Силлабус ќ±рылымы


№ 11 дәріс Тақырыбы:  Өлең құрылысы (өлеңтану)  Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата10.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#136298
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Дәріс 4-15

 
№ 11 дәріс
Тақырыбы
Өлең құрылысы (өлеңтану) 
Дәріс жоспары 
 
1.
Әлемдік өлең жүйесі 
2.
Силлабо-тоника жүйесі 
3.
Тоника жүйесі 
4.
Силлабика жүйесі 
5.
Өлең құрылысы 
 
Дәріс мазмұны 
Өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның 
ырғағына, дыбыс үндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен 
заңдылықтар. 
Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөздерден, қара сөзден басты 
айырмасы - ол мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең сөзге тән 
ырғақ міне осы тармақты қолдануға байланысты. Өлеңдегі сөйлемдер әдетте бір 
немесе бірнеше тармақтар көлеміне шақталып жасалады. 
Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше 
қалыптасқан. Өлең ырғағының жасалу шарттары тіл құрылымының өзгешелігіне 
байланысты болады. Алайда көптеген елдердің өлең құрылысында негізгі сипат – 
белгілер ұқсас келетінін көреміз. Дүние жүзі әдебиетінде орын тепкен өлең 
жүйелерінің бастылары мыналар: 
Метрикалық өлең жүйесі - 
әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл 
ерекшеліктеріне лайық әртүрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық 


(грекше metron - өлшем) өлең жүйесі Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грекияда – біздің 
дәуірден бұрынғы VІІІ ғасырда пайда болған да, кейін (бэ.д. ІІІ ғасырда) латын 
тілдес Рим әдебиетіне ауысқан.
 
Грек пен латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі 
(созымды, созымсыз) машық, яки мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб 
тіліндегі дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы 
әдебиетіндегі өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшеліктерден туған. 
Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. Бұл жүйедегі 
өлеңдер оқылмаған, әрқашан әнмен айтылған, музыкалы мақаммен оқылған. Өлең 
ырғағы ұзын буын (-) мен қысқа буынның (v) кезектесуіне негізделеді. 
Метрикалық жүйенің бірнеше түрлері бар; басты-бастылары – ямб, хорей 
(трохей), дактиль, амфибрахий, анапест, антипаст, бакхий, анти-бакхий, амфимакр, 
екі түрлі (көтеріңкі, бәсең) ионик, пиррихий, спондей, тримакр, дипиррихий, 
диспондей, гекзаметр, пентаметр, триметр, төрт түрлі пеон, төрт түрлі эпитрит т.б. 
Өлеңтанушылар созымды буынға бір белгі - сызықша (-) созымсыз буынға 
бір белгі – доға ( ں)қояды да, әлгілердің әрқайсысының бунағын анықтайды: ямб ں 
- , хорей - ں, дактиль - ں ں, амфибрахий ں -
ں , анапест ں ں - . 
Араб, парсы поэзиясындағы қолданылатын өлшемдер де ұзын және қысқа 
буындардың кезектесетінін көреміз. Бірақ бұл елдердің өлеңінің ырғақтық 
жүйесінде бірталай өзгешелік бар. 
Л.И. Тимофеев жер бетіндегі жұртқа мәлім өлең жүйелерін санды 
(квантинативті) һәм сапалы (квалитапивті) екі топқа бөліп, метриканы бірінші топ, 
квантипативті өлең жүйесіне жатқызады. Ал тоникалық, силлабикалық өлеңдерді 
квалитативті (сапалы) өлең жүйесіне жатқызады. (Л.И. Тивофеев Основы истории 
литературы. М., Просвещение. 1966. стр. 300). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет