Силлабус ќ±рылымы



бет13/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс 4-15

Дәріс жоспары



  1. Стиль анықтамасы

  2. Стилді құрайтын сипаттар



Дәріс мазмұны

Стиль (грекше stylos) деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римдіктер сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұшы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, одан бертін келе сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған. Бұл сипат Бюффонның «Стиль – адам» деген тұжырымына сәйкес келеді.


Платон: «Мінез қандай болса стиль де сондай». Стендаль: «Адамның барлық қасиеті стильде тұрады». Стиль хақындағы ұғымдар әртүрлі; Академик В.В. Виноградов («Авторлық проблема һәм стильдер теориясы») стиль мәселесін лингвистикалық тұрғыдан байыптайды.
Блок: «Ақындар өзара ұқсастығымен емес, ерекшелігімен қызық». Стиль деген ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр бөлек. Ғылым мен өнер ғана емес-ау бұл ұғым тіпті өмірдің өзінде қаптап жүр. Жұмыс стилі, кеңсе стилі, газет стилі, шахмат стилі т.б.
Біздің тоқталатынымыз ­ бұлардың бірі де емес, әр қаламгердің әдеби бетін айқындайтын жазушылық стиль.
Шығармашылық ерекшеліктің қалыптасуында Гетенің айтуына қарағанда үш кезең бар. Стиль кезеңдерін Гете былай жүйелейді:

  1. Өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген жақ;

  2. Өзгеден бөлегірек аздаған мәнер, машық тапқан тұс;

  3. Өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез.

Соңғы кезең, яки шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез – шығармашылық эволюцияның ең жоғарғы сатысы, бұған жету үшін әбден шыңдалған суреткерлік шеберлік керек. Әдебиеттен әуестенгеннің бәрі үшінші сатыға (стильге) жете бермейді, мықтағанда, екінші сатыға (мәнерге) жақындайды, әйтпесе, бірінші сатының (еліктеудің) өзінен аса алмай, қалып қояды. «Стиль ­ шын талант, ұлы ақын-жазушылардан стиль іздеу ­ бекершілік. Өйткені, барлық өлең қиыстырулары ақын, сөз жаза білушілерді жазушы десек, қателескен болар едік. Дарын жоқ та – стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас. Оқырмандардың ойына азық, жанына сусын бермейтін можантопай шығармалар жазып, «жазушы» атану мүмкін. Бірақ ондайлардың өзіне тән стилі болады деу – қате. Құбатөбел қойторыларды стиль болмайды. Олардың бірінің шығармалары егіз қозыдай екіншілеріне ұқсас келеді. Жаман шығарманы жағымпаз сыншы, жандайшап әдебиетшілер қанша мақтаса да жандандыра алмайды. Барлық сыншылардың ішінде ең ұлы, ең данышпан, ең қателеспейтін сыншы ­– мезгіл деп В.Г. Белинский айтқандай, жаман шығарма, дарынсыз жазушы мезгіл сынын көтере алмақ емес. Демек, стильді нақтылы талант, ұлы жазушылардың туындыларынан іздеген жөн» (Қ.Жұмалиев. Стиль – өнер ерекшелігі. Алматы, 1966, 23-24 беттер).
Стиль жазушының өмірбаянымен тығыз байланысты. Гетенің сөзімен айтсақ, жазушы шығармашылығына енбейтін бірде-бір сызық жоқ, өмірбаянына, (биографиясына) бірде-бір сызық сол қалпында емес, ылғи ғана аунап түсіп отырады. Бірақ жазушы шығармашылығы оның өмірбаянынан әлдеқайда кең.
Әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың шығармашылық ерекшелігін танытады. Оны тілден де, тақырып пен идеядан да, образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады. Әр шығармадан көрінетін осындай суреткерлік ерекшелік оның бар шығармасындағы белгілі бір бірлікке әкеледі. Әр жазушының қаламынан туған бар шығармада алдымен, идеялық бірлік болатынын байқаймыз. Себебі, әр жазушы өзінің әр шығармасында әр түрлі өмірлік проблема қояды да, оны шешуге бір ғана тұрғыдан – өзінің тұрақты дүниетанымы тұрғысынан келеді.
Идеялық бірлікпен қатар, әр жазушының шығармашылығында тақырып ерекшелігі болады.
Тақырып ерекшелігімен қатар, әр жазушының шығармашылығында мінез (характер) бірлігі деген болады. Мұны, әрине, бір жазушы он образ жасаса, бәрінің мінез-құлқы бірдей болады деп ұқпау керек; Он образ – он түрлі мінездің адамы бола берсін, бірақ он мінездің де жасалу тәсілдері бір-біріне ұқсап отырады. Бір жазушы айталық, адам мінезін қимыл-әрекет үстінде танытуға бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл-күйін, сезім сырын, ой-арманын, әр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер...
Мінез бірлігімен қатар, әр жазушының шығармашылығынан оның тек өзіне ғана тән тіл ерекшелігін аңғарамыз. Бізде Сәбиттің тілі, Ғабиттің тілі, Мұхтардың тілі дейтін көп тіл жоқ, бір ғана қазақ тілі бар; Мұқанов та, Мүсірепов те, Әуезов те сол бір ғана қазақ тілінде жазған. Бірақ үшеуінің тіл мәнері – сөз қолдануы, сөйлем құрауы, сөзбен сурет салуы не баяндап беруі, сыр ағытуы, не сезім жеткізуі әр түрлі. Үшеуін тіпті шатастыру мүмкін емес. Өйткені тіл ерекешелігі ­– шешуші ерекшелік. Әр жазушының тіл ерекшелігіне қарап, оның бір шығармасы емес, кейде тіпті бүкіл суреткерлік бітімін бір қырынан байқап қалуға болады. М.Әуезов бір жолы бір топ ақынға мынадай бір-бір мінездеме берді: қырғи тілді Асқар, сыршыл үнді Әбділда, майда қоңыр Ғали, басым сөзді Тайыр, күйлі-мұңды Қасым, ізденгіш те тапқыш Хамит, өзіне бөлек сырлы сазды Сырбай, салқын ойлы Саин...».
Стильдің жазушы шығармашылығындағы көрінісі күрделі әрі қызық. Жазушы не жазса, соның бәрінде оның өзіндік стилі төрт бұрышын түгел танытып тұра қалды деуге болмайды. Жазушының шығармашылық ерекшелігі әр шығармасында әр қырынан – повесте сюжет құру ерекшелігі көрінсе, әңгімеде образ жасау ерекшелігі , эсседе тіл ерекшелігі айқынырақ аңғарылуы мүмкін. Демек, жазушының стилі жайлы бір емес, барлық шығармасын оқып барып байлау жасаған дұрыс. Сонымен, біз әрбір жазушының бүкіл шығармашылығының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея-тақырып-мінез-тіл) тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы шығармашылығының мазмұны мен тіліне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба беруге болады. Міне, стиль – әр суреткерге тән осындай шығармашылық ерекшелік.

№ 14-15 дәріс


Тақырыбы: Әдеби ағым бағыттар. көркемдік әдістер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет