Силлабус 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі


ТАҚЫРЫБЫ: Репрессияның әдеби үдеріс пен әдеби сынға әсері



бет17/36
Дата29.01.2023
өлшемі124,26 Kb.
#63581
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Әдеби үдеріс және сын 2022-23

ТАҚЫРЫБЫ: Репрессияның әдеби үдеріс пен әдеби сынға әсері.

Өткен кезеңдегі және қазіргі дәуірдегі көркем сөз байлығының барша нәрін игеру мен зерттеп-зерделеу адам мен қоғамның тарихи эволюциялық даму жолдарын анықтаудың да басты тәсілдерінің бірі. Көркем әдебиеттің айшықты әлемі күрделі әрі сан-салалы. Оны жасау мен игеру дегеніміз сөз өнерінің құпиялары мен заңдарын танып-білу деген сөз. Міне, бұл айтылғандарға қол жеткізуде бізге әдебиет теориясы, сыны және тарихы көмекке келеді. Әдебиет туралы ғылымның бұл үш саласы ошақтың үш бұты секілді бір-бірімен тығыз байланысты әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе, әдебиет сынының көркем әдебиеттің өмірлік, гуманистік, қоғамдық, әлеуметтік те мән-мазмұнын анықтауда қызметі айрықша. Сынның осы қасиетін орыстың атақты сыншысы А.В.Луначарский «Ол (сын. — А.Ж.), әдебиеттің сапында жаңа адам мен жаңа тұрмысты қалыптастыру процесіне белсене, қызу қарқынмен бел шеше кірісуге жұмылдырылғаны күмәнсіз» деп атап көрсетті.


Қазақ әдебиеті сынының тарихы жоғары оқу орындары студенттеріне жеке пән ретінде Т.Кәкішұлының ұйымдастыруымен 70-жылдардың үстінде ғана оқытыла бастаса, орыс әдебиетінде бұл мәселе тым ерте-ақ шешіліп қойған. Мәскеу, Санкт-Петербург университеттерінің филология факультеттерінде орыс тілінде, тіпті шетел әдебиеті сыны тарихы арнаулы пән ретінде оқытылады.
Қазіргі кезде шетел әдебиеті сыны тарихы мынадай бірнеше кезеңге бөлініп қарастырылады:
1. Ортағасырлық Еуропадағы әдебиет сынының антикалық дәуірі.
2. Қайта өрлеу кезеңіндегі әдеби сынның даму барысы (XV—XVІІІ ғ.ғ.)
3. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби сын (1789-1848 ж.)
4. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиет сыны.
5. Жаңа кезеңдегі АҚШ пен Батыс Еуропа және Шығыс елдеріндегі әдеби сын дамуындағы басты тенденциялар (1917-1970).
6. Қазіргі кезеңдегі АҚШ пен Еуропа және Шығыс, Азия елдерінің әдебиет сыны дамуындағы демократиялық бағдарлар (1970-2000).
Осы секілді әдебиет сыны саласындағы жаппай қозғалыс, даму процесі Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, т.б. елдерді де қамтыды. Бұл елдер әлемдік әдебиет тарихына Ю.Ц.Скалигер, Дю Белле, М.Монтень, Рейхлин, Э.Роттерданский, Брант, Ф.Бэкон, Спенсер, Сидни, Марло, Джонсон, Бомонт, У.Шекспир, Лопе де Веги Карпьо, т.б және тұлғаларды берді.
Бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің әдебиет сыны тарихының жасалу тәжірибелеріне шолу жасап, өзіміздің қай деңгейден көрінетінімізді біліп алғанның еш артықтығы жоқ. Қайта, ғылыми өреміздің шындығын білуге себепші болар деп ойлаймыз..
Белорус сыны мен әдебиеттану ғылымы қазақ әдеби сыны мен әдебиет тарихымен тұстас 20-жылдары дами бастаған. Осы жылдары әдебиет теориясы мен тарихы зерттеліп, сыни мақалалар, сынға қатысты проблемалар газет-журнал бетінде жарық көрген. 1925-27 ж. “Литература и критика” деген газет шығып тұрған. “Полылея” журналында Янка Купала және Якуб Колостың, сондай-ақ халыққа белгілі, қоғам қызметкерлері А.Г.Червяков, В.Г.Енориннің сыни мақалалары шығып тұрған. Бұл мақалалардан әдебиеттің, өнердің, сынның міндеті мен мақсаттарын көруге болады.
1923 және 1926 жылдары М.И.Горецкогоның “История беларусской литературы”, 1928 жылы М.Н.Теотуховичтің “Очерки истории белорусской литературы” деген кітаптары жарық көрді. Бұл еңбектерде сынның тарихына, сол кездегі жағдайларына қысқаша тоқталған. Ал сынның теориясы мен тарихына арналған шығармалар қатарында “Очерки истории белорусской Советской критики 20-30 годов” және “Очерки истории белорусской эстетической мысли и литературной критики” деген кітаптарды атауға болады.
Белорус сынының туу, қалыптасу, даму тарихын С.И.Карабон Киев феодал мемлекетінен бастайды. Ол кезде орыс, украин және белорус халықтарында ортақ мәдениет және ортақ тіл болған. Осы тілде діни-уағыздық және күнделікті тұрмыстық әдебиет туып, жылнамалар жазылған, аудармалар жасалған. Сыншы Карабон сол кездегі әдебиет ескерткіштерінде сыни көзқарастар болғанын, оның саяси-әлеуметтік, діни және өнер салаларында байқала бастағанын дәлелдеп көрсетеді.
Енді әдебиет сыны тарихын жасау мәселелерінің шешілу жолдарын салыстырып байқау үшін, түркі халықтарының ішінде қазақ халқымен тарихы мен тағдыры, тілі мен өнері жағынан ұқсастықтары мол өзбек және әзербайжан елдерінің әдебиет сыны тарихына барлау жасаған тиімді деп санаймыз.
Өзбек әдебиеттануы ғылымында әдебиет сыны тарихын жасау жайы әдебиет тарихын жүйелеуден бастау алады. Бұл бағытта 1961-1962 жылдары “Узбек совет адабиети тарихи очерки”, 1967 жылы “Узбек совет адабиети тарихи”, 1968-1972 жылдары үш томдық “Узбек совет адабиети тарихи” және бес томдық “Узбек адабиети тарихи” деген көлемді еңбектер жарық көріп, бұлардың ішінде әдебиет сыны тарихы да біршама баяндалған. Осы кітаптардың негізінде сын тарихына байланысты алғашқы еңбектер там-тұмдап жарық көре бастады. Олардың қатарында Х.Екубовтың “Танқид ва адабиетшунослик тарихига бир назар” (Адабииетимизнинг ярим асри. Туплам. 1-китоб. Тошкент. 1967), Б.Назаровтың “Узбек адабий танқидчилиги. Ғоявийлик, метод, қахраион” (Тошкент, 1979) кітаптарын, Х.Умуровтың “Узбек адабий танқидида махорат проблемоси” атты кандидаттық диссертациясын атауға болады. Бұл ғылыми еңбектерде өзбек әдебиет сыны тарихы тұтас күйінде алынбай, тек оның әрбір кезеңдері ғылыми талдау нысанына айналған. Тек 1987 жылы А.С.Пушкин атындағы өзбектің тіл және әдебиет институты дайындап шығарған екі томдық “Узбек совет адабий танқиди тарихы” атты фундаментальды кітапта ғана бұл мәселе біршама жүйелі hәм толық қарастырылған. Осы еңбекті жазып шығуға өзбек әдебиетші ғалымдары И.Султанов, М.Юнусов, Т.Расулов, Б.Назаров, П.Қодиров, Ж.Камолов, С.Мелиев, т.б. қатысқан. Олар өзбек әдебиетінің мың жылдық тарихы бар екендігіне тоқталып, оны сонау түркі халықтарының тұтастығы ыдырамай тұрған Тоныкөк, Күлтегін замандарынан бастайды да, әдебиет сынының кәсіби сипатта даму тарихын Қазан революциясымен байланыстыра зерттеп көрсетеді. Атап айтқанда, “Жаңа әдебиет сыны тарихының ілкі қадамдары” (1917-1932), “Өзбек совет әдебиеті сыны тарихының социалистік реализм эстетикасы аясында даму жолында” (1932-1941), “Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі өзбек әдебиеті сыны тарихы” (1941-1945), “Ұлы Отан соғысынан кейінгі өзбек сыншылдығы” (1945-1956), “Қазіргі заманғы өзбек әдебиеті сыны тарихы” (1956-1987) деп бірнеше кезеңге бөліп дәуірлеген. Алайда оларда өзбек әдебиеті сынының ілкі кезеңдерін ауыз әдебиеті үлгілерінен тарту тәжірибесі кездесе қоймайды.
Әзербайжан әдебиеті сыны тарихын жүйелеп жазушылардың ішінде көзге түсерлік ірі ғалым сыншы — К.Талыбзаде. Ол өзінің шығармашылық ғұмырының басым көпшілігін әзербайжан әдебиет сыны тарихын зерттеуге арнаған тұлға. Оның қаламынан туған “ХХ әср азербайчан тәнгиди” (1966), “Әдеби ирс вэ варисләр” (1974) атты кітаптарында әзербайжан әдебиеті сыны тарихының бастау-бұлақтарына барлау жасалып, ХХ ғасыр ішіндегі кәсіби сипатта даму кезеңдеріне талдама сараптаулар берілген.
Тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Шетел әдебиеті сыны тарихын жасау принциптері мен әдістерін қазақ әдебиеті сыны тарихымен салыстыра қарастырудағы өз тұжырымыңыз?
2. Мына жұмыстардағы қажетті тұстарын көшіріп алыңыз: Груздев И. Критика как труд // “Звезда”, 1923, № 3; Чернышевский Н.Г. Литературная критика. Т.1. М.: Художественная литература. 1981; Венгеров С.А. В чем очарование русской литературы ХІХ века? — С-Петербург, 1912; Бурсов Б.И. Национальное своеобразия русской литературы. Изд. 2-е — Ленинград, 1967; Берковский Н.Я. О мировом значений русской литературы. — Л., 1975; Купреянова Е.Н., Макогоненко Г.П. Национальное своеобразие русской литературы. Очерки и характеристики. — Л., 1976; Фридлендер Г.М. Национальное своеобразие и мировое значение русского романа. // В кн.: История русского романа в 2-х т-х. — М. - Л., 1964, т.2; Егоров Б.Ф. О мастерстве литературной критики. Жанры, композиция, стиль. — Ленинград: Советский писатель, 1980; Соколов Н.И. О литературной критике и филологическом образовании // Русск. лит., 1977, № 1; Луначарский А.В. Собрание сочинений. В 8 т. М., 1963. - 1967.Т.4; Нефедов Н.Т. История зарубежной критики и литературоведения: Учеб. пособие для вузов. — Москва: Высш.шк., 1988.
9 ДӘРІС, 9 апта, 1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет