортамызға шақырайық ата–ананы.
Мерекелік Құттықтау сөз кезегі ата – анаға беріледі.
2. Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!
1.Жүргізуші:
Ал бірінші кыркүйек,
Күнсің гой сен ең тәуір,
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.
Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Білім күніне арналған салтанатты шара, Сыңғырла, күміс қоңырау



  • загира


  • 21 тамыз 2017


  • 89258


  • 0

  • 0

1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты шара
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл - күй сыйлау.

І.«Көңілді балалар»биі орындалады.


ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!


Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
Балабақша әнұраны
Тәрбиеші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «Ақбота» шағын орталығының әдіскері _______________ұсынылады.
Құттықтау сөз
Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір
әнімізді балабақшамызға арнайық!
Ән «Бақытты баламыз»
Жеке ән «Мен әдепті баламын»
Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына
байланысты айтарларын тыңдап көріңіздер..
Білім керек бәріне!
Ф. Оңғарсынова
Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғасам
Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғасам


Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам....
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

Білім
М. Ибраемова


Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!

Ән «Тәй - тәй»


Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер,
білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған кезекті бір
әніне кезек берейік.
Ән «Балабақшам - бақұям»
Тәрбиеші: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2013 - 2014 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршініміз............... ұсынамыз!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Тәрбиеші: Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның көп тас қамалы


Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!
Ән «Күмбірле қоңырау»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет