ТАҚЫРЫБЫ: Әдебиеттегі жаңа жанр, тың бағыттардың қалыптасу процесі және оған сынның әсері.
Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Әдебиеттің даму процесі өзіне тән ерекшеліктермен көрінеді де, соған орай сыни пікірлерін тудырып отырады. Жазба әдебиеттің идеялық-шығармашылық арнасынан бағыт-бағдар алып, ұлттық ой-сана мен эстетикалық талап-талғам деңгейінен көрінеді. Мәнді шығарманың нәрлі сынының тууына, үлкен дарынды ойлы пікірдің өрбуіне жағдай жасайтынын Абай негізін қалаған реалистік әдебиеттен айқын аңғарамыз. Бұл процесте әлеуметтік-қоғамдық және эстетикалык, жағдаяттар шешуші рөл атқарады. Сондықтан Абай жолымен өркендеген қазақтың жазба әдебиеті өнерпаздық тұлғасы зор сыншыны дүниеге келтірмесе де, эстетикалық құны бар сана-сезімді, ой-пікірді оятты. Мәселенің түйіні — Абай дарынына пара-пар келетін сыншының жеке-дара шығуында емес, Абай салған жаңа, соны жолмен әдебиетті әрі қарай өркендете беруге бас-көз бола аларлықтай ұжымдық сын пікірдің тууы қазақ мәдениеті үшін аз олжа емес. Сондықтан қазақ сынының туу процесін белгілі бір сыншының дүниеге келуімен сабақтастыруға келмейтіні осыдан. Сонымен ана тіліндегі баспасөздің пайда болуы жазба әдебиеттің өркендеуін тездетті, нәрлендірді, ал ол өз тарапынан сын жанрының негізін қалап қана қоймай, оған творчестволық ықпал жасады.
Қазақ баспасөзінің дүниеге келуі. «Түркістан уәлаяты газеті», «Дала уәлаяты газетіндегі» сыншылық ойлардың көрінісі. Газеттердің қазақ тілінің
тазалығын сақтау, оны орынсыз шұбарламау жайындағы берік көзқарасы. Жарнама, дәйектеме, сындардың пайда болуы. М.-Ж. Көпеевтің газет бетінде Абай өлеңдеріне тұңғыш пікір айтуы. Тұңғыш газеттердің казақ әдебиет сынының тууына тигізген әсер-ықпалы.
«Айқап» журналы оқырманның эстетикалық талап-талғамын қалыптастырудағы алғаш қадам жасаған басылымдардың бірі екендігі. Журнал бетінде әдеби-мәдени мәселелерге, аннотация, жарнама-сындарға кеңірек орын берілуі. Журналдың оқу-құралдары жөніндегі көзқарастары. С. Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «өлең мен айтушылар» атты мақалалары «Айқапта» жарияланған ең құндысы және өнегелісі екендігі. «Айқап» журналының қазақ әдебиет сынын тудырудағы ролі.
Әдеби-мәдени мұраны жариялау және оның қадір-қасиетін ел-жұртқа түсіндіре білу саласында «Қазақ» газетінің атқарған істері. Ә. Бөкейхановтың «Қобыланды жыры» сериялы мақаласының өзіндік ерекшелігі А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы қазақ әдебиетіндегі эстетикалық сынның соны сүрлеуі екендігі. Газет бетінде жарияланған А.Байтұрсынұлының, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ғ.Қарашевтің, С.Сейфуллиннің т.б. сыншы ой-пікірлері. «Қазақ» газетінің әдебиет өркендетудегі маңызы.
Жазба әдебиет дамуының әдеби сынның өркендеуіне тікелей әсері. Абай, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім т.б. шығармаларының жарық көруі сыншыл көзқарастың өрістей түсуіне жасаған ықпалы. Өлең жинақтарына алғы сөз түрінде жазылған дәйектеме сын әр қилы формада көрінуі. Әдеби ағымдар, әдеби мұра туралы пікір-таластар мен айтыстар. Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек, яғни қазақтың әдеби ой-пікірінің оянуына, сын жанрының тууына жасаған әсері мен ықпалы.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттегі ахуал. Әдебиетке таптық принциптердің қойыла бастауы. ҚазАПП-тың қызметі. Тұрпайы социологиялық сындардың өріс алуы. Жікшілдік, ұлтшылдық туралы айтыс. Абай, Мағжан әдеби сында. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», X. Досмұхамедовтің «Қазақтың халық әдебиеті» еңбектерінің маңызы.
Тапсырмалары мен сұрақтары:
1.XX ғасыр басындағы «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882)
2.«Дала уалаяты» газетіні( 1882-1904).
3. Баспасөздің әлеуметтік және сыни ой-пікірдің оятудағы рольдері, тарихтағы орны.
4.«Айқап» журналындағы сын
5
6.Сын . «Қазақ» газетінің әдебиет сының тудырудағы тарихи маңызы.жанрларының пайда болуы.
7. Т.Кәкішұлының дәйектеме сынына берген анықтамасы.
8.Қазақ әдебиетіндегі ағымдар және олардың сынға қатысы.
9.Жазба әдебиет өкілдері Абай, Сұлтанмахмұт, Омар, Сәбит, Мағжан, Сәкен, Шәңгерей, Мұхаметжан шығармаларының сын жанрын тудыруға жасаған ықпалдары.
ІІ Модуль бойынша пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Ысмайлов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973.
3. Қаратаев М. Казахская литературная критика на современном этапе. Алматы, 1974.
4. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, Білім, 2003, 2кітап.
5. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, ҚАЗақпарат, 2001.
6. Жүсіпова А. Әдеби сын тарихы. Алматы, ҚазҰУ баспасы, 2008.
Қосымша әдебиетер:
1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы, 1995.
2. Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995.
3. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, 1989.
4. Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Алматы,1970
5.Ш.Уәлиханов. Шығармалар жинағы
6. Әуезов М. Мақалалар, зерттеулер, 17 т. — Алматы: Жазушы, 1985.
7. Мұқанов С. Проза және сын туралы // Әдебиет және искусство, 1939, № 7. 37-57 беттер.
8. Мұстафин Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. 5 Т. А.: Жазушы, 1984.
9. Қараңыз: Венгеров С.А. В чем очарование русской литературы ХІХ века? — С-Петербург, 1912; Бурсов Б.И. Национальное своеобразия русской литературы. Изд. 2-е — Ленинград, 1967; Берковский Н.Я. О мировом значений русской литературы. — Л., 1975; Купреянова Е.Н., Макогоненко Г.П. Национальное своеобразие русской литературы. Очерки и характеристики. — Л., 1976; Фридлендер Г.М. Национальное своеобразие и мировое значение русского романа. // В кн.: История русского романа в 2-х т-х. — М. - Л., 1964, т.2.
10.Соколов Н.И. О литературной критике и филологическом образовании // Русск. лит., 1977, № 1.
11. Егоров Б.Ф. О мастерстве литературной критики. Жанры, композиция, стиль. — Ленинград: Советский писатель, 1980. - 319 с.
12. Белинский В.Г. Шығармалары /Ауд. Б.Шалабаев. — Алматы: Жазушы, 1987. - 352 б.
13. Чернышевский Н.Г. Литературная критика. Т.1. М.: Художественная
Достарыңызбен бөлісу: |