Силлабус ќ±рылымы



бет15/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс 4-15

Сентиментализм ағымы әдеби шығармаларға көл-көсір лиризм дарытты; Классицизм тұсында тым аспандап кеткен асыңқы әуенді жерге түсірді. Жұрт назарын арсы-гүрсі сырт әрекеттерден гөрі адамның ішкі сырына аударыңқырады. Әдеби шығармалардың классицизм тұсында ұмыт қалған прозалық түрлерін туғызып, оларға әжептәуір табиғи шыншыл сипат берді. Сөйте тұра, сентиментализм күресте біраз нәрседен айырылып та қалды: әдебиетті ірі тақырыптардан да аулақ әкетті, тіршілікте ұсақ түйек, күйкі жайлармен көбірек әуестенді; Адамның жеке қара басына ден қойыңқырап, қоғамдағы халықтың мәні бар келелі мәселелерден сырт қалып қойды. Сөйтіп, бұл ағымның ғұмыры да онша ұзаққа бармады. Ричардсон «Памела» және «Клариссо Гарлау» (Күтуші Памела өз қожайыны Лордқа әсер етіп, ол оны күтуші деп қарамай үйленеді). «Клариссо Гарлау» (Буржуазиялық отбасыдан шыққан Клариссо сұлу аристократқа ғашық болып, жеңіл мінезді нәпсіқұмар, құмарлыққа салынған адамның құрбандығы болады). Руссо «Қоғамдық келісім», «Человек родился на свет свободным, между тем он везде в оковах».
«Жаңа Элоиза» романы (Руссо), (ақсүйек ханша Юлий, кедей мұғалім Сен Пре сүйіспеншілігі). Ресей ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысы Карамзин «Орыс саяхатшысының хаты», «Бейшара Лиза», «Наталья боярдың қызы» шығармалары бар.
Натурализм (лат. natura табиғат) – бұл ағымды басында Золя ұсынды; Оның «Экспериментальдық роман» , «Театрдағы натурализм» тәрізді теориялық талғамдарында өмір құбылыстарына ешқандай идеялық баға бермей, қаз қалпында суреттеуді талап еткен шығармашылық принциптер бар. Алайда, Золяның өзі іс жүзінде бұл принциптерін ұстана алмады да, ағым әртүрлі қаламгерлердің экспериментіне айналып кетті. Демек, натурализмді біріншіден, орыс әдебиетіндегі натуралдық мектеппен шатастыруға болмайтын болса, екіншіден, оның ағым ретіндегі табиғатын тереңірек тану қажет. Натурализм бәрінен бұрын әдебиет пен өнердегі принципсіздік; эстетикалық талғамның жоқтығы; ақиқат шындыққа енжар бейтараптық. Натурализм өмірде ірі мақсаттар да, асыл мұраттар да жоқ, тіршілік ұсақ түйектен ғана тұрады деген ұғымға негізделген. Натурализмнің философиядағы негізгі тірегі позитивизм. Шығармашылық ағым ретінде қалыптаспаған.
Көркемдік әдістер.
Әдіс деген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер шығармашылық әдіс, енді біреулер әншейін әдеби әдіс дей салады. «Әдіс шығармашылық тәсіл», дейді В.Щербина. « Шығармашылық тәсіл дегеннің өзі не нәрсе» дейді Л.Тимофеев, оны нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?» Біреулер әдісті суреткердің дүниетанымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, «Әдістің таза дүниетаным категориясы мен қабыспайтынын» Л.Н. Новиченко дәлелдеп жатады. Г.Абрамович «әдіс шындықты суреттеудің жалпы принципі» десе, Л.Щепилова «әдіс өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі» дейді. Сондай-ақ, мәселен, Ф.Головенченко «Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ» десе, В.Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екеуінің ара жігі айқын екенін, яғни әдіс ағымнан әлдеқайда кең ұғым екенін айтады. Стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес; стиль мен ағым қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс қайталанып отыратын құбылыс. Стиль мен ағым құбылмалы нәрселер болса, әдіс тұрақты нәрсе. «Творчестволық әдіс», дейді профессор М. Қаратаев, өмірді образбен бейнелеп, көркем шындық жасау жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмас дүниесінен өнер дүниесін, яғни тұтас бір шығарма көлемінде көркем образдар жүйесін жасау жолы. «Жолы» деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз. Өткен әдіс іс жүзінде осы ұғымдардың қызметін қоса атқарады. Көркемдік әдіс алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен орбазды түрде тану жолы. Содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала, көркем жинақтап, өреге таныту жолы.
Көркемдік әдіс өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі. Сайып келгенде өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі. Көркемдік екі әдіс бар. Біреуі романтизм, екіншісі реализм. Осылар ағым ба, әдіс пе? Біреулер әдіс десе, біреулер ағым дейді. Ал, үшінші біреулер әрі әдіс, әрі ағым деп, екеуіне бірдей телиді. Бұл екеуін әркімнің қолында бір кететін стиль демей, бірде туып, бірде құритын ағым демей, қашаннан келе жатқан әдіс суреткер шығармашылығы мен ақиқат шындықтың арақатынасы, өмірдің өнерге, өнердің өмірге айналу жолы дейтін себебіміз де сондықтан. Демек, шығармашылық әдісті әңгімелеу романтизм мен реализмді әңгімелеу, керісінше, романтизм мен реализмді әңгімелеу шығармашылық әдісті әңгімелеу деп білу керек.
Көркемдік әдіс деген ұғым атау кешірек туған . Алайда солай бола тұрса да Аристотель осы ұғымды, ойды бұдан екі мың үш жүз жыл бұрын айтты. Аристотель өзінің «Поэтика» (129 бет) атты еңбегінде Софоклдың «мен адамдардың ертең қандай болатынын суреттесем, Еврипид бүгін қандай екенін суреттейді» деген пікірін тілге тиек ете келіп, поэтикалық шығармада көркем жинақталатын арман мен ақиқат жайлы енді өз талғамдарын танытады. Ұлы философтың дәл осы арада, айтып отырғаны (атын атап, түсін түстемесе де) көркемдік әдіс мәселесі екені анық. Сонымен шығармашылық әдіс екеу. Романтизм, реализм. Екеуінің де негізгі сипаттарын Ф.Энгельс белгілеп бергені романтизм «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» жолы ретінде түсіндірсе, реализмді «детальдар шыншылдығымен» қоса, «типтік жағдайда типтік характер жасау» жолы ретінде түсіндіргені мәлім. Бұл анықтамалар Софокл мен Аристотель пікірлерін де Белинский пікірін де жоққа шығармайды. Қайта солардың тұрлаулы тұжырымы сияқты. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттелер шындық қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі осы шақтікі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық, көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді. Әдебиет зерттеушілері романтизм көркемдік дамудың күрделі бағыты ретінде Еуропа мен Америка әдебиеттерінде ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басынан бермен қалыптасты деп жүр. Былай дегендегі дәлелі сөз өнеріндегі романтикалық (французша romantigue, ағылшынша romantic) туындылар суреткерлердің шындықтағы барға қанағаттанбай жоқты іздеуінен, ақиқаттан аулақтап, әлдебір асыңқы, өмірде емес өнерде ғана болуға тиіс кітабы қиялғажайып шытырман оқиғаларды бейнелеуден пайда болған деседі. Сондықтан бұл ағым ағартушылық бағытқа да классицизмге де, сентиментализмге де бәріне де кереғар.
Ал, реализм (латынша realis затты нақты) шынтықты шынайылау әдісі. Адамның өзін өзі таныту, сайып келгенде, одан да әрі тереңдеп барып, алдымен халықтың өзін өзіне таныту жолы. Адам мен қоғам, қоғам мен заман ара қатынастарын барлық бірлігімен және қарама-қарсылығымен жан-жақты суреттеу арқылы көркем образдар, типтер, сан тұлғалар жасау тәсілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет