ТАҚЫРЫБЫ: 20 жылдардағы әдеби процеске сынның әсері.
Сатира - өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть ,романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. (©adebiportal.kz
https: //adebiportal.kz/kz/ genres/view/144) Жалпы «Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді. Т.Қожакеев «Сатира күштілер қаруы» атты еңбегінде «сатира да, юморда – сын құралы, сын мен өзара сынның әдеби түрі» - деп анықтама береді және «Сатиралық жанрлар» оқу құрлында «Сонымен, әдеби стира - әдеби сын. Пародия, эпиграмма – әдебиет сынының жауынгер, бетті сарбаздары». Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрлрының кейбір түрлерін ауыз әдебиетінен бастау алған.
Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т.б. бар екенін айтады. Журналистиканың басқа жанрларынан сатиралық жанрлар сатира, әзіл, ирония, сарказм, гротеск, гипербола және басқа көркемдік әдістерді қолдануымен ерекшеленеді.
Фельетон - бұл ауқымды сатиралық жанр, үш бастаудың синтезі: публицистикалық дерек нақты, көкейкесті, өзекті ғана емес, сондай-ақ жедел болуы тиіс, сатиралық дерек әзілді мазмұнмен анықталады, оның бағасы сатиралық талдауды қарастырады сатиралық бейнені жасау, фельетонды сатиралық қысқа жазбамен айырады. Фелъетон. Сатиралық жанрдың бір түрі - фельетон. Фельетон дегеніміз - шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі.
Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма, әдеби-публицистикалық жанр. Памфлетте негізінен нақтылы бір құбылыстың, қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны өткір сатирамен типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді.
Пародия - (фр. рагосііа- «өлеңге қарсы өлең») - белгілі бір шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған еліктей сынап-сықақайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры. Пародия сын объектісіне, мақсатына қарай юморлық және сатиралық болады. Юморлық пародия жеңіл әзілді, достық әуенде болса, сатиралық пародияның үн, үкімі қатал болады. Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармасынан, ақындар айтысынан байқалады. Театрда, циркте және эстрадада пародия міндетті түрде пародияланып отырған затты танытуды көздейді. сынның көркем жанры пародия «өлеңге қарсы өлең» дегенді білдіреді.
Бұл жаныр көбіне поэзиялық шығармаларға арналып, олардың көзге көрінер өрескел мінін сынауға арналады. Сыналып отырған объектінің сыртқы формасын сөз саптау, стиль, бунақ ырғағына дейін сақтай отырып, дәл сондай түрмен оның мазмұнына, не формасына дау айтқан қарсы шығарма жазылады. Автордың сәтсіз жақтарын пародист шебер пайдаланып, бүкіл шығарманы, оның өзіне қарсы бағыттайды. Пародияның басқа сын жанрларынан артықшылығы – онда өнер жарыстырудың барлық түрі кездеседі. Пародия-фельетон композициялық құрылымы, мазмұны жағынан бүкіл бір әдеби ағымды, типтік кемшіліктерді әшкерелейді. Пародияның нақтылығы бір шығарма немесе бір кемшілікке негізделеді. Әдеби сынның көркем жанрларының бірі-әдеби пародия.
Эпиграмма – (көне грекше: ἐπίγραμμα «қолтаңба») – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Эпиграмма жанры әр кезеңде де қазіргі оқиғаға, автордың көз алдында өтіп жатқан көріністерге арналады. Эпиграмманың тағы бір қасиеті - ол әрқашанда ақынмен замандас тірі адамға арналып жазылатындығы. Ертедегі қазақ айтыскер ақындарының көптеген айтыстарда, әсіресе, қыз бен жігіт, бәдік айтыстарында дөрекі әзілге бару, қарсыласын уытты сөздермен кекетіп-мұқату тәсілдері көп кездесетін. Сондай-ақ Эпигондар қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпигондар фактісі мен нысанына қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды Эпигондар болып бөлінеді. Ал қозғайтын тақырыбына қарай әдеби, саяси және тұрмыстық Эпигондарлар болып 3 топқа жіктеледі. Эпигондар алғаш ертедегі Грекияда сентенциялық қысқа өлең түрінде пайда болып, кейін элегия жанрымен бірікті де, элегиялық дистих деген атауға ие болды. Қазақ әдебиетінде Эпигонда нышандары халық ақындары, әсіресе айтыс ақындары шығармасында жиі кездеседі. Абай өлеңдерінде Эпигондар элементтері мол. Қазақ әдебиетінде Эпигондар жанрына А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, К.Әмірбеков, т.б. сатирик жазушылар қалам тартты. ( «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том)
Бөлімге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Т.Кәкішұлының сын жанрларына қатысты пікірлерін сипаттаңыз және «Сын сапары» монографиясына жанрға қатысты ойларына конспект жасаңыз?
2.Сатиралық жанрларға дәйектеме мысалдар келтіріңіз?
3.Т.Қожакеевтің «Сатиралық жанрлар» шығармасындағы сатираға жанрына қатысты теориялық анықтамаларды Д.Ысқақұлының «Сын жанрлары» оқу құралындағы анықтамалармен салыстырыңыз?
4. Қазіргі сын жанрыларының даму ерекшелігіне тоқталыңыз?
5.Қазіргі баспасөзде жие жарияланатын мақала түрлері және нақты мысал келтіріңіз?
6. З.Серікқалиевтың «Сын және жауапкершілік» атты макаласының тақырыбына мақала жазыңыз.
№ 8 ДӘРІС, 8 апта, 1 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |